Шәкәрім шығармашылығының зерттелуі



бет1/3
Дата06.10.2023
өлшемі28,54 Kb.
#113272
  1   2   3
Байланысты:
3 лекция Шәкәрім шығармашылығы


Дәріс №3
Шәкәрім шығармашылығы

  1. Шәкәрім шығармашылығының зерттелуі

  2. Шәкәрім лирикасы. Абай дәстүрін жалғастырушы

  3. Шәкәрім дастандары мен прозалық шығармалары. Шәкәрімнің пәлсапалық, дүниетанымдық мұралары

1988 жылғы сәуір айының 14- і күні Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бюросы «Ақын Шәкәрімнің творчестволық мұрасы жөнінде» қаулы қабылдап «Шәкәрімнің әдеби творчествосы идеялық-тақырыптық мазмұнының ауқымдылығымен, әсерлі де көркемдік қуатының молдығымен ерекшеленеді. Жалпы алғанда, оның творчестволық мұрасы мол да, мағыналы және ол ХІХ және ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінен ерекше орын алады. Бұл мұра ұзақ жылдарғы "үнсіздік" пен нақақ жаладан кейін халыққа оралуға тиіс» деген шешім шығарды. (ақынға жала жабылуы, оның қазасы. Сол тұстағы қоғамдық саяси жағдайларға тоқталу)


Шәкәрім ұлы Абаймен замандас. Замандас қана емес, оның әрі інісі, әрі шәкірті болған ақын. Ол қазақ әдебиетінде Абай қалыптастырған реалистік дәстүрдің алғашқы дамытушылардың бірі болды. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын көре білуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді әшкерелеуде, халыққа жол көрсетуде ол Абай бағытын, ұлы ағартушы ақын дәстүрін ұстанды.
Абай мен Шәкәрім өмір сүрген дәуір қазақ халқы үшін аса бір күрделі кезең еді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның қоғамдық-саяси, әлеуметтік –экономикалық және рухани, мәдени өмірінде маңызды оқиғалар дүниеге келді. Бұл кезде қазақ өлкесі түгелдей патшалық ресейдің қосылып біткен болатын. Патша өкіметі осы тұста бірнеше реформаларды жүзеге асырды. Көшпелі ел тұрмысына жаңа экономикалық қатынастар кіріп, капитализмнің нышандары пайда болды. Енді мекендер көбейіп, өндіріс пен сауда-саттық ісі дамыды, егіншілік етек алды.
Міне осындай, тарихи-әлеуметтк жағдай Қазастанның рухани, мәдени өміріне де өзгеріс әкелмей қалған жоқ.Мұның бәрі қазақ халқының қоғамдық-саяси санасының, әдебиеті мен мәдениетінің өнерінің өркендеуіне ғылымның туып, қалыптасуына себепкер болды.
Шәкәрімнің шығармашылық сапарының бастау алуы, міне осы кезеңге тұспа-тұс келді.
Шәкерімнен қалған мұра жанрлық, тақырыптық жағынан сан қырлы.
1917 жылғы ақпан төңкерісінің жеңісі Шәкәрімнің өміріне ерекше леп әкелді.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет