№7 дәріс №7 дәріс Масса алмасу үдерістері



бет1/4
Дата02.06.2023
өлшемі164,5 Kb.
#98450
  1   2   3   4

№ 7 дәріс

  • № 7 дәріс
  • Масса алмасу үдерістері
  • Химиялық технологияда бір фазадан екінші фазаға заттардың тасымалдануын қарастыратын процестердің маңызы өте зор. Мұндай процестерге абсорбция, адсорбция, ректификация, экстракция, кептіру, кристалдану процестері жатады. Бұл процестердің жылдамдығы диффузиямен анықталады. Бір фазадан екінші фазаға заттардың тасымалдануы диффузия арқылы жүрсе, мұндай процестер масса алмасу деп аталады.
  •  Фаза аралық тепе-теңдік
  •  
  • Фазалар аралығында тепе-теңдік болмаған жағдайда ғана бір фазадан екінші фазаға заттардың тасымалдануы жүреді. Демек, масса алмасу процесінің шектік күйіне тепе-теңдік жағдайдың орнығуы жатады. Қысым мен температураның белгілі бір мәндерінде шектік тепе-теңдік күйде бір фазадан екінші фазаға заттардың өту жылдамдықтары теңеседі.
  • Тепе-теңдік күйде бір фазадағы таралатын заттың кез-келген концентрациясына оның екінші фазадағы тепе-теңдік концентрациясы сәйкес келеді:
  • (1.1)
  • немесе
  • (1.2)

(1.1)-ші және (1.2)-ші теңдеулердегі тепе-теңдік жағдайлары процесс бағытын айқындауға мүмкіндік береді. Егер берілген фазада таралатын заттың жұмыс концентрациясы оның тепе-теңдік концентрациясынан жоғары болса, онда бұл зат осы фазадан басқа фазаға таралады. Масса өту процесінің қозғаушы күшін қандай концентрация үлкен соған байланысты, жұмыс және тепе-теңдік концентрацияларының немесе керісінше тепе-теңдік және жұмыс концентрацияларының айырымы ретінде белгілейді.

  • (1.1)-ші және (1.2)-ші теңдеулердегі тепе-теңдік жағдайлары процесс бағытын айқындауға мүмкіндік береді. Егер берілген фазада таралатын заттың жұмыс концентрациясы оның тепе-теңдік концентрациясынан жоғары болса, онда бұл зат осы фазадан басқа фазаға таралады. Масса өту процесінің қозғаушы күшін қандай концентрация үлкен соған байланысты, жұмыс және тепе-теңдік концентрацияларының немесе керісінше тепе-теңдік және жұмыс концентрацияларының айырымы ретінде белгілейді.
  • Фазалар аралығындағы тепе-теңдікті график түрінде диаграммасында кескіндеуге болады (1-сурет). ОС – тепе-теңдік сызығын, АВ – жұмыс сызығын сипаттайды.
  • 2-сурет. Жұмыс концентрациясы сызығы теңдеуін қорытындылауға арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет