Саясаттану ғылым ретінде



бет1/43
Дата06.03.2022
өлшемі72,21 Kb.
#27155
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
Саясаттану ылым ретінде


  1. Саясаттану ғылым ретінде

Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы кұбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдін ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстық қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Мұнда аса зор еңбек еткендер — Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне сай келуге, адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты. Саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысында өз алдына жеке пән ретінде калыптасты. Саясаттануға деген көзқарас 80 жылдардын екінші жартысында бұрынғы Кеңес Одағындағы түбегейлі реформаларға қоғамнын демократиялануына, тоталитарлық жүйенің күйреуі не байланысты өзгерді. Саясаттану немесе саяси ғылым зерттеу пәні ретінде қоғамдық өмірдің экономикалық, әлеуметтік және рухани салаларынан салыстырмалы түрде тәуелсіз саяси саласын иеленеді. Саясаттанудың ғылым ретінде әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар (философия, тарих, әлеуметтану, мемлекеттік-құқықтық ғылым, этнология, психология және т.б.) арасында оның зерделейтін мәселелері мен сұрақтары шеңбері бойынша ғалымдар арасында әжептәуір талас-тартыстар бар. Саяси ғылым өз аясына мемлекеттік биліктің барлық институттарын, тұтас алғанда, қоғамды және қалай болғанда да, әрбәр жеке адамды тартатын, қоғамда орын тебетін саяси үдерістердің заңдылықтарын айшықтайды. Саясаттану адам және қоғам туралы өзге де ғылымдар сияқты адамның білімін қалыптастыруға, өткенді, қазіргіні, келешекті дұрыс түсініп, орнын анықтауға көмектеседі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет