83-Школа гимназия Тақырып: Жасанды интеллект- өркениеттің болуы үшін қауіп



Дата12.05.2022
өлшемі0,94 Mb.
#34068

83-Школа гимназия

Тақырып: Жасанды интеллект- өркениеттің болуы үшін қауіп.

Автор : Кыздарбек Алуана 11 “Б”

Карманова Дана 11 “Б”

Жетекшісі: Гульнур Құдайбергеновна


Астана 2022 жыл.

Жоспары:

  • Жасанды интеллект деген не?
  • Жасанды интеллект адам баласына қауіп төндіруі мүмкін бе?
  • Адам баласы жасанды интеллект дамуының қай кезеңінде?

Жасанды интеллект деген не?

Соңғы ғасырдың жартысынан бері түрлі елдің ғалымдары адамның санасы сияқты әртүрлі функцияларды басқара алатын күрделі механизмді жасанды жолмен жасауға тырысып келеді. Әзірге адам санасының аналогы жасалған жоқ. Оны ғылымда "жасанды интеллект" дейді.

1956 жылдың жазында Джон Маккарти есімді америкалық бағдарламашы АҚШ-тың Дартмут колледжінде өткен ғылыми конференцияда бұл терминді алғаш рет қолданған. Ол компьютерлік бағдарламалаудағы ең алғашқы тілдердің бірі Лисптің негізін салған. Жасанды интеллектінің дамуына қосқан үлесі үшін Маккарти зейнет жасында Тюринг премиясының лауреаты атанады.

Жасанды интеллект адам баласына қауіп төндіруі мүмкін бе?

  • Қазіргі таңда әлемдегі беделді ғалымдар жасанды интеллектінің дамуына екі түрлі көзқараспен қарайды. Бір тобы жасанды интеллект адам баласына еш қауіп төндірмейді деп сенсе, екінші тобы адамзаттың түбіне жететін жасанды интеллектке ие роботтар деп санайды.

2018 жылы SpaceX, SolarCity және Tesla Motors компанияларының жетекшісі Илон Маск бастаған жасанды интеллект саласындағы бірқатар сарапшылар "Бұл компьютерге сенесің бе?" ("Do you trust this computer?") атты деректі фильмде өздерінің жасанды интеллект дамуына қатысты пікірін білдірді. Олардың басым бөлігі жасанды интеллект дамуын бақылауда ұстау маңызы жайлы айтады.

  • 2018 жылы SpaceX, SolarCity және Tesla Motors компанияларының жетекшісі Илон Маск бастаған жасанды интеллект саласындағы бірқатар сарапшылар "Бұл компьютерге сенесің бе?" ("Do you trust this computer?") атты деректі фильмде өздерінің жасанды интеллект дамуына қатысты пікірін білдірді. Олардың басым бөлігі жасанды интеллект дамуын бақылауда ұстау маңызы жайлы айтады.
  • Илон Маск үндеуімен бірқатар белсенді ғалымдар мен футурологтар жасанды интеллектінің қаупі жайлы Біріккен ұлттар ұйымына да арнайы хат жазған. Хатта жасанды интеллектіге ие әскери қаруларды бақылауда ұстау мәселесі көтеріледі.

Олардың аргументтері салмақты. Себебі кез келген ел билігі әлемде аналогы жоқ суперқару иемденгісі келеді. Сол мақсатпен де олар құпия зертханаларды қаржыландырып, оларға қыруар ақша бөліп отыр. Мысалы, өткен жылы Қытай жасанды интеллектінің дамуына жұмсайтaын қаржы көлемі бойынша АҚШ-тан озып, инвестиция көлемін 12 миллиард АҚШ долларына жеткізген. Қытай үкіметі 2030 жылға дейін жасанды интеллектіге $150 миллиард қаржы құюды мақсат етіп отыр. Сондай-ақ, Қытай қаржыландырып отырған жобалардың басым бөлігі Бейжің төңірегінде шоғырланған.

  • Олардың аргументтері салмақты. Себебі кез келген ел билігі әлемде аналогы жоқ суперқару иемденгісі келеді. Сол мақсатпен де олар құпия зертханаларды қаржыландырып, оларға қыруар ақша бөліп отыр. Мысалы, өткен жылы Қытай жасанды интеллектінің дамуына жұмсайтaын қаржы көлемі бойынша АҚШ-тан озып, инвестиция көлемін 12 миллиард АҚШ долларына жеткізген. Қытай үкіметі 2030 жылға дейін жасанды интеллектіге $150 миллиард қаржы құюды мақсат етіп отыр. Сондай-ақ, Қытай қаржыландырып отырған жобалардың басым бөлігі Бейжің төңірегінде шоғырланған.

Адам баласы жасанды интеллект дамуының қай кезеңінде?

  • Жюль Верннің XIX ғасырдағы оқырмандары адам баласының құс сияқты көкке көтерілетін аппарат құрастыратынына немесе ғарышты игеретіне сене қоймаған. Олардың арасында жердің домалақ екеніне күмәнмен қарайтындар да болған. Осыдан жарты ғасыр бұрын адамдар хатты интернет арқылы алмасу мүмкіндігіне немесе сымсыз байланыс құралдарының пайда болатынына сенбеген. Сол сияқты бүгінгі қоғам да адам сияқты ойлау қабілетіне ие болатын әмбебап роботтардың заманы келетініне сенуден алыс. Бірақ, оның ауылы жақын. Себебі біз аз уақытта әмбебап жасанды интеллектінің 7 кезеңінің 4-іншісіне жетіп үлгердік.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет