Тақырыбы: Алгоритмдеу негіздері тақырыбын оқыту әдістемесі

Дата28.04.2022
өлшемі186,68 Kb.
#32661

Тақырыбы:ХІІ жылдық мектепте информатиканы оқыту әдістемесі

Студент:АЛИМБАЕВ Р

Информатиканың ғылым ретінде пайда болуы және қалыптасуы өткен ғасырдың екінші жартысынан басталады. Информатиканың зерттейтін аймағы – ақпараттың құрылымы мен ортақ қасиеттері, сонымен қатар адам тіршілігінің түрлі саласында ақпаратты іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және пайдалану үрдістерімен байланысты мәселелерді қамтиды. Ақпараттың ауқымды көлемі мен ағымын өңдеу автоматтандырусыз және коммуникация жүйесінсіз жүзеге асыру мүмкін емес, сондықтан электронды есептеуіш машиналар мен заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологиялар информатиканың іргелі ядросы және материалдық базасы да болып табылады

12 жылдыққа көшу мәселесі қарастырылған. II – тарау «12 жылдық мектепте информатика пәнін оқыту ерекшеліктері» деп аталып, 12 жылдық білімге көшу жағдайында бастауыш эксперимент сыныптарда информатика пәнін оқытуда оқушылардың физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін, дұрыс сөйлеу білу мәнерін қалыптастыруды көздейді. I.ТАРАУ ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕГЕ СҮЙЕНЕ ОТЫРЫП, 12 ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУДІҢ НЕГІЗДЕМЕСІ Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық орта жалпы білім беру Тұжырымдамасы – жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттарын бейнеленетін негізгі құжат болып табылады. Бұл Тұжырымдама Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының; «Қазақстан Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына»; «Қазақстан Республикасында білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына; Қазақстан Республикасының Президенті Н..Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлері кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді. Жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс құралының қарқынды дамуы, сондай-ақ адамның интеллектісіне, әл-ауқаттылығына, оның икемділігіне, жасампаздық іс-әрекетіне қол жеткізетін тәсілдер қоғамның негізгі капиталы бола бастады.

Қазақстан қоғамындағы мұндай жағдайда өзекті мәселелердің бірі - өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, төзімділік, әлеуметтік жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылық, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы. Қазақстандық жалпы орта білім мазмұны оқушының өмірдегі құзіреттілігі үшін жеткіліксіз болып отырған әрбір оқу пәні бойынша білімі, білігі және дағдысын алу тәртібімен ғана сипатталады.

Достарыңызбен бөлісу:

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет