Білім беру бағдарламасы мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі



бет1/63
Дата02.11.2022
өлшемі0,53 Mb.
#47022
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63


«МЕКТЕПТІ БАСҚАРУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ»
ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ 
МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БІЛІМ
БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ МОНИТОРИНГІСІ


ОҚУ ҚҰРАЛЫ


Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ


Педагогикалық шеберлік орталығының

Ғылыми-әдістемелік кеңесі ұсынған

Осы оқу құралы орта білім беру ұйымдарының басшыларына арналған "Мектепті басқарудағы инновациялық менеджмент" курсы шеңберінде жасалған "Мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингі" модулінің оқу-әдістемелік кешенінің (ОӘК) бөлігі болып табылады.

Педагогикалық шеберлік орталығы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2021 ж.


Барлық құқықтар сақталады. Осы басылымды авторлық құқық иесінің жазбаша рұқсатынсыз кез-келген түрде және кез-келген құралдармен, соның ішінде, фотокөшірмемен және кез-келген электрондық нысанда толық немесе ішінара қайта шығаруға немесе беруге тыйым салынады.

МАЗМҰНЫ



Кіріспе

4

Бақылау менеджмент функциясы ретінде. Білім берудегі бақылаудың түрлері мен бағыттары.

5

Мектепішілік бақылауды жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру

15

Мектепішілік бақылау және оқыту сапасын талдау.

27

Сабақты талдау модельдері

28

Мектептің білім беру процесі сапасының мониторингісі

32

Статистикалық деректерді жинау, оларды талдау және интерпретациялау әдістері

44

Мониторинг нәтижелерін талдау негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау

57

Пайдаланылған әдебиеттер

61

Глоссарий

63


КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының білім беру саясатының қағидаттарына сәйкес білім сапасын қамтамасыз ету үшін білім беруді мемлекеттік және қоғамдық басқару жүзеге асырылады. Үлкен тәуелсіздік жағдайында, мектептің өзіне көптеген құқықтар мен өкілеттіктерді беру кезінде, демек, оның жауапкершілігін арттыру кезінде мектепішілік басқарудың бақылау-диагностикалық функциясы мұғалім мен оқушының қызметін ынталандыру үшін ерекше орын алуы тиіс. Мектептегі әкімшілік және қоғамдық бақылаудың педагогикалық процестің әрбір қатысушысының өзін-өзі талдауы, өзін-өзі бақылауы және өзін-өзі бағалауымен үйлесуі мектеп жұмысына тән тәжірибе. Өзін-өзі басқару тәсіліне көшу барысында мектептің қызметін бағалау мектептің әдеттегі жұмысы, оның кәсіби қызметінің бір бөлігі болуы қажет.


Мұғалімнің жұмысының сапасы, оқушылардың білімі, олардың тәрбиесі сапаны басқарудың кешенді мақсатты бағдарламалары негізінде педагогикалық процесті мектепішілік басқарудың тиімділігі тұрғысынан зерттеліп, бағалануы мүмкін.
"Мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі" модулінде мектептің инновациялық қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында бақылау, зерделеу, тексеру, мониторинг (қандай да бір құбылыстарды немесе объектілерді қадағалау), ақпарат жинау және өңдеу, оны талдау, жүйелеу, жүйенің жай-күйін анықтау ретінде айқындалатын мектепішілік бақылау мәселелері қарастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет