А деңгейі «Бір сөзбен ата» ойыны Үріп ауызға салғандай (сүйкімді) Тайға таңба басқандай (айқын) Ат төбесіндей (аз) Ауыз жапты (үндемеді) Көз жазды (адасып қалды) Төбесі көкке жетті (қуану) Ішіне мұз қату (ренжу) Көзіне көк шыбын үймелетті



Дата01.04.2023
өлшемі152,37 Kb.
#78307
Байланысты:
деңгейлік тапсырма


А деңгейі
«Бір сөзбен ата» ойыны
1. Үріп ауызға салғандай (сүйкімді)
2. Тайға таңба басқандай (айқын)
3. Ат төбесіндей (аз)
4. Ауыз жапты (үндемеді)
5. Көз жазды (адасып қалды)
6. Төбесі көкке жетті (қуану)
7. Ішіне мұз қату (ренжу)
8. Көзіне көк шыбын үймелетті (қорлық көрсетті)


В деңгейі
Төмендегі мысалдарға тұрақты сөз тіркесімен жауап бер
1.Кейбір балалар үлкен адамдармен сөйлескенде дөрекі, тік сөйлейді. Әдеппен сөйлеуді білмейді. Ондай баланың сөзі қандай?
2. Сабақ сұрағанда кейбір балалар айтайын деген ойын толық айтып аяқтамай, сөзінің басын айтып аяғын қайтеді?
3. Бір сөзге келмей жылап қоя беретін ерке, шолжаң балалар да болады. Оны қалай дейді?
4. Оқуға да, жұмысқа да пысық болмай, бос, болбыр болса, оны қалай дейді? Жолдастарының да, басқаның да айтқан ақыл, кеңестерін мақұлдамай, өзінше жүретін болса, оны қалай дейді? 5. Ешкімді аямайтын, аяушылық дегенді білмейтін болса ше?
6. Еңбек етпей, ұрлық, бұзықтық жолымен мал тауып, күн көруді ойлайтын оңбағандарды қалай дейді?
Керекті тұрақты сөз тіркестері: 1. Шыбық тимес шыңқ етер.2. Сөзінің аяғын жеп қояды..3. Сөзі түйеден түскендей. 4. Бос белбеу. 5. Адамға жаны ашымайды. 6. Оңай олжа табу


С деңгейі
Төмендегі сұрақтарға тиісті тұрақты сөз тіркесімен жауап беріңдер.
1. Неше рет ұйықтасаң да түсіңе кірмейді?
2. Адамның төбесі аспанға жете ме?
3. Сөйлегенде сөз ауыздан түсіп қала ма?
4. Адамның қолы, аяғы түрліі түсті болып келе ме?
5. Адам өз көзіне қарай ала ма ?
6. Екі аяқ бір етікке сыя ма?

D деңгейі
Суреттертермен байланыстырып фразеологизмдер тауып жаз.
1
. 3.

2. 4.




1.Фразеологизмдердің толық мәнін түсінбеу,оларды сөз тіркестерінен ажырата алмау сияқты мәселелер түбінде қандай салдарға әкеліп соғуы мүмкін?
2.Ата-әжеңнен,ата-анаңнан немесе достарыңнан естіген қандай ерекше немесе өзіңе бейтаныс тұрақты сөз тіркесін білесің?
3.Жаңадан қандай тұрақты сөз тіркесін қолданысқа енгізер едің?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет