ОРГАНИКАЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАРДЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Химиялық трансформациялардың табиғаты бойынша жіктелуі
Орынбасу реакциясы
Орын басу реакциясы дегеніміз (S) молекула құрамындағы атомдық топтардың басқа молекула құрамындағы атомдық топтармен алмасуы.
R-СН3 + С12 → R-СН2С1 + НСІ — хлорлау реакциясы
R-СН2СІ + AgNO3 → R-СН2NO2 + AgСІ↓-нитрлеу
Қосылу реакциясы
Қосылу реакциясы дегеніміз (А) қанықпаған молекуладағы π-байланысы үзіліп, екі атом немесе екі атом тобының қосылуы. Байланыстың үзілуі гомолитикалық та, гетеролитикалықта жолмен жүруі мүмкін, демек қосылу реакциялары әрі радикалдық, әрі иондық сипатта болады.
СН2= СН2 + Н2 →СН3 - СН3 гидрогендеу реакциясы
R-CH=CH2 + HBr → R-СHBr-CH3 гидрогалогендеу
Гидраттау, галогендеу реакциялары
Полимерлену - төмен молекулалы қосылысты бірнеше рет қосу арқылы жоғары молекулалық қосылыстың түзілуі,
Айырылу реакциясы
Айырылу реакциясы дегеніміз (Е элиминирование) молекула кұрамынан жай не күрделі заттың бөлініп шығуы. Бұл реакциялар көбінесе гетеролитикалық жолмен жүреді. Дегидрогалогендеу, дегидрогендеу, дегидратттау реакциялары жатады.
Тотығу-тотықсыздану
Қарастырылған үш типтен басқа органикалық химияда тотығу, тотықсыздану және қайта тотықтану реакциялары жүреді. Тотығу молекуланың тікелей отегімен әрекеттесуі, немесетотықтырғыш әсерінен сутегін жоғалту.
Тотықсыздану молекуланың сутекті қосып алуы немесе оттегіні беліп шығаруы.
R – CHO + H2 → R-CH2OH
R-CH2NO2 + 3H2 → R-CH2NH2 + 2H2O
Тотықтырғыш реагенттің әсерінен электрондардың донорлығы есебінен органикалық атомдағы, молекуладағы немесе иондағы көміртектің тотығу дәрежесінің жоғарылауы жүреді, нәтижесінде жаңа қосылыс пайда болады:
Қайта топтану реакциясы- изомерлену
Қайта топтану реакцияларына барлық изомерлену реакциялары жатады. Молекуланың құрам бөліктерінің байланысу тәртібіңің езгеруіне немесе олардың кеңістікте орналасутәртібінің өзгеруінен болатын реакциялар, реакцияға түскен зат пен реакциядан шыққан зат құрамы бірдей болады.
СН3- СН2-СН=СН2 ↔ СН3-СН=СН-СН3
Бутен-1 Бутен-2
Кейде бір изомердің екіншіге айналуы тек бір атомның орнын ауыстыру арқылы болады, мұндай құбылысты таутомерия деп атайды.
Поликонденсациялау реакциясы
Поликонденсация дегеніміз - құрамында төмен молекулалық қосылыс бөлініп, функционалды топтары бар мономерлерден полимер молекуласының түзілуі. Мономерге ұқсас құрамы бар полимердің түзілуіне әкелетін полимерлеу реакциясынан айырмашылығы, поликонденсация реакцияларының нәтижесінде түзілген полимердің құрамы оның мономерінен ерекшеленеді:
Ыдырау реакциялары
Бұл күрделі органикалық қосылысты онша күрделі емес немесе қарапайым заттарға бөлу процесі:
С18H38 → С9H18 + С9H20
ХИМИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАРНЫҢ МЕХАНИЗМІ БОЙЫНША ЖІКТЕЛУІ
Органикалық қосылыстардағы ковалентті байланыстардың үзілуімен жүретін реакциялар екі механизмнің көмегімен жүзеге асады (яғни, ескі байланыстың үзілуіне және жаңасының пайда болуына апаратын жол) - гетеролитикалық (иондық) және гомолитикалық (радикалды).
Гетеролитикалық (иондық) механизм
Гетеролитикалық механизмге сәйкес жүретін реакцияларда зарядталған көміртек атомымен иондық типтегі аралық бөлшектер түзіледі. Оң зарядты бөлшектер карбокатион деп аталады, ал теріс бөлшектер карбанион деп аталады. Бұл жағдайда қарапайым электронды жұптың бұзылуы емес, оның ион түзілуімен атомдардың біріне ауысуы жүреді:
Күшті полярлы, мысалы, H - O, C - O және оңай поляризацияланатын, мысалы, C - Br, C - I байланыстары гетеролитикалық бөлінуге бейімділік көрсетеді.
Гетеролитикалық механизмге сәйкес жүретін реакциялар нуклеофильді және электрофильді реакцияларға бөлінеді. Байланысты қалыптастыру үшін электрон жұбы бар реактив нуклеофильді немесе электронды донор деп аталады Мысалы: HO—,RO—, Cl—, RCOO—, CN—, R—, NH2, H2O, NH3, C2H5OH, алкендер, арендер
Толтырылмаған электрон қабығы бар және жаңа байланыс түзу кезінде жұп электронды қосуға қабілетті реагент.Электрофильді реагенттер келесі катиондар немесе молекулалар жатады: Н+, R3C+, AlCl3, ZnCl2, SO3, BF3, R-Cl, R2C=O
Гомолитикалық (радикалды) механизм.
Гомолитикалық (радикалды) механизмге сәйкес жүретін реакцияларда бірінші сатыда радикалдардың түзілуімен ковалентті байланыс үзіледі. Сонымен, қалыптасқан еркін радикал шабуылдаушы реагент рөлін атқарады.Байланыстың радикалды механизммен үзілуі полярлы емес немесе төмен полярлы ковалентті байланыстарға тән (C - C, N - N, C - H).
Радикалды орынбасу реакциясы (алкандарға тән)
Радикалды қосылу реакциясы (алкендер мен алкиндерге тән)
Достарыңызбен бөлісу: |