7M01701-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы (2 курс, магистратура) Тақырып


Қазақ тіліндегі мәдени лексиканың тарихи-семантикалық деривациясы мен тарихи-ономасиологиялық жүйесі



бет5/6
Дата31.12.2021
өлшемі0,91 Mb.
#22166
1   2   3   4   5   6
3. Қазақ тіліндегі мәдени лексиканың тарихи-семантикалық деривациясы мен тарихи-ономасиологиялық жүйесі.

Қазіргі тіл білімінде тілдің табиғатын анықтау барысындағы (оның қай деңгейінде болмасын) зерттеулерде мазмұндық жағына басым назар аудару үрдісі жоғарыда атап көрсетілді. Оның себебі, ғалымдар атап көрсеткендей, тіл мен ойлаудың сабақтастығын іске асырудың негізгі тетігі адам қоғамындағы əртүрлі ақпаратты берудің вербалды қызметімен байланысты. Ал, оны тілдің жүйелі, құрылымдық негізінде, релятивті заңдылықтар арқылы толық түсіндіре алмаймыз. Себебі тілдік субстанцияның екіжақты (мазмұн мен форма) сипаттағы ерекшелігі оның танымдық қызметімен байланысты. Өз кезегінде таным динамикасы тілдің деривациялық сипаттағы коммуникативтік мəнін айқындайды да, семантика проблемасын алға шығарады. Бұл құбылыстың түркі тілдерінің лексикасының бетінде жатқан ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ғана көрсететін тілдік жүйенің қалыптасқан статикалық күйі олардың коммуникативті-прагматикалық тұрғыдан сипатталатын парадигмалық мəнділігін көрсете алмайды. Ол үшін лексикалық жүйені динамикалық күйде – қолданыста қарастыру қажет. Осы талапқа жауап беретін, этнолексиканың танымға сүйенген коммуникативтік қызметінің көрініс беретін аясы – лексиканың тарихи даму барысындағы тарихи-семантикалық деривациясы, тарихи-ономасиологиялық жүйесі.

Бүгінгі күнгі тіл білімінде бұл қағида өз жалғастығын функционалды, когнитивті лингвистика салаларынан таба алады. Соның нəтижесінде адам қоғамының қарым-қатынас жəне таным құралы (оның нақты көрінісі – лексика) ретіндегі тілдің тарихи-динамикалық категория ретіндежаңа деңгейдегі зерттеу нысанына айнала алатын ғылыми негіздері бар. Осымен байланысты қазақ тіліндегі зергерлік бұйымдар, киіз үй құрылымы, тамақ, киім атауларының ономасиологиялық табиғатын тарихи-функционалдық кеңістікте этнолингвистикалық негізде салыстыра зерттеуге арналған Р. Шойбековтің, А.Оқаның, А.Жылқыбаеваның, Ə. Алмауытованың, т.б. еңбектерінің мəні аса өзекті.

Уақыт пен кеңістік контексінде тарихи дəуірлер мен кезеңдер, түрлі тарихи процестер нəтижесінде кейде сөз мағынасынан ажырағанмен, тілдік бірліктердің семантикалық тұрақтылығы сол тілде сөйлейтін адамдардың бір-бірімен түсінісуін, ал бірлік мағыналарының өзгергіштігі тілдің коммуникативтік қызметін атқаруына қызмет етеді. Себебі сөзмағынасының қалыптасуы – адамның ойлау əрекетінің өнімі десек, сөз мағынасының өзгеруін, дамуын адамның танымдық іс-əрекетінің нəтижесі деп санауға болады. Осымен байланысты «тілді семантикалық аспектіде зерттеу мүмкін емес, ол өзгермелі жүйе» деп қараған структуралистердің пікірін жоққа шығарған А.Потебня, М.Покровский, А.Уфимцева, т.б. еңбектеріне ерекше назар аударып, мəн-мағыналық құры-лымдағы мағыналардың қарым-қатынасын, лексикалық өзгеріспен дамуды нақты тарихи шарттастықта қарауға болады.

Осы тектес зерттеулерде, жоғарыда нақты көрсетілгендей, түркі жазба ескерткіштері мен қазіргі түркі тілдеріне ортақ сөздердің деректері, мағыналық өзгерісі тарихи-салыстырмалы тұрғыдан ретроспективалық əдіспен анықталған. Семантикалық динамикасына қатысты танымға, танымдағы ассоциациялық байланыстарға талдау жасап, ономасиологиялық уəжі мен сабақтастыру этнолингвистикалық тұрғыдан нақты этнолексиканы зерттеуді тереңдетіп, лингвистикалық жəне мəдени реконструкцияны тоғыстырады.

Осы бағытта жүргізілген қазақ тіл біліміндегі зерттеу нəтижелерінің қатарына топонимдік жүйеде сақталған ұлттың материалдық жəне рухани мəдениетінің тілдік бейнесін зерттеу нысаны еткен Е.Керімбаев, Қ.Рысберген, Ұ.Ержанова, А.Арысбаевтың, т.б. еңбектерін жатқызуға болады. Мысалы, Қ.Рысбергеннің зерттеуінде қарастырылған топонимдердің этнолингвистикалық сипаты көшпенді тұрмысқа сай материалдық мəдениеттің сол аймаққа тəн егіншілік кəсібімен ирригация жəне рухани дүниесінің шөлейттілік пен діни-мифологиялық танымға қатысты анықталады:



Астау қоба, Астаусай, Сандықтас, Шымылдықсай, Кебежетас, Босаға, Бəйгеқұм, Ақбура, Найманарық, Ақарық, Өрісарық, Кəрітоған, Сұлукесік, Еспеқұм, Төбеқұм, Қызылшағыл, Балқұдық, Үшқұдық, Баранжол;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет