А. С. Кударинова мекемелерде логопедиялық ЖҰмысты ұйымдастыру оқу-әдістемелік құралы организация работы логопеда в учреждениях образования учебно-методическое пособие



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата12.03.2017
өлшемі0,54 Mb.
#9091
  1   2   3   4   5   6   7   8

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ
Б.А. Шабанова, А.С. Кударинова 
МЕКЕМЕЛЕРДЕ ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ 
ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Оқу-әдістемелік құралы
ОРГАНИЗАЦИЯ РАБОТЫ ЛОГОПЕДА 
В УЧРЕЖДЕНИЯХ ОБРАЗОВАНИЯ
Учебно-методическое пособие 
Павлодар
1

УДК 376. 37 (075)
ББК 74. 3
Ш 13
Баспаға Павлодар мемлекеттік педагогика институтының
Ғылыми кеңесі шешімімен ұсынылған
Пікір жазғандар: 
Павлодар мемлекеттік педагогика институтының п.ғ.д. К.А. Нұрымжанова
Павлодар мемлекеттік педагогика институтының б.ғ.д. Ж.М. Мұқатаева
Жоғары категорияның логопеді Г.Ж. Желдыбаева
Шабанова Б.А., Кударинова А.С.
Ш 13 
Мекемелерде логопедиялық жұмысты ұйымдастыру. Оқу-әдістемелік 
құралы. Б.А. Шабанова, А.С. Кударинова – Павлодар, 2010. – 112 бет.  
ISBN 978-601-267-118-6
Әдістеме   құралында   логопункінда   ұйымдастыру   жұмыстары   бойынша 
материалдар   ұсынған.   Сөйлеудің   бұзықшылығы   туралы   қысқа   шолу,   түзету 
жұмыстың   формалары   мен   түрлерін   атап   өтілген,   логопедтің   жұмыс   істеген 
кезінде керек құжаттардың тізімі мазмұнына кіреді. Сонымен бірге күнтізбелік 
және тақырыптық жоспардың үлгілері, сыныптан тыс сөйлеу шараларын өткізуге 
ұсынылым берілген.
Кітаптың   соңғы   бөліміне   логопедияны   тексеру   карталары   түрінде, 
логопедтік   сабақтардың   конспекттері,   логопедтік   пунктағы   қызметтерді 
ұйымдастырудың   реттеуі   туралы   ережесі   қосылған,   сонымен   бірге   логопедтің 
қысқа терминологиялық сөздігі берілген.
Құралды   «Дефектология»
  мамандығының   логопедтерімен-
тәжірибеліктерімен және студентерімен қолдануға болады.
© Шабанова Б.А., Кударинова А.С., 2010
© Павлодар мемлекеттік педагогика институты, 2010 
2

3

КІРІСПЕ
Сөйлеу   функциясы   адамның   психикалық   функциясының   бірі 
болып табылады.
Сөйлеу   тілі   дамуы   үрдісінде   танымдық   әрекеттің   жоғарғы 
формалары, ұғымдық ойлау әрекетіне қабілеттілік қалыптасады. Сөз 
мағынасы   өздігінен   жалпылау   болып   табылады   және   осымен 
байланысты   тек   сөйлеу   бірлігін   ғана   емес,   сонымен   қатар   ойлау 
бірлігін көрсетеді.  Олар ұқсас емес және бір-бірінен тәуелсіз түрде 
пайда   болады.   Бірақ   баланың   психикалық   даму   барсыныда   күрделі 
сапалы жаңа бірлесу пайда болады, ол тілдік ойлау және сөйлеу-ойлау 
әрекеті.
Сөйлеуі   дамыған   балада   саналы,   жоспарлы   және   реттелеген 
мінез-құлық әрекеті болады. Тілдік қарым-қатынас дамудың әр түрлі 
формаларының қалыптасуына жағымды әсер етіп, жалпы психикалық 
дамуды қамтамасыз етеді.
Сөйлеу тілінің қандай да бір дәрежеде (тілдік бұзылыс сипатына 
қарай) бұзылуы баланың барлық психикалық дамуына, іс-әрекетіне, 
тәртібіне әсерін тигізеді.
Сөйлеу   тілінің   күрделі   бұзылуы   баланың   қоршаған   орта 
шындығын   тануы   іске   асатын   әлеуметтік   (негізінен   тілдік) 
қатынастардың шектелуімен және сөйлеу мен ойлаудың тығыз өзара 
байланысымен   шартталған   таным   әрекетінің   жоғарғы   деңгейлерінің 
қалыптасуына, ақыл-ой дамуына әсер етеді.
Сөйлеу бұзылысы, тілдік қарым-қатынастың шектелуі баланың 
тұлғасының   қалыптасуына   кері   ықпалын   тигізеді,   психикалық 
қабаттауларды, ерік-жігер сферасының спецификалық ерекшеліктерін 
туғызуы   мүмкін,   мінездің   кері   сипаттарының   (ұялшақтық,   ұяңдық, 
негативизм, т.с.с.) дамуына әсер етуі мүмкін.
Бастауыш   сынып   оқушыларында   кездесетін   сөйлеу 
бұзылыстары   оқытудың   бастапқы   кезеңдерінде   жазу   мен   оқуды 
меңгеруге,   ал   келесі   кезеңдерде   ана   тілі   грамматикасын   және 
гуманитарлы пәндер бағдарламаларын меңгеруге бөгет болады.
Сөйлеу тілі бұзылыстары себебінен баланың бастауыш мектеп 
бағдарламасын меңгере алмауы, ал күрделі жағдайларда оның жалпы 
мектепте   оқуға   мүмкіндігінің   болмауы   туралы   сұрақтың   туындау 
жағдайлары да кездеседі. Түзету жұмысының дұрыс ұйымдастырылуы 
мен  өткізілуі  кезінде  логопед-мұғалім  бұндай  балаларға  оларда   бар 
сөйлеу   тілінің   бұзылуларын   жеңуге   және   өзге   балалармен   тең 
дәрежеде   мектептік   білімдерді   меңгеруге,   соның   нәтижесінде 
толыққанды, жан-жақты дамуға көмектеседі.
4

ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАР ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮРГІЗУ
Логопедиялық  пунктте   логопед-мұғаліммен  өткізілетін  түзету-
дамыту үрдісін белгілеу үшін келесі құжаттар жүргізілуі керек:
 Логопедиялық   пунктке   қабылданған   оқушылардың 
логопедиялық сабақтарға қатысуын тіркейтін журнал.
 Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін зерттеу журналы.
 Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін зерттеудің жалпы 
сөйлеу картасы.
 Оқу   жылына   арналған   әдістемелік   жұмыстың   жалпы 
жоспары.
 Жұмыстың   тақырыптық   жоспары   (оқу   жылына 
оқушылардың әр тобына).
 Жұмыстың   күнделікті   жоспар-конспектілері   (оқушылардың 
әр тобына).
 Оқушылардың жұмыс дәптері.
 Дыбысты айтуды түзету бойынша жеке сабақтарға арналған 
дәптер-күнделіктер (оқушыларда болады).
 Директормен бекітілген логопедиялық сабақтар кестесі.
 Логопедиялық кабинеттің  төлқұжаты.
 Өткізілген жұмыс жайлы есеп.
 Нормативтік   құжаттар   және   ақпараттық-әдістемелік   хаттар, 
ұсыныстар.
 Оқу   жылының   басына   «Логопункт   жұмысын   ұйымдастыру 
туралы» бұйрық.
1.  Оқушылардың   логопедиялық   сабақтарға   қатысуын 
тіркейтін журнал  келесі түрде жазылған бекітілген үлгідегі сынып 
журналы сияқты болуы керек:
                                                  оқу жылына арналған
                      логопедиялық пункттегі логопедиялық
                                сабақтарға қатысу журналы
                                                ауданы                                қаласы/облысы
Журналды толтыру екі тілде жүргізіледі. 
Бірінші бетте директор бекіткен логопедиялық сабақтар кестесі 
жазылуы керек. Екінші бетте келесі түрде толтырылатын бөлім: 
5

