Қоректену- барлық тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі. Қоректену арқылы тірі ағзалар өседі, дамиды және қалыпты тіршілік әрекетін жалғастырады. Ағзаға қажетті тағамдық заттар күнделікті пайдаланылатын тағамнан алынады



Дата03.12.2023
өлшемі90,49 Kb.
#133504

«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ



NSEO «KAZAKH-RUSSIAN MEDICAL UNIVERSITY»






БОӨЖ-13
Ас қорыту жұмысын зерттеу әдістері
Орындаған: Ахметбаев Куаныш
Факультет: Стоматология 207А

Қоректену– барлық тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі. Қоректену арқылы тірі ағзалар өседі, дамиды және қалыпты тіршілік әрекетін жалғастырады. Ағзаға қажетті тағамдық заттар күнделікті пайдаланылатын тағамнан алынады. Ағза қабылдаған тағам алдымен түрлі өзгерістерге ұшырап, күрделі өңдеуден өтеді. Өңделген тағамдық заттар қан және лимфа арқылы жасушаларға, ұлпаларға таралып, қалдық заттар сыртқа шығарылады. Тағамның құрамындағы органикалық заттар ыдыраған кезде энергия бөлінеді. Бұл энергия жеке мүшелердің және жалпы ағзаның қызметі үшін жұмсалады. Тағам – ағза үшін энергия көзі және құрылыс материалы.
Асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері қосылып асқорыту жуйесін құрайды.Асқорыту мушелеріне ауызқуысы,жұтқыншақ,өңеш,қарын,ашішек және тоқ ішек жатады.Асқорыту мүшелерінің іші қуыс,түтікке ұксас. Астың өңделуі ауыз қуысынан басталады. Жұтқыншақ - түтік пішінді қуыс, бұлшықетті мүше, көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады. Жұтқыншақ мойын омыртқалардың алдыңғы жағында орналасқан. Өңеш — ұзындығы 25 сантиметрдей іші қуыс бұлшықетті мүше. Оның жоғарғы бөлімі жұтқыншақпен, төменгі бөлімі қарынмен жалғасады. Қарын — құрсақ қуысының жоғары бөлімінің сол жағында, көкеттің астында орналасқан асқорыту жолының кеңейген мүшесі. Аш ішек - қарын мен тоқ ішекті жалғастыратын түтік пішінді бұлшықетті мүше. Тоқ ішектің ұзындығы 1,5-2 метрдей, аш ішектен екі еседей жуан. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері бүйен деп аталады.
Ауызқуысына түскен тағам шайналып ұсақталып, сілекеймен шыланады. Сілекей тағамның бөлшектерін жібітіп, оңай жұтылатын түйіртпектерге айналдырады. Сілекейдің құрамындағы ферменті тек сілтілі ортада көмірсуларға әсер етіп, тағам химиялық өзгерістерге ұшырайды. Ауыз қуысындағы тағам тіл мен жұтқыншақтаң жиырылуы арқылы жұтылады. Тамақ жұтылған соң алдымен жұтқыншаққа, одан өңеш арқылы асқазанға өтеді. Жұту кезінде көмекей қақпағы жабылады. Ересек адамның асқазанының сыйымдылығы 1,5-2 литр. Асқазанның пішіні мен мөлшері астың түсуіне байланысты үнемі өзгеріптұрады. Асқорытумүшелері мен асқорыту бездері қосылып асқорыту жүйесін құрайды. Асқорыту жүйесіндетағам әр түрлі механикалық және химиялық өзгерістерге ұшырайды. Тағам құрамындағы белок, майлар, көмірсулар суда ерімейді. Сондықтан олар қан мен лимфаға өте алмайды. Асқорыту мүшелерінде тағамның шайналып ұсақталуымеханикалық өңдеу делінеді. Асқорыту бездеріненбөлінгенсөлдіңәсеріненыдырауыхимиялықөзгерістергежатады. Асқорыту мүшелеріне – ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңец, асқазан, аш ішек және тоқ ішек жатады. Асқорыту мүшелерінің іші қуыс, түтікке ұқсас.


1


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет