Адам денесінің шамамен үштен екі бөлігі, судан тұратындығы белгілі. Сонымен бірге, ми жасушаларының 85%-ы, адам сүйегінің 25%-ы судан тұрады. Адам баласы қорексіз 5-7 апта өмір сүре алады



бет1/5
Дата18.05.2023
өлшемі53,89 Kb.
#94627
  1   2   3   4   5

Almaz Sharman Draft, ver 1.7. November 8, 2021 Not for Distribution, for Discussion Only






Судың маңызы


Адам денесінің шамамен үштен екі бөлігі, судан тұратындығы белгілі. Сонымен бірге, ми жасушаларының 85%-ы, адам сүйегінің 25%-ы судан тұрады. Адам баласы қорексіз 5-7 апта өмір сүре алады. Ал сусыз, бір аптадан артық тіршілік ете алмайды. Организмдегі су үнемі қозғалыста болып, жанарып тұруы тиіс. Біздегі майлы масса суды аз мөлшерде қамтиды – 10 пайызға жуық. бұлшықетте орташа есеппен 70%-су. Бұл маңызды нәрсе, өйткені қартайғанда, бұлшықет массасын жоғалтып, майлы масса жинаймыз[. Сәйкесінше, бұл организмдегі судың құрамын өзгертеді. Оның бұзылуын болдырмау үшін, қарттықтан бұлшықет массасының жоғалуына байланысты, жасқа қарамай бұлшық еттерді сақтап, дамытуда үнемі жұмыс жасау керек. Ол үшін физикалық жаттығулар мен айналысу керек, олар әртүрлі бұлшықет топтарын дамытуға бағытталған.
Адамдардың көпшілігі фильтрленген суды сирек ішеді. Әдетте шай, кофе, шырындармен баска сусындарды калаймыз. Ұйкыдан тұрғанда шай немесе кофе ішетініміз рас. Түскі асқа дейін немесе түскі ас кезінде — міндетті түрде шай, кола немесе бір стакан шырын ішеміз. Түскі астан соң және кешкі асқа тағы да шай мен басқа сусындарды пайдаланамыз. Кофе мен шайдың құрамында болатын кофеиннің, сондай-ақ тәтті сусындарға және шырындардың көпшілігіне қосылатын қанттың, біздің тәніміздегі суды сорып алатындығын бәріміз біле бермейміз. Сол себепті мұндай сусындардын пайдасынан гөрі зияны басым. Оған қоса олар өте жоғары калориялы екенін ұмытпаған абзал[8]. Олардың орнына бірнеше стакан қайнамаған таза су ішкен анағұрлым артық.
Белгілі иран дәрігері, доктор Ферейдун Батмангелидж өзінің «Су денсаулық үшін, сауығу үшін, өмір үшін» атты кітабында судың адам өмірі үшін маңызды,бірнеше қасиетін сипаттап берді:
–су сүйек буындарының бетін ылғалдандырады. Олар атриттер мен арқадағы ауырсынулардың алдын алады;
–су иммундық жүйенің жұмысын жақсартады, сол арқылы вирустық және бактериялық инфекциялармен күресуге көмектеседі;
–су қанның қоюлануына және жүрекпен ми тамырларында тромбылардың пайда болуына жол бермейді. Осы арқылы су инфарктілермен миға қан құйылудың алдын алады;
–су ми қызметімен тікелей байланысты, өйткені ол нейротрансмиттерлердің түзілуіне қатысады да сол арқылы ойлау, есте сақтау және ден қою қызметін қамтамасыз етеді;
–су қарт адамдарға тән, есте сақтау қабілетінің бұзылуына жол бермейді, сондай-ақ Альцгеймер, Паркинсон ауруларының және басқа да сыркаттардың пайда болу қаупін азайтады.
–су біздің сырт келбетімізді жақсартады, өйткені ол теріні ылғалдандырып, оған балғындық пен әр береді .
Судың пайдасы

Асқазан-ішек жолында ас қорыту мен сіңіру кезінде, су көптеген қоректік заттардың қаннан жасушаларға енуі үшін тасымалдау ортасын жасайды. Сондықтан дененің жасушалары мен тіндерінің қоректенуі үшін, қанда жеткілікті мөлшерде су болып, денеде қажетті мөлшерде қан болуы керек.


Су балансының бұзылуы қалай көрінеді? Мысалы, егер сіз кенеттен орныңыздан тұрғанда басыңыз айналады. Бұл миға қан жеткіліксіз келетінін және ми жасушалары қоректік заттардың болмауынан уақытша зақымдалғанын білдіруі мүмкін.
Су шектеулі мөлшерде ішілгенде, организм оны ең маңызды органдарға бағыттап, үнемдеп жұмсауға тырысады. Мұндай органдарға ми, жүрек, бауыр, өкпе, бүйрек жатады. Бұлар суға аса зәру органдар, олардың жұмысының бұзылуы организм үшін аса кауіпті. Алайда судың осылайша бөлінуі салдарынан тері, асқазан-ішек жолы және буындар секілді көптеген басқа ағзалар мен тіндер зардап шегеді. Сондықтан, су жетіспеген жағдайда науқастың сыр беруі, дәл осы мүшелерде пайда болады. Судың тапшылығы көптеген белгілер аркылы білінеді — буын аурулары, жоғары қан қысымы, ас қорыту бұзылыстары.
Буын ауруының пайда болу себебі, қалыпты жағдайда су буын сүйектерінің бір-біріне үйкеліске түсетін беттерін ылғалдандырып, қозғалғыштығын қамтамасыз етеді. Су жетіспеген жағдайда, буын шеміршектері құрғап, жарылады, ол кәдімгідей ауырсыну туғызады. Омыртқааралык шеміршектердің осындай күйге түсуі салдарынан, жүйке тамырлары қысылады, соның нәтижесінде ауырсыну сезімі пайда болады. Мұны әдетте құяң (радикулит) деп атайды .
Қан қысымының жоғарылауы су тапшылығы кезінде қан тамырларының қысылуынан болады. Су организмге жеткілікті болған жағдайда, тамырлар кеңейіп, қан қысымы қалыпка келеді. Сол себепті жоғары қан қысымынан зардап шегетін адамдарға берілетін ең қарапайым кенестердің бірі — суды жеткілікті мөлшерде ішу.
Судың жетіспеуінен болатын, ас қорытудың бұзылуы сілекейдің, ас қорыту сөлі және асқазан-ішек жолының бетін жауып тұратын шырыштың жеткіліксіздігіне байланысты. Олар негізінен судан тұрады және асқазанды қышқылды құрамынан қорғауға бейімделген. Су тапшы болған жағдайда, бұл қорғаныш қызметі зардап шегеді және ол ас қорыту ағзаларының бұзылуына алып келеді. Суды жеткілікті тұтыну организмді жасарта түседі. Бұл сырттай қарағанда әжімдердің тегістелуінен, тері серпімділігінің жақсара түсуінен байқалады. Алайда, ең маңыздысы, су ішу мидың жұмысына оң ықпал етеді, атап айтқанда жас ұлғайғанда нашарлай түсетін есте сақтау және ден қою қабілеттерін жақсартады. Мұның себебі, ми жасушаларының 85 пайызы судан тұрады. Ми — адам организміндегі үнемі белсенді жағдайда болатын жалғыз орган. Ми жасушаларындағы су, олар белсенді етуде маңызды рөл атқарады. Ол жетіспеген жағдайда, мидың белсенділігі төмендейді.
Сондай-ақ, су салмақтың түсуіне ықпал етеді. Мұның себебі, су жеткіліксіздігі кезінде заттар алмасуы бұзылып, ол өз кезегінде дене температурасын төмендетеді. Бұл олқылықтың орнын толтыру, яғни денені жылыту үшін, май тіндері жинала бастайды.Сонымен қатар, су асқазанды толтыра отырып, тәбеттің артуын біршама тежейді.
Суды шамадан тыс қабылдау, мысалға, тамырішілік тамызғыға (капельницаға) тым тәуелді болған кезде белгілі бір проблемаларға әкелуі мүмкін. Организмге тым көп сұйықтық енгізілгенде, бұл натрий, калий және басқа электролиттердің концентрациясының едәуір төмендеуіне әкелуі мүмкін, өйткені олар сумен араластырылады. Осыған байланысты мидың, өкпенің және басқа да маңызды органдардың ісінуі мүмкін, бұл өте қауіпті. Сондықтан, тамызғының орнына, мүмкін болса, сұйықтықты әдеттегі жолмен – ауыз арқылы қабылдаған дұрыс. Организм табиғи жолмен келетін артық судан оңай құтылады.
Су балансына организмдегі ақуыздардың, қанның альбумині концентрациясы әсер етеді. Су қан тамырларынан тіндік кеңістікке созылып, ісінуді тудырады. Бұл жағдайда су несеппен шығарылмайды, бірақ денеде сақталады. Бұл жағдайда артық салмақ майлы массаға емес, артық суға байланысты. Бұл жүрек жеткіліксіздігі кезінде, атап айтқанда судың іркілуінен, әсіресе аяқта болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет