№79 негізгі мектебі, №80 мектеп гимназиясының, №29 орта мектебінің кітапханашылары



Дата07.01.2022
өлшемі17,7 Mb.
#18841
түріСеминар

№ 79 негізгі мектебі, №80 мектеп гимназиясының,

№29 орта мектебінің кітапханашылары


«БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ

КІТАПХАНАНЫҢ ЖАҢАШЫЛДЫҒЫ»

тақырыбындағы өткізген аудандық семинарға

Анықтама
Қармақшы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен № 79 негізгі мектебінің, Т.Жүргенов атындағы №80 мектеп – гимназиясының, Т.Ізтілеуов атындағы №29 орта мектебінің кітапханашылары «Білім беру саласындағы кітапхананың жаңашылдығы» тақырыбында аудандық кітапханашылар арасында семинар болып өтті.

Мақсаты:

Жаңартудың негізгі мақсаты, ол – орта білімнің сапасын

көтеру. Осыған орай еліміздегі бірден-бір рухани қазына ордасы – мектеп кітапханасының жұмысын жандандыру. Мектеп кітапханасы бүгінгі жаңартылған білім мазмұнының ресурстық орталығына айналдыру. Білім мазмұнын жаңарту аясында кітапхана жұмысын жетілдіру. Мектеп кітапханашылар арасында тәжірибе алмасу.

Семинарды № 79 негізгі мектебінің кітапханашысы Г.Бейісова бастады. Алғашқы сөз кезегі аудандық білім бөлімінің басшысы Нәзікбаев Дастан ағайға сөз берілді. Ағай қазіргі таңдағы болашақ жас ұрпақ үшін кітапхананың қаншалықты маңызды екендігін, кітапханаға оқушыларды тығыз байланыстыру керек екендігін айтып өтті, сонымен қатар кітапханашыларға сәтттілк тілеп ыстық ықыласын білдірді.

Екінші сөз кезегі Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты Т.Ізтілеуов атындағы №29 орта мектебінің диресторы Тасымова Зарипа апайға берілді. Зарипа апай қазіргі заман талабына сай кітапханалардың қоғам үшін маңызыдылығын, кітапхана жұмысының ерекшелігін атап өтті. Сонымен қатар кітапханашыларға сәттілік және шығармашылық жұмыс тіледі.

«Замануи кітапхана - ақпарат пен білім ордасы» тақырыбында № 79 негізгі мектебінің кітапханашысы Г.Бейісова жұмыс көрсетті. «Адам баласының бүкіл ғұмырындағы ең сенімді және ең сабырлы серігі - кітап» деген тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың сөзіміен басталды.

Жұмыс кітапхананың мақсаты, міндеттері таныстырылды, сонымен қатар жаңартылған білім мазмұнына сәйкес кітапхананың жұмыс жасап жатқандығы туралы мектептегі тың жұмыстармен таныстырды.

Екінші жұмысты «Білім беру саласындағы кітапхананың жаңашылдығы» тақырыбында презентациямен таныстырды. Жұмыс барысында жалпы мектеп кітапханасының жаңашылдығы жайында, Коворкинг орталығының маңыздылығы жайында, мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздіктің Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған 30 кітапты таныстырып өтті. Бұл кітапрдың қоғам үшін, балашақ ұрпақ үшін маңыздылығн атап өтті.

Үшінші болып жұмысты көрсеткен Т.Жүргенов атындағы №80 мектеп – гимназиясының кітапханашысы «Білім беру саласындағы кітапхананың жаңашылдығы», Оқуға құштар мектеп және ковиркинг орталығының ашылуы , тақырыптары бойынша толық мағлұмат беріп өтті.

Кітапханашылар көптеген жұмыстарын, іс – тәжірибелерін ортаға салып үлкен тәжірибе алмасу болды.

Қорытынды кезеңде аудандық білім бөлімінің кітапхана жөніндегі әдіскері А.Қосанова сөз кезегі беріліп, кітапханашылармен сұхбаттасып, семинар жөнінде кітапханашылардың пікірлерін сұрады.

Кітапханашылар семинардың ұнағандығын, көпген мағлұматтармен таныстырғандығын, өздеріне қажетті дүнелерді алғандарын айтып семинарға өте жақсы деген баға берді.



«БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ КІТАПХАНАНЫҢ ЖАҢАШЫЛДЫҒЫ»
тақырыбындағы аудандық семинардың бағдарламасы





Орындалатын жұмыстар

Уақыты

Жауапты

1

Семинарды ашу

1500 –1510

Қармақшы аудандық білім бөілімінің басшысы

Нәзікбаев Дастан

Т.Ізтілеуов атындағы №29 орта мектеп Тасымова Зарипа


2

«Замануи кітапхана - ақпарат пен білім ордасы»

1510 –1520

№ 79 негізгі мектеп кітапханашысы

Гүлжайна Бейісова



3

«Білім беру саласындағы кітапхананың жаңашылдығы»

1520 –1530

Т.Ізтілеуов атындағы №29 орта мектеп кітапханашысы

Анар Жұмағұлова



4

«Білім беру саласындағы кітапхананың жаңашылдығы»

Оқуға құштар мектеп және ковиркинг орталығының ашылуы.



1530 –1540

Т.Жүргенов атындағы

№ 80 мектеп – гимназиясының кітапханашысы

Дәулетбаева Жұмагүл


5

Қорытынды

1540 –1550

Қармақшы аудандық білім бөлімінің әдіскері

Қосанова Айгүл








Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет