Адсорбция Орындаған: Н. Ақжүніс, М. Айбек, Қ. Әлішер, К. Камилла

бет1/4
Дата21.04.2023
өлшемі68,62 Kb.
#85277
түріҚұрамы
  1   2   3   4

Адсорбция

Орындаған: Н. Ақжүніс, М. Айбек, Қ. Әлішер, К.Камилла

Адсорбция үдерісі

 Адсорбция – қатты заттың (адсорбенттің) бетінде бір немесе бірнеше газ және сұйықтық компоненттерінің талғампаз сіңірілу процесі.

Тұтас фаза (газ, сұйықтық) құрамындағы сіңірілетін компонент адсорбтив, ал адсорбент құрамындағы адсорбат деп аталады.

Басқа диффузиялық процестерден адсорбция процесінің ерекшелігі, ол қатты кеуек дене (сорбент) бетінде қанықпаған беттік күштердің адсорбцияланатын молекулалардың күш өрістерімен әсерлесуі нәтижесінде жүреді. Беттік күштердің әлсіреуі нәтижесінде адсорбция процесі жүйенің энтропиясы мен бос энергиясын төмендетеді. Сондықтан адсорбция процесінде энергия бөлінеді. Бөлінетін жылудың шамасы бетпен адсорбцияланатын молекулалардың әсерлесуіне тәуелді болады. Осы себепті адсорбция процесі физикалық және химиялық болып жіктеледі.

Физикалық адсорбция Ван-дер-вальс күштеріне негізделеді. Физикалық адсорбция – қайтымды процесс. Бұл процесте бөлінетін жылу мөлшері булану жылуына сәйкес келеді. Жылу мөлшері жай молекулалар үшін 1-5 ккал/моль, ал үлкен молекулалар үшін 10-20 ккал/моль құрайды. Химиялық адсорбцияда сорбент бетінде химиялық әсерлесулер жүреді. Бөлінетін жылу мөлшері химиялық реакция жылуына шамалас (10-100 ккал/моль) болады. Химиялық адсорбция температура жоғарылаған сайын артады. Керісінше температураны жоғарылатқанда физикалық адсорбция кеміп, десорбция процесі артады. Химиялық адсорбция қайтымсыз. Адсорбция – талғампаз процесс.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет