9 Дәріс. Отбасы және қазіргі заман



Дата07.04.2023
өлшемі1,14 Mb.
#80318

9 Дәріс. 

Отбасы және қазіргі заман

Дәрістің мақсаты:

Отбасы ұғымымен танысып, отбасының жалпы белгілері туралы түсінік қалыптастыру. Отбасы институты, неке терминдерін оқып білу. Отбасының функциясы және құрылы туралы танысу
Дәріс жоспары
  • Әлеуметтанудағы отбасы ұғымы
  • Отбасының жалпы белгілерімен танысу
  • Отбасы әлеуметтік институт ретінде
  • Отбасын зерттеудегі бағыттар
  • Отбасының атқаратын функциялары

Кілттік сөздер
Отбасы — бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.
Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. 

Отбасы және қазіргі заман Әлеуметтанушылар отбасын ерекше бір құбылыс, әлеуметтік жүйе ретінде қарайды да, оны әлеуметтік институт және кішігірім топ ретінде талдап, зерттейді.1. Отбасы — бұл адамдардың некелік және туыстық, жалпы тұрмыстық байланысқа және озара жауапкершілікке негізделген адамдардың бірлігі.
Отбасының аса маңыздылығы оның қоғам алдында екі негізгі атқаратын кызметінен көрінеді. Біріншіден, отбасы — ол адамдардың ерекше тобы, өйткені оның құрамы сырттан келетін адамдар санымен немесе сырттан келетін адамдар санының өсуімен байланысты емес, ол өз ішінде туатын балалар санымен көбейіп, өсіп отырады. Бұл топ (яғни, отбасы) қоғамның биологиялық жағынан үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, адамдардың санын көбейтіп, өсіріп отырады. Отбасының екінші негізгі атқаратын қызметі — ол қажетті мәдени мұратын қоғамдағы өзінен жоғары үлкен бірліктер арқылы бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырып отырады. Отбасының объективтік өзгеру процесі оның топ ретіндегі сипаттамасымен байланысты болады. Қазіргі отбасы — неке және балалардың денсаулығын сақтау, оларды тәрбиелеу құқықтық және моральдық жауапкершілігі бар институционалдық бірлік ретінде зерттеледі.
Американ әлеуметтанушысы Хиллдің көзқарасына сәйкес, қандай да бір отбасы болмасын, оның төмендегідей жалпы белгілері болады.
  • Отбасы мүшелері әр уақытта бір-біріне өзара тәуелді болып келеді, соған сәйкес отбасының бір мүшесінің мінез-құлқы өзгерсе, ол басқалардың да мінездерінің өзгеруіне әкеледі.
  • Қандай да бір отбасы болмасын, ол біртұтас және жеке болады, оның басқалармен байланысы белгілі бір дәрежеде шектеулі болады;
  • Отбасы – бейімделуші ұйым, ол өзін қоршаған әлеуметтік ортада тепе-теңдікті сақтауға тырысады.
  • Отбасы дара бүтіндік ретінде сыртқы факторларға байланысты міндеттерді орындаумен бірге, әрбір отбасы өз мүддесінің талап-тілегін, мұң-мұқтажын орындауды қамтамасыз етеді.
  • Отбасы жеке, дара институт ретінде — оның тұрмыстық салты қоғамдық мүддеге сәйкес немесе сәйкес келмейтін жағдайларда зерттелінеді.

Отбасын әлеуметтік институт ретінде осылай зерттеу арқылы болашақ отбасының өзгеру үлгісін жасайды.Ерлі-зайыпты адамдардың арасындағы қатынастар некелесу алуан түрлі тәртіп бұзуларға қарсы қолданылатын жазалау шараларының жиынтығы арқылы реттеліп отырады. Бұл некелесу ұйымы еркек пен әйелдің арасындағы қарым-қатынастарды реттеп оның әлеуметтік ережелерінің, олардың арасындағы міндет пен құқықтың жиынтығын белгілейді. Отбасының топ ретінде дұрыс қызмет атқаруын, өмір сүруін қамтамасыз етеді. Осы ережелер, оның ішінде міндет пен құқық ережелері құқықтық сипатта болады. Ол неке мен отбасы туралы заңдар кодекстер арқылы реттелінеді. Бекітілген құқықтық ережелерге кіретін мәселелер: мүлікке иелік ету, ерлі-зайыптылар балаларын және бір-бірін материалдық қамтамасыз ету, т.б. Осыған сәйкес бұл жерде некені бұзу туралы ережелердің жиынтығы бөлінеді.
Неке туралы басқа да ережелер бар, олар моральдық, салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрінде болады. Олардың қатарына: ерлі-зайыптылардың бір-бірінің көңілін табу, жағу ере­желері, некені және некелік тәртіпті сұрыптап алу, отбасындағы билікті және міндетті бөлісу, балаларды тәрбиелеу, отбасындағы бос уақытты дұрыс пайдалану, т.б. кіреді. Отбасы қатынастарының басқа да түрлері бар. Мысалы, туыстармен, достармен, т.б. қатынасу. Ережелер мен салт-дәстүрлер отбасының дамуына, өзгеруіне байланысты әрбір кезеңде әр түрлі сипатта көрінуі мүмкін. Отбасы қатынастарындағы қалыптасқан құндылықтар мен ережелердің бөлініп отыруы, сонымен қатар ресмилікке жататын ережелерді бұзушылық еліміздің түпкір-түпкірлерінде, кейбір аймағында кездесіп қалады. Бұлардың көбі салт-дәстүрлерге, олардың кейбірі, мысалы, діни наным айырмашылықтарына, көзқарастарға байланысты болып келеді.
Неке әлеуметтік институт ретінде қоғамның дамуы мен өзгеруіне, оның қажеттілігіне, мұң-мұқтажына, талап-тілегіне байланысты өзгеріп отырады.
Отбасының әлеуметтік институт ретінде зерттеудегі талдау қандай мәселелеріне көңіл аударуды анықтап береді: оның некелік қатынастарға, тұрмыс-салтына қалай әсер ететінін, әр түрлі әлеуметтік, саяси, экономикалық жағдайларда отбасы ережелері мен бағалы қүндылықтары қалай ерекшеленіп отырады, отбасындағы тәртіп, тар әлеуметтік тұрғыдан қалай реттеліп отыратынын айтуға болады.
Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттегенде мынадай жалпы ұғымдар қолданылады: 1) некелік қатынастардағы қоғамдық қажеттілік, талап-тілектер, мұқтаждықтар; 2) отбасының әлеуметтік қызметі; 3) отбасы қатынастарындағы ережелер мен бағалық құндылықтар; 4) әр түрлі типтегі отбасындағы тәртіп үлгілері, т.б.
Отбасын кіші топ ретінде зерттеу — өзінің құрылымы жағынан азғана адамдар тобының, оның мүшелерінің жалпы әлеуметтік іс-қызметінде бір-бірімен тікелей араласуынан, бірыңғай эмоциялық қарым-қатынастың, топтық ереже және топтық процестің қалай пайда болатынын анықтау.
Отбасын зерттеудегі бағыттардың әрбіреуінің өзінше ерекшелігі бар. Мысалы, отбасын әлеуметтік институт ретінде қарағанда негізінен отбасының сыртқы қарым-қатынастары әңгіме етілсе, ал, отбасының ішкі байланыс-қатынастарында оны кішігірім топ ретінде зерттеуге итер-мелейді. Бірінші бағыт, отбасын әлеуметтік институт ретінде қарау — бұл әлеуметтанудың мәселелеріне тығыз байланысты, ал, екінші бағытта,отбасы кішігірім топ ретінде қаралғанда, көбінесе оның әлеуметтік-психологиялық мәселелері сөз болады. Жоғарыда көрсетілгендерді қорыта келе отбасына жалпы сипаттама берейік.Ерлі-зайыптылық екі негізгі қарым-қатынасқа негізделген: 1) ерлі-зайыптылық; 2) бала туу немесе бала асырап алу.
Отбасы мүшелері бір шатырдың астында, яғни бір үйде тұрады, олар отбасының шаруашылығын жүргізеді. Бұл 2-3 адам ұрпағын жалғастырады. Отбасының жалпы шаруашылығы оның өзінен үлкен бірліктерде болу шеңберіндегі экономикалық іс-қызметінен анықталады. Бұл отбасының шаруашылық қызметі адамдық тұрақты тәртіп үлгілеріне және олардың арасындағы өзара әрекетке байланысты өрбиді.
Отбасы мүшелерінің атқаратын ролі тек қана өзара эмоциялық сезімдерімен ғана емес, сонымен бірге, адамдардың үлкен топтары — мемлекет, мешіт, шіркеу, т.б. институттардың қызметімен байланысты болады.
Отбасының функциясы, яғни атқаратын қызметі әруақытта оның тіршілік ету тәсілінің көрінісі ретінде түсіндіріледі. Әлбетте қоғамның отбасына жасайтын қызметін, ал, оның тұлғаға, тұлғаның отбасына жасайтын қызметін жиі қарауға болады.
Отбасының атқаратын қызметі қоғамның әлеуметтік-экономикалық іс-қызметімен тығыз байланысты. Сондықтан тарихи кезеңдерде отбасы функциясы, оның сатылы қызметі де өзгеріп отырады.
Тұлғаның дамуына, әрбір ерлі-зайыпты адамдардың қуатты өмір сүруіне, балаларды ізгілікке тәрбиелеуге. ата-аналар мен балалардың арасындағы қатынастарды жақсартуға қажетті жағдай жасау қажет. Бұл қоғамның әрбір саласына қойған негізгі талабы мен міндеті. Бұл талап пен міндеті орындау қоғамға да, отбасына да бірдей тиімді. Оларды орындау: біріншіден, қоғамдық қажеттілікті, талап-тілекті орындауға, қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады, қысқаша айтқанда, отбасы жас ұрпақты әлеуметтік процеске қатысуын іске асырады, бірлесіп өмір сүру ережелерін қоғамдық өмірдің конформистік еткізеді.
Отбасы мүшелерінің арасындағы барлық қатынастардың, атап айтқанда, рухани, адамгершілік, билік, бедел (авторитет), т.б. қатынастардың жиынтығы отбасы құрылымы деп аталады.Отбасы құрылымы және оның іштей ұйымдастырылуы көптеген факторларға байланысты. Отбасы құрылымы, ең алдымен, ерлі-зайыптылардың типіне байланысты болады. Тарихта ерлі-зайыптылықтың моногамдық және полигамдық түрлері болған.
Ерлі-зайыптыларды сұрыптау тұрғысынан қарағанда некелік эндогендік (яғни, белгілі бір топтың, әсіресе, кастаның ішінен болуы. Бұл алғашқы қауымдық қоғамға тән. Қазіргі уақытта тек қана өз ұлтында немесе діни қауымда болатын некелік) және экзогомдық (бұл, керісінше, некелікті белгілі бір топ немесе кастаның ішінен сұрыптап алуға тиым салу, мұнда некелік әрбір топтан серіктестік негізінде құрылады) сияқты категориялар да болды.
Назарларыңызға Рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет