Абсентеизм – халықтың саяси өмірге немқұрайлы, селқос қарауы, азаматтық міндетті атқарудан бас тартуы. Авантюризм


Автономия – бір мемлекеттің шеңберінде өзін – өзі  басқаруға құқық берілген саяси – ұлттық құрылым.  Авторитаризм



бет2/18
Дата07.01.2022
өлшемі56,99 Kb.
#19170
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Автономия – бір мемлекеттің шеңберінде өзін – өзі  басқаруға құқық берілген саяси – ұлттық құрылым. 

  • Авторитаризм – жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда  күшке сүйенетін мемлекеттік саяси тәртіп. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді.  Ол көбінесі саяси  жағдайға белсене араласатын әскер күшіне сүйенеді. Мемлекеттің сайлау органдары шектеледі.

  • Агрессия – басқа елдердің жерін тартып алу, егемендігінен айыру немесе шектеу, халқын күшпен бағындыру мақсатымен қарулы шабуыл жасау. 

  • Адам – жер бетіндегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, саяси – қоғамдық қатынастардың негізгі субъектісі мен объектісі. 

  • Адам құқықтары – белгілі бір игілік, өмір сүруді қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынстары, кепілдіктері. 

  • Азаматтық қоғам – жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамсыз ететін қоғамның күйі. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек қойылады. Онда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай құқықтары сақталады. 

  • Аймақтық – белгілі бір жерге, облысқа, көршілес бірнеше елге қатынасты бір нәрсе. 

  • Аккредитация – 1) шет мемлекетте өкілеттілікке ие болу, сенім грамотасын тапсыру; 2) ақша алуға немесе сауда операцияларын жасауға өкілеттілік.

  • Алуандық – қоғамдық өмір субъектілерінің (топтардың, тартардың, ұлттардың және т.б.) экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық, мәдени,  діни, және т.т. мүдделердің  алуан түрлілігін білдіретін пікір сайысы, билеуші және оппозициядағы партиялардың үкімет биліктің орталықтануына, бір партияның немесе саяси күштің қолына шоғырлануына қарсы тосқауыл қояды. 

  • Альтернатива – бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін ғана талғап алу. 

  • Альянс – ортақ мақсаттарға жету үшін  келісім шарт негізінде жасалған ұйымдардың одағы, бірлестігі. Әдетте жағымсыз, келеңсіз мағынада пайдаланылады.

  • Анархизм – жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік – саяси ағым. Оны жақтаушылар күштеу арқылы еріксіз көндіретін органдарды азаматтардың еркін ассоциацияларымен алмастырғылары келеді. 

  • Анархия – 1) мемлекеттік биліксіз әр түрлі қауымдастықтар, бірлестіктер, одақтар арқылы өзін-өзі басқаратын қоғам құруға тырысушылық; 2) үйреншікті өмірде тәртіпсіздікті , жөнсіздікті, заңсыздықты басшылықтың жоқтығын білдіреді.

  • Аннекциябасқа мемлекеттің, халықтың жерін тұтас, я бір бөлігін күштеп жаулап алу немесе басқаға алып берушілік.

  • Антагонизм – мүдделі қарама – қарсы күштердің, қостасқан топтар, партиялар және т.б. арақатынасының шиеленіскен түрі.

  • Антисемитизм – еврейлерге қарсы бағытталған, оларды қудалауға арналған саясат пен идеологияның түрі. 

  • Апартеид нәсілдік жағынан бөлу, қорлау саясаты. Ол сайлау құқығынан айыру, бірдей  еңбекке төмен ақы төлеу, көшіп – қонуды шектеу және т.с.с. көрініс береді. 

  • Апартидтер – ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар. Олар қай елде тұрса, сол елдің заңына бағынады, бірақ саяси құқықтары болмайды. 

  • Аристократия −А қсүйектер  әулеті, билік жүргізетін мемлекеттік басқарудың түрі. 

  • Ассамблея – халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. 

  • Ассоциация – белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдени және т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелердің бірлестігі.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет