6В01701 "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы



Дата19.04.2023
өлшемі12,76 Kb.
#84390
Байланысты:
МЖЖ. #4,5 сөж Қүанышбаева Райхан


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ
МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
Университеті .Филология және көптілді білім беру институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті
кафедрасы
№4,5 СӨЖ
6В01701 - "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы
2-курс,206-топ
Орындаған: Қуанышбаева Р.
Қабылдаған: Текесбаева Г.

Алматы, 2023




БАҚ

Қателік

Түзету

"Рамазанда ауызын уақытынан кеш ашқан адамның оразасы қабыл бола ма"- Kaz.nur.kz сайтындағы жазба
https://kaz.nur.kz/society/2016046-ramazanda-auyzyn-uaqytynan-kes-asqan-adamnyn-orazasy-qabyl-bola-ma/



1-ші қателік: Рамазанда деп жазылуы."Рамазанда" деп емес "Рамазан айында " деп жазылуы керек еді. Себебі, бәрімізге қасиетті "Рамазан айы" тіркесі белгілі, ал жай ғана "Рамазанда" сөзінің қолданылуы яки адам есімін , не болмаса қасиетті айдың атауын білдіріп тұрғандығын айқындамайды.
2-ші қателік: Пунктуациялық қателік. Себебі сөйлем сұраулы сөйлем болып табылады, сұрақ белгісі "?" қойылуы тиіс еді, бірақ ешқандай тыныс белгісі қойылмаған.

"Рамазан айында ауызын уақытынан кеш ашқан адамның оразасы қабыл бола ма?"

"Реніштің ар жағы ұялы телефон жоғалады, соны бір-бірінен көреді. Сондай жағдайдан басталады. Жалпы ауданнан келген балалар қаланың балалары бір-бірімен түсініспеушілік болып тұр. Ар жағы төбелеске ұласып кетіп тұр”, – дейді колледждің директоры Ислам Жанұзақов.
Stan.kz ақпарат агенттігі

Сөздердің байланысу тәртібі, қолданылуы дұрыс емес. "Реніштің ар жағы" емес "Реніштің себебі" болуы керек, "ар жағы" сөзі көмекші есім болып табылады. Ал көмекші есім сөз мекен мен мезгілді білдіретін сөздермен қолданылады. Мысалы: өзеннің ар жағы.
Екінші қателік: "Жалпы ауданнан келген балалар қаланың балалары бір-бірімен түсініспеушілік болып тұр." - сөйлемде сөздерге қосымша жалғанбаған, және де сөз бен сөзді байланыстыратын шылау сөздер қалыс қалып кеткен. Және тағы айта кететін қателік сөйлемнің дұрыс құрастырылмауы.
Үшінші қателік: "Ар жағы төбелеске ұласып кетіп тұр” - сөйлеміндегі "ар жағы" сөзі дұрыс қолданылып тұрған жоқ. Себебі туындаған мәселенің салдары, жалғасуы, ұласуы болады, "ар жағы" емес. Сол себептен "Арты төбелеске ұласып кетіп тұр" деген дұрысырақ болады.

"Реніштің себебі ұялы телефонныңжоғалуында,соны бір-бірінен көреді. Сондай жағдайдан басталады. Жалпы ауданнан келген балалар мен қаланың балалары арасында бір-бірімен түсініспеушілік болып тұр. Арты төбелеске ұласып кетіп тұр”, – дейді колледждің директоры Ислам Жанұзақов.





Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің филология факультетінің студенті Әлмахан Әсемай Қуатқызына
Мінездеме
Әлмахан Әсемай Қуатқызы жоғарыда аталған университеттің 2-курс студенті.Әсемай өте іздемпаз студент, өз мақсатына жетуге тырысады. Сабырлы, парасатты және салмақты мінезімен ерекшеленеді. Құрдастарымен «ортақ тілді» оңай табады. Мұғалімдерді құрметтеп, жасалған ескертулерді адекватты қабылдайды. Күнделікті өмірде тек жағымды жақтарымен ситатталады. Дәлелді, себепсіз сабақтан қалған емес. Оқу тапсырмаларын жүйелі түрде орындайды. Есте сақтау қабілеті жақсы, оқу материалын жылдам меңгереді. . Физикалық дамуы жоғары деңгейде. Спорттық іс-шаралар мен олимпиадаларға белсене қатысады. Толық отбасында тәрбиеленеді. Салауатты өмір салтын ұстанады. Алкоголь немесе есірткі қолданбайды. Темекі шегуге көзқарасы теріс.

Ректор:_____________________ Билялов Д.Н.
Эдвайзер:___________________Дюсембина Г.Е.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет