«Абай мұралары менің өмірімде»



Дата21.09.2022
өлшемі13,17 Kb.
#39705

«Абай мұралары менің өмірімде»
Абай поэзиясы, өмірі, шығармашылығы – қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Тек қана Абай өлеңдерінен қазақ даласының тұрмыс-тіршілігі, арман-тілегі, ұлттық ерекшеліктері көрінеді. Бүгінде Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойын атап өтіп жатырмыз. «Абайдың өзін көрмей, сөзін оқу арқылы, естіп ұғыну арқылы, сол Абайдың өлеңдерінің үлгісінде әлеуметтік мәселеге, адамгершілік жайға, ағартушылық турасына арнап көп-көп өлеңдер жазған талай ақындар бар. Әсіресе, бұлардың саны, Абай шығармаларының қазақ сахарасына жайыла бастаған сайын молая түскен»,- дейді Мұхтар Әуезов.
Абайдың қазақ әдебиеті алдындағы ұлы құрметі оның ұлттық әдебиетте шындық дегеннің не екеніне бірнеше рет көңіл аударып, оны тұңғыш аша білуі деуге болады.
Абай нағыз адам мұратын қалыптастырып қана қойған жоқ, сонымен бірге ол мақсатқа жетудің шынайы жолын көрсетіп берді. Абай шығармасында сондай-ақ адам бойындағы қайырымдылық, қанағат секілді адамның қалыптасуына себепші, иманды қасиеттер де талданған. Ұлы ақын шығармашылығы әр қазақтың әр пенденің өміріне өнеге беретін тәрбиелік мәні зор мәңгі мұралар. Қара сөздерінің өзі біраз тағылымды дүниелер.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет