Ағылшын тілінің Қазақстанға әсері Абстракт



Дата12.04.2022
өлшемі16,83 Kb.
#30695
Байланысты:
Ағылшын тілінің Қазақстанға әсері


Ағылшын тілінің Қазақстанға әсері

Абстракт: Ұсынылған тақырып бойынша зерттеу кезінде бірнеше ақпараттық құралдар мен порталдарда жарияланған мақалаларға сүйенгенді жөн көрдім. bilim-all.kz және baribar.kz сынды ақпарат құралдарында жарияланған материалдарды талдай отыра, ағылшын тілінің қазақ жастары үшін маңыздылығыны, Қазақстанға деген әсерін көрсетпек болдым. Сонымен қатар, жастардың сүйікті сайтына айналған massaget.kz сайтына жарияланған «Ағылшын тілін үйренуге 10 себеп» атты материалындағы мәселелерді де қарастыруды ұйғардым.

Кілттік сөздер: ағылшын тілі, аударма, «Болашақ» бағдарламасы, Үнді-еуропа тілдері, білім беру бағдарламасы, жоғарғы оқу орындары, бәсекеге қабілетті мемлекет.

Кіріспе: Ағылшын тілінің Қазақстанға әсері жайлы сөз етпес бұрын, ағылшын тілі жайлы қызықты ақпараттар талдап кетсек. Ағылшын тілі қандай тіл? Ағылшын тілі – Үнді-еуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын көнеден қалыптасып келе жатқан тіл. Бүгінде ағылшын тілі қолданыс аясы бойынша қытай тілінен кейін екінші орында тұрғаны белгілі. Ағылшын тілі халықаралық қатынастарды тиімді жүргізуге арналған тіл деп айтсақ та болады. Онымен қоса, ағылшын тілі Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия сынды алпауыт елдердің ана тілі болып саналады және көптеген мемлекеттердің ресми тілі. Сондықтан да, ағылшын тілінің мәртебесі биік деп айтсақ қателеспейміз. Ағылшын тілі – БҰҰ-ның алты тілінің бірі. Бүгінде әлемнің 400 милионнан астам халқы ағылшын тілінде сөйлейді. [https://engime.org/azastandafi-afilshin-tili.html]

Қазақстанда ағылшын тілі өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап оқытыла бастады. Ең алғашқы тіл мамандары Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар университетінен түлеп шықты. Одан кейінгі жылдары ағылшын тілі барлық мектептер мен жоғарғы оқу орындарының оқыту бағдарламасына енгізілді. Не себепті ағылшын тілі қазақ елін де жаулап алды деген ойға келетін шығарсыз? Ағылшын тілі – техниканың тілі. Күнделікті пайдаланып жүрген заттарымыздың өзінде нұсқаулықтар ағылшын тілінде жазылады. Бұл не деген сөз? АҚШ, Ұлыбритания сынды алпауыт мемлекеттердің медицинасы, экономикасы, өнеркәсібі,білім жүйесі, т.б. салалары дамуының нәтижесінде, тіл қоса дамыды. Алайда айтарым – қазаққа ағылшын тілі қажет емес деген түсінік емес. Ағылшын тілін меңгеру арқылы сол технологияны меңгеріп, өз тәжірибемізде қолданып, одан әрі жетілдіруімізге әсте болады. Ағылшын тілін білу арқылы ескінің кемшіліктерін біліп, жаңаның жақсы әдістерін біліп, білімізді шыңдаймыз. Ағылшын тілі білімнің де тілі екенін ұмытпау керек. Қазақ халқында мынадай аталы сөз бар: «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл», - деген. Бастысы – өз тіліңді қадірлеп, бағалай білсең болғаны. Әл Фараби бабамыздың өзіжетпіс тіл білген екен. Сондықтан, тіл білудің жамандығы жоқ. [https://bilim-all.kz/article/5514-Agylshyn-tilinin-manyzdylygy]



Әдебиетке шолу: Кіріспеде айтылған ойымды дамыта отыра, ағылшын тіліннің Қазақстанға әсері жайлы талдап көрейік. massaget.kz сайтына жарияланған «Ағылшын тілін үйренуге 10 себеп» атты материалда тілді игеру барысында қандай пайдасы барын нақты көрсетеді. Ағылшын тілін білу, біріншіден, заман талабы. Ағылшын тілін жетік білген адамның бойында білімі де мол деген сөз. Мұндай кадрлар ел үшін өте маңызды. Бұл еңбек нарығызда өз бағаңызды өсірудің бір кілті саналады. Екіншіден, жалпы адам баласы үшін тіл игерудің миға пайдасы бар. Сонымен қоса, ағылшын тілін білсеңіз, тұтас халықтың, әлемнің мәдениетін, хал-ахуалын назардан тіс қалдырмайсыз. Сондай-ақ, ағылшын тілін білсеңіз, шетелге шығудан саспайсыз. Жұмыс бабымен болсын, басқа да себеппен болсын, шетелге шықсаңыз, өзіңізді еркін сезініп, қысылмай жергілікті тұрғындармен әңгімелесе аласыз. Әлемдік әдебиет те ағылшын тілінде жазылатыны анық. Кәсіби маманның өз саласына қатысты білімін жетілдіруіне де ағылшын тілінің маңызы зор. Мысалы, ағылшын тілінде жарық көрген әдебиеттер бірінші орыс тіліне аударылады. Ал қазақ тіліне аудару барысында ағылшын тілінде жазылған, яғни, түпнұсқадан емес, орыс тіліндегі аудармадан қайта аударылады. Орыс тілінен аудару барысында, ақпарат түпнұсқадан ауытқып кетеді не болмаса сапасыз дүние болып шығуы да әбден мүмкін. Сондықтан да, аударманың жарық көруін күтіп отырғанша, түпнұсқадан қиналмай оқып ала салған артық деп санаймын. Сонымен қатар, Қазақстанда салааралық журналистика енді дамып келе жатқандықтан, белгілі бір салаларға атысты мәліметтер жеткіліксіз болады, салалық сайттар, негізінен, өте аз. Ал ағылшын тілінде ақпаратты молынан табуға болады. Демек ағылшын тілін білу арқылы сіз білім игересіз, ақпарат аласыз. Жыл сайын жастарға арналған «Болашақ» халықаралық бағдарламасы арқылы жастар шетелде білімдерін жетілдіріп келеді. Бүгінде «Болашақ» бағдарламасынан тыс өз еркіңізбен әлемнің қай нүктесіне болсын барып, біліміңізді жетілдірсеңіз болады. Ол үшін бастысы ағылшын тілін білсеңіз болды. Ағылшын тілінің Қазақстанға әсері мұнымен таусылмайды. Жастар білім игеріп, еңбектену нәтижесінде өз елін көркейтеді, шетелден алған білім елді дамуына жұмсайды. Біз жастарға мүмкіндік беріп, дұрыс бағытқа салуымыздың арқасында тұтас елдің білімін, мәдениетін, экономикасын, денсаулық сақтай жүйесін дамытып, сан қырлы салада жетістікке жете аламыз. Елбасымыз айтқандай, бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін шет тілін меңгеру басты мінедеттің бірі. Алайда өз тілімізді сақтай білейік, бағалай білейік! [https://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/8354/]

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. https://bilim-all.kz/article/5514-Agylshyn-tilinin-manyzdylygy

  2. https://engime.org/azastandafi-afilshin-tili.html

  3. https://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/8354/


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет