Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы



бет1/3
Дата07.05.2023
өлшемі20,39 Kb.
#90856
  1   2   3
Байланысты:
Дәріс 1


Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы

  1. Адамның шығу тегі териясы

  2. Қазақстан аумағы – адамзаттың қалыптасу ошағы.

  3. Қазақ халқының глоттогенез мәселесі.

«Тарих» сөзі араб тілінен аударғанда «оқиғалар туралы әңгіме» деген мағынаны білдіреді.


Адамдардың басынан өткен жағдайларын жүйелі түрде баяндайтын ғылым – тарих ғылымы.
Қазақ халқының, Қазақстан аумағының тарихын баяндайтын ғылым – Қазақстан тарихы. Ежелгі адамзаттың тарихын зерттеуге, оны кезеңдерге бөлуге археология ғылымы зор үлесін қосты.
Археология – адамдардың өмірі мен тіршілігі туралы заттай деректерге сүйеніп зерттейтін тарихи ғылым саласы.
Археология ғылымы мен археологтар еңбек құралдары, жасалған заттардың ерекшеліктеріне қарай адамзат дамуын төмендегідей дәуірлерге бөлді.
- Тас дәуірі
- Қола дәуірі
- Темір дәуірі
Алғашқы қауымдық құрылыста алғашқы адамдардың өмір сүру деңгейі, адамның пайда болуы, шығу тегі, алғашқы пайда болған жері туралы мәселелерді археология, антропогенез және антропология ғылым салалары зерттейді.
Антропология – адамдардың шығу тегін, дамуын зерттейтін ғылым. Антропология ғылымы адамның бет пішінін, түр-түсі, бойы, сыртқы биологиялық қасиеттерін зерттейді.
Антропогенез (грек. anthropos – адам, genesіs – шығу тегі) – антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биол. түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы. 
Осы ғылым салаларының зерттеулері бойынша адамның шығу тегі териясын және алғашқы адам түрлері, алғашқы жерлері бойынша негізгілеріне тоқталып кетсек.
Қазіргі ғылыми ортада адамның пайда болуы жөнінде негізгі
үш көзқарас (теория) бар
1. «Жаратушылық» немесе «Теологиялық» теория. Адамды құдай жаратқан. Діндердегі қасиетті кітаптарға сүйенеді.
2. «Сыртқы себептердің ықпалы туралы теория». Әлемдік гуманоидтер жөніндегі пікірлер. Адамбаласы жер бетіне басқа планетадан келген.
3. «Эволюциялық теория»
Ұзақ және біртіндеп дамудың нәтижесінде пайда болды. Ч. Дарвиннің іліміне негізделіп құрылған бұл теория ғылымда кеңінен қолданылады. Тарихтың ерте кезеңдерін, адамның шығу тегін, дамуын осы теорияның зерттеулерімен жүзеге асырылуда.
Чарлз Дарвиннің эволюциялық білім жүйесі бойынша адам тегі адам тәріздес маймылдан пайда болған, яғни адам баласы биол. жағынан бір түрге жатады деп дәлелденді. Бұл ілім адам эволюциясын үлкен үш дәуірге бөледі:
1. Ең алғашқы адам тегінің өкілдері болып адам тәрізді маймылдар (антропоидтер) саналады. Олар негізінде екі аяқпен жүріп, қимыл жасаған. Дайын табиғи тастарды, таяқты және жануарлар сүйегін сол күйінде қол қаруы ретінде пайдаланған. Бұларды ғылымда жоғары сатыға дейін жетілген екі аяқты приматтар деп атайды. Өмір сүрген кезеңі бұдан 2–3 млн. жыл бұрын;
2. Эволюция даму жолдарымен жетілгендер қатарына архантроп пен палеоантроптар жатады. Олар қолдан құрал-саймандар жасай білген және қауымдасу түрі біршама жүйеленген. Тіршілік еткен уақыты бұдан 1 млн. жыл бұрын;
3. Ең соңғы эволюция дәуірде бүгінгі адамдардың түрі – неантроптар қалыптасқан. Бұлар соңғы палеолит дәуірінде, яғни 40–50 мың жыл бұрын өмір сүрген. Ең алғашқы приматтар өкіліне австралопитектер жатады. Олардың сүйектерінің көп табылған жерлері Оңтүстік және Шығыс Африканың ашық қыраттары. Бұлардың тік жүргендігі, тастан қарапайым құралдар жасап пайдаланғандығы анықталды. Маңдай бітісі, саусақтарындағы буын сүйектерінің саны, қолқа доғасынан шығатын артерияның тарамдалу тәртібі, өкпесінің үлестерге бөлінуі адамға ұқсас. Бірақ мұның бәрі тікелей емес, қарапайым ғана ұқсастықтар. Сондықтан қазіргі маймылдардың бір де бірі адам тегі болып есептелмейді.
«Епті адам».
Ғалымдар алғашқы адамды «епті адам» деп атайды. Африканың Кения жеріндегі Олдувай шатқалынан таабылған. 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген.
«Тік жүретін адам».
Питекантроп пен синантропты «тік жүретін адам» деп атайды. Питекантроптың қаңқасы Ява аралдарынан 1891 жылы табылған. 1 млн жыл бұрын өмір сүрген. Синантроп Солтүстік Қытайдан табылған. «Қытай адамы» деген ат берілген. 500-200 мың жыл бұрын өмір сүрген.
«Неандерталь адамы».
Германиядан табылған. 100-35 мың жыл бұрын өмір сүрген. Сөйлеу қабілеті толық қалыптасаған. Неандерталь баласы Өзбекстаннан да табылған.
«Саналы адам».
Қазіргі адамға адам. Б.з.б. 40-50 мың жыл бұрын «епті адам» «саналы адамға» айналды. Франциядағы Кроманьон үңгірінен табылғандықтан кроманьондық деп атайды. «Саналы адам» анық сөйлейді, тік жүруді, еңбек арқылы жетілді. Миы «епті адамнан» екі есе үлкен болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет