9 дәріс тақырыбы: Өсімдік әлемінің алуандығы және олардың жер бетіне таралуы. Дәріс мазмұны



Дата17.02.2022
өлшемі13,36 Kb.
#25779

9 дәріс тақырыбы: Өсімдік әлемінің алуандығы және олардың жер бетіне таралуы.

Дәріс мазмұны:

1. Өсімдік әлемінің жер бетінде таралуы.

2.Төменгі сатыдағы өсімдіктер.

Өсімдіктер систематикасы. Өсімдіктер систематикасы табиғи өсімдік түрлерін жан- жақты сипаттап, олардың құрылысы мен шығу тегіндегі ұқсастықтарды анықтайды , олардың өзара байланысты бірлес топтарын біріктіреді және осы топтау жер тарихындағы эволюцилық дамуын зерттейді .

Зерттеулер негізінде өсімдіктердің барлық тұқымдарының ғылымға негізделген егжей – тегжейлі классификациясы жасалды . Өсімдіктер классификациясы негізінде өсімдіктердің көбею органдарының құрылысына сүйенеді .

Төменгі сатыдағы өсімдіктер

Бактериялар.Бактериялар – бір клеткалы тірі организмдер. Бактерия дибоклармасында вакуольдер болады . Бактериялардың басқа тірі организмдерден ерекшелігі , оның клеткасында қалыптасқан ядро болмайды .

Бактериялар жербетіндегі аса ұсақ тірі организмдер .Олардың мөлшері бірнеше микроп ғана. Бактерияларды 600-800 тіпті одан да көп есе ұлғайтқанда ғана микроскоппен ғана көруге болады .

Қазір оларды 100.000-200.000 еседен астам ұлғайта алатын электрондық микроскоппен зерттелуде . Көптеген бактериялық процестерді , әсіресе жұқпалы індет ауруларының таралу себептерін күшті үлкейтетін микроскопсызтүсіну мүлде мүмкін емес еді . Бактериялар денесінің пішіні қысқа таяқша тәрізді болып келеді , олар бактериялар мен бациллар . Олар дене пішіні жағынан бірдей болғанмен де , тіршілік әрекетінде айырмашылықтар бар , бациллаларда спорлары болады , ал бактерияларда ол болмайды . Пішіні шар тәрізді болса – кокктар, екі шар тәрізді болса – диплоклкктар , тізбектелген болса – стректококктар деп аталады . Иілген түрлері де вибриондар , стериллалар және спирохеталар болады . Бактериялардың тіршілік етпейтін жерлері жоқ , олар топырақта да,суда да , ауада да ,жануарлар мен адам организмінде де болады .

Тірі табиғаттағы зат алмасуда бактериялардың маңызы зор . Зат алмасу процесі бактерияларда өте шапшаң жүреді . Көптеген бактериялар топырақты азотпен байытып оның құнарлылығын арттырады . Бактериялар жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі жойылған қалдықтарын бүлдіреді , қонды ыдыратуға қатысуға тырысады және топырақтың микералдануына себебін тигізеді . Адам спиртті , айранды , сірке қышқылын ашыту процесінде бактерияларды пайдаланады. Алайда адам мен жануарларорганизмінде паразиттікпен тіршілік ететін де көптеген бактериялар бар .Мұндай бактерияларды ауру туғызушы немесе котогенді бактериялар деп атайды .Туберкулездің дифтериттің , күйдіргінің бактериялары өте қауіпті болады . Сіреспе бацилларды көңі көп майлы топырақта тіршілік етеді де , адам денесіне сәл жарақаттанған жердегі қанға егу арқылы жұғады . Ауру туғызушы бактерияларды өлтіру қиын емес .Олар қайнатқанда , кептіргенде және улы заттар әсерінен тіршілігін жояды . Олардың жарақаттанған , сыдырылған жерлерге еніп кетуінен сақтанудың оңай жолы – жарақаттанған жерге йод тұнбасын жағу .

Бактериялар қарапайым екіге бөліну арқылы көбейеді . Бұл процесс өте шапшаң, әрбір 15-30минутта өтеді . Көптеген бактериялардың спораларында тығыз қабық түзілетіндіктен , олар 120 – градусқа дейінгі қызуға шыдайды . Бактериялар спораларының тіршілік әрекеті ұзақ жылдарға сақталады . Бактериялар- өте ертеде пайда болған организмдер.

Балдырлар Төменгі сатыдағы өсімдіктердің үлкен тобын қамтиды . Көп тұрып қалған су қоймасынан алынған суды микроскоппен қарап , одан жылдам жүзіп жүрген тірі жасыл нүктелерді көруге болады .Бұл бір клеткалы жасыл балдыр – хломидомадо . Ол жақсы дамыған талшықтарының көмегімен еркін жүзеді . Су қоймасында жасыл түсті , ұзын жіпті балдыр- улотрикс. Өл көп клеткалы , бірақ құрлысы өте қарапайым болады .Үлкейтіп қарағанда жіптің цилиндр тәрізді жеке клеткалардан ұштары арқылы өзара жалғасып тұрғандығын көруге болады.Мөлдір қабық арқылы түссіз цитоклармадан ашық реңді хлорофилл көрінеді , бірақ ол жоғарғы сатыдағы өсімдіктердегідей жеке дәнек түрінде емес , тұтасқан хромотофор қалпында болады .



Бақылау сұрақтары:

1. Өсімдік әлемінің жер бетінде таралуы.



2.Төменгі сатыдағы өсімдіктер.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет