Ораза зекет Садақа



Pdf көрінісі
бет1/46
Дата15.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82853
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




Ораза
зекет
Садақа
Алматы - 2009


УДК 28
ББК 86.38
О - 65
Бас редактор: Батыржан Мансұров
көркемдеуші: Жандар Рашитұлы
Ораза, зекет, Садақа
/Құраст.: С. Көкенай, Ә. Әнуарбеков
- Алматы, «Хикмет» баспа үйі, 2009. -88 бет.
ISBN 978-601-7094-26-3
Бұл кітапшада Ислам шарттарының бірегейі ораза, зекет, 
садақа жайында жалпылама мәлімет берілді. Өйткені, аталмыш 
тақырыптар әрбір пендеге рухани құндылық һәм құлшылық саналады. 
Мұндағы қамтылған мағлұматтар қасиетті Құран аяттары мен 
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистері аясында қарастырылды. Кітапша 
Ислам шариғатына сай, оның ішінде Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзхабы 
бойынша әзірленді.
Кітапша барша оқырман қауымға арналады.
УДК 28
ББК 86.38
О
ISBN 978-601-7094-26-3
© «Хикмет» баспа үйі, ЖШС, 2009.
0403000000
00 (05)-09


аЛҒЫ СӨз
Ерекше 
қамқор 
Жаратушымыз 
Аллаһ 
Тағалаға сансыз мақтаулар болсын! Ал, ардақты 
Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға (с.а.у.) са-
лауат пен сәлем жолдаймыз!
Мұсылманды өзге адамдардан оқ бойы жоғары 
етіп ерекшелендіріп тұратын нәрсе оның ізгі амал-
дары. Жалпы алғанда мұсылманның істеген әрбір 
ізгі амалы құлшылық екендігі ақиқат. Дегенмен, 
Исламда өзге құлшылықтардың алдында келетін 
және діннің тірегі болатын маңызды құлшылықтар 
бар. Солардың ішінде денемен жасалатын 
құлшылықтардың намаздан кейінгі ең маңыздысы 
– ораза болып табылады. Өйткені, ораза тек 
аштықта болу ғана емес, ол − рухтың азығы, 
тәннің шипагері. Ал, Қасиетті Құранның көптеген 
аяттарында намазбен қатар айтылатын зекет, 
мал-мүлік арқылы жасалатын құлшылықтардың 
басында келеді. Сонымен қатар, адам баласы 
дүние салғаннан соң оның амал дәптерінің жа-
былмауына себеп болатын құлшылықтың енді 
біреуі садақа екендігінде ешкімнің дауы болмас. 
Бұл ғибадаттардың бір-бірімен өте тығыз байла-
нысы бар. Қолдарыңызға тиіп отырған кітапшада 
осы маңызды үш құлшылық жайында тұжырымды 
мағлұмат ала аласыздар. Бірінші бөлімде ораза, 
оның маңызы, сауабы және адамға беретін пай-
далары жайында сөз қозғадық. Сондай-ақ, Ра-
мазан айының қасиеті, оның ішіндегі Қадыр 


түні төңірегінде бірқатар мәліметтер келтірдік. 
Екінші бөлімде бүгінгі таңда көптеген мұсылман 
бауырлардың назарынан тыс қалып жүрген зекет 
құлшылығына тоқталып, оның рухани жағымен 
қатар қоғамға тигізер әсері, әлеуметтік деңгейді 
сақтаудағы рөлінің қаншалықты зор екендігі ба-
яндалды. Кітапшаның үшінші бөлімінде садақаның 
сауабы мен басқа да қасиеттері жайында дерек-
тер бердік. Сонымен қатар, бұл құлшылықтардың 
шариғат үкімдеріне сай дұрыс орындалуын және ру-
хани тұрғыдан алғанда дұрыс орындалуының шарт-
тарын да тілге тиек еттік. Өйткені, шын мәнінде 
ықылассыз және шынайы ниетпен орындалмаған 
құлшылық бос әурешіліктен басқа пендеге ешбір 
пайда әкелмейді. Барша амалдарды тек қана 
Аллаһ Тағала бағалайды. Адам баласы жерлен-
генде фәни өмірде істеген ізгі амалдарымен ғана 
көміледі. Сондықтан ақыретте дұрыс ниетпен, адал 
көңілден жасалған құлшылықтардан басқасы пай-
да бермейді. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінде: 
«Мүмин өлгенде намаз бас жағында, садақа оң жағында, 
ал ораза сол жағында қалқан болады»
, - деп баяндалуы 
бұған дәлел болса керек.
Кітапша барша мұсылман қауымға арналып 
отыр. Әрине, мұндағы келтірілген мәліметтерде 
кемшілік жоқ деп айтудан аулақпыз. Келтірілген 
деректер әрбір мұсылманның іс-әрекетінен көрініс 
тауып жатса, мақсатымыздың орындалғаны.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет