А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасы



бет4/4
Дата16.10.2023
өлшемі113,08 Kb.
#116424
1   2   3   4
Саясаткер Абай.
1885 ж. мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Карамола деген жерде Семей ген.-губ. Цеклинскийдің басқаруымен Семей губ-на қарайтын 5 уездің 100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше съезі өткізілді. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға "Семей казақтары үшін қылмыстық істерге карсы заң ережесін" өзірлеу тапсырылды. Абай бастаған комиссия барлығы 93-баптан тұратын ережені 3 кұн, 3 түнде әзір етті. Бүл казақ кауымындағы әдет заңдарына да, патша өкіметінің халықгы канаушылыққа, зорлық-зомбылықка негізделген заңынада үқсамайтын, езгеше кұжат еді. Оның, әсіресе, ұрлық, қылмыс пен өйел мөселелер-не арналған баптары ерекше құнды. Бірақ Абайдың беделін өсірген Қарамола съезінен кейін оның қарсыластары көбейіп кетеді. 1890ж. Байғұлақ, Күнту деген кісілер бас таған 16 атқамінер Жиренше қыстауының шетіндегі Ши деген жерде Абайға карсы дұшпандық әрекетке сөз байласады. 1891 ж. Оразбай бастаған дау 1897 жылға дейін созылады. Бұл шиеленістің аяғы 1898 жылғы Мұқыр сайлауындағы жанжалға, Абай өміріне қастандық жасауға әкеп соқтырады. Ақын бұл жанжалдың барша жиренішті сырын, өзінің ақ екендігін Сенатка жазған хатында айғақты деректермен дәлелдеп береді". (Абай. Эн-циклопедия. А., 1995,49-бет). Ел баскару қызметінде барын-ша әділ болып, халық камын ойлаған, "тура биде туған жок, принципті ұстанған. Ғұмырының соңына қарай пенделік шаруалардан бойын аулақ салып, уақытының көбісін шығармашылыкка арнаған. [5.89]
Абай шығармашылығы.
Өлмейтұғын артына сөз калдырған..." - дейді. "Адам өлмес" дегеннің мағынасы өзі өлсе де, кейінгіге сөзі, айтқан ойы қалады деген пікірге саяды. Абай "Өлең сөздің патшасы" өлеңінде "сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел!" -деп жұртшылықтан ақындық сөзге зор маңыз беріп қарау-ын, поэзияның жоғары қо-ғамдық міндетін түсіне білуін талап етті. Жаңа танымның баурап аларлық күшін, жаңа ақындық сөздің құнын әрбір адамның тани алатынына қа-зақ өмірінің сол кездегі жағ-дайында толық сенім арту қиын да еді. Абай оны жақсы түсінді.Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді. 
Өлеңдерін кағаз бетіне 80-жылдардың ортасында түсіре бастайды. "Сап, сап, көңілім", "Шәріпке", "Абыралыға", "Жақсылықка", "Кең жайлау" өлеңдері 1870 - 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы - "Қансонарда" 1882 ж. жазылган. Бастан-аяқ динамикалық суреттерден тұратын бұл өлең казак өдебиетінде калыптаскан дәстүрлі ұғымдардан өзгеше, ішкі ой иірімдері терең. Абай лирикасы жанрлық ерекшеліктері жағынан алғанда көп салалы,көп кырлы болып келеді. Ол казақ поэзиясында тіл кестесіне, сөз қолдануына да жаңа сипат дарыткан ақын. Абай поэзиясының тілінде адамның жан тебіренісін, көңіл толғанысын, жүрек лүпілін, сезімнің сан қүбылып ойнақшуын көрсететін сипаттамалар, эпитет, метафора және баска да бейнелі сөздердің жаңа, өзі шығарған соны үлгі - өрнектері мол. Мыс., "жүректің көзі", "жүректің оты", "көңілінің көзі ашық", "көңілдің жайлауы", "ой өлкесі" деген ауыспалы мағына туғызатын бейнелі сөздерді -метафораларды қолданады. Бірде ақын жүрегі кейіптеу бейне арқылы сипатталады: "Жүрегім менің - қырық жамау". Осындағы жұлқыланып, кескіленген, қырықка бөлінген, парша-парша болып бөлектенген жүрек бейнесі акынның өкінішін, арманын, қастандық-өшпенділіктен шеккен азабын, сүйенерге тірек таппай күйзеліп налуын, т.б. көркемдік шеберлікпен жеткізіп тұр. Абайдың ұлылығын танытатын өлеңінің бірі - "Өлсе елертабиғат, адам өлмес". Осы өлеңнің бастапқы тармағындағы сөздердің мәнісіне үңілсек, табиғат сөзін қалыпты мағынада алып, аспан мен жер, күн мен айды айтып отырған сияқты. Олардың өмірі адам өмірінен үзақ екені талассыз. Ескі филос. еңбектерде табиғат өлсе де, адам өлмейді деп, осы екеуін біріне-бірін қарама-қарсы қою кездеседі. Мыс., Сократ адамды табиғатқа қарсы қойып, әділдік, ізгілік секілді адамның жақсы қасиеттерін зерттеу қажет те, ал табиғатты зерттеу деген көңіл бөлуге тұрмайды деп санаған. [2,231]
ІІ. Абай қазақ өлең үлгісін жаңаша тұрғыдан байыта түсті. Сондықтан да Абай қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы деуге болады. Абай шығармаларының қазақ әдебиетінде алар орны, атқарар рөлі өте ерекше. Менмін деген бірегей тың туындылар, осы Абай шығармашылығынан. Абайдың ақындық дәстүрін ақынның көзі тірісінде тікелей дамытып, жалғастырған ақын шәкірттері болған. Солардың ішінде ерекше орын алатыны Абайдың өз балалары.Абай тек қана ақын емес, сонымен бірге сазгер. Халық арасынан шыққан таланттарды танып, олардың еңбегін таратушы болды.Абайдың ән шығармашылығы қазақтың халық музыкасында ерекше орын алады. «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» т. б. әндері әлі күнге халық жүрегінен жылы орын алған.Абай өзінің шығармашылығында қара сөзге ерекше мән берген.Абай поэзиясының арқауы ғылым, білім, еңбек – осы қара сөздерде жалғасып дамиды. Ұлы ақынның қара сөздері де поэзиясы сынды қоғамның алуан түрлі мәселелерін қаузайды. Өлеңдеріндегі бай мазмұн қара сөздерінде де толықтай ашылып көрсетілген. Айналасында болып жатқан өмір көріністерін Абай өлең өрнегімен де, проза жанрында да жеткізген. Яғни, өлеңі мен қара сөзі бірін-бірі толықтыра түскен. Ғұламаны тану үшін тек өлеңін яки қара сөзін оқу жеткіліксіз. Мұндайда Абайды білу, Абай шығармашылығын зерттеу ең бірінші қара сөздерін оқудан, одан кейін өлеңі мен поэмаларын оқудан, өмірінің сан қатпарын танудан басталады дейміз. Абайдың өлеңі мен қара сөздеріне өмір сүрген заман шындығы мен қоғам құбылыстары арқау болған.Абай қоғамында көрініс тапқан әділетсіздікті жазып, онымен қоса одан құтылудың жолын да қарастырған. Әділетке, өнер мен білімге, адал еңбекке, адамгершілікке шақырды. Маңайына ағалап жиналған жас буынға өнегелі кеңестерін айтып, адамгершіліктен ада мінез-құлықтардан сақтандырды. Қазақтан озған елдерді жатсынбай олардың өнері мен мәдениетін үйренуге, дүниелік ғылымдар мен жаңа технологияны меңгеруге үгіттеді. Ал ең алдымен ұлы орыс халқының бай мәдени мұрасын игеру керектігін айтқан.Абайдың архивтерде әлі де жарық көрмеген сөздері көп. Сол қара сөздерінің бәрі қиыннан қиыстырылып жазылған. Ахлақи деп отырғанымыз адамның өзін-өзін тану жолындағы үлкен күресі баяндалған суреткер шығармасы. Онда дін де, адамдық та, мінез-құлықтардың қайшылықтары да сөз болады. Абайдың барлық шығармаларында пәлсапа кездеседі. Осы пәлсапасы көреген данышпандыққа ұласып ел арасында Абай сөздері ауыздан-ауызға жатталып жетіп отырған.
ІІІ. Мұхтар Әуезов «Абай шәкірттері туралы» атты мақаласында:
«Абайдың өзі тірісінде, оның айналасына жинаған талапкер, өнерлі жастардың саны көп болған. Бұлардың ішінде әншілер, композиторлар, халық фольклорын жинаушылар, әнші ақындар емес, орыс мәдениетін білуге талпынған жай көзі ашық жастар аз емес еді. Бұлар әр буыннан шыққан болатын. Іштерінде жас шағынан Абайға тетелес: Көкбай, Мұқа сияқтылардан бастап, Абайдың балалары: Ақылбай, Мағауия және інісі Кәкітай сияқты көп адамдар болды. Ақылбай, Мағауия, Көкбай сияқты ақындар туралы айта келіп, М.Әуезов: «Бұлардың еңбектерін шолуда, алдын-ала есте тұтатын бір жайды ескерте кету керек. Ол – осы шәкірт ақындардың еңбек үлгілерінен айқындап көріне түсетін, Абайдың өзіндік ерекшелігі болады. Өзге ақындар «шәкірт» деп аталған соң, Абай әрине олардың басшысы – ұстаз ақын болмаққа керек. Әрбір әдебиеттік мектеп осындай аға мен іні ақындарының екі буынынан құралатын болса, ең алдымен сол әдебеиттік мектепте басшы ақынның бағыты, өзгеше идеялары, өз халқының әдебиет тарихына кіргізген анық тарихтық, көркемдік жаңалықтары – қысқасын айтқанда, барлық қасиеттері, әралуан түрде бой көрсететін болады» – дейді. [1.56 б ]
Мұхтар Әуезов осы айтқандарын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, 1950 жылы «Абай шәкірттері туралы» атты әдеби зерттеу мақаласын жазып, онда Ақылбай, Мағауия, Көкбай ақындардың шығармаларына талдау жасап, өмір тарихтары жөнінде мағлұмат берген болатын. Қайым Мұхамедханов Абайдың ақын-шәкірттері тақырыбын 1940 жылдардан бастап зерттеп, ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы қарсаңында «Абайдың ақын шәкірттері» деп аталатын 4 кітаптан тұратын зерттеу еңбегін жазды.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. 1.Тұрағұл Абайұлы // Абай. Энциклопедия.-Алматы: «Атамұра»,1995.-555 б.

  2.  Абай. Шығармаларының екі томдық жинағы: Өлеңдер мен аудармалар.- Алматы: Жазушы, 2002. - 296 б.

  3. Әуезов М. Абайды білмек парыз ойлы жасқа. - Алматы: Санат, 1997.- 416 б.

  4. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. - Алматы: Ана тілі, 1995.- 272 б.

  5. Мырзахметұлы М. Әуезов және Абай. - Алматы: Қазақстан, 1997.- 272 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет