Жыраулар поэзиясы – хандық дәуір айнасы А. Д.Әлтай



Pdf көрінісі
Дата14.02.2017
өлшемі0,52 Mb.
#4120

 

Жыраулар поэзиясы – хандық дәуір айнасы 

 

А.Д.Әлтай,  

ф.ғ .д.,  доцент 

Қазақстан,  Астана 

 

Жыраулар  поэзиясы  –  қазақ  мәдениетіне  ғ ана  тән  бірегей  тарихи-мәдени  құбылыс. 

Бірегей құбылыс болатын себебі – дүние жұртының арғ ы-бергі тарихында қазақ жыраулары мен 

олардың  жыр-толғ ауларына  дәлме-дәл  сәйкес  келетін  әдеби  шығ армашылық  иелері  де, 

шығ армалар да кезікпейді. Ал жыраулар поэзиясының ӛзімен дәуірлес  ӛзге елдер  әдебиетіндегі 

үлгілерден  бӛлек  арна  түзе,  ӛзіне  ғ ана  тән  мазмұнмен  және  ӛзіне  ғ ана  тән  пішінмен  тарих 

сахнасына шығ уының сыры оның қазақ топырағ ында тарихи оқиғ алармен, тарихи жағ дайлармен 

орайласа тууында жатыр.  

Жыраулар  поэзиясының  ХV-ХVIII  ғ асырларда  қанат  жая  дамуының  ең  негізгі  себебі  – 

жыраулардың дербес елде ӛмір сүріп, ӛз елінің тағ дырына, болашағ ына қатысты ойларын ашық 

айтуғ а мүмкіндік алуында жатыр. Осы тұрғ ыдан келгенде, жырауларды ӛз елінің арман-аңсарын, 

мақсат-мұратын  жырлағ ан,  халқының  ӛмір  салтын,  тірлік-тынысын  боямасыз  бейнелеген  еркін 

ойлы шығ армашылық иелері ретінде тану абзал.  

Әлбетте, қазақ  жыраулары  тарихи-мәдени  құбылыс  ретінде бір ғ ана  жыл  аясында  пайда 

бола  қалмағ аны  анық.  Жыраулар  поэзиясының  кемелдене  ӛркендеу  дәуірі  ХV-ХVIII  ғ асырларғ а 

тән  болғ анымен,  оның  алғ ашқы  бастаулары  ХV  ғ асырғ а  дейінгі  жылдарда  жатқаны  және  жаңа 

тұрпатты поэзияның ізашар ӛкілдері есімдері бүгінгі ұрпаққа аңыз болып жеткен шешендер мен 

алғ ашқы  жыраулар  болғ аны  шүбәсіз.  Аңызбен  астасып  кеткен  тұлғ алар  арасынан  ӛмірде 

болғ андығ ы  күмән  келтірмейтін  жырау  –  Сыпыра  Сұрғ алтайұлы.  Себебі  халыққа  кеңінен 

таралғ ан  эпостық  жырларда,  сондай-ақ  кейінгі  жыраулардың  жыр-толғ ауларында  Сыпыра 

жыраудың есімі аталып қана қоймай, оның ӛзі ӛмірде болғ ан адам ретінде бейнеленеді. Сонымен 

қатар,  оның  бүгінге  дейін  жеткен  жыр-толғ аулары  да  Сыпыра  жыраудың  тарихи  тұлғ а  екенін 

дәйектей түседі.  

Осы жағ дайларғ а қарасақ, жыраулар поэзиясының ӛзіндік үрдіс-үлгісі ХV ғ асырдан бұрын, 

яғ ни  Сыпыра  Сұрғ алтайұлымен  қатар  жасағ ан  жыраулардың  шығ армаларында  қалыптаса 

бастағ анына  ден  қоюғ а  болады.  Егер  жыраулар  поэзиясының  Қазақ  хандығ ы  тарих  сахнасына 

шықпай  тұрып    пайда  бола  бастағ анына  ден  қойсақ,  онда  қазақ  халқының  ұлт  ретінде  ұйыса 

бастауын да ХV ғ асырғ а дейінгі кезеңнен іздеу орайлы болмақ. Ӛйткені қандай да бір ұлттың жеке 

ұлт  екендігін  айғ ақтайтын  факторлардың  бірі  сол  ұлттың  ӛзіне  ғ ана  тән  тілі,  мәдениеті  екендігі 

белгілі.  Ал  жыраулар  поэзиясының  Қазақ  хандығ ына  дейін  де  кӛрініс  беруі  Әбілқайыр  ханның 

билігі аясында тірлік етіп жатқан сан түрлі жұрт арасынан белгілі бір рулар мен тайпалардың ӛмір 

салты, мақсат-мұраты тұрғ ысынан бір арнада тоғ ыса бастағ анын танытады. Демек,  қазақ халқы 

ХV ғ асырғ а дейін-ақ жеке ұлт ретінде ұйысып, мақсат-мүддесі мен ӛмір салты ортақ жұрт ретінде 

тірлік  ете  бастағ ан.  Ал  1456  жылы  дербес  Қазақ  хандығ ының  құрылуы  –  сол  ортақ  мақсаттың 



тарихи шешім табуы [1]. Бұл ойдың шындықтан алшақ кетпейтінін Сыпыра жыраудың толғ ауынан 

алынғ ан сӛздер де тиянақтай түседі:  



...Мен дүниеге келгенде 

Әділетсіз хан кӛрдім, 

Сауғ а болғ ан дұшпанғ а 

Есепсіз жүрген мал кӛрдім. 

Алла тағ ала әмбеге 

Бӛліп берген ырысты. 

Соның үшін, хан ием,  

Кӛксемегей ұрысты. 

Бейнетпен мал жинағ ан 

Мәртебесі мол болар. 

Бейнетқордың малы ӛсер, 

Тама-тама кӛл болар. 

Момын елдің жаны ӛсер, 

Ақырында ел болар. 

Жанжалкеш ел жауласып, 

Жұрт арасы қан болар. 

Қара жермен тең болар. 

Ұрысты онша кӛксеме, 

Етек тарылып жең болар. 

Бағ ы тайса еліңнің, 

Қақағ ан қыс болса да, 

Мұз айырылып сең болар. 

Момын елге тимегін, 

Кеуілінде мұңлы шер болар. 

Ерегісіп қоймасаң, 

Ызалы ел бірігіп, 

Қылыш алып қолына, 

Қатыны да ер болар, 

Сеніменен тең болар. 

Күшейіп кетіп ел сенен, 

Етек-жеңің сел болар. 

Толғ аудан  ұзақтау  үзінді  алып  отырғ ан  себебіміз  –  Сыпыра  жырау  ӛмір  сүрген 

жылдардағ ы  ел  тірлігінің  қандай  сипатта  болғ анына,  елдің  нені  кӛксегеніне  ой  кӛзін  жүгірту. 

Үзіндідегі «Мен дүниеге келгенде...» деп басталатын тармақтан «Етек тарылып жең болар» деген 

тармаққа  дейінгі  аралықта  айтылғ ан  мазмұнғ а  қарасақ,  ел  билеген  әміршінің  халыққа  тізе 

батырғ ан  ӛктемдігін,  ұрыс-жанжалғ а  құмарлығ ын,  соның  салдарынан  ел  ішінде  берекесіздік 

орын  алғ анын  аңғ арамыз.  Осыдан  кейінгі  толғ ау  жолдары  берекесіз  тірліктен  қажығ ан  елдің 

ырзықты-несібелі  ӛмір  сүруді  арман  еткенін  аңдатады.  Ел  кӛңілінде  басқаша  ӛмір  үрдісін 

орнықтыруғ а мүдделі ниет туа бастағ анын тӛмендегі жолдар әсіресе анық кӛрсетеді: 

...Ызалы ел бірігіп, 

Қылыш алып қолына, 

Қатыны да ер болар, 

Сеніменен тең болар. 

Күшейіп кетіп ел сенен, 

Етек-жеңің сел болар. 

Демек, 1456 жылы дербес Қазақ хандығ ының құрылуы – ызалы елдің бірігіп, ӛзінің дербес 

ӛмір  салтын  түзуге  деген  ұмтылысының  жемісі.  Ал  жырау  айтып  отырғ ан  «ызалы  ел»  –  ӛктем 

ханның  тізесі  батқан  рулар  мен  тайпалар.  Осы  жағ дайларғ а  ден  қойсақ,  дербес  Қазақ 

хандығ ының сүйегін құрағ ан жұрт осы «ызалы ел» екенін бағ амдаймыз.  

Ал әділетсіз хан билігінен әбден қажығ ан «ызалы елдің» ортақ мұратқа жұмылып, дербес 

ел ретінде ӛмір сүруге талпынуына ықпал еткен, басқаша айтқанда, «әділетсіз хан» билігі астында 

«кеуілі  мұңлы  шерге»  толғ ан  «момын  елдің»  тәуелсіз  жаңа  мемлекет  құруғ а  мүдделі  болуына 

идеологиялық  негіз  салғ андар  сол  елдің  мұңын  мұңдап,  жоғ ын  жоқтағ ан  жыраулар  болғ аны 

анық.  


Тарих сахнасына жаңа мемлекет – Қазақ елінің шығ уына идеологиялық негіз дайындағ ан 

алғ ашқы  жыраулардың  кӛпшілігінің  есімдері  де,  халықты  жаңаша  ӛмір  сүруге  үндеген 

шығ армалары  да  бүгінде  белгісіз.  Әдебиет  зерттеуші  ғ алымдардың  мұрағ ат  құжаттарынан,  ел 

арасында  айтылып  жүрген  ауызекі  әңгімелер  мен  аңыздардан  тірнектеп  жинағ ан  еңбектерінің 

арқасында  Қазақ  хандығ ына  дейін  жасағ ан  жекелеген  жыраулардың  аты-жӛндері,  жыр-

толғ ауларының  үзінді-үзіктері  белгілі  болды.  Мұндай  сӛз  иелерінің  қатарында  Сыпыра 

Сұрғ алтайұлынан  басқа,  Кетбұғ ы,  Жұмақұл  сияқты  жыраулар  аталады  [2].    Сондай-ақ,  Қазақ 

хандығ ы  құрылғ анғ а  дейінгі  кезеңде  ӛмір  сүріп,  ел  жадында  сӛз қалдырғ ан  жыраулардың  бірі 

Қодан-тайшы  екендігі  де  анық.  Оның  ӛз  баласы  Дайырқожа  ӛліміне  байланысты  айтқан  жыры 

бүгінде кӛкірегі ашық жұрттың бәріне белгілі.  



Дербес  Қазақ  хандығ ына  дейінгі  кезеңде ӛмір  сүрген  жыраулар  мұрасынан  осы  уақытқа 

дейін  сақталып  жеткен  Сыпыра  жырау  мен  Қодан-тайшы  сӛздерін  хандық  дәуірдегі  жыраулар 

шығ армаларымен  салыстыра  қарасақ,  жыраулық  поэзия  дәстүрінің  ілкі  нышандары  арғ ы 

жылдарда  жатқанын  қапысыз  түсінеміз.  Себебі  жыраулар  поэзиясының  ізашарлары  мен  сол 

поэзияны  кӛркемдік  кемелдікке  жеткізген  тұлғ алар  еншісіндегі  шығ армалардың  сыртқы 

пішінінде, яғ ни ырғ ақ, буын, бунақ, интонация сияқты элементтерде айырмашылық мүлдем жоқ. 

Ал  кӛркемдік  мазмұн  тұрғ ысынан  келгенде,  алғ ашқы  жыраулар  поэзиясында  белгіленген 

кӛркемдік  бағ дар  кейінгі  толқында  жан-жақты  тармақталып,  кеңінен  ӛрістегенін  байқаймыз  [3]. 

Шығ армашылық даму жолында мұндай ӛзгерістердің болуы – заңды жәйт. Ӛйткені – дербес Қазақ 

хандығ ына  дейінгі  ӛмір  мен  дербес  ел  ӛмірінде  айырмашылықтар  бар.  Міне,  сол 

айырмашылықтар ӛмір бейнесі – поэзияда кӛрініс тапқан. 

Демек,  поэтикалық  кӛркемдік  үлгісі  Сыпыра,  Кетбұғ ы,  Жұмақұл,  Қодан-тайшы 

шығ армаларында  жатқан  ХV-ХVIII  ғ асырлардағ ы  жыраулар  поэзиясы  –  хандық  дәуірдегі  ел 

ӛмірінің  кӛркем  бейнесі.  Олай  болса,  жыраулар  поэзиясында  ӛз  дәуіріндегі  ел  ӛмірі  қалай 

бейнеленген? Бұл сұрақтарғ а жауап іздеу жыраулар поэзиясындағ ы кӛркемдік мазмұн мәселесін 

зерделеуге  жетелейді.  Ал  кӛркемдік  мазмұн  –  әдеби  шығ армалардың  оқиғ а  желісін,  тақырып, 

идеясын  сӛз  етумен  шектелмейтін  поэтикалық  мәселе.  Бұл  тұста  назар  аударуды  қажетсінетін 

кӛптеген кӛркемдік сипаттар бар. Солардың бірі – кӛркемдік әдіс, ағ ым-бағ ыттар және солардың 

жетекші мән иеленуіне себепкер болғ ан жағ дайлар.  

Жыраулар поэзиясы – реалистік және романтикалық кӛркемдік әдістерді тел тоғ ыстырғ ан 

әдеби  құбылыс.  Аталмыш  екі  әдістің  жыраулар  шығ армашылығ ында  ӛзара  ұштаса  кӛрініс 

табуының  негізгі  екі  себебі  бар.  Оның  бірі  –  ӛздерінің  жыр-толғ ауларына  арқау  еткен  мәселені 

жыраулардың  ӛмірлік  шындықтан  алуы  және  сол  шындықты  халық  кӛңіліне  ұялайтындай 

мазмұнда шынайы жырлауғ а ұмтылуы болса, екінші себебі, – яғ ни романтикалық әдістің кӛрінуі, 

–  жыраулардың  шығ армашылық  ұстанымының  халықтық  арман-мұраттардан  ӛріс  алуында 

жатыр. Дәл осы романтикалық әдіске ден қоюшылық, әсіресе, қазақ жұртының дербес ел болуғ а 

бет  түзеген  кезеңінде  ӛмір  сүрген  жыраулар  поэзиясына  етене  болып  келеді.  Оның  сыры  ӛз 

билігін ӛз қолына алып, ӛзінің жаңа мемлекетін құруғ а ұмтылғ ан халықтың романтикалық сезімге 

толы  асқақ  арманымен  байланысты.  Жалпы,  мұндай  жағ дай  жаңа  ӛмір  құруғ а  ұмтылғ ан  кез 

келген  халықтың  тарихына  тән  кӛрініс  болып  келетіні  белгілі.  Осындай  халықтық  романтика 

жыраулар поэзиясына да әсер еткені анық. 

Осы  орайда  ескеру  абзал,  романтикалық  әдістің  негізгі  ерекшеліктерінің  бірі  суреттеген 

жәйтті я асқақтата, я  құлдырата жеткізуі болып келеді. Нақтылай айтқанда, романтизмге бағ дар 

ұстанғ ан шығ армашылық иесі абзал сезімдерді, игілікті іс-әрекеттерді асқақтата кӛрсетсе, соғ ан 

керісінше,  қайғ ылы  жағ дайды,  келеңсіз  мінез-құлықтарды,  ұнамсыз  жәйттерді  мейлінше 

құлдырата ұсынатыны белгілі. Мысал  үшін ХV ғ асыр жырауларының тӛмендегі жолдарына зейін 

салып кӛрелік. Ата жұрт – Еділдің суретін Қазтуғ ан жырау былайша асқақтатса:  

...Салп-салпыншақ анау үш ӛзен – 

Салуалы менің ордам қонғ ан жер, 

Жабағ ылы жас тайлақ 

Жардай атан болғ ан жер

Жатып қалғ ан бір тоқты 


Жайылып мың қой болғ ан жер; 

Жарлысы мен байы тең, 

Жары менен сайы тең, 

Ботташығ ы бұзаудай, 

Боз сазаны бұзаудай... 

Қайран менің Еділім!. 

Шалкиіз  жырау  толғ ауында  Орманбет  биден  айырылғ ан  елдің  қайғ ысы  былайша 

бейнеленеді:  

Орманбет би ӛлген күн – 

Он сан ноғ ай бүлген күн; 

Жез қарғ ылы құба арлан 

Жетіп түлкі ала алмай, 

Жалғ ан аңын ала алмай, 

Қорашыл тӛбет болған күн; 

Оң қанатын теріс соғ ып, 

Лашын құс қу ала алмай қалғ ан күн... 

Дәуірлес қос жыраудың бірі Еділдің қайырлы қоныс ретіндегі  қадірін, енді бірі Орманбет 

бидің қалың елдің тұтастығ ына сызат түсіруге жол бермеген қасиетін ӛмірлік реалиялардан асыра, 

романтикалық мәнерде бейнелесе, оның сыры ата жұрт – Еділ мен қабырғ алы елді әділ тӛрелігіне 

ұйытқан Орманбет биді халықтың қастер тұта бағ алауында жатыр.  

Ата  жұрттан  да,  аталы  сӛз  иесінен  де  айырылып,  кӛңіліне  алаң  қонақтағ ан  ел  дербес 

хандық  құрып,  ӛз  тізгінін  ӛз  қолына  алғ ан  тұста  кӛңіліне  сенім  ұялап,  рухы  асқақтай,  мінезі 

айбындана  танылады.  Міне,  ел  кӛңіліндегі  дәл  осы  ахуал  жыраулар  поэзиясынан  айқын  кӛрініс 

тапқан. Қазақ хандығ ының алғ ашқы дәуіріндегі жыраулардың жыр-толғ ауларында ӛр рух, асқақ 

сезімнің  кӛл-кӛсір  шалқып-тасып  жатуының  сыры  –  сонда.  Демек,  қазақ  жырауларының 

поэзиясындағ ы  романтика  –  кӛркемдік  әдіс  қана  емес,  сол  дәуірдегі  қазақ  баласының  қай-

қайсына  да тән болғ ан асқақ  рухтың  кӛрінісі, қазақ баласының  ішкі болмысындағ ы алуан-алуан 

сезім күйлерінің бейнеленуі, яғ ни жаңа мұраттар мен ұлы мақсаттарғ а ұмтылғ ан елдің тұтастай 

ӛмірінде  жетекші  мән  иеленген  халықтық  романтиканың  поэзия  тілімен  сӛйлеуі.  Бұл  тұрғ ыдан 

келгенде, жыраулар поэзиясы – қазақ баласының болмысына ежелден етене ӛр мінездің айнасы. 

Ал,  жүрегінде  ұлы  армандар атойлағ ан  елдің баласы  –  ер, мінезі  ӛр  келетіні  мәлім.  Ұлы 

армандар жолында ол ӛлімнен де сескенбейді. Асқақ рухты елдің баласы ажалдың ӛзін таңдайды. 

Оның:  


«...Оқ қылқандай шаншылса, 

Қан жусандай егілсе, 

Аққан судай тӛгілсе, 

Бетегелі Сарыарқаның бойында 

Соғ ысып ӛлген ӛкінбес!» (Доспамбет жырау) – деп тілек етуі де сондықтан. 

Дербес  хандық  құрып,  мерейі  тасығ ан  елдің  кӛңіл  ауанына  тән  болғ ан  осы  іспетті 

романтикалық  ӛрлік  ХV-ХVІ  ғ асырларда  жасағ ан  жыраулар  поэзиясында  басымдық  иеленсе, 

содан  кейінгі  дәуірлерде  жыр  туындатқан  жырауларда  реалистік  бояу  маңыз  ала  бастайды. 

Мәселен, ХVІІ ғ асырдағ ы жыраулар поэзиясының ӛзінде алдыңғ ы дәуірлерде жасағ ан жыраулар 

поэзиясына тән болғ ан романтикалық бояу азая береді. Оның есесіне, ӛмірлік шындықты тануғ а 

мүмкіндік  беретін  суреттер  мен  бейнелеу  тәсілдері  бел  ала  түседі.  Мәселен,  Жиембет  жырау 

шығ армаларынан  оның  ӛз  ӛмірінің  кӛріністерін  танысақ,  Марғ асқа  жырау  сӛзінен  Есім  хан  мен 

Тұрсын  ханғ а  байланысты  оқиғ аларды,  сол  оқиғ аларғ а  себеп  болғ ан  жағ дайларды,  соңғ ы 

шешімін  аңдай  аламыз.  Аталмыш  жыраулардың  туындыларынан  осы  іспетті  жәйттердің  анық 

танылуының сыры олардың шығ армашылығ ында реалистік әдістің жетекші орын алуына қатысты. 

Алғ ашында  романтикалық  әдіспен  тоғ ыса  кӛрінген  реализм  ХVІІІ  ғ асырдағ ы  жыраулар  үшін 

негізгі  кӛркемдік  әдіске  айналды.  Бұл  тұста  тіпті  дидактикалық  жыр-толғ аулардың  ӛзінде 

реалистік бейнелер маңызды роль иеленді. Мысалғ а жүгінелік: 



«Жақын жерден шӛп жесе, 

Жердің сәнін кетірер. 

Ағ айынның аразы 

Елдің сәнін кетірер. 

Абысынның аразы 

Ауыл сәнін кетірер» (Бұқар жырау). 

Толғ ау ел мен жердің берекесі кетпеу үшін қандай әрекеттер мен қылықтардан аулақ болу 

қажеттігін ӛсиет ететін дидактикалық мазмұнғ а құрылғ ан. Мақсат – тағ ылымды ой-идея ұсыну. 

Дегенмен,  осы  толғ аудан  романтикалық  идеал  бейнелер  де,  суреттеулер  де  ұшыраспайды, 

есесіне, кәдімгі ӛмір шындығ ына сүйенген ой түйіндері алғ а тартылғ ан. 

Тіпті, жыр-толғ ауларынан асқақ болмысы, романтикағ а құштарлығ ы сезілетін Ақтамберді 

жыраудың  ӛзі  романтикалық  идеал  –  армандарғ а  бой  алдырмайды.  Оның  романтикалық 

арманының  ӛзі  реалистік  мұраттардан,  сол  мұраттарды  бейнелейтін  реалистік  кӛріністерден 

жинақтала  келіп,  алғ а  тартылады.  Жыраудың  романтикалық  арманы  бейнеленетін  туындысы  – 

«Күлдір-күлдір кісінетіп...» деп басталатын толғ ауы.  

Тұтастай  алғ анда  кӛңілді  романтикалық  сезім  күйлеріне  бӛлейтін  осы  толғ ауда  ӛмірлік 

шындықтан алшақ кетіп, идеал арманнан алынғ ан бірде-бір сурет, бірде-бір кӛрініс жоқ. Мәселен, 

тӛмендегі үзіндіні алып кӛрелік: 

«...Пышақтан малым кетпесе, 

Қазаным оттан түспесе, 

Ауылдан топыр үзілмей, 


Ошақтың оты ӛшпесе, 

Май жемесе қонағ ым, 

Қан жемесе барағым, 

Он кісіге жараса 

Бір кісіге арнап тартқан табағ ым!..» 

Байқалып тұрғ андай, жыраудың арманы асқақ. Алайда бұл арманды  ӛмірлік шындықтан 

алшақ жатыр деуге келмейді. Себебі  – ел ішінде береке  тұнып, ниет түзелсе, жырау арманының 

қай-қайсы  да  орындалуы  әбден  ықтимал.  Ал  бұл  арманның  идеал  ӛмір  секілді  сезілуінің  ӛзі 

ӛмірлік  шындықтан  туып  жатыр.  Бұл  тұстағ ы  ӛмірлік  шындық  –  қарама-қайшылықтарғ а  толы 

адам болмысы.  

Осы  орайда  «ХVІІ-ХVІІІ  ғ асырлардағ ы  жыраулар  поэзиясында  реалистік  әдістің  жетекші 

роль иеленуінің сыры неде?» деген сұрақтың тууы заңды. 

ХV-ХVІ  ғ асырларда  романтикалық  әдістің  басымдық  танытуы  дербес  мемлекет  құруғ а 

ұмтылғ ан  халықтың  асқақ  арманымен  байланысты  екенін  жоғ арыда  айтқан  едік.  Ал  ХVІІ-ХVІІІ 

ғ асырлар – Қазақ хандығ ының іргесі бекіп, тіршілік ету кеңістігі, яғ ни мемлекеттік территориясы 

біршама тұрақтала айқындалғ ан дәуір. Осығ ан орай, қазақ жерінде қоғ амдық-әлеуметтік қарым-

қатынастар  жүйесін  тиянақтай  орнықтыруғ а  ұмтылыс  басталды.  Бұл  жағ дай  қазақ  қоғ амының 

қандай  сипатта  ӛркендеуі  қажеттігін  белгілеуді  талап  етті.  Осы  қажеттілік  сол  уақыттағ ы  қазақ 

қоғ амының  жай-күйін  нақтылай  тануғ а  себепкер  болды.  Әрине,  мұндай  әрекеттердің  арнайы 

қаулы  қабылданып,  сол  қаулы  аясында  жасалмағ аны  түсінікті.  Дегенмен,  сол  дәуірдегі  ел 

кӛсемдері, яғ ни ел тізгінін ұстағ андар мен жалпы қоғ амдық санағ а ықпал ете алатын күштер ӛз 

тұсындағ ы әлеуметтің тірлік-тынысын зерделей танып, сол негізде қазақ қоғ амын нығ айтуғ а жол 

ашатын  әрекеттер жасау қажеттілігін іштей сезінгені және сол бағ ытта әрқайсысы  қал-қадерінше 

әрекеттер жасағ аны анық. Ал хандық дәуірдегі қазақ қоғ амының санасына аса ықпалды күштер 

жыраулар  мен  би-шешендер  болғ аны  және  олардың  ӛз  қабілеті  мен  мүмкіндігін  ӛз  елін 

ӛркендетуге жұмсағ аны даусыз.  

Ел тірлігін, қоғ ам тынысын нақтылай тануғ а ұмтылыс  ӛмір шындығ ына  үңілуге бастамақ. 

Ал  жыраулар  шығ армашылық  әрекет  иелері  болғ андықтан,  олар  ӛздерінің  танып-таразылағ ан 

жәйттерін  жыр-толғ ауларында  бейнелейтіні  түсінікті.  Демек,  ХVІІ-ХVІІІ  ғ асырлардағ ы  жыраулар 

елдің арман-аңсарларынан гӛрі, ӛмір салтына, тіршілік сипатына баса назар аударды және аңдап-

аңғ арғ андарын  шынайы  бейнелеу  арқылы  қазақ  қоғ амын  жақсы  мен  жаманды  таразылай 

бағ алап,  жақсылыққа  бағ ыт  ала  дамуғ а  жетеледі  [4].  Осы  дәуірдегі  жыраулар  поэзиясында 

реализмнің  басымдық  танытуының  себебі  де  сондықтан.  Бұл  тұрғ ыдан  келгенде,  ХVІІ-ХVІІІ 

ғ асырлардағ ы қазақ жыраулары – ӛмір шындығ ына бағ дар ұстанғ ан шығ армашылық тұлғ алар, 

әрі сол шындық негізінде қоғ амды жетілдіруге қызмет еткен ойшыл қайраткерлер.  

Бұл  пікірге  дәйек  болар  сӛз  үлгілері  қазақ  жырауларының  қай-қайсынан  да  табылады. 

Мәселен, Бұқар жырау ұлағ атына қарайық: 

«...Ер жігіттің қадірін 

Ағ айын білмес, жат білер. 


Қойғ а қошқар құт болса, 

Қозы құрттан ӛлмейді. 

Қой бітерде қотаншы ит 

Бӛріге қой  бермейді. 

Ауылда адам бар болса

Ауыл ала болмайды. 

Ел иесі құт болса, 

Халқы ала болмайды...»  

Осы мәтінде жырау айтып тұрғ ан жәйттің бәрі – ӛмір шындығ ы. Жыраудың сол шындықты 

кӛрсетудегі  мақсаты  –  елге  құт  қонақтату.  Ал  елге  құт  дару  үшін  ел  ішінде  алауыздық  болмау 

керек,  алауыздық  болмау  үшін  ел  иесі  әділ  болуы  керек.  Толғ аудан  танылғ ан  осы  сипаттарды 

ескерсек  және  күнделікті  ӛмірінде  жыраудың  ӛзі  сол  мақсатқа  қызмет  қылғ анын  ойғ а  алсақ, 

сондай-ақ,  бұл  қасиеттің  жалғ ыз  Бұқарғ а  ғ ана  емес,  барша  қазақ  жырауларына  тән  болғ анын 

ойда ұстасақ, жыраулардың сӛзі мен ісі бір арнада тоғ ысқан қайраткер тұлғ алар болғ анын анық 

бағ амдаймыз. 

Шығ армашылық әрекетінде де, азаматтық әрекетінде де халықтық мұратқа қызмет етуді 

кӛздеген  жыраулардың  осы  мақсат  жолындағ ы  басты  құралы  жыр-толғ аулар  болса,  ықпалды 

әдеби тәсілдерінің бірі дидактика болды.  

Жыраулар  поэзиясындағ ы  дидактика  –  ӛзімен-ӛзі  оқшау  жатқан  ӛнегелі  сӛз,  тағ ылымды 

ой-идея  емес,  жыраулар  ұстанғ ан  кӛркемдік  әдістердің  талабына  лайықтала,  жыраудың 

азаматтық  кӛзқарасынан  ӛріс  ала  кӛрінетін  кӛркем  идеялар  жиынтығ ы  [5].  Жыраулар 

дидактикасынан  ел  болу,  ӛмір  мәні,  адам  жаратылысы,  замана  жайы  тәрізді  сан  қилы 

мәселелерге  арналғ ан  жүлге-жүлге  ой-идеяларды  молынан  ұшырастыруғ а  болады  және  бұл 

идеялар  түрлі  дәуірлерде  әлеумет  түсінігіне  лайықтала  жаңғ ырып,  жаңара  кӛрініп  отырады. 

Мәселен, жыраулар жиі назар аударатын адам болмысындағ ы қасиеттердің бірі – жақсылық пен 

жамандық жайы болса, бұл мәселе ХVІ ғ асырдағ ы Шалкиіз толғ ауында:  

«Жақсының жақсылығ ы сол болар – 

Жаманменен бас қосып, 

Сӛйлемекке ар етер; 

Жаманның жамандығ ы сол болар – 

Сӛйлесе  дәйім  бетін  қара  етер...»  –  деген  мазмұнда  жырланса,  ХVІІІ  ғ асыр  жырауы 

Ақтамберді осы мәселені: 



«...Білімді туғ ан жақсылар 

Аз да болса, кӛппен тең. 

Жақсысы кеткен ауылдың 

Артынан жақсы шықпаса, 

Ӛртеніп кеткен жермен тең...» – деп толғ айды. 

Қос  жыраудың  айтар  ойы  үндес  болса  да,  кӛркемдік  мақсатта  айырмашылық бар. Оның 

себебі  жыраулар  ӛмір  сүрген  дәуірдегі  әлеуметтің  таным-түсінігінен  туындап  жатыр.  Нақтылай 

айтқанда,  Шалкиіз  дәуірі  үшін  болмыс-бітімі  бӛлекше  жаралғ ан  ерекше  тұлғ аны  аңсау,  соның 

жолына  еру  маңызды  болса,  Ақтамберді  дәуіріндегі  жұрт  ақыл-парасатымен  елді  ұйытып, 

берекеге  бастайтын  тұлғ аны  кӛксейді.  Белгілі  бір  дәуірге  тән  таным-түсініктегі  сәл  ғ ана 

айырмашылықтың  ӛзі  шығ армашылық  иелерінің  кӛзқарасына,  соғ ан  орай  олардың  кӛркемдік 

әдістеріне  әсер  ететінін  және  жыраулардың  ӛз  дәуіріндегі  халық  санасындағ ы  құбылыстарды 

бейнелегенін осы мысалдан да байқауғ а болады. 

Қазақ  жыраулар  поэзиясының  хандық  дәуірдегі  ел  ӛмірінің  кӛркем  бейнесі  болып 

табылатынын дәйектейтін сипаттардың бірі – жыр-толғ аулардың кейіпкерлері мен қаһармандары. 

Жыраулардың негізгі қаһармандары – ел, ел билеген хандар және қол бастағ ан батырлар. Хандар 

мен батырлардың жыраулар поэзиясында маңызды орын иеленуі де замана тынысымен тікелей 

байланысты.  Ел  ішіндегі  береке  мен  жердің  бүтіндігіне  алаң  жыраулар  елге  тұтқа  тұлғ алардың 

ұсақ-ұлаң  кемшіліктерінің  ӛзі  ел  тағ дырында  зор  маңыз  алатынын  анық  түсінетіндіктен,  ӛз 

қаһармандарының  жақсы  әрекеттерін  халыққа  ӛнеге  ете,  асқақтата  жырласа,  кӛңілге  кірбің 

түсіретін мінездерін аяусыз сынайды және мұндай шығ армашылық мінез: 

«Ай, хан, мен айтпасам білмейсің, 

Айтқаныма кӛнбейсің. 

Шабылып жатқан халқың бар, 

Аймағ ын кӛздеп кӛрмейсің. 

Қымыз ішіп қызарып, 

Мастанып, қызып терлейсің. 

Ӛзіңнен басқа хан жоқтай 

Елеуреп  неге  сӛйлейсің?!»  –  деп  айбындана  сӛйлейтін  Асан  қайғ ыдан  бастап,  бір  сәт 

астамшылыққа бой алдырғ ан ханды: 



«Ай, Абылай, Абылай, 

Сен мен кӛргенде 

Тұрымтайдай ұл едің, 

Түркістанда жүр едің, 

Әбілмәмбет патшаға 

Қызметкер болып тұр едің...» – деп сабасына түсіретін Бұқар жырауғ а дейінгі аралықта 

бұлжымас дәстүрге айналғ ан тағ ылымды жол сияқты кӛрінеді. 



Жыраулар  поэзиясы  ӛз  дәуіріндегі  ел  ӛмірінің  кӛркем  бейнесі болып  табылатынын  жыр-

толғ ауларда  суреттелетін  кейіпкерлер  мен  қаһармандардың  іс-әрекеттері,  мінез-құлықтары  да 

айқын танытады. Мәселен, ХV ғ асырдағ ы Асан қайғ ының:  

«...Арасынан қытай, орыстың 

Қорғ ан сап, тыныш жатырсың, 

Ӛзің – Жәнібек, елден асқан батырсың! 

Тіл алсаң, іздеп қоныс кӛр, 

Желмай мініп жер шалсам, 

Тапқан  жерге  ел  кӛшір...»  –  деп  келетін  толғ ау  жолдарынан  ӛз  батырлығ ына  сенген 

Жәнібек  ханның  қытай  мен  орыстан  тӛнуі  ықтимал  қатерді  аңдамай,  бір  сәт  қамсыздыққа  бой 

алдырғ анын,  оның  бұл  қылығ ы  ел  кӛңіліне  алаң  кіргізгенін  кӛрсек,  ХVІІ  ғ асырдағ ы  Жиембет 

жырлары  Есім  хан  тұсында  ел  арасында  берік  тәртіп  орныққанын  аңдатады.  Ал  Ақтамберді, 

Үмбетей,  Бұқарлардың  жыр-толғ ауларынан  ХVІІІ  ғ асырдағ ы  ел  ӛмірінің  түрлі  кӛріністерімен 

қатар,  жекелеген  адамдардың  ұнамды-ұнамсыз  іс-әрекеттерін,  мінез-құлықтарын  кӛреміз  және 

сол  әрекеттердің  арғ ы  астарына  дендей  кӛз  салар  болсақ,  ел  тірлігіндегі  жақсылы-жаманды 

оқиғ аларды, әртүрлі әлеуметтік қарым-қатынастарды аңғ арамыз. 

Ал  жыраулар  поэзиясында  ел  ӛмірінің  алуан  мазмұнда  кӛрініс  табуы  және  солардың 

бәрінде  береке-бірлікті  ұлағ ат  етуге  бағ дар  ұсталуы  –  жыраулардың  ӛз  дәуіріндегі  ӛмір 

шындығ ын  алғ а  тарта  отырып,  елді  жақсылыққа  бастауды  мақсат  тұтқан  және  сол  мақсат 

жолында қызмет қылғ ан қайраткер тұлғ алар болғ андығ ының айқын айғ ағ ы. 



 

Әдебиеттер тізімі 

 

1. Жолдасбеков М. Асыл арналар. – А., 1986. 



2. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. – А., 1994. 

3. Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі. – А., 1991. 

4. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. – А., 2006. 

5. Сыдиқов Қ. Ақын-жыраулар. – А., 1974. 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет