№2 Лекция тақырыбы. Эмоциялар және эмоционалдық интеллект.
1. Лекцияның оқыту нәтижелері 1. Эмоциялар және эмоционалдық интеллект тақырыбының базалық білім жүйелерінде біріктіру үдерістерінің өнімі ретінде қоғамның әлеуметтік-этикалық құндылықтарын түсіндіру;
2. Эмоциялар және эмоционалдық интеллектің мән мәтінінің өзара әрекеттесу нәтижесінде ғылыми әдістер мен зерттеу тәсілдерін пайдалана білу;
3. Эмоциялар және эмоционалдық интеллект аясында ғылыми ой мен теория мазмұны негізінде әр түрлі саладағы әлеуметтік қарым-қатынастың жағдайын түсіндіру;
4. Әлеуметтік және тұлғааралық қатынастар, тіл, мәдениет, саяси бағдарламалар, қазақ қоғамының әр түрлі кезеңде дамуы туралы ақпаратты нақтылау және негіздеу;
5. Қазақстандық қоғамдағы этикалық және құқықтық нормалар, қоғамдық, іскерлік, мәдени құндылықтар жүйесіне тең келетін түрлі қарым-қатынастағы әр түрлі жағдайларды сараптау;
2. Лекция мазмұны: Адам өміріндегі эмоцияның рөлі. Эмоцияны түсіну және эмпатияға қабілеттілік. Эмоцияны реттеудің әдістері мен механизмдері: эмоцияларды қайта қарастыру және эмоцияларды басу. Эмоционалдық интеллект анықтамасы. Эмоционалдық интеллект когнитивті қабілет пен тұлғаныңдаралық сипаттамасы ретінде. Эмоционалдық интеллект диагностикасы және дамуы.
«Эмоция» ұғымының төркіні – «емовера» деген латын сезінен, «эмоцион» дейтін француз сөзінен шыққан. Қазақша мәні – тітіркендіру, толқу. Бұл – жан дүниесінің сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, қаһарлану, қорқу мен шаттану сияқты жағдайларынық көрініс беруі.Адам өміріндегі эмоциялардың орны аса маңызды. Адамның эмоционалды өмірінің мәні әр алуан түрлі. Эмоциялар әр түрлі жағдайларда, іс-әрекет үрдісінде, ондағы нақты жетістіктерге бағалаушы қатынасты анықтайды. Өнер туындыларын қабылдауда, басқа адамдармен қарым-қатынаста пайда болатын ойлардың нәтижесінде тұлғаның даму үрдісінде адамның эмоционалды тәжірибесі өзгеріп, толықтырылып отырады. Эмоциялар бұған қоса адамдардың қарым-қатынастары реттеуші рөлінде көрінгендіктен, психологияда эмоцияларға психологтар көп көңіл бөліп, кеңінен қарастыруда. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. эмоциялар жатады. Көңіл — адамның бойын билеп алатын эмоциялық жағдай. Көңілді болу адамның іс-әрекетінің сәтті, нәтижелі болуына байланысты. Адамның эмоциясын, оның мимикасынан, пантомимикасынан да байқаймыз. Эмоциялық үрдістердің пайда болуы вегетативтік жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Эмоциялар қатарластығы — бірін-бірі итермелеуші эмоциялық кемелденген екі бағдар. Олардың біреуі ұғынымсыздыққа қарай ығыстырылып, индивид мінез-құлқына санадан тыс әсер етеді.
Эмоцияның дамуы және қалыптасуы.
Бүкіл әлем психологтары адамның эмоционалды аймағының дамуына көңіл аударуда. В.К. Вилюнас эмоцияларды жеке үрдістер ретінде емес, тұлғаның бүтіндей қызмет етуінің көрінуі ретінде қарастырды. Автордың ойынша эмоционалды құбылыстың құрылымы бір жағынан – қандай да бір бейнелеуші мазмұннан, екінші жағынан – эмоционалды күйзелістің өзінен тұрады деп есептеген.
Эмоциялардың теориялық мәселелеріне Л.С.Выготский көп көңіл бөлген. Ол эмоцияларды ойлаудың субъектінің сезімдік-заттық іс-әрекетімен байланысының ішкі, психологиялық механизмі ретінде қарастырды. Олар ағзаның енжар күйі емес оны белсенділікке ынталандырып, оның қоршаған ортамен өзара қатынасын оятады және реттейді. П.Я.Якобсон өз уақытында сезімдер, көніл-күй, аффектілер мен эмоциялар сияқты эмоционалды үрдістерді эмоционалды өмірмен байланыстырды. Адамда нақты заттардың немесе құбылыстардың шеңберіне арналган эмоционалды қатынас сезімі ең негізгі сьңары болып табылады.
А.Г.Ковалев сезімдерге жеке түлғаның нақты заттық бағдарға ие тұрақты қатынастарын, яғни махаббат жэне жек көруді, сыйластықты қарастырды. Сезім-тұрақты құрылым немесе тұлға қасиеті, ал эмоция – сезімнің көрінетін үрдісі. Сонымен, сезімдер – нақты жағдайлардың жалпылану нәтижесі ретінде онтогенезде қалыптасатын эмоциялардың дамуының жоғары нәтижесі.
Эмоциялардың дамуы субъектінің іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы, оның қоршаған адамдармен езара қатынастарының сипатына, оның нақты қоғамдық құндылықтар мен талаптарды меңгеруіне, мінез құлықтың ережелерін меңгеруіне байланысты. А.Н. Леонтьев, Л.И. Божович эмоциялардың дамуы мінез-құлық мотивтерінің дамуымен, баланың жаңа қажеттіліктерімен қызығушылықтарының пайда болуымен тығыз байланысты екендігін көрсетеді. Сонымен авторлар өздерінің зерттеулерінде мінез-құлықтың жаңа мотивтерінің қалыптасу барысында баланың эмоционалды көріністерінің сипаты біршама өзгереді деген қорытындыға келді.
Эмоциялар психикалық үрдістермен, атап айтқанда, ойлаумен, еспен, қабылдаумен, киялмен т.б. тығыз байланысты. Адамның ойлауы эмоционалды компоненттерді қамтиды. Алайда, психологтар интеллектуалды жэне эмоционалды аймақты бөліп қарастыруда. Эмоцияның негiзгi түрлерi. Американдық психолог К.Изард фундаменталды он эмоциялардың түрлерiн көрсеткен: Қызығушылық-қозу жағдаяттарға сыйю, ой-өрiстi кеңейту, бiлу, зерттеу ықыласы, бiреуге немесе бiр нәрсеге әуесқойлық және сезiм құшағында күйзелу. Тиiмдi, әсiресе, танымдық мотив (түрткi) iс-әрекеттiң мағынасына сәйкес және күштiлiгi жеткiлiктi көрiнедi. Қызығушылыққа қарама-қарсы эмоцияны зерiгу деп атаймыз . Ол монотондық жағдайда туады.
Субъектiнiң тиiстi пәнiмен немесе ақпараттармен ерекше қарымқатынас және жаңа жағдаяттармен қақтығысқанда қызығушылық эмоция күшейедi. Таңырқау, қызығу эмоциясына жақындау, қарама-қайшылық, ерекшелiк, жаңа ұқсас жағдаяттарда туады. Бiрақ, тез уақытта өтетiн эмоция болып көрiнедi. Күштi танымдық мотив ретiнде көрiнедi, соңғы әрекеттердi итермелейдi, яғни, айқындау, бiлу, анықтау, көз жеткiзу т.б. Қуаныш эмоциясы адамның мүмкiншiлiктерi және негiзгi тұлғалық қасиеттерiн жүзеге асыруда пайда болады. Қоршаған әлеммен және басқа адамдармен, өзiмен қанағаттану сезiмiмен және өмiрге қанағаттану күйi. Оптимизм және мүмкiншiлiгiн кеңейту күштiң көбею сезiмiнен байқалады.
Ұялу эмоциясы субъект өзiне, көзқарасына, ойына, тұлғалық қасиетерiне, қатынастарына, сыртқы ерекшелiгiне сәйкес емес әрекеттерiн жасаған кезде туады. Бұл күйзелiсте субъект өзiн басқалармен салыстырғанда жаман, қолынан ештеңе келмейтiн, әлсiз, кiшкентай, ешнәрсеге жарамайтын, ақымақ, тартымсыз, жол болмағандай сезiнедi. Оған басқалар оның кемшiлiктерiн көрiп, жек көретiндей көрiнедi. Сондықтан ол басқа адамдардан өзiн алшақ ұстап, жат жүруге даяр болады. Ұялудың жеңiл формасы қызару. Ұялу интеллект жұмысын тоқтатады, адамның әрекетi мен қылықарына қатты әсер етедi, сананы жаулап алады. Тұлғаны қорғаныш механизмдерi белсендiредi. Өмiрдегi түрлi жағдайлар ұялу мен одан адамгершiлiк деңгейде құтылу – тұлғалық борыш.
Ұялуға қарама-қарсы эмоциялық күй – мақтаныш эмоциясы. Ол моральдықэстетикалық талаптардың жоғары деңгейiнде туындайды. Ол өзiнiң мағыналығын, артықшылығын, құндылығын басқа адамдардан жақсы лебiздер естiген кезде сезiнедi. өялу мен мақтаныш эмоциясы негiзiнде адамда өзiне қатысты тұрақты дамуы жүредi.
Айну эмоциясы субъектiнiң моральдық-эстетикалық талабына сәйкес емес жағдайларда, объектiлерге, құбылыстарға немесе адамдарға туындайды. Бұл адамның қылықтары, ойлары, тiлектерi, нақты заттары, iс-әрекет кемiстiгi және т.б. Айну эмоциясы сәйкес объектiнi өзгертудi, жақсартуды, жетiлдiрудi, жою немесе алшақ жүрудi тудырады.
Жек көру эмоциясы айнуға мағынасы ұқсас келедi, бiрақ өзiнiң қосымша ерекшелiгi бар. Ол сәйкес объектiнi өзгертудi, жақсартуды, жетiлдiрудi, жою немесе алшақ жүрудi тудырады. Сонымен қатар ол жек көрген адамнан немесе топтан өзiн алшақ ұстап, өзiнiң артықшылығын, ар-намысын сезiнедi.
Өзiн кiнәлау эмоциясында адам өзiнiң кiнәсiн мойындайды, өзiнiң оған қатысын немесе шығынға жауапкершiлiгiн, басқа адамдардың жайсыздығын, жолының болмауына өзiн кiнәлi сезiнедi. Бұл кезде ол өзiн-өзi кiнәлайды және өкiнедi (үлгерген жоқпын, iстей алмадым, ескерте алмадым, кең пейiлдiк көрсете алмадым және т.б.), көбiнесе өзiнiң кiнәсiн ақтауға тырысады (зардап шегiнуге көмектесу, кешiрiм өтiну, түсiндiруге тырысу). Тұлғаның негiзгi кемелдену көрсеткiшi – ол өзiнiң қылығына жауап беру және кiнә сезiмiн сезiну, кiнәсiн ақтауға тырысу.
Қорқыныш эмоциясы адамның тұлғалық немесе дене бiтiмiне өмiрiнде қауiптiң төнуi кезiнде пайда болады. Қауiп төну деңгейiне байланысты сенiмсiздiк жағдай, мазасыздану, жамандықты сезiну, қауiптiлiгiн қамтамасыз ете алмау, қауiп, күштi қорқыныш бақылауға келмейтiн аффектiге айналуы мүмкiн. Адам өзiнiң күштiлiгi немесе батылдығы осы сезiмдерден өткенде бағалайды. Кез-келген адамның өзiнiң қайталанбас эмоционалдық қоры болады. Бұл нақты эмоциялық бейiмдiлiкте: қуанышта, қайғыда, қызығуда, кiнәнi сезiнуде көрiнедi. Эмоционалдық таңдауына байланысты тұлғаның эмоционалдық типтерiн анықтауға болады.