ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
А.Х.Темірбеков атындағы «Педагогика және психология» кафедрасы
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
ПЕДАГОГИКА
Пререквизит
Алматы – 2023
1-модуль. Қазіргі педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері.
1-тақырып. Педагогика пәні, оның міндеттері мен негізгі ұғымдары және зерттеу әдістері.
Педагогика ғылымының адам туралы ғылымдар жүйесіндегі алатын орны, өзіндік ерекшеліктері: пәндік, ғылыми-терминологиялық аппараты.
Педагогика – тәрбие туралы ғылым. Педагогиканың категориялары: тәрбие, оқыту, білім беру және олардың өзара байланысы.
Педагогика ғылымының пәнаралақ ұғымдарды пайдалану ерекшеліктері: тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас, даму, қалыптасу.
Педагогика ғылымының жүйесі және оның басқа ғылымдармен байланысы. Қазіргі педагогиканың әдіснамалық негізі: жеке тұлға, іс-әрекет, таным, басқару, құндылық теориясы. Педагогикалық ғылыми зерттеу әдістері. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық өмірін қайта құру кезеңіндегі педагогиканың міндеттері.
Негізгі ұғымдар: педагогика, педагогика пәні, педагогиканың ктегориялары: тәрбие, оқыту, білім беру; педагогика ғылымдарының жүйесі, педагогикадағы пәнаралық байланыс, педагогианың әдіснамасы, педагогикалық зерттеу әдістері.
Семинар сабағының жоспары.
1.Педагогика пәні, зерттеу нысаны және қызметі.
2.Педагогиканың негізгі категориялары: тәрбие, білім беру және оқыту. Олардың өзара байланысы.
3.Педагогика ғылымының жүйесі және басқа ғылымдармен байланысы.
4.Педагогиканың әдістемелік негіздері және зерттеу әдістері.
Негізгі әдебиеттер.
1.Педагогика. Дәріс курсы. –Алматы: “Нұрлы Әлем”, 2003. – 368 бет.
2.Педагогика. Лекциялар курсы. /Ред. басқарған Б.Р.Айтмамбетова, А.А.Бейсенбаева. –Алматы, 1991.
3.Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика. –Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕАУ, 1998. –378 бет.
4.Әбенбаев С., Әбиев Ж. Педагогика: Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2009. – 336.
5.Ахметова Г.К., Исаева З.Ә., Әлқожаева Н.С. Педагогика: Оқулық. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 220 бет.
6.Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналған оқулық /Ред.басқарған П.И.Пидкасистый; Аударған Г.Қ.Ахметова, Ш.Т.Таубаева. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 336 бет.
|