Қабылдаған: Уразбаев А. Түркістан 2022 ж жоспар



бет1/2
Дата04.04.2022
өлшемі19,38 Kb.
#29774
  1   2

Халықаралық туризм және Меймандостық университеті

СӨЖ

Тақырып:Оқытуда қозғалудың техникалық құралдары

Орындаған:Амангелді А

Тобы:ДШС-20-03

Қабылдаған:Уразбаев А.

Түркістан 2022 ж

ЖОСПАР:

1.1.Оқыту дегеніміз не?

1.2.Қортынды

Оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі бойынша, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымдықты, өнегелі-әдепті көзқарастарды дамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі. Қазіргі заман түсінігі бойынша оқыту үрдісінің келесі белгілері бар:1. екі жақты сипаты;2. оқытушы мен оқушылардың бірлескен әрекеті;3. оқыту жағынан басқаруы;4. арнайы жоспарланған ұйымдастрыу мен басқару;5. бүтіндік пен бірлік;6. оқушылардың жас дамуының жас ерекшеліктеріне сәйкестігі.

Міндетті оқыту:Міндетті оқыту - ағартушы саясаттың ұстанымы, осыған сәйкес заңнама тәртібінде белгілі бір жастың балалары белгіленген мөлшерде білім алуы тиіс. Барлығына жалпы және ақысыз білім - бірнеше жүзжылдықтар бойындағы халық массасы негізгі демократиялық міндеттерінің бірі.

Ашық оқыту:Ашық оқыту - бірқатар шетелдердегі мектептерде оқу жұмысын ұйымдастыру тәсілі. Ашық оқытуға сынып-сабақтық жүйеден және берілген мөлшерлер негізінде үлгерімді бағалаудан бас тарту, оқу кеңістігінің «ашық», икемді ұйымдастырылуы, оқу топтарының жылжымалы құрамы, сонымен бірге оқу жұмысының түрлері мен тәсілдерін баланың еркін таңдауы тән.

Оқыту тәжірибесі:Оқыту тәжірибесі - табиғи тәжірибенің әр түрлілігі, ол психикалық құбыластардың (зерттеу мәнін құрайтын) шақырылумен қатар, оның тәжірибе жағдайларында қалыптасқанымен ерекшелінеді. Оқыту тәжірибесі психологияда тек зерттеу үшін ғана емес, сонымен қатар ақыл-ой дамуының, яғни тұлғаның үйренушілік деген қасиетінің диагностикасын жасауында қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет