7-дәріс. ҚР Қылмыстық құқығының негіздері. Тақырып №7: ҚР ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ Дәрістің мақсаты: құқық саласы ретінде Қылмыстық құқығын меңгеру, оның нормалары мен құқықтық қатынастарын, қайнар көздерін ұғыну.
Дәрістің міндеттері: - Қылмыстық құқықтың түсінігін анықтау, құқық жүйесіндегі рөлін ұғыну;
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖАЗА МАЗМҰНЫ 1.1. Жаза түсінігі және мақсаттары “Жаза” дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және адамды құқықтары мен бостандықтарынан Қылмыстық Кодекспен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттік қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін кейінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негізгі басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешуші мәселелер жоғарыда аталып өткен экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерінің белсендігін, олардың құқылы сана-сезімін жетілдіру арқылы жүзеге асырылды. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттік атқаратын функцияларының бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық-құқықтық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып табылады. Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек қылмыстық құқылық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шараларының жеке бірі түрі бола отырып, өз ерекшеліктерімен оқшауланады. Республиканың бұрынғы екі қылмыстық кодекстерінде жаза түсінігіне анықтама берілмеген. Ол тек қылмыстық құқық теориясында қарастырылатын. Жаза туралы түбегейлі еңбек жазған кеңес криминалисі И. Карпецтің өзі ең алдымен оның әлеуметтік мәніне тоқталып, бір формациядағы жаза жүйесінің келесі формацияға сәйкес келмей қалатындығын айтқан болатын. Осыған орай кеңес уақытындағы жаза түрлері де Қазақстандағы қоғамдық қатынастардың сипат өзгерген кезде ескіргендігін байқатты. Сол себепті, жаза қылмыстық кодекс қабылданғанда жазаның мақсаттары да қомақты өзгеріске ұшырады. Ондағы мақсаттардың кейбірі теорияда мүлде қарастырылмаған болса, кейбіріне “социалистік емес” тұрғыдан жаңша көзқарас қажет болып жатыр. Бұл аталған міндеттерді орындау үшін ең алдымен жазаның түсінігін анықтаудан бастаған ләзім. Мысалы, Н. Шаргородский “Жаза дегеніміз қылмыскерді оған тиесілі қандай да игіліктен айыр, оны және оның қызметін мемлекеттің теріске шығаруы” деп санайды1.
С. Дементьевтің пікірі басғаша, ол “Жаза дегеніміз айыпкер басынан кешіруге тиісті , алдын ала ойластырылған, заңға белгіленген тән азаптары мен тапшылықтары” дегенді айтады.
Ғалым-криминалистердің басым көпшілігі жазаны қылмыстардың жалпы және арнайы алдын алу мақсатында қылмыс жасаған адамдарға мемлекет атынан сот қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы деген пікірді ұстанады.
Біз С. Дементьевтің пікірімен келісе алмаймыз, себебі жазаның мәнін айыпкерге келетін тән азаптары мен тапшылықтарды алдын ала көздеу деп санау Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің бабында көрініс тапқан гуманизм принципіне қайшы келеді. Керісінше, И. Карпецтің қылмыстылықпен күрес құралдарының бірі болып табылатын жазаның мазмұнында сендіру мен мәжбүрлеу бірдей көрініс тапқан деуі қолдарлық.
Н. Стручков жазаның мазмұнына мынандай анықтама береді. “Жаза дегеніміз қылмыс жасады деп танылған адамға сол іс-әрекетті жасағаны үшін сот үкімімен мемлекет атынан қолданылатын ескерту шарасы, ол жазаның әрбір түрі үшін заңда белгіленген құқық шектеу жүйесін құрайды”.
Қазақстан Республикасында жазалау өш алу емес. Онда қандай да бір тәрбиелік мән бар. Жаза, біріншіден, қоғамға қауіпті іс-әрекет жасағандар үшін сазайын тарту, екіншіден, жазаны өтеп жатқан адамның санасын көтеруді, оның қоғамда болып жатқан құбылыстарға белсенді қатысуын мақсат тұтады, үшіншіден, белгілі бір жаза тағайындаумен байланысты қоғамға қауіпті іс-әрекетті заң арқылы айыптау – оны жасайтын адамдарға құқық тәртібін сақтау керектігі жөнінде ықпал етуге тиіс. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің жобасында жаза дегеніміз жасалған қылмыс үшін сазай тартқызу деп көрсетілген. Біздің пікірімізше, мазмұны жағынан жақын келетін бұл сөз онша сәтті алынбаған. Себебі, “шара” деген сөз құқықтық әдебиетте дау туғызуда. Ол ресми-құжаттық стильге қойылатын талаптардың бірі-тіл дәлдігін сақтауға көмектеспейді. Соған байланысты Қазақстанның заң шығарушылары заңда “шара” сөзін қолданудан бас тартып дұрыс жасаған.
Жалпы алдын алу әрекеті негізгі үш параметр бойынша жүзеге асырылады. Біріншіден – ол қорқыныш тудырады, қылмысқа бейім адамдар жазадан қорыққандықтан ондай әрекетке барудан бас тартады. Екіншіден – жаза тыйым салынған әрекеттерді болдырмайды, адам заңмен қорғалатын нормаларды, қоғамдық тәртіпті бұзбауға дағдыланады. Үшіншіден – қылмыстық жауапқа тартылу мүмкіндігін “қалыпты заңға бағыну әдетін сақтауға” итерілмейді. Алдын алу - тәрбиелеу процестері арқылы азаматтарға ықпал жасау осы заңнан басталады. Қылмыстық алдын алу жайында Н. Дурманов былай деп жазады: “кеңестік қылмыстық-құқықтық нормалар қылмыс жасалынған кезден бастап немесе санкция қолданылған кезден бастап емес, ол нормалар көрсетілген заң күшіне енген кезден бастап нақты әсер етеді. Құқық зерттеушілер, тарихшылар, философтар, теологтар жазалаудағы мақсатқа ой жібергенде жалпы және арнайы превенциядан басқа мақсаттарды қалыптастыра алмады. Жалпы превенция, мысалы, көне өсиеттің екінші заңында көзделген: “Көбірек естиді де, өз арасында мұндай қылмыс жасауға қорқады”. Біріншіден, қылмыстық шара – мемлекеттік күштеу шарасы ретінде қылмыстың заңмен ғана белгіленеді. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшін міндетті тізбектері мен оны қолданудың тәртібі тұжырымдалған. Сот қылмысқа кінәлі адамға қылмыстық заңда көрсетілген шараның шеңберінде оның шегінен шықпай, жаза тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетілгеннен гөрі неғұрлым жеңілірек жаза тағайындауға құқылы. Екіншіден, мемлекеттік күштеу шарасы ретінде қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек ғана сот тағайындайды. Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да мемлекеттік күштеу шаралары мемлекеттік органдар немесе лауазымды органдар арқылы жүзеге асырады. Мысалы, қоғамдың тәртіпті бұзған адамды полиция бастығы әкімшілік жауапқа, салық инспекциясының лауазымды адамды салықтан бұлтараушыларды заңда көрсетілген тәртіппен жазалайды немесе әкімшілік комиссиясы өзіне берілген құзырет шеңберінде әкімшілік құқың бұзушыларды жауапқа тартады. Осы аталған органдардың немесе лауазымды адамдардың бірде-біреуі қылмыстың жаза қолдануға құқылы емес. Қылмыстың жазаны қолдану - тек ғана соттың құзыреті. Үшіншіден, заңда көрсетілген тәртіппен сотталған адамды жазадан босату, сондай-ақ тағайындаған қылмыстық жазаны жеңілдету тағы да сот арқылы жүзеге асырылады. Тек қана рақымшылық және кешірім беру актілерімен жазадан босату немесе жазаны жеңілдету Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Парламент немесе Республика Президенті арқылы жүзеге асырылады, ал басқа жағдайларда бұл мәселелерді шешу тек соттың міндеті болып табылады. Бұл да қылмыстық жазаның басқа мемлекеттік күштеу шараларынан мәнді өзгешелігін көрсетеді1. Төртіншіден, қылмыстың жаза жария түрде ашықтан-ашық дайындалады. Яғни, қылмыс адамның кінәсін анықтау оған жаза тағайындауды қажет деп табу, қылмыстық жазаның нақты түрі мен көлемін анықтау, жеке немесе заңды тұлғалар арқылы емес мемлекет арқылы жария, ашықтан-ашық түрде белгіленеді. Қылмыстық жаза кінәлі адамға мемлекет атынан белгіленеді, жеке немесе лауазымды адамдар сот тағайындаған жазадан ешкімді де босата алмайды, заңды күшіне енген сот үкімі мемлекеттік, жеке кәсіпорын, ұйым, мекеме, лауазымды және жай адамдардың орындауы үшін Республика аумағында міндетті болып табылады. Бесіншіден, мемлекеттік күштеу шаралары ретінде қылмыстық жаза қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмысты жасаған кінәлі адамға мүмкін. Яғни, бұл жерде жаза адамның кінәлі түрде істеген іс-әрекетінің қылмыстық-құқылық зардабы болып табылады. Сондықтан да қылмыстық заңда “адам өз кінәсі анықталған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапға тартылуға тиіс”, - делінген. Сондай-ақ әрбір істелген қылмысқа жаза тағайындау міндетті емес. Мұның мәні мынада: егер тергеу жүргізілген немесе істі сотта қараған кезде жағдайдың өөзгеруімен байланысты кінәлінің істеген қылмысының қоғамға қауіпті мәні жойылса немесе оның өзі қоғамға енді қауіпті емес деп танылса, қылмыс нышандары бар іс-әрекет жасаған адамды қылмыстық жауаптылықтан босатуға болады. Қылмыстық жазаны қолдану кінәліні басқа түрдегі азаматтың, әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілікке тартумен де үштастырылуы мүмкін. Қылмыстық жаза мемлекет атынан қылмыстық іс –әрекеттер үшін кінәлінің бетіне басу арқылы берілетін теріс қылықты баға болып табылады. Бетіне басудың және кінәлаудың дәрежесі қылмыстың ауырлығына, кінәлінің жеке тұлғасына және оның қылмысты іс әрекетті істеудегі мінез-құлқына тікелей байланысты болады. Жаза сотталған адамға белгілі бір зардап келтірімен тікелей байланысты болады. Мысалы, соттың кінәліні бас бостандығынан айыру немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдануға немесе белгілі бір лауазым иесі болуға тыйым салуы, мүлкін тәркілеуі мүмкін. Ерекше ауыр қылмыс жасаған жағдайда кінәлігі заңда көрсетілген негізде ерекше жаза - өлім жазасын тағайындауы да мүмкін. Сөйтіп, кез келген қылмыстық жаза тағайындағанда сотталған адам материалдық, моральдық, мүліктік зардап шегеді. Өйткені жаза өзінің мәні жөнінен кінәліні жазалау болып табылады. Қылмыстық жазаның басқа да мемлекеттік күштеу шараларынан ерекшелігі, оны қолдану кінәліге барлық уақытта да сотталғандық туралы атақ береді. Сотталғандыңтың кінәлі үшін белгілі бір құңылың зардабы бар, ол сотталғандығы туралы өмірбаянында көрсетілуі керек, сотталғандық кейбір жағдайларда қылмысты ауырлататын мән-жайларға жатады. Немесе сотталғандық атақ кейде қылмыстық саралауға, жазаның мөлшерін, сондай-ақ жазаны өтейтін колонияның түрін белгілеу үшін маңызды мәнге ие болады. Сонымен, қылмыстың жаза денегіміз сот арқылы мемлекет атынан жасаған адамға қылмыстық заңмен белгіленген мемлекеттік шараны қолдану болып табылады. Қылмыстың жазаның әкімшілік құқық бұзушылық үшін қолданылатын жазадан айырмашылығы мынадай: біріншіден, қылмыстың жаза бұл істелген қылмыстың зардабы, ал әкімшілік шара болса, ол қылмыс болып табылмайтын қоғамға жат теріс әрекеттер үшін ғана тағайындалады. Екіншіден, қылмыстың жаза сот арқылы мемлекет атынан тағайындалады. Әкімшілік шараларды әкімшілік органдары, лауазым адамдары немесе судья тағайындайды. Үшіншіден, қылмыстық жазаның әкімшілік жазадан ерекшелігі сол сот үкімі бойынша тағайындаған қылмыстық жаза кінәліге сотталғандық атақ береді, ол әкімшілік жаза таратылғандар үшін мындайда құқылық зардап болмайды. Жаза қылмыскер үшін өзі жасаған қылмыстың салдары. Дегенмен ол қылмыстың алдын алудағы белді шара болып табылмайды.