Сұйықтықтың (абсорбенттің) газдар қоспасынан бір немесе бірнеше компоненттерді талғампаз сіңіру процесі абсорбция деп аталады. Кері процесс – абсорбенттен сіңірілген заттардың бөлінуі десорбция процесі.
Абсорбция процесінде екі: газ және сұйық фазалар қатысады. Осы фазалардың әсерлесуінде бір (немесе бірнеше) компонент бір фазадан екінші фазаға ауысады. Газ фазасында сұйықтықта аз еритін немесе мүлдем ерімейтін компонент (немесе компоненттер) болса, онда оны инерт немесе газ-тасымалдағыш деп атайды. Сұйықтықта еритін компонент – абсорбцияланатын компонент.
Абсорбция процесі химия және басқа өнеркәсіп салаларында кеңінен қолданылады. Абсорбция процесін газ қоспаларынан маңызды компоненттерді бөліп алу үшін, газ қоспаларын қалдық заттардан технологиялық процеске қолданбастан бұрын және атмосфераға шығарар тұста тазарту үшін қолданады.
Қазіргі таңда қалдықсыз технологиялардың маңызы арта түсуде. Соған байланысты мұндай технологияларды жасауда абсорбция процесінің алатын орны ерекше.