Адамдардың тамаққа қолданатын жемістерінің 4/5 бөлігі алмалар. Оны ежелден ем дәмдік тағам ретінде және ас қорытуы бұзылуын реттейтін амал ретінде қолданған. Дәрумен жетіспегенде, безгекке қарсы да жеген



Дата26.10.2022
өлшемі26.64 Kb.
#45379

алма
Адамдардың тамаққа қолданатын жемістерінің 4/5 – бөлігі – алмалар. Оны ежелден ем – дәмдік тағам ретінде және ас қорытуы бұзылуын реттейтін амал ретінде қолданған. Дәрумен жетіспегенде, безгекке қарсы да жеген. Алма тәнге күш беріп, ағзаның әртүрлі аурулармен күресуіне көмектеседі. Сырқатқа шалдыққандарға да, сау адамдарға да алманы жеу пайдалы. Алмұрт. Оның шырыны несепті айдау үшін өте пайдалы. Алмұрт шырынын қуық-қа тас байланғанда да ішеді. Алмұрттың шырыны мен тұндырмасы несептің бөлінуін күшейтіп қана қоймай, түсін де ашып, бактерияларды жоюға әсер етеді. Оның азықтық, шипалық қасиеті мол. Алмаға қарағанда алмұртта жасуық мөлшері көбірек, сол себепті тәнге баяу сіңеді. Өрік. Оны «денсаулық жемісі» деп атайды. Құрамында органикалық қышқылдар, нектин, хош иісті заттар, минералды тұздар (калий,) натрий, кальций, т.б. және коротин бар. Жүзім. Оның жас тамырын (30 г) 2 литр суға салып қайнатып, шашты жуса, қайызғақты кетіреді, құйқа терісі тазарады, шаш жақсы өседі. Көктемде сабағын кесіп, шырынын бетке жағып, ондағы қара дақтар мен секпілді кетіреді. Шырынын мол етіп жинап, күніне 3 рет ішсе (бір шай қасықпен), бауырды жазады, оның күіп, сыздағанын басады. Ұзынша келген ақ жүзім бауыр, көк бауырды жазып, қан қысымын төмендетеді. Буынына суық тигенде қара жүзімді жиі жеген жөн. Жүзім қатерлі ісіктен қорғау қасиетіне ие. Онымен қан азаю сырқатын да емдейді. Қара жүзім шырыны қан бөгелуін болдырмауға шипалы. Жүрек шаншып ауырғанда сары мейізді ет тартқыштан өткізіп, балға араластырып, күніне 3 рет шай қасықтан жейді. Жүзімнің шырынына алма сірке суын қосып ішу еркектің ұрық безінің жұмысын жақсартады. Жарты литр шырынға бір ас қасық сірке суы қосылады. Түстен кейін қос уыс жүзім жеу немесе жүзімнің бір кесе таза сығынды шырынын ішу денеге де, ми жасушаларына да жақсы әсер етеді. Қара жүзім шырынының жүрек ауруларына қарсы анти – кансерогендік ықпалы күшті. Лимон. Шіру процесіне қарсы шипа. Басқа әдістермен тәннен уытты заттардың шөгінділерін шығара алмағанында, оны лимонмен шығарады. Австралия оқымыстыларының ойынша, «лимон шырыны СПИД –ке қарсы күресте арзан және әсері күшті дәрі». Орта ғасырларда халық медицинасында лимонның шырынын ұрықтануға қарсы қолданған. Қант диабетімен ауыратындарға оның жапырағын көлеңкеде кептіріп, ұнтақтап, сосын бір ас қасығын жарты литр суға салып, шай сияқты демдеп, күніне 3 рет 30 грамнан 2 ай ішкізіп, ауруынан жазады. Лимонның шырынын сығып алып бетке жақса, ондағы қара дақ пен секпілді тазартады. Жаңағы шырынды күн сайын 50 грамнан 3 рет үзбей бір ай ішсе, бүйректегі тас пен құм түседі. Лимонды кесіп алып, шайға салып, ішіп жүрсе, қан жүрісі реттеледі, қан қысымының көтері-луі бәсеңдейді. Лимонмен шай ішкен адамның жүйкесі бірқалыпты болады. Банан. Ол денсаулыққа өте пайдалы, көп ауруға шипалы. Қан қысымын реттейді, инсультке шалдығудың алдын алады. Асқазан жарасына да ем. Бананды үй жағдайында сақтау үшін тоңазытқышқа салмайды. Ол он градустан төмен температурада тез бұзылып, тағамдық сапасын жоғалтады. Құрма. Ежелгі араб ғұламалары оның 350 – ден астам пайдалы қасиеті бар деп есептейді. Шырынынан сергітетін сусын жасалады. Құрмадан жүзден астам тағам дайындалады. Құран, хадистерде құрма – жұмақ жемісі деп аталады. Дәрігерлер оның құрамында көптеген емдік қасиет барын анықтаған. Қант қызылшасы. Қанды көбейту, қақырықты босату, сіңірлерді бекемдеу, денені қуаттандыру үшін пайдаланады. Көк бауыр ауырғанға: қант қызылшасын сірке суымен, қышамен араластырып ішкізсе, көк бауырда-ғы бөгеттерді ашады. Бір жақ шеке ауырғанда, қол – аяқтың қалтырауына: қант қызылшасының суық балмен араластырып мұрынға тақса, ауру белгілері жеңілдейді. Құлақ ауырғанға: қант қызылшасы жапырағының суын сығып алып, балмен қосып қайнатып, жылы күйінде құлаққа тамызады. Шаштағы битті жоюға, қайызғақты кетіруге: жапырағының суымен шашты жуады. Іш кернесіне: қант қызылшасын қыша сірке суымен қосып қайнатып ішсе, ауырғанды басады. Адам ағзасындағы түрлі қоқыс – қалдықтарды, артық тұздарды қуады. Қызылша тұнбасы сәбіз, қияр шырыны қосылып әзірленеді. Еркектердің жыныс безін зиянды элементтерден артылту үшін күніне бір мезгіл таңертеңгі астың алдында не соңынан жарты стақан қызылша шырынын ішу қажет. Сәбіз. Ол адамзат баласына біздің ғасырымызға дейін 2 мың жыл бұрын белгілі болған. Римдіктер оны дәмді тағам ретінде пай-аланған. Сәбіз авитаминозды (тағамда дәруменнің жетіспеуінен болатын ауру) жояды, ағзаның тұмауға қарсы тұруын күшейтеді, зат алмасуды жақсартады. Шикі сәбіз несепті айдаса, ондағы кобальд тұзы қан қысымын түсіреді, қанның қызыл түйіршіктері (эритроцит) мен гемоглобиннің түзілуіне қатысады. Сәбіздің сары өзе- гі жүрек бұлшық етінің шар-шағанын басады, шырынын жүрек инфарктінде ішуге белгілейді. Сәбіздің тор көздемшелері адам бойында Холестериннің шапшаң бөлінуіне мүмкіндік жасайды. Сәбізді оттегі және қуықтағы тасқа қарсы пайдаланады. Дәрігерлер сәбіз шырынын жүкті әйелдерге, ой еңбегімен шұғылдана-тындарға ішуге кеңес береді. Халық медицинасында сәбізді бұрыннан несеп айдау мен ішек құртына қарсы, қан аздыққа, әлсіреуге, ішек-қарын қызметінің бұзылуына, балалы әйелдің емшек сүтінің жетіспеуіне, құрт ауруының (туберкулез) алғашқы кезеңдерінде, белсіздікке қарсы ішу ұсынылады. Осы мағсатта сәбізді сүтке қайнатып та жейді. Қырыққабат. Оны қалай жесе де пайдалы. Ашыған қырыққабат (капуста) тәбетті, асқазанның сөл бөлуін күшейтеді, ас қорытуды жақсартады. Ашыған қырыққабатты ас қорыту жүйесінің бұзылуына (қыжылдау, құсу, кекіру, жүрек айну, ықылық ат) алдын алу үшін пайдаланылады. Ашыған қырыққабат семіруге, шыжыңдыққа да қарсы ем. Қырыққабат сөлі (бұзылмаған) асқазанның әлсіреуін, қарын, ұлтабар жарасын, өт қабының, бауырдың әртүрлі ауруларын, асқазан қабынуын, тоқ ішек жарасының қабынуын емдейді. Сары ауру мен көк бауыр ауруларына да қырыққабат сөлін ішу қажет. Қырыққабат шырыны асқазан сөліндегі қышқылдың көбейген кезінде, қарын ауырғанда қолданылады. Сапа болғанда, ауыз қолдырап, қабынып ауырғанда қырыққабат сөлін сумен араластырып, ауызды, тамақты шаяды. Бас ауырғанда, буын сырқырағанда ауырған жерге қырыққабаттың жас жапырағын жапсырса, ауруды басады. Қырыққабаттың құрамында асқазан жарасына ем болатын заттар бар. Шырыны бауыр ауруына ем. Оны ішкеннен кейін аурудың жанға батқаны азайып, бауыр қалпына келеді. Қырыққабат шырынының құрамындағы күкірт пен хлор, иод асқазан мен ішектің шырышты қабығын тазартады. Ол ұлтабар жарасын да жазады. Бұл үшін қырыққабат шырынын 100 грамнан күніне 3 рет ішу қажет. Оған сәбіз шырынын қосып ішсе, әсері одан да жақсы. Бұл үшін 100 грамм қырыққабат шырынына 200-300 грамм сәбіз шырынын қосады. Қияр. 3 қасық ұсақтап туралған жас қиярға 1 стақан қайнаған суды ыстықтай құйып, 2-3 сағат қойып, тұнбасын сүзіп алып, қалдығын сығады да 1 шай қасық балмен араластырады. Сосын бұл тұнбамен мақтаны шылап алып, таза жуылған бетті сүртсе, ол безеуден арылтады. Қызанақ. Ол біріншіден, тағам ретінде өте пайдалы.оның құрамында қант, пектиндік, азоттық заттар, алкалоид, минералды тұздар мол. Екіншіден, қызанақта А, В, В әсіресе, С дәрумені өте көп. Үшіншіден, жас қызанақ пен томат шырынының шипалық қасиеті жақсы. Асқазан жарасы бар адамдар жас томат шырынын ішуге тиіс. Томат шырыны ағзадағы тастарды да ерітеді. Қызанақ бауыр ауыратындар үшін де өте пайдалы. Ол каротин, калийге де бай. Қызыл бұрыш. Ол адамның ғұмыр жасын ұзарта алады. Бұл ғалымдар ашқан жаңалық. Қызыл бұрыш линидтік алмасуды қалпына келтіріп, дұрыстайды, артериялық қысымды төмендетеді, ішек жолдарының микрофлорасын сауықтырады, жастың ұлғаюына байланысты болатын өзгерістерді тежейді. Қара қарақат (смородина). Қуыққа тас жиналып несеп жолдары зақымданса, оның 100 грамм жапырағына 60 грамм қой бүлдіргенінің (земляника) жапырағын, 40 грамм жөке гүлін, 30 грамм коровяк гүлін қосып бір стақан суда сақылдатып қайнатады. Суытады, сүзеді. Сонан соң күніне тамақтан соң 2-3 реттен ішіп тұрады. Пияз. Оның ащы дәмі құрамындағы эфир майынан. Құрамында С дәрумені мен каротин көп. Көктемнің көкөніс шыға қоймаған кезеңінде адамға пияз ерекше пайдалы. Біріншіден, тәнге С витаминінің күндік қажетін қанағаттандыруға көмектеседі, екіншіден, ауру жұқтырмайтын (бактерицидтік) және қырқұлаққа қарсы заттарға бай. Сарымсақ. Құрамында В1 тобының дәрумендері, С дәрумендері (жуашығында 10 мг пайыз, сабағында 55 мг пайыз) және Д дәрумені, иод, май, тағы да басқа заттар бар. Сарымсақтың құрамында ауру тудыратын микробтардың көптеген түр-лерін жоятын ерекше бактерицидтік (фитонцидтер) заттар болғандықтан, ол медицинада да қолданылады. Халық арасында сарымсақты көптеген ауруларды емдеуге ертеден пайдаланған. Әсіресе, қырқұлақ ауруын. Емдік қасиеті ежелден белгілі сарымсақтың жаңа қасиетін жапондық, француздық ғалымдар дәлелдеп отыр. Жапон ғалымдарының мәлімдеуінше, сарымсақ адам миындағы қартаю процесін бәсеңдетеді, оның жасушаларын тазартып оты-ады. Құрамында өте белсенді күкірт қосындылары болғандықтан, қанға түскен соң сарымсақ мидың ең қажетті деген бөліктеріне оң әсер етеді. Яғни, сарымсақтан бөлінетін заттар есте сақтау қабілеті мен эмоцияға жауап беретін жасушаларды жақсартады. 2006 жылы француз ғалымдары сарымсақтың қасиетіне қатысты өз зерттеулерінің нә тижесін жариялаған болатын. Бұл зерттеу Франция ның солтүстік-шығысындағы әйелдер арасында жасалған көрінеді. Тәжірибе көрсеткеніндей, сарымсақты көп қолданатын әйелдер арасында кеуде ісігі дертіне шалдыққандар саны басқа сарымсақты сирек қолданатын әйелдерге қара-ғанда аз болыпты. Парсылықтар көтеуді сарымсақтың түтінімен булап емдеу әдісін қолданады. Шағындау темір құтының түбіне қатты қыздырылған кірпішті салып, одан кейін үстіне ұсақ етіп кесілген сарымсақты (болмаса түйе тікенек) салады. Сарымсақ, немесе түйе тікенек күйіп, түтіндей бастағанда сырқат құтының үстіне отырып емделеді. Бұл әдіс қажетінше қайталанады. Ежелгі римдіктер сарымсақтың қасиетін танып, оны легионерлерге күнделікті тамаққа қосып беріп отырған. Ертеде кейбір елде сарымсақты тұмар ретінде тағып, аурудан сақтанған. Сарымсақтың негізгі қасиеті оның құрамындағы эфир майы мен фитонцидте. Қолқаны қаритын эфир майы 2-3 метр аумақтағы микробтарды жойса, ондағы фитонция түрлі аурулардың таяқшасын 5 минутте өлтіреді, астың қорытылуын жақсартады. Асқазан, ішек, жүрек ауруларының да бірден-бір емі – сарымсақ. Ол қан айналымын реттейді, аурудың асқынуына жол бермейді. Шетен жидегі (рябина). Оның шырынын ұзақ мерзім ішетін болса тіпті көтеудің (геморрой) өзі ашылып, жазыла бастайды. Шетен жидегінің шырыны іш жүргізетін дәріден де жақсы әсер етеді. Оны қант қосып 2 рүмкеден күніне үш мезгіл ішкен жақсы. Қауын. Құрамында қант (негізінен сахароза), белок, клетчатка, пектин заттары, ароматтық заттар, 20 мг пайыз С дәрумені, каротин (А провитамині) минералды тұздар бар. Қауынды 6-7 ай сақтауға болады. Қауын несепті көбейтіп, оны тазарта түседі. Ірің бөлінуін тоқтатады, бүйректі қыздырып, қуық жолдарын да тазартады, бүйректегі тасты шығарады. Картоп. Оның шырынының құрамында калий, күкірт, фосфор, хлор көп. Соның нәтижесінде терідегі дақты картоп шырынын ішіп кетіруге болады. Ағзаны тазалауға таптырмайтын әдіс. Бұл әсіресе, сәбіз шырынын қосқанда айрықша пайдалы. Ол үшін 50 гр. картоп шырынын, 200 гр. сәбіз шырынымен араластырып, күніне 1-3 рет ішеді. Тек тағамға пайдаланғанда есте болатын бір жағдай, аршылмаған картопты суық суға пісіргенде 25 пайыз, нақ солай ыстық суға пісіргенде 10 пайыз, аршылған картопты суық суға пісіргенде 35 пайыз, нақ солай ыстық суға пісіргенде 25 пайыз өзіндегі аскорбин қышқылын жоғалтады. Магний тұздарының аса маңызды көздері картопта 25 пайыз. Жүгері. Дәрілік шикізат ретінде шашағы пайдалы. Оны жүгері дәні жаңадан пісіп келе жатқанда жинап алады. Көлеңкеде кептіреді. Қарайып кеткен шашақтарын алып тастайды. Шашақты жинағанда дереу кептіру қажет. Жүгері шашақтары өт пен зәр айдайды. Медицинада және малдәрігерлік саласында бауыр, өт ауруларын емдеуге пайдаланады. Ол бүйректің, жүректің дұрыс істемеуі салдарынан болатын ісікті де қайтарады. Шие. Ол – Орта Азия мен Қазақстанда, Кавказда көп өсетін көпжылдық өсімдік. Шиенің түрі өте көп. Шиенің ұсақ тамырын қазып алып, көлеңкеде кептіру керек. Сосын ұнтақтайды. Оның 200 граммын 3 литр суға қайнатып, бір күн тұндырып қойып сүзеді де, 150 грамм алма сірке суын құйып араластырады. Бұл дәрі буынға тұз тұнғанда, ревматизмге және қант диабетіне жақсы шипа. Шиенің етін кептіріп, кампот жасайды. Оны қызылшамен ауырған балаға ішкізіп, аурудың бетін тез қайтарып алады. Мұны ересек адамдар сусын орнына үнемі ішетін болса, асқазан, бауыр, ішек дерттеріне ем табады, жүрегінің жұмысы жақсарады. Сүйегінің ішіндегі дәні улы, шағып жеуге болмайды. Беке (айва). Ағашының жас жемісі, оның жапырақтарынан дайындалған тұнба қолқа астмасы ұстамасын тоқтата алады. Құрғақ жапырғының ұнтақталған 5 грамын стақандағы қатты қайнаған суға тұндырады. 1 сағат қымтап орап қояды да сүзіп алады. Бұл тұнбаны тамақтанар алдында 2 ас қасықтан 3-4 рет ішу қажет. Сары мейіз. Жүрек шаншып ауырса, сары мейізді ет тартқыштан өткізіп, балға араластырады. Оны күніне 3 рет шай қасықтан жейді. Сары мейізді (жүзімді) жиі жегеннің өзі адам бойын сергітіп, жұмыс қабілетін арттырады. Мойыл (Басқа аты шомырт). Жапырақ төгетін ағаш. Тамыз айында жемісі піседі. Жемісі сүйекті, қара домалақ. Мойылдың жемісінен қайнатпа, кампот, сусын жасайды. Қабығы, жемісі жоғары қан қысымын төмендетіп, несепті айдайды, іштің өтуін тыяды. Мүкжидек. Қиыр Шығыс пен ТМД елдерінің орталық өңірінде, ылғалды, шымтезекті, батпақты жерлерде өсіп, қыркүйек айында жемісі піседі. Күзде жиналған мүкжидектің құрамында 3,2 пайыз қант пен 3 пайыз органикалық қышқылдар, көктемгі өнімінде 4,2 пайыз қант пен 2,8 пайыз органикалық қышқылдар, 15 мг пайыз дәрумені болады. Бауыры ауыратындарға, қышқылы жоғары асқазанның қабынуында, асқазан және ішек жаралары процесінде мүкжидекті, одан жасалған тағамдарды жеу қажет. Шалғам (редис). Барлық жерде өсіріліп, тамыр-жеміс пайда болысымен жинап алады, әйтпесе ағаш тәрізді қатайып кетіп, дәмін жояды. Құрамында қант, су, азотты заттар, клечатка, 25 мг пайыз С дәрумені, өзіндік өткір иіс беріп тұратын эфир майы, фитонцидтер (микроорганизмге кері әсер ететін заттар), минералды тұздар бар. Ішек – қарын ауырғанда, бауыр, бүйрек және буын (подагра ауруымен сырқаттанатындарға шалғамды пайдалануға болады. Грек жаңғағы. 200-500 жылға дейін өмір сүреді, биіктігі 25-30 метр. Ашық және күңгірт түсті ядросын (дәнін) 12 сағаттай тұзды суға салып қойса, қауызы оңай ашылады. Сонан соң дәнін ағынды суға шайып, кептіреді. Халық медицинасында грек жаңғағының дәнінен, жапырағы мен тамыр қабықтарынан шырыны (сөлі), майы емдік- диеталық мақсатқа пайдаланылады. Рахит, сары аурумен сырқаттанған балаларды грек жаңғағының жапырақ, жаңғағының қайн-атындысымен емдесе жақсы шипа. Тұнбасына дәке шылап жараның бетіне қойып, байлауға ыңғайсыз жерлерге жағып емдейді. Асқазан, ішек ауруларын да жазады. Анар. Құрамында қант, 4-10 мг пайыз С дәрумені, танин, лимон қышқылы бар. Шырынын (құрамында танин болғандықтан) және же- місінің қабығын медицинада асқазанның жұмысы бұ-зылғанда, кепкен бұтақтары мен діңінің қабығын ішек құртына қарсы дәрі ретінде пайдаланады. Асқазаны ауыратындар, асқазан сөлінің қышқылы жоғары, гастритпен сырқаттанатындар, энтороколитпен ауырғанда анардың ащы сорттарын пайдаланбау қажет. Қарбыз. Оның асханалық сортының салмағы 16 келіге дейін жетеді. Құрамында (орташа есеппен) 89,5 пайыз су, 7 пайызға жуық (кейбір сорттарында 12 пайыз) қант кездеседі. Әбден піскен қарбыз дәмді. Оны тұздап та жейді. Қарбызды дүкеннен, базардан сатып алған жөн. Өйткені онда санитарлық бақылау жасалады. Қарбыз да адам денсаулығына пайдалы. Апелсин. Отандық сорттарының құрамында қант, 60 мг пайыз С дәрумені, каротин (А провитамині), В1, В2, Р және РР дәрумендері бар. Темекі қағазына оралған апелсинді мамыр айына дейін сақтап қоя аласың. Әсіресе, оның қабығы дәруменге өте бай. Семіздіктен емдегенде апелсин, алма, қияр күндерін тағайындайды. Себебі көкөніс пен жемістің энергиялық қуатының аздығы тамақтың күндік рационы- ның калориялығын күрт кемітеді. Осыған орай бұл күн- дер жеңілдену күндері деп аталады. Күнбағыс. Мұнан жасалған дәрілер суыққа қарсы, ыстықты түсіру, тыныштандыру, тәбет ашу үшін қолданылады. Күнбағыс тұнбасын былай жасайды: жаңадан басын үзіп, гүлі мен дәнінен ажыратады, ұнтақтан үш үлкен қасығын алып оған жарты литр арақ құяды. Күн көзінде бір ай ұстайды. Тұнбаны күніне үш рет тамақтан жарты сағат бұрын 20 тамшыдан ішкен дұрыс. Ауырған адамның ыстығын түсіруге бір ас қасық ұнтақталған жапырағына қайнаған су құйып, баяу отта 10 минуттай ұстап, тұнбаны бір сағат суытады. Күніне үш рет тамақтан жарты сағат бұрын бір стақаннан ішеді. Адамның бойында тұз жиналса, бір стақан ұнтақталған тамырға үш литр қайнаған су құйып, баяу отта 3-4 минут ұстап, бір сағат суытады. Бұл тұнбаны күніне үш рет бір стақаннан тамақтан жарты сағат бұрын ішсе, ем болады. Тек күнбағыстан жасалған осынау дәрілерді ішіп жүргенде ащы тамақтан бас тарту қажет. Тәбетті жақсарту үшін бір ас қасық ұнтақталған гүліне бір стақан қайнаған су құйып, жарты сағат тұндырады да оны күніне үш рет үш стақаннан тамақтан жарты сағат бұрын ішіп тұрады. Күнбағысты халық медицинасында мұнан басқа мынандай ауруларға, мынандай әдіспен қарсы пайдаланады:

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет