Құрастырған: Мадалим Еркежан
Е К І Н Ш І Б Ө Л І М
XVIII ҒАСЫРДАҒЫ
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ
&7-8. XVIII ғасырдың басындағы қазақ-орыс қарым-қатынасы
• Қазақ-орыс қатынасының тарихы бастау алатын кезең:
XVI ғасыр
• XVI ғасырда көпес Строгановтармен сауда байланысы болған жүз:
Орта жүз қазақтары
• Қазақстанды Орта Азияға шығатын «кілт пен қақпа» деп таныған:
орыс патшасы І Петр
• Қазақ хандығының Ресеймен байланысының белсене түсетін уақыты:
Ресейге_жоңғарға_қарсы_күш_біріктіруге_өтініш_жасаған_хан:_Қайып'>XVIІІ ғасырдың
алғашқы отыз жылдары
• 1716 жылы Ресейге жоңғарға қарсы күш біріктіруге өтініш жасаған хан:
Қайып
• Қайып хан жоңғарға қарсы күш біріктіруге өтініш жасаған ел:
Ресей
• Қайып хан Ресейге жоңғарға қарсы күш біріктіруге өтініш жасаған уақыт:
1716 жыл
• Ресей үшін дипломатиялық байланыстарды нығайтуға қолайлы жағдайлар қалыптасқан уақыт:
XVIII ғасырдың 30-жылдары
• Патшалық Ресей Қазақстанды өзінің геосаяси ықпал ететін аймағына қосып алуды көздегендегі
мақсаты:
Біріншіден, Қазақстан Орта Азия, Үндістан, Ауғанстан және басқа да Азиялық
мемлекеттерге әскери іс-әрекеттерін одан әрі ілгері жылжытуға қолайлы аумақ еді.
Ресейді өзінің Қазақстан мен Орта Азия бағытындағы сыртқы саяси қызметін
күшейте түсуге мәжбүр еткен және бір нәрсе – ағылшын-орыс бәсекелестігі болды
Екіншіден, Ресей империясы экономикасының күш алып келе жатқан фабрика-зауыт
өнімдерін өткізу үшін Қазақ хандығы үлкен нарық саналатын
Үшіншіден, қазақ даласы болашақта Ресейге түрлі шикізат, пайдалы қазбалар және
малшаруашылығы өнімдерін жеткізіп тұратын аймақ болар еді
Төртіншіден, өзге де империялар сияқты, Ресей де көшпелілерді өзіне
бағыныштылар, алым-салық төлеудің қайнар көзі деп білді. Ресей империясы