Р/с №
Логопедиялық топтың аты
Беті
1
№1 топ. ТЖЖ ІІІ деңгейдегі сөйлеудің 
жалпы жетілмеуі. 1 сынып
4-6 беттер
Бір топқа 3-4 бет, шағын топтарға және жеке оқитын әр оқушыға 
3 беттен беріледі.
Үшінші бетте – зерттеу. Мұнда логопед-мұғалім 1-15 қыркүйек 
және 15-30 мамыр аралығындағы тексеру нәтижелерін тіркейді. 
Төртінші   бетте   сол   жақ   жартысында   үстінде   топтың   аты, 
логопедиялық қорытынды, сынып белгіленеді. Мысалы: Топ №1.   ІІІ 
деңгейлі сөйлеу тілінің жалпы жетілмеуі 1 сынып.
Топтың тізімі алфавиттік тәртіпте жазылады. Баланың аты-жөні 
туу   туралы   куәлігі   бойынша   жазылады.   Күндер   мен   жыл   сандар 
түрімен (02, 05, 11, 19, 2009ж.), айы қазақ және орыс тілінде. Сабақта 
болу жайлы белгі, болмауы – «ж». Оң жақ жарты бетте жазылады: 
логопед-мұғалімнің   аты-жөні.   Күні:   02.09.2009ж.   және 
перспективалы-тақырыптық   жұмыс   жоспары   бойынша   өткізілген 
сабақ тақырыптары.
Журнал әр сабақтың басында толтырылады. Жеке топтарға және 
жеке   сабақтарға   берілген   беттердің   үстіңгі   сол   жақ   жартысында 
топтың   номерінің   орнына   жұмыс   жүргізілетін   бұзылған   дыбыстар 
тобы жазылады.
Соңғы   беттердің   біреуінде   «Демалыс   кезіндегі   логопед-
мұғалімнің жұмыс уақытын тіркеу» жүргізіледі.
«Оқушылар   жайлы   жалпы   мәлімет»   бетінде   келесі   бағандар 
толтырылады:
Журнал   қаражаттық   есеп   беру   құжаты   болып   табылады. 
Тізімдегі барлық оқушылардың толығымен оқуды аяқтау кезіне дейін, 
яғни 2 жылдан кем емес  логопедиялық пунктте сақталады.
2.Оқушылардың   ауызша   және   жазбаша   тілін   зерттеу 
журналы  үлкен форматтағы (А4) қалың дәптерде тіркеледі. Дәптер 
тігіледі, беттері номерленеді, соңғы бетінде баулау желімделіп, келесі 
жазу жазылады:
                        бет
                           басталды
                           аяқталды
Мектеп директорының қолы және мөрі қойылады. Журнал көп 
жыл жүргізіледі, сондықтан жыл сайын зерттеу жылы жазылады (м: 
2008-2009   о.ж.).   Тексеру   кезінде   журналға   келесі   мәліметтер 
енгізіледі:
6

Р

 №
А
ты

өн
і
Ж
ас
ы
С
ы
н
ы
п
Т
ек
се
р
у 
к
үн
і
М
ек
ен

ай
ы
, т
ел
еф
он
Ү
лг
ер
ім
і
Л
ог
оп
ед
 
қ
ор
ы
ты
н
ды
сы
Ұ
сы
н
ы
ст
ар
Е
ск
ер
ту
Қ
аз
ақ
 т
іл
і
А
н
а 
ті
л
і
М
ат
ем
ат
и
к
а
1
Ашимо
в 
Рустам 
7 1 «Б» 4.09 1  Май, 
280-25
2 3 3 ІІІ 
деңгейлі 
сөйлеу 
тілінің 
жалпы 
жетілмеуі
ІІІ   деңгейлі 
ТЖЖ-ң 
№1тобына 
қабылданды
Сурдо-
логтың 
кеңесі
«Ұсыныстар» бағанында «№ топқа қабылданды», «кезекте тұр», 
«кеңес берілді», «ата-аналарға, мұғалімге ұсыныстар жасалды» деген 
жазу жазылады.
«Ескерту»   бағанында   баламен   жүргізілген   жұмыстың   соңғы 
нәтижесі жазылады: «шығарылды», «қалды». Журнал ізімдегі барлық 
оқушылардың  толығымен   оқуды   аяқтау   кезіне   дейін,   логопедиялық 
пунктте сақталады, яғни 9 жылдан кем емес.
3.  Балалардың   ауызша   және   жазбаша   тілін   тексерудің 
(бекітілген   үлгідегі   (қосымша   №2)  жалпы   сөйлеу   картасы  ІІІ 
деңгейлі ТЖЖ-і, ФФЖ-і, ТЖЖ-мен шартталған бұзылулары, оқу мен 
жазу бұзылуы деген логопедиялық қорытындылар толтырылады.
«Дыбыстаудың   бұзылуы»   деген   логопедиялық   қорытындысы 
бар   баланың   сөйлеу   картасын   толтырғанда   артикуляциялық 
аппараттың   құрылысына   және   дыбыстың   бұзылу   сипатына   назар 
аудару қажет. Мысалы: р – велярлы, увулярлы, с – тісаралық, ш – 
төменгі, т.с.с. Мысал келтіру міндетті.
ФФЖ-і   бар   балаларға   сөйлеу   картаны   толтырғанда 
артикуляциялық   аппараттың   құрылысына,   дыбыстың   бұзылу 
сипатына,   фонематикалық   үрдіс   деңгейіне,   оппозициялық 
дыбыстарды   жіктеуге,   анализ   және   синтез   дағдыларына   назар 
аударылады   (мысалы:   СШ;   БП;   РЛ;   Ё,   Ж,   И,   К=О).   Мысал 
келтіру міндетті.
Жазу   және   оқу   бұзылыстары,   ТЖЖ-мен   шақырылған 
бұзылыстар   және   ІІІ   деңгейлі   ТЖЖ-і   деген   логопедиялық 
қорытындылары бар сөйлеу карталар сөйлеу тілі кемістігінің сипаты 
бойынша толық болуы керек. Оның ішінде диагностикалық жазбаша 
жұмыс және қателерді талдау хаттамасы болуы керек. Сөйлеу тілінің 
дыбыстық  және мағыналық жағы  бұзылғандықтан  барлық графалар 
7

дұрыс   толтырылуы   қажет.   Дыбысталудың,   фонематикалық 
процесстердің   даму   деңгейінің,   сөздік   қордың   шектелуі   және 
жеткіліксіз жіктелуінің, грамматикалық құрылымның бұзылуларының 
сипаттамасы   болу   керек.   Тексеру   кезіндегі   баланың   сөйлеу   тілінің 
мысалдары   көрсетіледі.   (Таңбалар   қолданылады:   ауыстыру   =, 
алмастыру   ↔).   Жыл   ішінде   тілдік   картаға   логопедтің   қандай 
кемістіктермен   жұмыс   істегені   жайлы   жазбалар,   сол   жұмыстың 
нәтижелері жазылады.
4. Әдістемелік жұмыстың жалпы жоспары ағымдағы жылдың 
1 қыркүйегіне дейін құрылады. Жоспар тор көзді дәптерге жазылады 
немесе  А-4   ақ   қағазына   басылып   шығарылады.  Бірінші   бетінде: 
логопедтің                       оқу жылына арналған әдістемелік жұмыстың 
жалпы жоспары.
Жоғарғы оң жақ бұрышына: «Бекітемін» _______  
(қолы)  
мектеп 
директорының мөрімен бекітіледі.
Жоспарда келесі графалар қарастырылады:

Іс - шаралар
Уақыты
Жұмыс бағасы
Ескертулер
Жоспарға   логопед-мұғалімнің   жұмысының   негізгі   бағыттары 
кіреді:
1.
Ұйымдастыру іс – шаралары.  Жаңа оқу жылына дайындық 
(сынып,   жоспарлар),   1-4   сыныптарды   ауызша   және   жазбаша   тілін 
тексеру; топтарды құру; сабақ кестесін құру және бекіту.
2.
Оқу   -   педагогикалық   жұмыстар.  Мұғалімдермен,   ата-
аналармен   өзара   әрекет   ету;   сабақтарға   қатысу,   психолог, 
дәрігерлермен   бірлескен   жұмыс;   логопедиялық   сабақтарды 
насихаттау   (әңгіме,   дәріс,   әдістемелік   бірлестіктер,   ата-аналар 
жиналысының   тақырыбы;   ПМПК   жұмысына   қатысу;   мектеп 
мәселесімен, кабинетті жасақтау бойынша жұмыс).
3.
Кеңестік-әдістемелік   жұмыс  (педагогтарға,   әкімшілк,   ата-
аналарға   жеке   және   топтық   кеңес   беру;   қоғаммен   жұмыс,   мақала, 
газет-журналдарға   мақала   жазу;   «Логопед   бұрышын»   безендіру; 
коррекциондық   жұмыстың   мониторингін   жүргізу;   зерттеу 
жұмыстары, т.б.).
4.
Кәсіби біліктілікті көтеру (бастауыш сынып және қазақ тілі 
мұғалімдерінің   әдістемелік   бірлестік   жұмысына,   логопедтердің 
облыстық   семинар-практикумына   қатысуы,   жеке   логопедтердің 
8

жұмыс тәжірибесін зерттеу, қазіргі технологиялар мен әдістемелерді 
енгізу, әдістемелік әдебиеттерді зерттеу, т.б.). 
Жоспарды 3-5 жыл сақтау шарт.
5.   Сөйлеу   тілін   түзетудің   жұмысының   перспективті-
тақырыптық   жоспарлары  әр   логопедиялық   қорытынды   бойынша 
логопедиялық топты зерттеу нәтижелері негізінде жасалады.
Егер логопунктте бір жас шамасындағы бірдей тілдік бұзылысы 
бар   балалардың   екі   немесе   бірнеше   тобы   болса,   онда   логопед-
мұғалім   оларға   бір   перспективалы   жоспар   құра   алады.   Топтың 
номерін,   сыныпты,   логопедиялық   қорытындыны   жазу   міндетті. 
Жоспар алдында топтың мінездемесі болады.
Мысалы:
Дыбыстауды түзету бойынша жұмыстың перспективті-
тақырыптық жоспары

Топтың мінездемесі.

Т
ақ
ы
р
ы
бы
М
ақ
са
ты
 м
ен
м
ін
де
тт
ер
і
С
аб
ақ
 с
ан
ы
Қ
ұр
ал

ж
аб
ды
қ
та
р
Т
іл
ді
к
 м
ат
ер
и
ал
да
р
О
қ
у-
 ә
ді
ст
ем
ел
ік
 қ
ұр
ал

әд
еб
и
ет
те
р
Е
ск
ер
ту
л
ер
                  сынып оқушыларында фонетико-фонематикалық  
жетілмеуді   жою   жұмысының   перспективті-тақырыптық  
жоспары

Топтың мінездемесі.

Т
ақ
ы
р
ы
бы
С
аб
ақ
са
н
ы
У
ақ
ы
ты
Т
іл
ді
ң
 л
ек
си
к
ал
ы
қ
 ж
ағ
ы
н
 
бе
л
се
н
ді
р
у
Ф
он
ем
ат
и
к
ал
ы
қ
 е
ст
уд
і 
тә
р
би
ел
еу
 ж
ән
е 
да
м
ы
ту
Б
ағ
да
р
л
ам
ал
ы
қ
 м
ат
ер
и
ал
 
ж
ән
е 
ж
ұм
ы
с 
м
аз
м
ұн
ы
О
қ
у-
әд
іс
те
м
ел
ік
 қ
ұр
ал
да
р

әд
еб
и
ет
те
р
Е
ск
ер
ту
л
ер
9

                                   сынып   оқушыларында   жазу   және   оқу  
бұзылыстарын   жою   жұмысының   перспективті-тақырыптық  
жоспары 
1.
Топтың мінездемесі.

Т
ақ
ы
р
ы
п
М
ақ
са
ты

м
ін
де
тт
ер
і
С
ағ
ат
 с
ан
ы
У
ақ
ы
ты
Ж
ұм
ы
ст
ы
ң
 
н
ег
із
гі
 т
үр
л
ер
і
Б
ағ
да
р
л
ам
ал
ы
қ
 м
ат
ер
и
ал
К
өр
н
ек
іл
ік
 
қ
ұр
ал
да
р
О
қ
у-
әд
іс
те
м
ел
ік
 
қ
ұр
ал
да
р

әд
еб
и
ет
те
р
Е
ск
ер
ту
л
ер
                  сынып оқушыларында ІІІ деңгейлі сөйлеу тілінің 
жалпы 
жетілмеуін   жою   жұмысының   перспективті-
тақырыптық жоспары 

Топтың мінездемесі.
І  кезеңдегі жұмыстың перспективті жоспары (М.С.Грушевская 
бойынша) 

Д
ы
бы
ст
ар
С
аб
ақ
 с
ан
ы
У
ақ
ы
ты
Д
ы
бы
ст
ар
ды
 а
ж
ы
р
ат
у
Д
ы
бы
ст
ы
қ
 а
н
ал
и
з 
да
ғд
ы
л
ар
ы
н
 
м
ең
ге
р
у
С
өз
ді
к
 қ
ор
ды
 н
ақ
ты
л
ау
, б
ай
ы
ту
 
ж
ән
е 
бе
л
се
н
ді
р
у
Г
р
ам
м
ат
и
к
ал
ы
қ
 қ
ұр
ы
л
ы
м
н
ы
ң
 
да
м
уы
Қ
ұр
ал

ж
аб
ды
қ
Ф
он
ет
и
к
а,
 г
р
ам
м
ат
и
к
а,
 
ор
ф
ог
р
аф
и
я 
са
л
ас
ы
н
да
ғы
 
тә
ж
ір
и
бе
л
ік
 б
ай
ы
ту
Е
ск
ер
ту
л
ер
ІІ кезеңдегі жұмыстың перспективті жоспары 

Т
ақ
ы
р
ы
п
С
аб
ақ
 с
ан
ы
У
ақ
ы
ты
Қ
ұр
ал

ж


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет