9 дәріс Табиғи сұрыпталу эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші. Табиғи сұрыптаудың негізгі формалары



бет1/4
Дата03.12.2023
өлшемі20,53 Kb.
#133677
  1   2   3   4
Байланысты:
9 лекция


9 дәріс Табиғи сұрыпталу - эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші. Табиғи сұрыптаудың негізгі формалары.
Табиғи сұрыпталу – Ч.Дарвиннің негізгі эволюциялық теориясы. Сұрыпталу –эволюциялық әрекеттің негізгі қозғаушы және бағыттаушы күші. Табиғи сұрыпталуға қажетті материал - жеке ағзалардағы тұқым қуалайтын өзгерістер. Ол өзгерістердің кейбіреулері ағза үшін пайдалы, ал екіншілері зиянды болуы да мүмкін.
Дарвин, табиғи сұрапталу деп сол түр үшін пайдалы белгілері мен қасиеттері бар даралардың нақтылы тіршілік жағдайларында тірі қалып ұрпақ беру мүкіндігін айтты. Яғни, тірі ағзалардың сыртқы орта жағдайларына бейімделіп, тіршілік үшін күрес нәтижесінде тірі қалу әрекеті. Алайда, бұл анықтама табиғи сұрыпталу әрекетінің генетикалық маңызын айқан көрсете алмайды. Табиғи сұрыпталу әрекетіндегі түбейгейлі мәселе даралардың тірі қалуы және олардың әр түрлі жолдармен көбеюге қабілеттілігі болып есептеледі. Өйткені көбеюге қабілетті дара ғана популяция генофондысына нақтылы үлес қоса алады. Көбейіп ұрпақ қабылдауға қабілеті жоқ даралардың эволюциялық мәні де болмайды. Ендеше, ағзаның бұл қасиеті табиғи сұрыпталудың генетикалық эволюциялық критерийі болып табылады.
Табиғи сұрыптаудың алғы шарттары. Ч.Дарвин табиғи сұрыпталу принципін сипаттауда оның негізгі екі алғы шартын атап көрсеткен:
1) біріншіден, барлық тірі ағзаларға тән қасиет – даралардың тұқым қуалайтын гетерогендігі,
2) екіншіден, көбею қарқындылығының жоғары болуы.
Барлық популяцияларда даралар бір-бірімен тұқым қуалау ерекшеліктерімен ажыратылатыны белгілі. Ол ерекшеліктер мутациялық өзгерістердің пайда болуымен және генотипте гендерінің жаңа үйлесімдер түзілуімен түсіндіріледі. Осы себептерге байланысты популяция дараларында тұқым қуалайтын гетерогендік қасиет қалыптасады. Бұл қасиет сұрыпталудың ең алғашқы маңызды алғы шарты болып табылады.
Табиғи сұрыпталудың келесі алғы шарты ағзалардың көбею қарқындылығының өте жоғары болуы, соған байланысты түр ішіндегі даралар соншалық шамадан тыс артуы. Кез келген ағза жұбы өте көп ұрпақ қалдыруға қабілетті келеді. Мысалы, балықтардың 2 млн. жуық уылдырық шашуы, бақалардың – 10 мыңға жуық, балдырлар 25 тәулік ішінде жер бетін 16 м. қалындықпен жаба алатын ұрпақ бере алады. Бірақ, табиғатта дәл осылай көбею байқалмайды, себебі ағзалардың шамадан тыс көбейіп кетуін реттеп отыратын белгілі бір табиғи күш бар деп есептелінеді. Дарвин ол күшті тіршілік үшін күрес деп атап көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет