Ахантаев Буркут Каршигаевич технология пәнінің мұғалімі



Дата07.01.2022
өлшемі31,77 Kb.
#20307

Ғылыми жоба

жұмысы

Тақырыбы:

Жетекшісі:

 

Ахантаев Буркут Каршигаевич



технология пәнінің мұғалімі

Орындаған:

 Акишев Мейрамб

ек


2015-2016 оқу жылы

Жұмыстың тақырыбы:

«Ою-өрнек-өрелі өнер»

Жетекшісі:

 

Ахантаев Буркут Каршигаевич



, технология пәнінің мұғалімі

Орындаған:

 

Акишев Мейрамбек



І.  

Кіріспе


Мазмұны

ІІ.


  Пікір

ІІІ.


 Аннотация

ІV.


 Кезеңдер: 1. Қазақстанның ою-өрнек өнері. Андронов мәдениеті

                        2. Ою-өрнек түрлері.

                        3. Ою-өрнек құрлысы.

                 4. Қазақ ою-өрнектерінің мағынасы мен тәрбиелік   мәні туралы. 

                        5. Ою-өрнек зерттеушілері.

                        6. Өрнектердің түстері мен бояулары және бұйымдарды өрнектеу.

 7. Ою-өрнектердің қазіргі заман талабына сай   қолданылуы. 

                        8. Тарихтың таңбасы – ою-өрнек

 9.  Жеке шығармашылығы

V.

 Қорытынды



VІ.

 Пайданылған әдебиеттер тізімі

Аннотация

   Қазақтың сәндік – қолданбалы ою-өрнегі жайлы сөз қозғағанда, көз алдыңызға әсемдік пен сұлулық әлемі еріксіз елестейді. Оны бір қасиетті сөздер өнердің қай саласы болмасын сазгерлік, әдебиет, бейнелеу және т.б. өнердің барлық салаларына ортақ дүниелер. Қазақ халқының ежелгі замандардан-ақ қалыптасып, үнемі дамумен, жетілдірумен келе жатқан ою-өрнегі – сол сұлулық әлемінің ішіндегі ерекше бір саласы.

  Ою-өрнек – тарихы тереңде жатқан, теориясы күрделі әсемдік өнері.

 

Казахское народно 



прикладное искусство, ассоцируется с красотой нежностью, благородством казахского народа. Эти национальные качества используются в любом жанре искусства. В литературе, архитектуре, акультуре и.т.д.

Народно

-

 прикладное искусство, является одной из древнейших искусств, а также в современном мире оно постоянно обновляется и пребряжается казахский национальный орнамент 



– 

это вид искусства, корнями уходящий глубоко в историю, и имеющий сложную теорию.

 

Kazakh folk – arts and crafts



,

 is


associ

a ted with beauty

,

 generosity of the Kazakh people



.

 These national

guality

used in any genre of art in

liferature

in architecture

,

 sculpture etc



.

 Folk-


arts and crafts is

one of the oldest arts

as well as in the modern world is constantly updated and



changld

.


Зерттеу мақсаты:

Ою-өрнек өнері-қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдени шежіре. Мақсат, болашақ ұрпақтарымызға ұмыт болып бара жатқан осы өнерді таныстырып қана қоймай, оны қолөнер, сурет, сәулет өнері және өндіріс салаларына ендіре отырып, осы өнерді қайта жаңғырту, оған жаңа мазмұн беру.

Халқымыздың көркем мұрасы ою-өрнек өнерін , ғылыми тұрғыдан зерттеп, оның көне және озық үлгілерін сөрелеп шығу, тарихын, қоғамдық әлеуметтік, тәрбиелік мәнін ашу.

 

Зерттеу нысаны:



Ою-өрнек өнерді тұтыну қажеттігін, өнердің жаңа бағыттарын анықтау, жүйелеу.

Қазақ ою-өрнегінің әр түрлі тарихи кезеңдердегі композициялық ерекшеліктерін анықтап, олардың даму жолдарын зерделеп, ғылыми негіздерін жүйелеу.

Зерттеу құрылымы:

Зерттеу жұмысы кіріспеден, кезеңдерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

Зерттеудің өзектілігі:



Ұлттық ою-өрнектерді зерттей отырып, халқымыздың ою-өрнегін өшуге, жоғалуға жатпайтынын жас ұрпаққа дәріптеу.

 

Зерттеудің міндеттері:



 

-          Отаныма, өз еліме адал қызмет ету.

1)   Ою-өрнек өнерінің шығу тарихы мен сол заманғы қоғам дамуы.

2)  Ою


-

өрнек түрлері мен оның экономикасы материалдың құны.

3)  Ою-өрнекті тұтыну қажеттілігі мен орындалу техникасы.

4)  Жеке шығармашылық тұлғаның дамуы.Қолөнер шеберлерінің шығармашылығы.

5)   Өнердің жаңа бағыттарын анықтау, жүйелеу.

6)   Заман талабына сай халқымыздың ұлттық мәдениеті мен рухани мұраларын ою-өрнек өнері арқылы ұрпақ санасына сіңіру.

Жұмыстың орындалу әдістері:

Бүгінгі тақырыпқа байланысты туындап отырған мәселеге қатысты ғылыми әдістеме көздерін теория түрінде талдау.

Оқушылардың ою-өрнек өнеріне деген оқу танымдық шығармашылығын, іс әрекетін талдау.

Жұмыстың нәтижесі:

Ата-бабаларымыздың жинақтап дайындаған бай тәжірибесін қолдана отырып, ою-өрнектің технологиясын таңдап алудағы оқушының іскерлігін, шеберлігін қалыптастыру.

Өрнектелген бұйым арқылы оқушының ұлттық өнерге деген көз-қарасын, қызығушылығын дамыту.

Зерттеудің жаңалығы:

Ғасырлар бойы келе жатқан ою – өрнектерді ғылыми тұрғыда талдап, жаңа заман талабына сай өзгерістер енгізу жолдарын қарастыру.

Қазіргі заман талабына сай шеберлердің шығармасының дүниеге келуі зерттеу мен білгірлікті, еңбекқорлықты, ғылымдылықты, талант пен дарындылықты қажет ететіндігін ұғыну.

 

Даму тарихы



  

        Қазақ ою-өрнегі-ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та, ою-өрнектер өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі.

              Көне түркілердің түсінігі бойынша, құс-көктің, балық-судың, ағаш-жердің белгісі. Сол қазақ ою-өрнегінің мақұлықаты, нәубет аты, ғарыштаты, тікесызықты, нышандық, танымдық т.б сарындарының мазмұнын байыта түсті. Халқымыздың ғасырлар бойы мұра болып келе жатқан 60-қа жуық оюлардың мазмұны мен нұсқасы, атаулары жиналған. Мәліметтерге сүйенсек, шеберлер өздерінің қолөнер туындыларына табиғаттан алынған бейнені дәлме-дәл түсіруге ұмтылған. Бұйымдарда жан-жануарлардың мүйізі, дене мүшесі, тұяғы, құстың тұмсығы, түлкінің басы, бөрінің құлағы немесе иттің құйрығы т.б және өсімдіктердің түрлері кеңінен бейнеленген.

      Қазақ ою өрнегінің өзіне тән даму жолы мен тарихы бар.Ол тарих сонау көне замандардан сақ, андронов мәдениетінен басталады. Андронов мәдениеті б.з.б екі мыңжылдықтың соңғы жартысы мен бір мыңжылдықтың басында Батыс Сібір мен Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Ал б.з.б 7-10 ғасырда сақтар негізінен  Оңтүстік Шығыс және Орталық Қазақстан жерлерін мекен еткен. Сақ тайпалары туралы құнды тарихи деректер ежелгі заманғы грек және парсы тарихшыларының қол жазбаларында кездеседі. Ол жазбаларда грек тарихшылары сақтарды «азиялық скифтер» -деп, ал парсы тарихшылары «сақ»-деп атаған. Бұған елімізде ұзақ жылдар жүргізген архиологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған. Ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады.

 

Ұлттық ою-өрнек түрлері



     Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Бұл жерде 200-ге тарта түрлерімен жас ұрпақты кеңірек таныстырып және ою-өрнектердің кейбір заттық ұғымдарын еске салып, олардың кейінгі жастар үшін де түсінікті болу жағын қарастырдық.

  . . . Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа, бір шебердің ұсталық, іскерлік мәнерінен екінші біреуге үнемі ауысып отырғандықтан осы күні кейбір облыстардағы «қошқармүйіз», өрнегі бастапқы бейнесінен өзгеріп кеткен. «Ырғақ», «сағат бау», «түйетабан», «жүрекше», «қазтабан»-деп аталатын

әдемі өрнектерді кейбір облыс  шеберлерінің орындауында олқылықтар бар. Ертеден келе жатқан халықтық мұраны екшеп, тазартуды ойласақ, ең алдымен осындай бұрмалаушылықтан арылтып,оны әдемілігіне жеткізе жаңа түр, жаңа мазмұн бере дамытуымыз қажет.

    Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің негізін іздестіру ісінде Т.Қ. Бәсеновтың «Орнаменты Казахстана в архитектуре» деген кітабы көптеген құнды материалдарға толы. Автор ою-өрнек элементтерінің даму тарихын көрсете келіп, оларды түр-түрге ажыратады. Мысалы: «арқармүйіз», «қырық мүйіз», « сыңармүйіз», «қармақ», «ырғақ», «қошқармүйіз», «жапырақ», «гүл»,  т.б.

 Әрбір ою-өрнектегі атау жай ғана атау емес, сол атаулар арқылы ою – өрнектің тал бойында жасырын жатқан сырды, маңызды да мағыналы ойды алуға болады.

 

Мәселен, «орамал балдақ» - оюының атауында да мағыналы мән жатыр, «орамал» - әйелдер басына тартатын жаулық, «балдақ» - шымылдықтың бау өткізетін шығыршығы, ілгегі, яғни, орамал мен балдақ жаңа түскен келінге шымылдық тұту басына жаулық салу сияқты қазақ салтының шартты бейнесі ретінде бейнеленген.



 

«Орамал балдақ» - өрнегінің жан-жағына «тұмар», «гүл оюы», «су оюлары» салынып, аққуларға қызыл, жасыл, көк түспен тоқылады. Мұнысы – «туған жердің гүліндей жайнап, сарқырап тоқтамай, ақпай судай, мәңгілік халқыңа қызмет ет» - деп халықтың жаңа түскен келінге айтатын арман тілегі.

Ою-өрнек - өрелі өнер

Кіріспе


Шебер көп бұл заманда кілең керім,

Болмайтын ажыратып түр өңдерін.

Сүрінбей өте алар ма ғасырлардан,

Әжемнің оюындай, жыр – өрнегім...  

Ф.Оңғарсынова

                              

Қазақтың сәндік-қолданбалы ою-өрнегі жайлы сөз қозғағанда, көз алдыңызға әсемдік пен сұлулық әлемі еріксіз елестейді. Осы бір қасиетті сөздер өнердің қай саласы болмасын сазгерлік, әдебиет, бейнелеу және т.б. өнердің барлық салаларына ортақ дүниелер. Қазақ халқының ежелгі замандардан-ақ қалыптасып, үнемі сұлулық әлемінің ішіндегі ерекше бір саласы.

Ою-өрнек – тарихы тереңде жатқан, теориясы күрделі әсемдік өнері.

Ою-өрнек – ертеден келе жатқан ою-өрнектерді түрлендіру арқылы мазмұнды ою-өрнектер жасау  дәрежесіне көтеруге болады, өнер өлмейді, өнер көнермейді, өнер жеміс ағаштың бұтағындай гүлдеп, жемістене береді. Ою-өрнектермен танысып, олардың дүниетанымы, өздерін қоршаған орта және сұлулық туралы түсінігі артып, шеберлік қабілеті дамып отырады.

Ою-өрнек құрлысы

Ою-өрнектің композициясы, симетриясы, ассиметриясы, коларит, ритмі болады. Олар өзара бір-бірімен байланысты.

Композиция

- ою-өрнектің 1 заттың бетіне реттесіп орналасуы.

Симетрия


- ою-өрнектегі ойықтың бір-бірімен тең болуы. Симетрия кез

-

келген ою



-

өрнекте болады.

Коларит

- ою-өрнектегі бояу түрлерінің бір-бірімен үндесуі.

Ритм (ырғақ)

 

– ою-өрнектегі бір элементтің қайта қайталануы.



Ассиметрия

- ою-өрнектің басы мен аяғындағы өлшемнің 2 түрлі болуы.

 

 

Қазақ ою-өрнектерінің мағынасы мен тәрбиелік мәні туралы



Бұрын белгілі бір ұғымды, түсінікті білдіретін ою-өрнек таңбаларын беріп келе жатқан сәндік, салтанат белгілеріне айналады. Әйтсе де, кейбір ою-өрнек үлгілерінің бастапқы мағына ұғымы сақталып қалған. Мәселен «қошқармүйіз» оюы молшылықтың белгісі ретінде әлі де қолданылады.

Көшпелілерде өсімдік типтес ою-өрнектер аз емес өсіп өнетін табиғат дүниесін кие тұту, тәңірі тұту олардың да жоны бар деп қабылдау сенімі басым еді. Төрт жапырақтан тұратын гүл- ою- дүниенің төрт торабын кеңістің гармониясын білдіреді. Қазақтардың ұғымына түр-түстің де орны айрықша. Мысалы «көк» -аспанның, аспанға табынудың, «қызыл»-оттың, «ақ»-шындық, қуаныш, «сары»-айырылудың, «қара»-жердің, «жасыл»-көктемнің, жастықтың символы.

Гүл оюларының өзінде де халықтың дана ойы жататын мынадан көруге болады: «гүл мен гүл» түйдегінің айқас бірігіп салынуы бірлікті елдің ынтымақты болуын меңзейді.

«Су ою» да байырғы, киелі.Су ертедегі ұғымда жаратушы адамдардың бірі ауырған адамдарды сумен ұшықтайды. Көне түрік жазбаларында «от-ана» , «су-ана» деген тіркестер кездеседі.

« Тау оюы»- мәңгіліктің, күш-құдыреттің символы.

Ою – өрнек зерттеушісі

      Нұрпейісов Әбдікәрім Рахметуллаұлы, 1938ж.т. 1962 жылы Қазақтың химия – технологиялық институтын бітірген. 1973-75 жылдары мемлекетаралық келісім бойынша Оңтүстік Иемен елінде қызмет істеген.  1984-2000 жылдары халыққа қызмет көрсету салалары мен ғылыми зерттеу институттарында басшылық жұмыстарды атқарды. 60-қа жуық ғылыми зерттеу мақалалары, бірнеше авторлық куәліктері бар. Бүкілодақтық және I-халықаралық халық творчествосы фестивальдерінің лауреаты ҚР-ның I-класты шебер суретшісі. Қазақ халқының ою – өрнек өнерінің теориясы мен технологиясын  зерттеумен қатар өзі де ою – өрнек жасаумен ұзақ жылдар бойы шұғылданып келеді.

                         

Өрнектердің түстері мен бояулары

    Өрнек-әшекейлерді бояудың түсіне қарай орналастырудың зор мәні бар. Әрбір түс белгілі бір тәртіппен кезектесіп отырмаса өрнек әрсіз, нашар болып

шығады. Ретсіз орналасқан бояу түстері қандай жақсы ою болса да күңгірт, солғын түске айналдырады.

    Ою-өрнектерді әр түсті бояулармен алмастырып отырудың кейде мазмұнға байланысты логикалық ұғымы да бар. Бояу мен түстерді таңдап пайдаланудың қазақ халқының этнографикалық тарихымен де байланысты символдық мәні болған.

    Фон және суреттердің түсі жөніндегі шешімдер композициялы болып келеді. Қазақтарда қайсыбір түстің символдық мәні бар: көк түс- аспанның символы, қызыл түс-оттың, күн көзінің символы, сары түс-ақыл-парасаттың, қайғы-мұңның символы, қара түс-жер символы, жасыл түс-жастықтың, көктемнің символы. Затты осы түстердің бірімен бояғанда, оған белгілі мән беріледі. Демек, бояу мен түсті таңдап орналастыру тарихында әрбір елдің ұлттық өзіне тән талғамы мен тағлымы болған.

      Қолөнерде пайдаланылатын бояулардың негізінен үш түрі бар.

1.Осы заманғы химиялық әдістермен өндірілетін алуан түсті ұнтақ пен сұйық бояулар.

2.Табиғатта даяр күйінде кездесетін бояулар.

Бұлар топырақтан, жосадан (охра), әр түрлі минералдар мен өсімдік жемістерінен, малдың қаны мен бауырынан алынады.

3.Шеберлер өздері қолдан жасап алатын бояулар, оларға әр түрлі қоспалар қосылып пайдаланылады.

 

 

Ою – өрнектің қазіргі заман талабына сай қолданылуы



  

Қазіргі ою-өрнектегі  негізгі элемент – қошқармүйіз немесе мүйіз. Бұл өрнек ежелгі түркі тайпаларының барлығында негізгі мәнер ретінде кездеседі. Өткен ғасырда кітаптың мұқабасына, ішіне әрлеу үшін Еуропа баспагерлері өсімдік пен жеміс-жидек гүлдерінің нақты бейнесін салса, қазақ суретшілері қазіргі басылымдардың бірнеше бетіне түрлі формадағы ою-өрнек элементін бейнелейді.

Ою-өрнекті сан құбылтып, әдемі өрнек шығару, тепе-теңдікті, ырғақты және заттың мөлшерін сақтай отырып қиылған ою-өрнекті бұйымдарға талғаммен ұтымды орналастыра білу қолөнерінің шеберлерінің талғамына, ой-өрісіне, танымы мен біліктілігіне байланысты деп ойлаймын. Көнеден келе жатқан элементтер ғасырлар бойы түрленіп, оюлардың жаңа элементтері пайда болды.

Қазір бұл өнер жаңа бағытта дамып келеді. Халқымыздың қолөнер саласында жаңа мазмұндағы шығармашылық серпіліс байқалады. Мұражайлар жәдігерлерінде бейнеленген нақышты оюларды жаңа ырғақпен халыққа жеткізуге мүмкіндік туды.

Жаңа ою – өрнектерді мазмұнына қарай мынадай топтарға бөлуге болады.

1.     Мал өсіру, аңшылыққа байланысты ою-өрнектер;

2.     Табиғат көріністері;

3.     Күнделікті тұрмыста кездесетін заттардың сырт пішіні;

4.     Еліміздің рәміздері;

Бұл жаңа ою-өрнектер ежелгі ою-өрнек тобынан алшақтамай, тек кеңестік және тәуелсіздік күндерінде пайда болған еліміздің рәміздері қазақ ою-өрнегінің басты тақырыбына айналған.

Тарихтың таңбасы – ою-өрнек

   Қолөнер шеберлерін, суретшілер мен сәнгерлерді ұлттық рухта тәрбиелеуде ою-өрнектің атқаратын рөлі өте зор. Қолөнер шеберлері жасаған бұйымдарда ұлттық нақыш айқындалып тұруы тиіс. Сол ұлттық нақышты айқындап бейнелейтін өнер түрі – қазақтың ою-өрнегі.

Зерттеу барысында мен бүгінгі таңда қазақтың 230-дай оюының ежелден келе жатқан атауларын білдім. Ою-өрнектерді екі топқа бөліп қарастырамыз, бірінші ою-өрнектердің өзіне, түріне қатысты атаулар, екінші топқа ою-өрнек қолданылатын бұйымдардың атаулары жатады. Бүгінгі таңда ою-өрнектің шығармашылық маңызы артып отыр. «Ою», «өрнек» сөздері бір мағына білдіреді. Бедері түсірілген үлгіні ойып, кесіп, қиып немесе қиюластыру ою деп аталады.

  Ал киім-кешекке, бұйымдарға кестелеп бейнеленетін бедер, алаша, тұскиіз, қоржын сияқты бұйымдарға түсірілген түрлі геометриялық бедерлерді өрнек деп атайды.

  Қазақтың ою және өрнек деген сөзі бірігіп, «орнамент»  деген мағынаны білдіреді. Бұл сөздің мағынасы – сәндеу, әсемдеу.

Ою – өрнек атаулары халықтың мәдени әлеуметтік өміріне байланысты үнемі өзгеріп отырады, кейбір сөздердің ескіруіне байланысты оның атаулары да аз қолданылып, архаизм қатарына қосылады. Ол атауларды тек тарихи шығармалардан, мұражайлардан  ғана кездестіреміз. Мысалы: «Дөдеге», «Жыланбауыр», «Балташат», «Айбалта», «Бестемше» т.б. атаулары қазіргі тілдік қолданыста жоқ.

Мемлекет  рәміздерінен, сәулет өнерінен, графика өнерінің барлық саласынан, кітап пен журнал беттерінен т.б. нақышты ою-өрнектерді жиі көріп жүрміз. Еліміздің белгілі суретшісі Әбілхан Қастеев бұл өнерді кімнен, қайдан үйрендің деген сауалға:

   Таудың бұлағынан, қойдың құлағынан.

  Апамның киізінен, ешкінің мүйізінен, - деп жауап берген екен. Біз де, біздің қазіргі және болашақ ұрпағымыз да өнер атты құндылықты осылайша үйреніп, рухани қайнар ретінде сусындауымыз керек.

 

Бұйымдарды өрнектеу



1.Салынатын өрнек әрқашан бұйымның көлемі мен оның пішініне сәйкес келеді.

2. Өрнекті  композиция- негізгі бұйымның түстік фонының өрнектерге сәйкес келуі, яғни бір-бірімен жарасымдылығы.

3

. Өрнектер бір



-

бі

р



імен тепе

-

теңдікте болады.



4. Түрлі түстер арқылы өрнекті композицияның ортасы, шеті, фоны анықталады.

Халық шеберлері ою-өрнек түрлерін тұрмыс тіршілігіне, өз дәуіріндегі заман ағымына қарай лайықтап орындаған. Қазақ халқының ою-өрнек өнерінің белгілі бір дәрежеде жүйеленуіне бірқатар ғалымдар мен өнер танушылар, тарихшылар мен этнографтар атсалысқан.

  Ою – өрнек түрлі геом. пішіндерден құралып, зерлеу, дәнекерлеу, оймалау, кестелеу, құйма – жапсыру әдістері арқылы жасалады.

 


Қорытынды

 

     Қазақ ою-өрнегінің арқауы болған «мүйіз» оюы заманымызға сай түрленіп, жаңа ұғымда, жаңа мазмұнда қолдануда. Демек, ою-өрнек көнермейді, ол заман ағымына   қарай өз дәуіріне сай өзгеріп, жаңарып жаңа туынды ретінде өмір сүреді.



Ендігі менің міндетім – ұлттық дүниетаным ерекшелігін танытатын ою-өрнек өнер саласын заман талабына сай жетілдіріп, көркем рухани қазына ретінде пайдалана білу, ою-өрнек саласында одан әрі зерттеу жұмысымды жалғастыру және осы киелі өнерді әрі қарай дамыта отырып көздің қарашығындай сақтау, жандандыру.

 

« Өнер көзі – халықта» дегендей, өнер түрлері елде мол, халықпен бірге жасап келеді, және жасай береді.


Пайданылған әдебиеттер тізімі:

 

Бейнелеу өнері , Алматы  «Атамұра»



Шаңырақ

«Парасат»  №1, 1999ж

«Ұлағат»  №1,2 1999ж

«Қазақстан әйелдер» і №1. 1994ж

«Ою-өрнек»

Жексенбаева Ү.Б. Оқушылар ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. Әдістемелік құрал. «РаДиАл» 2006 ж.

Тарихи таңба – ою-өрнек. Интернет материалы.

«Мектептегі технология.» 

№4



2006



ж.

«Мектептегі технология.» №1, 2006 ж.

«Қазақ тарихы» №4 2004 ж.

Тарихтың таңбасы – ою-өрнек



сызбалары мен суреттері

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет