Сынып жетекшілерге арналған семинар
Тақырыбы: Ұлттық құндылық – тәрбие көзі.
Мақсаты: ұлттық құндылықтардың мән-мағынасын ұғындыру
Тәуелсіз Қазақстан Ресрубликасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағыдайлар жасау» екендігі атап көрсетілген.
Қазіргі мектептегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін оқу-тәрбие үлгілерін іздестіруге және оларды қолдануға бағытталған. Оқытуды ізгілендіруге сүйене отырып, оны жеке тұлғаға бағдарлауды, жеке тұлғаның дамуы мен тиянақтануының үрдісі мен нәтижесін қамтамасыз етуді қарастырады. Осы тұрғыдан алғанда оқушыларда ұлттық құндылық бағдар қалыптастыру жұмыстарының маңызы ерекше.
Мектеп жасындағы оқушы үшін оқу әрекеті жетекші рөл атқаратындықтан, сабақ мазмұнындағы оқушыларға берілетін құндылық бағдардың әсері мол.
Әлеуметтік мәні зор ұлттық құндылықтардың мән-мағынасын ұғындыру, оны баланың санасына, сезіміне, мінез-құлқына әсер ететіндей дәрежеде жеткізу мұғалімнен шеберлікті талап етеді.
Жеке тұлғаның құндылық түсініктеріне әсер ете оқыту оның ең алдымен, әдептілігіне баса назар аударуды қажет етеді. Өйткені ол – халқымыздың ұлттық психологиясының өзегі, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі, барлық кісілік қасиеттерінің жиынтығы.
Қазіргі уақытта бізге жетіспей жатқаны өзіміздің қазақи өмір тіршілігіміз бен шығыстық дүниетанымдағы ұлттық мектебімізді құру. Тәрбие мектебі болып табылатын қазақтың мақал-мәтелдері мен аңыз-әңгімелері дүниежүзілік тәжірибеде батыстық ұғымдармен сәйкес келе бермейтіні анық.. Қазақи дүниетанымның өзегі –адамшылық. Қазақ: «Жаным-арымның садағасы», «Дүние- қолдың кірі», «Туған елім болмаса, тумай-ақ қойсын Күн мен Ай», «Кісі елінде сұлтан, болғанша, өз елінде ұлтан бол »,-деп, еліне деген іңкәрлік сезімін қалыптастырады. Халықтық тәрбие өз дәстүрін дінмен бекіте отырып, адам қалыптастырудың қайталанбас мектебін жасаған.
Ұлттық мәдениет шәкіртті адамгершілікке, парасаттылыққа, жақсы қасиеттерге тәрбиелейді. Жұмысты ұйымдастыра білу мәдениетіне дейін бәрі құнды. Нағыз азамат би билеу, ән айту, сөйлеу, жазу, білім жинау, киіну, тамақтану мәдениеті, қарым-қатынас, тіл мәдениеті тағы басқа мәдениеттерден хабардар болып, білмегнін меңгеруі және осылардың бәрі ең алдымен ұлттық мәдениетті игеруден басталатынын білуі қажет. Қазақстанның дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениеті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару-қоғам, ұстаздар мен ата-аналар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті, сондықтан қазақ халқының ұлттық мәдени қайта өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақты халық дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің маңызы зор.
Сондықтан ұлттық құндылықтарды тәлім-тәрбиенің түп қазығына айналдыру маңызды іс. Әр халық өзінің жас ұрпағын қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін, ержүрек, ар-ожданы мол болып өссе дейді және бұл мәселені өзінің тұрмыс-салтына байланысты шешіп те келеді. Қазақ халқының ұлы педагогы, этногроф, жазушысы Ы.Алтынсарин өзінің әдеби және педагогикалық еңбектерінде қазақтың фольклорын өте тиімді пайдалана білген. Мәселен, «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» атты әңгімесі арқылы еңбек етудің маңызы мен, өз уақытын зая кетірмеудің мәнін түсіндіреді. Ы.Алтынсариннің ұлағатты сөздері, педагогикалық мұралары халық педагогикасында үлкен орын алады. Оларды қазіргі қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрінің қайта жаңарту кезеңінде кең мағынада насихаттау арқылы әрбір мұғалім, әрбір сынып жетекшісі бала бойына тәрбиенің ұрығын егеді деп білемін.
Қазақ мәдениеті – ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып қалыптасады. Ұлттық тәрбие сол ұлттың мәдениетін дамытудың қозғаушы күші болып табылады.
Сонымен, ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданбалы көрністері: діни уағыздар, сенімдер, ырымдар, тиымдар, жөн-жоралғылар, рәсімдер, кісілік рәсімдер арқылы іске асырылады. әрбір жеке тұлғаның ұлттық қасиеттері (имандылығы, кішіпейілдігі, сыпайылығы, мәдениеттілігі, сыйласымдылығы, салауаттылығы, тіршілікке бейімділігі, өнерпаздығы, шешендігі, ақынжандылығы, т.б.) ұлттық тәрбиеге байланысты дамиды.
Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің дүниетанымдық, кәсіптік деңгейін ұлттық мәдениетпен ұштастыра білуі керек. Білімді болғанымен, ұлттық мәдениетті бойына сіңіре білмеген болса, ондай адам ұлт алдында мәңгүрт, мәдениетсіз болып көрінеді де, халықтың наразылығына ұшырайды.
Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, өнер-білімді игеруі өскен ортаға, тәрбиеге ғана емес, үлгі-өнеге берер ұстазға, отбасындағы тәрбиеге де байланысты. Әрбір халықтың өсіп-өркендеуі үшін әлеумет ортада қалыптасқан рухани, мәдени, саяси құндылықтарды сақтап, дамытып отыруы қажет. Олай болмаса, халықтың біртұтас дүниетанымы ыдырай бастайды. Әртүрлі бағыттағы реакциялық көзқарастар қоғамда өз үстемдігін жүргізе бастауы мүмкін.
Ұлттық идеяны қазіргі Қазақстанда бір ғана ұлттың мүддесінен туындатып жүргізу – демократиялық, құқықтық қоғам құрамыз деген мақсатпен қайшылыққа келеді. Сондықтан, Қазақстан үшін қазіргі кезеңде үш саяси құндылықтың – Бірлік, Тұтастық, Тәуелсіздіктің басымдық танытқанын Елбасымыздың халыққа Жолдауынан көруге болады.
Мәселен, ресейлік ғалымдар бұл идея адамдардың, әлеуметтік топтардың арасындағы келісімдердің, биліктің әр түрлі формасының практикалық қызметіне негіз болатындай базалық қасиеті болу қажеттілігін тұжырымдайды.
Саяси құндылықтардың ішіндегі ең маңыздысы – еліміздің тәуелсіздігі. Өйткені басқа құндылықтардың бәрін біріктіруші, жүйелеуші орталық, өзек сияқты құбылыс. Сондықтан Қазақстан азаматтарының бәріне ортақ құндылық рухани, мәдени, саяси, әлеуметтік, экономикалық тәуелсіздікті нығайту басымдылық танытады.
Ұлттық тәрбие өркениеттік құндылық ретінде қарастырылып, өтпелі қоғамда трансформациялық процесстегі өркениеттегі құбылыс сияқты өте күрделі категорияның ауқымын, даму тенденциясын анықтайды; ұлттық тәрбие, оның өркениеттік мәні жөніндегі мәселені ашуда мәдениет пен өркениеттің арақатынасын айқындау мақсатында маңызды зерттеулерге арқау болуы;
Ұлттық тәрбие, оның өркениеттік мәні жөніндегі мәселені ашуда мәдениет пен өркениеттің арақатынасын айқындау мақсатында зерттеулерге арқау болуы; әлемдік дамуда өркениетті құндылықтарды ұстану көкейтесті мәселеге айналып, дүниежүзін екіге бөлген қос жүйе текетіресінің ақырынан кейінгі ТМД да қалыптасқан әлеуметтік мәдени ахуалдың шиеленіскен тұсында ұлттық дамудың ағымы мен динамикасын анықтауда гуманитарлық ғылымдар жүйесінде мәдениеттанудың маңыздылығын еселей түсуі; Ұлттық тәрбиенің өркениеттік құндылық ретіндегі тенденциясын анықтау – мәдениеттанулық мәселе екендігі; Ұлттық тәрбиенің адамгершілік ұстанымдары өркениеттік құндылық ретінде қалыптасуында халықтың рухани мұрасын, оның ішінде өміршең тәлім-тәрбиенің озық үлгілерінің бүгінгі қоғамдық сұранысқа сай қолданылуы; ұлттық тәрбиенің өркениеттік құндылық ретінде қаралуы адамдар арасындағы мынадай құндылықтардың:
әлеуметтік теңдік пен әділдікке негізделген деп қабылданып келген кеңес дәуіріндегі құндылықтардың;
- ұлттық құндылықтардың;
- батыстан енген құндылықтардың ара-салмағының қай дәрежеде екендігін саралауға негіз болуы;
- Ұлттық тәрбие арқылы қазақ халқының мәдениеті – оның ұлттық тарихының өнімді өзегі, құрамдас бөлігі, маңызды саласы екеніне айрықша көңіл аударуы;
- Ұлттық тәрбиенің мәдени феномен ретіндегі негізгі міндеттерінің бірі – үшінші мыңжылдықтың буырқаныстарына жауап беретіндей стратегиялық темірқазығы – Шығыс пен Батыстың дүниетанымдық типтерін оңтайлы синтездеуде ұлттық құндылықтардың орны мен мазмұнына, мәніне баса назар аударып, оның орны мен маңызын ашып көрсетуге негіз болуы;
- Қазақтың ұлттық тәрбиесін сипаттайтын ұғымдардың мәні ғылыми әлемде қалыптасқан теориялық түсініктермен байланыста ашылып, этнотәрбиенің білімдік ерекшеліктерін анықтауы;
- Қилы-қилы тарихи жағыдайда (көшпенділіктің жалпы дағдарысы, отаршылдықтың әсері, тоталитарлық жүйенің ықпалы, қазіргі вестерннің тегеуріні) қалыптасқан ұлттық тәрбие феноменіне ғылыми талдау жасауы;
- ХХ ғасырда бірнеше түбегейлі өзгерістерді бастан кешірген, айтулы дәрежеде трансформацияға ұшыраған ұлттық тәрбиенің төлтумалылығының сақталуы мен оған батыстың тәрбие үрдісінің ықпал ету деңгейін анықтауы;
- Дәстүрлі құндылықтар мен жаңа нарықтық құндылықтардың қақтығысы барысында қалыптасқан қазіргі ұлттық тәрбие процессіндегі қайшылықтардың себеп-салдарын теориялық мәдениеттанулық тұрғыдан пайымдауы;
- Ұлттық тәрбиенің өркениеттік құндылықтарды қалыптастырудағы рөлін ашып көрсетуі.
Адам қолымен жасалған әлем шексіз мүмкіндіктер мен өзара байланыстылық дәуіріне қадам басты. әрбір адам мен әрбір халықтың өзбетінше дербес өмір сүруге, дамуға деген ұмтылысы күшейіп отыр. Адамзаттың мәдениет пен діндердің бейбіт сұхбаты болмаған жағыдайда қандай да бір қауіпсіздік туралы сөз қозғаудың мүмкін еместігіне көзі жетті.
Сондай-ақ, әрбір халықтың өзінің тарихи, рухани және мәдени төлтума қасиеттеріне бойлауы арта түсуде. Бірақ осындай ұмтылыстар басқа халықтардың мүдделеріне нұқсан келтірмеуі тиіс. Сондықтан Қазақстанның өркениет өріне бастар бағыты – адамгершілік-ізгілік қасиеттерге негізделген ұлттық тәрбиеге табан тірейді.
Ұлттық тәрбие мақсаты – ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық болып табылатын құндылықтардың үйлесімді дамып, көркейіп, жалпыадамзаттың бүгіні мен келешегіне қызмет етуі.
Достарыңызбен бөлісу: |