9-Билет Дезинфекция түрлері • Дезинфекция



Дата26.12.2022
өлшемі14,9 Kb.
#59623

9-Билет
1. Дезинфекция түрлері
Дезинфекция бұл-адамды қоршаған ортада патогенді және шартты патогенді микроағзаларды жою. Дезинфекция кезінде микроағзалардың тек вегетативті түрлері өледі. Стерилизация барлық микроағзалардың вегетирлеуші түрлерімен қоса олардың спораларын да жою.
Дезинфекция түрлері. Профилактикалық және ошақты дезинфекцияны ажыратады:
1. Профилактикалық дезинфекция ауруханаішілік инфекцияның алдын- алу мақсатымен жүргізіледі.
2. Ошақты дезинфекция күнделікті ошақты дезинфекцияға және ошақты қорытынды дезинфекцияға бөлінеді. Ошақты күнделікті дезинфекция инфекция ошағында, инфекционды науқастың төсек маңында көп рет жүргізіледі. Ошақты қорытынды дезинфекция инфекционды ошақтағы ауру қоздырғышын толық тазалау мақсатымен бір рет науқасты жекелегеннен кейін, инфекционды бөлмеге госпитализацияланғаннан кейін, сауығуы немесе өлімінен кейін жүргізіледі.
Дезинфекция әдістері: Механикалық, физикалық және аралас дезинфекция әдістерін ажыратады.
Дезинфекцияның механикалық әдістері, оған жататындар:
1. Бөлме ішіндегі жиһазды жуу.
2. Киімді, төсек орынды, төсек заттарын қағу.
3. Шаңсорғыш көмегімен бөлмелерді шаңнан тазарту, бөлмелерді сылау және бояу.
4. Қол жуу.

Дезинфекцияның физикалық (термиялық) әдістері. Дезинфекцияның физикалық әдісіне келесі әдістер жатады:


1. Күн сәулесін қолдану.
2. Бөлмедегі ауаны және бөлмені ультракүлгінмен сәулелендіру.
3. Ыстық үтікпен үтіктеу, күйдіру, қыздыру.
4. Бағалы емес заттарды, қоқысты өртеу.
5. Қайнаған сумен өңдеу немесе кайнату.
6. Пастеризация.
7. Гиндализация (600С-да 6-7 тәулік ішінде бөлшектеп пастеризациялау, экспозиция-1 сағат).
Дезинфекцияның химиялық әдістеріне жатады:
Шаю (орошение).
Сүрту.
Толығымен батыру.
Себу (распыление).
Дезинфекцияның комбинирленген әдістері:
комбинирленген әдісте дезинфекция арнайы дезинфекциялық камераларда жүргізіледі.
•••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••
2. Дезинсекция, дератизация.
ДЕЗИНСЕКЦИЯ (дез... және лат. іnsecta – жәндік) – ауру қоздырғыштарын тарататын зиянды жәндіктерді жою үшін мал фермаларында, құс фабрикаларында,ет комбинаттарында, қоймаларда, т.б. қолданылатын малдәрігерлік-санитарлық шаралардың бірі.
Дезинсекцияның мақсаты – ауру қоздырып, тарататын жәндіктерді жою және олардың өсіп-өнуіне, көбеюіне жол бермеу.
Дезинсекцияның физикалық, механикалық, химиялық, биологиялық әдістері бар.
Физикалық әдісті қолдану кезінде ыстық не суық температурамен бумен өңдеу, өртеу, жоғары тербелісті ультраток, иондаушы сәулелердің әсерін пайдалану арқылы ұсақ жәндіктерді жояды.
Механикалық әдісті қолдану кезінде есік-терезе торланып, қоражай көң-қоқыстан тазартылады.
Химиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді жою үшін улы препараттар (ДДТ, гексахлоран, хлорофос, нафталин, анабазин, күкіртті газ, т.б.) қолданылады.
Биологиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді жоюға құс, балық, микроорганизмдер пайдаланылады.
Дезинсекциялық жұмысты орындаушы персонал жеке бас қауіпсіздік заттарымен қоса сабынмен, орамалмен және де теріні жұмсартатын заттармен қамтамасыз етілуі керек.
Дератизация - індет ауруларын тарататын кеміргіштерге (егеуқұйрық, тышқан, т.б.) қарсы күрес. Дератизация кеміргіштер тарататын түрлі аурулардың (оба, туляремия, құтыру, сарып, күйдіргі, сальмонеллез, т.б.) қоздырғыштарын дер кезінде құрту, олардан сақтандыру үшін жүргізіледі.
Дератизация жүргізгенде механикалық (тор, тұзақ, қақпан қою, т.б.); биологиялық (ит, мысықпен ұстау, оларды қыратын микробтарды пайдалану); химиялық (улы зат, газдар пайдалану) әдістері қолданылады.
Дератизация жасалған жерде темекі тартуға, тамақ ішуге болмайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет