Мен-өз уақытымның басқарушысымын
Аушекен Аяулым
ФКиСМ-21-1к
Уақыт – менің өмірім. Мен уақытын ол менен ажырай алмаймыз.Уақыт өмірімізден бөлек емес, уақыт пен өмір арасындағы байланыс күн мен оның сәулесі, ағаш пен жемісі, көз бен көру арасындағы байланыс секілді өте тығыз. Басқа жаратылыстарды айтпағанда, адамзаттың уақыт пен мекенге мұқтаж екеніне ешқандай талас жоқ. Уақытты босқа өткізу – мезгілі өлшеулі, құны өлшеусіз өз өмірімізді рәсуа қылу. Адам баласы әрқашан уақытты босқа өткізбей өзіне және қоғамға пайда келтірілетін іспен айналысу, айталық қызмет ететін сәтте құлшына қызмет істеуі, дем алатын уақытта демалып тынығуы, тамақтанатын кезде тамақтану, мәдени тұрмыспен айналысатын, сейілдеп бой жазатын, спорттық шынғумен шұғылданатын тұста оны да өз лайығында дұрыс пайдалануы қажет.
Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?
Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.
Менің жаным ашиды бұл өмірді,
Өтпейтіндей көретін адамдарға!-дейді Мұқағали Мақатаев. Расында кейбір адамдар уақытты өміріміздің ұрысы деп есептесе, бірі уақытты ұлы ұстаз дейді. Ал мен уақытты ұстаз санайтын қауымның қатарынанмын. Уақыттың мені сүріндірген кезі болған емес дей алмаймын. Алайда қолдаған, басымнан сипап көтерген сәті аз емес. Ес біліп, етек жинаған сәтімнен бастап саналы әрекет етуіме, сылбыр ойға жол беруге, ақыл таразысына абай болуыма әсер еткен отбасымдағы тәрбие десем, тәрбиенің бойыма сіңімділігіне әсер еткен уақыт пен оның төрелігі дер едім.