8-тақырып. Мемлекеттің шаруашылық айналымына қатысуының құқықтық нысандары



Дата26.04.2023
өлшемі134,56 Kb.
#87337

7-тақырып. Мемлекеттің шаруашылық айналымына қатысуының құқықтық нысандары

Жоспар:

  • 1. Мемлекет шаруашылық айналымның субъектісі ретінде
  • 2. Мемлекеттің ерекшеліктері

Мемлекет - ол азаматтық құқық қатынастарының ерекше субъектісі болып танылады, өйткені ол өзі азаматтық құқық қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді шығарады (билік жасайды) және өзі де сол қатынастардың мүшесі болады.
  • Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы стратегиялық мәселе және басым бағыт болып табылады. Кәсіпкерліктің сәтті дамуы тек мемлекеттің оған әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, саяси шарттарды жасауының нәтижесінде мүмкін болады. Мемлекет экономиканың болашағы зор секторы шағын кәсіпкерлікке зор көңіл бөледі. Бұл сала қызметті ұйымдастырудың икемдірек, динамикалы, жалпыға сәйкес түрі болып табылады, әрі нарықтық экономиканың тиімді қызметінің кепілі.

Соңғы он төрт жыл бойы республиканың әлеуметтік – экономикалық саясатының маңызды басымдылықтарының бірі – шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту болып табылғанын атап өту қажет. Себебі нарықтық шаруашылықтың қазіргі заманғы жүйесі ірі, орта, шағын кәсіппкерліктің тиімді үйлесімді болуын талап етеді. Бұл — 20 ғасырдың екінші жартысындағы дамыған елдердің экономикасының маңызды ерекшелігі – шағын кәсіпорындардың пайдасына ірі құрылымдық алға жылжу, бұл бәсекеге қабілеттілікпен, сұранысқа жылдам үн қатумен және ғылыми-техникалық алға басуды тездетумен, кадрларды орынды қолданумен, ақша қаражаттарының аз жұмсалуымен және т.б. байланысты. АҚШ-та, мысалы, тіркелген 18,1 миллион фирманың 97 пайызының қызметкерлерінің саны кемінде 500 адам шағын кәсіпкерлік санатына жатады, фирмалардың 90 пайызында 15-тен аз адам еңбек етеді. Шағын кәсіпкерліктің үлесіне ЖІӨ-нің 38 пайызы және жұмыс күшінің 47 пайызы келеді.

Мемлекет азаматтық құқықтық қатынастарда екі тұрғыдан көрінеді:

    • Қазақстан Республикасы
    • Әкімшілік аумақтық бөліністер

Қазақстан Республикасы атынан азаматтық айналымға қатысады:


Үкімет
министрліктер
ведомствалар
Әкімшілік-аумақтық бөліністердің атынан болса жергілікті атқарушы органдар (әкімшіліктер) қатысады.
Ал азаматтық айналымға мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністердің қатысу нысандары әр түрлі. Мысалы: мемлекет - меншік иесі ретінде мемлекеттік меншікті иелену, пайдалану және басқару құқықтарын жүзеге асырады. Бұл әрекеттер заттық құқықтық қатынастарға жатады.

мемлекеттік меншік екі топқа бөлінеді


Мемлекет
Сонымен қатар мемлекет міндеттемелік қатынастарға да белсенді қатысады,
мысалы: сату, сатып алу мәмілелеріне - сатушы немесе сатып алушы ретінде қатысады.
Әсіресе 1990-шы жылдарынан бастап мемлекет жекешелендіру шарттарында өз мүлкін сатушы ретінде қызу қатысты. Сонымен бірге, мемлекет мүдделері үшін жасалатын сатып алу, тауар жеткізілімі, сенімгерлікпен басқару, жалға беру шарттарына, несие шартына және т.б. шарттарға да мемлекет қатысады
Мемлекет мұрагер де болуы мүмкін. Мемлекет өз міндеттемелері бойынша азаматтық құқықтық жауапқа тартылуы және сотта талапкер немесе жауапкер болуы да мүмкін, яғни шарттық немесе шарттан тыс жауапкершілікке тартылады.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  • ҚР Азаматтық кодексі (жалпы бөлімі) 27.12.1994 ж (13.05.2020ж өзгертулермен) 2020
  • Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ.
  • Идрышева С.Қ. Азаматтық құқық (жалпы бөлімі): әдістемелік оқу құралы. - Астана: Fastprint, 2018
  • Лепесова А. К. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы: Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2012 . – 232 бет.
  • Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасыньщ азаматтык құқыш: Жоғары оқу орындарына арналган акад. курс. I-том. — Алматы: “Жеті жарғы”, 2001. — 376 бет


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет