№9 обөЖ сабағына арналған таратпа материал



Pdf көрінісі
бет19/34
Дата31.12.2021
өлшемі3,06 Mb.
#22582
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34
Маңызды алғышарттар 

Көп жағдайларда мұндай көріністер қантамыр қабаттарының зақымдалуы кезінде болады. 

Пішіннің өзгеруі қантамырлар қабаттарының өткізгіштігіне әсер етеді. Бұндай жағдайдың 

салдары қанның тұрып қалуына және қанның сұйық құрамдас бөліктерінің майда 

қылтамырларды қысып қалып, жасушалар кеңістігі жаққа шығып кетуіне әкеледі. 

Көрсетілген әрекеттер қылтамырлар мен жасушалар арасындағы алмасу әрекеттерінің 

бұзылуына әкеліп соғады. 

Аурудың тағы бір себебі қантамырлардың қабыну аутоиммундық аурулары бола алады, 

соның ішінде – атеросклероз, бұл жағдайда қылтамырлық қабырғаның зақымдалған ішкі 

қабатына белсенді түрде тромбоциттер «жабысып қалады». Ағза пайда болған тесікті 

бітеуді алдына мақсат етіп қояды, алайда ол бұдан да ауыр жағдайларға әкеліп 

соқтырады.    

Қанның микроциркуляциясының бұзылуына соқтыратын негізгі патологиялық әсерлердің 

ішінде мамандар жүрек жеткіліксіздігінің түрлі формаларын бөліп көрсетеді, олар 

есеңгіреу жағдайының кез келген түрі,  көктамырлық кернеу, миокард ишемиясы, қан 

құрамының патологиялық өзгеруі. 

Майда тамырлар қабатының зақымдары да қауіп төндіреді. Қабыну, атеросклероз, 

қантамырлардың зақымдалуы қанның микроциркуляциясының бұзылуына әкеледі. 

Тәуекел тобына қант диабетімен ауыратын науқастар жатады, ол кезде жұмсақ тіндердің 

ишемиялық жағдайы (оттектің аз жеткізілуі) қарқын ала бастайды. 

Микроциркуляция әрекетінің бұзылуы адамның кез келген органдарында болуы мүмкін. 

Қанмен қамтамасыз ету көбіне жүрек бұлшықеттері мен ОЖЖ аймақтарында кездеседі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет