8 наурыз халықаралық Аналар мерекесіне арналған ертеңгілік Тақырыбы: “Анашым анам” Мақсаты



Дата27.02.2023
өлшемі21,32 Kb.
#70196

8 наурыз халықаралық Аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Тақырыбы: “Анашым анам”
Мақсаты: анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, балалардың бойындағы жеке қабілеттер мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу. 
Балалар топқа қолдарын көтеріп билеп кіреді. “Көктемде” әнін билеп айтады.
Тәрбиеші:

  • Қош келдіңіздер! Аяулы әжелер, аналар, қызғалдақ қыздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз әйелдер мерекесі де келіп жетті. Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Адам бойындағы жақсы қасиет нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі «Анашым анам!» атты кешімізді сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.

Ән: “Анашым анам”
Тәрбиеші: Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай болса мерекеге көктемді шақырайық.
Музыка әуенімен залға (Көктем) кіреді.
Көктем: Дала гүлге бөленеді.
Қуанышқа кенеледі.
Орман, торғай, бақтарда
Өйткені мен көктеммін
Құстар сайрай жөнеледі.
Шұғыламды төккенмін.
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін.
Тәрбиеші: Сиқыршы көктем, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет.
Көктем: Мен қалай келмеймін. Бүгін сондай керемет күн - әжелер мен аналар мерекесі.
Балалар мен сендердің әже, аналарыңның есімдерін білгім келеді.
Тәрбиеші: Әрине біздің балалар әже, аналарыңның есімдерін біледі. (Балалар жауап береді)
Көктем: Қандай керемет есімдер. Көп - көп рахмет балалар сендерге.
Көктем: Балалар мен сендерге өз мезгілімнен көп гүлдер алып келдім. Сол гүлдермен ойын ойнаймыз ба?
Ойын: «Себетке гүл жинаймыз»
Көктем: Ой қандай жақсы балаларсыңдар. Балалар, менің көбелегім бар. Оның көңіл күйі болмай тұр. Сендер оның көңілін көтеруге көмектесесіңдер ме?
Тәрбиеші: Ендеше, балалар көбелектің көңілін би билеп көтерейікші.
Би: “Көңілді балақай”

  1. Абай Амани

  2. Рауан Ева

  3. Санжар Диана

  4. Исламбек Томирис

  5. Зейін Сара

  6. Аңсар Дана

  7. Алинур Тасним

  8. Айару

  9. Аруна

Тәрбиеші: Мінекей, көбелектің көңілі көтеріліп келіп қалыпты ғой. Көбелекпен сәлемдесейік.
Көбелек:
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға гүл шашылды.
Көңіл де нұр жайнады.
Сәлеметсіңдер ме балалар!
Менің көңілімді көтеріп қойдыңдар ғой. Жарайсыңдар балалар! Мен сендерге кәмпитті ағаш алып келдім. Әр ағаштағы кәмпитті алу үшін тапсырма орындау керек.
Бірінші кәмпит тақпақтар.
Абай
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым.
Өзің жайлы әнім де
Арнадым саған бәрін де.
Амани
Анашым, данашым
Құтты болсын мереке
Сізді жақсы көреміз
Құшақ гүлдер береміз.
Санжар
Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентеу болсам кешірген
Ауырмашы ақ әжем.
Айару
Сенен өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар.
Аруна
Анам менің, ақ мамам
Балапанын мақтаған.
Анам барда әрдайым,
Қуанамын, шаттанам.
Арлан
Ақ мамамды әрқашан
Сағынамын, сыйлаймын.
Мейрам сайын мен оған
Түрлі сыйлық сыйлаймын.
Екінші кәмпит.
Ән: “Кап-кап, тук-тук”
Үшінші кәмпит
Ән, би: «Топ-топ балақан»
Төртінші кәмпит
Тақпақ
Зейін
Алтын әжем ол менің
Мені жақсы көреді
Үйретеді өлеңді
Ертегі айтып береді.
Дамир
Ақ қабақты анашым
Күн сәулелі анашым
Әлпештеген баласын
Айналайын анашым.
Сара
Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Дана
Ана біздің гүліміз
Ана біздің күніміз
Бар баланы қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Рауан
Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
М. Рамазан
Баланың да тірегі
Дананың да тілегі
Ауырмасын ешқашан
Анамыздың жүрегі.
5. Бесінші кәмпит
Би: «Тұлпарым»
Бексұлтан
Мұса
А. Рамазан
М. Рамазан
Арлан
Амирхан
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Бүгін сондай белсенді болдыңдар. Көктем мен көбелекпен қоштасайық.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет