Абайдың 38-ші қара сөзі



Дата02.12.2023
өлшемі14,89 Kb.
#131584
Байланысты:
Эссе методика


Шұғай Ерасыл Жамбылұлы ҚТӘ-21-3к тобының студенті
Абайдың 38-ші қара сөзі
Абайдың жолы, ол тәрбилеген ұрпақ, қалыптастырған орта – қазақ қоғамындағы ерекше бір алабөтен институт. Басқасын айтпағанда, Шәкәрім мен Мұхтар – сол институттың түлегі. Алашорда үкіметін құрып, сол елдік жолында, азаттық жолында өлімге басын тіккен ұрпаққа Абайдың ықпалы зор болғанына күмән жоқ, дәлелі – Абай өлеңдерінің алғашқы жинағын Петерборда шығаруға Әлихан Бөкейханның ат салысқаны және насихаттағаны айта кетер жайт, Әлиханның Тұзқаладағы тұтқындалу хаттамасында оның дүние-мүлкінің ішінде Абайдың сол аталмыш жинағы көрсетілген. Тағы да бір дәлелін Ахмет Байтұрсынның «Қазақтың бас ақыны» деген мақаласынан байқаймыз. Семейдің «Алашорданың» астанасы болуында да сол Абай атамыздың әсері болды десек артық айтқандығымыз емес. Елге жаны ашып, берісі «қазаққа күзетші болу» мақсатында, әрісі «адамзаттың бәрін бауырым» деп сүю үшін, әуелі шынайы иман керек екен. Кәміл иманға жету жолын пендеге жеткізу - «38 қара сөз» - «Ғақлиат-тасдиқаттың» мұраты еді. Хакім Абайдың үш білім бастауларының біреуі әрі бірегейі Құран мен хадистер және шығыс араб – парсы мұсылман әдебиеттері екені белгілі. «Ғақлиат-тасдиқат» о баста «Қара сөздерден» бөлек болған, ол тіпті кезінде Абай ауылында ұзатылған қыздардың дүние-мүлкіне қосылып беріліп те отырған. Қазіргі біз білетін «Қара сөздердің» рет сандары бастапқыда басқаша болғандығы, Кеңес үкіметі тұсында «Ғақлиат-тасдиқат» діни трактат болғандықтан цензурадан өткізу мақсатында «Қара сөздердің» құрамына енгізілгені белгілі. Әңгіме «Ғақлиат-тасдиқат» жайында болғандықтан, Құран мен хадистерге сілтемелер жасап отырамыз. Мұхаммед, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, хадисінде: «Менің ең жақсы ізбасарларым – менмен жүргендер, одан кейінгі ұрпақ (ат-таби'ун) және одан кейінгі ұрпақ (атба'у ат-таби'ин)» деген. Атап айтатын жайт – Абайдың бұл еңбегінің Имам Ағзам атанған Нұғман ибн Сәбит Әбу Ханифаның (699-767 жж.; хиджра бойынша 80-150 жж.) «Әл Фикһ әл Акбар» еңбегімен ұштасып, сабақтасып жатуы. Әбу Ханифа Куфада туып, сонда діни озық білім алған. Әбу Ханифаны біреулер ат-таби'унға, ал кейбіреулер атба'у ат-таби'инға жатқызады. Тағы бір қызық жайт – атақты хадистер жинақтаушы имам Бұхаридің әкесі Исмаил Абдулла б. Мубарак және Хаммад б. Зайдтардан білім алған, ал олар Әбу Ханифадан сауат ашқан. Имам Бұхари ұстаз санаған қырық шейх - Әбу Ханифаның шәкірттері. Осы «Қара сөздегі» есімі келтірілген адамдар жайында кішкене түсінік: «Ғашаран мүбашәрәдан қазірет Ғосман, Ғабдурахман бин Ғауф уа Сағид бин Әбудқас үлкен байлар еді». Әл ашаратул мубаширин – Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, көзі тірі кезінде он адамға өлген соң жұмаққа баратындығына кепілдік берілгендігін білдіреді. Абай атап өткен адамдар: Қазірет Осман халиф, Абдурахман бин Ауф және Сад ибн Аби Уаққас. Жалпы, ойлы адамзаттың, оның ішінде мұсылман баласының өзіне қоятын сауалы: мен қайдан келдім, кіммін, қайда барамын. Бұл сұрақтардың жауабын Құдайдан тыс іздегеннің – бәрі болмаса да – көпшілігі есінен адасқаны мәлім (мысалы, Ницше).
Тағы бір, саналы адам пайда болғалы бергі сұрақ – материалдық әлем жаралған ба, әлде өз бетімен о бастан бар ма еді. Уақыт пен кеңістік деген түсініктер және олардың өлшемі – ақыл иесі адамның өзіне қатысты түсінік, уақыттың өлшем бірліктері аспан денелерімен тікелей, тығыз байланысты. Ол Күн жүйесіне таңулы, күнтізбелер Күннің не Айдың қозғалысына негізделген. Қазіргі ғылым ғаламның 13,7 млрд жыл бұрын бір нүктенің алапат жарылысынан жаралғандығын дәлелдеп отыр. Бұл жарылыстан бұрынғы уақыт пен кеңістіктің адам үшін өлшемі де, мағынасы да жоқ, өйткені адамға түсінікті көрінер, сезілер физикалық әлем жоқ. Жалпылап алғанда, діни танымдағы қалыптасқан методология: Құдай – Себеп – Ғалам. Ғаламның жаралуына Құдай себепші. Жаратушы әрқашанда болған және Ол – ғаламды Жаратушы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет