Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 2.12 Mb.
Pdf просмотр
бет31/36
Дата22.12.2016
өлшемі2.12 Mb.
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36

ЕРЕУІЛДЕР

 

 

11 бап. Ереуіл өткізу туралы шешім қабылдау  

1. Егер еңбек дауын бітістіру рəсімдері көмегімен шешу мүмкін 

болмаса, ереуіл өткізу туралы шешім қабылдануы мүмкін.  

2. Ереуіл өткізу туралы шешім еңбек ұжымының жиналысында 

(конференциясында)  қабылданады  жəне  егер  сол  еңбек  ұжымы 

мүшелерінің  (конференция  делегаттарының)  кемінде  үштен  екі 

бөлігі оны жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.  

3. Ереуілді еңбек ұжымы уəкілдік берген орган (ереуіл комитеті) 

басқарады.  Бірнеше  еңбек  ұжымы  бірдей  талаптармен  ереуіл 

жариялаған жағдайда оны сол ұжымдар өкілдерінің бірдей санынан 

құралатын біріккен орган басқара алады.  

4. Epeyiлгe қатысуға немесе оған қатысудан бас тартуға ешкімді 

мəжбүр етуге болмайды. 



12 бап. Ереуілдің басталатыны туралы ескерту  

1. Ереуілдің басталатыны жəне оның ықтимал ұзақтығы туралы 

уəкілетті  орган  жұмыс  берушіні  оның  жариялануына  дейін 

күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жазбаша ескертуге тиіс.  

2. Ереуіл жариялау туралы шешімде мыналар көрсетіледі:  

—  тараптардың  ереуіл  жариялауға  жəне  өткізуге  негіз  болған 

келіспеушіліктерінің тізбесі;  

— ереуілдің басталатын күні мен уақыты, орны, оның ұзақтығы 

жəне қатыcушылаpдың болжамды саны;  

—  ереуілдің  басқарушы  органның  атауы,  бітістіру  рəсімдеріне 

қатысуға уəкілдік берілген қызметкерлер өкілдерінің құрамы;  

 

—  ереуіл  өткізу  кезеңінде  aтқарылатын  жұмыстар  (қызметтер) 



минимумы бойынша ұсыныстар.  

3.  Жұмыс  беруші  өнім  жеткізушілерді,  тұтынушыларды,  көлік 

ұйымдарын,  жұмысқа  тапсырыс  берушілерді,  сондай-ақ  басқа  да 

мүдделі  тұлғаларды  ереуіл  жариялануы  ықтимал  екені  жайында 

дереу ескертуге міндетті.  

 

13 бап. Ереуілді басқарушы органның өкілеттігі  



1.  Ереуілді  басқарушы  орган  өзіне  осы  Заңмен  берілген 

құқықтар  шегінде  жəне  өзіне  еңбек  ұжымы  беретін  өкілеттік 

негізінде ic-қимыл жасайды.  

2. Ереуілді басқарушы органның; 

—  ереуіл  жасаушы  ұжым  алға  қойған  талаптарды  шешу 

мəселелері бойынша жұмыс берушімен, мемлекеттік кəсіподақ өзге 

де  заңды  жəне  лауазымды  тұлғалармен  арадағы  өзара  қарым-

қатынастарда еңбек ұжымының мүдделерін білдіруге;  

—  еңбек  ұжымының  мүдделерін  көздейтін мəселелер  бойынша 

жұмыс берушіден ақпарат алуға;  

—  еңбек  ұжымы  талаптарының  қаралу  барысын  бұқаралық 

аппарат құралдарында көрсетуге;  

—  ұжымдық  еңбек  дауын  шешу  мəселелері  бойынша  жұмыс 

берушімен келіссөз жүргізуіне;  

—  ереуіл  жасаушы  ұжымның  даулы  мəселелер  бойынша 

қорытындылар беру үшін мамандарды тартуға;  

— еңбек ұжымының келісімімен ереуілді тоқтата тұруға құқығы 

бap.  Ереуілді  қайта  бастау  үшін  дауды  бітістіру  комиссиясының, 

делдалдың немесе еңбек төрелігінің қайта қарауы талап етілмейді. 

Жұмыс  беруші  мен  еңбек  дауларын  реттеу  жөніндегі  орган 

ереуілдің  қайта  басталғандығы  жөнінде  кем  дегенде  үш  жұмыс 

күнінен кешіктірмей ескертуге тиіс.  

3.  Ереуілді  басқарушы  органның  өкілетті  ұжымдық  еңбек 

дауына қатысушы тараптар оны реттеу туралы келісімге қол қойған 

жағдайларда,  сондай-ақ  ереуіл  заңсыз  деп  танылған  жағдайда 

тоқтатылады.  

4.  Ереуілді  басқарушы  органның  өз  өкілеттігін  жүзеге  асырған 

кезде  жұмыс  берушінің  мемлекеттік  органдар  мен  қоғамдық 

бірлестіктердің  құзыретіне  жататын  шешімдерді  қабылдауға 

құқығы жоқ. 

  

14 бап. Заңсыз ереуілдер  

1. Ереуілдер:  

1)  саяси  себептер  бойынша,  соның  ішінде  конституциялық 

құрылысты  өзгертуді,  мемлекеттік  органдарды  шақыруды, 

таратуды  немесе  олардың  қызмет  тəртібін  өзгертуді,  олардың 

басшыларының  орнынан  түсуін  талап  ететін,  сондай-ақ  ұлттық 

жəне нəсілдік теңдіктің бұзылуына, елдің аумақтық тұтастығының 

өзгеруіне əкеп соғатын талаптар қойылатын болса;  



2)  осы  Заңның 2-6 баптарының  ережелері  сақталмай 

жарияланса,  осы  Заңның 11,12 жəне 16 баптарының  талаптарын 

бұза отырып бастаса немесе жалғастырылса заңсыз деп танылады.  

2.  Ереуілді  заңсыз  деп  тану  туралы  шешімді  заң  актілеріне 

сəйкес сот қабылдайды.  

3.  Сот  ереуілді  заңсыз  деп  тану  туралы  істі  жүргізуге  жұмыс 

берушінің,  жергілікті  атқарушы  органдардың  немесе  тиісті 

прокурордың талабы бойынша қабылдайды.  

4.  Сот  істі  талап  арыз  берілген  күннен  бастап  күнтізбелік  он 

күннен аспайтын мерзімде қаpayғa тиіс.  

5.  Соттың  ереуілді  заңсыз  деп  тану  туралы  шешімі  еңбек 

ұжымын  оны  өткізбеуге  немесе  тоқтатуға,  ереуілді  басқарушы 

органға  сот  шешімінің  көшірмесі  тапсырылғаннан  кейін  бip 

тəуліктен кешіктірмей жұмысқа қайта кірісуге міндеттейді.  

6.  Ереуілді  басқарушы  орган  заңдарда  белгіленген  тəртіппен 

соттың шешіміне шағым жасауға құқылы. 

  

15  бап.  Ұйымның ic-қимыл  қабілетін  қамтамасыз  ету 

жөніндегі міндеттер  

Жұмыс  беруші,  жергілікті  атқарушы  органдар,  ереуілге 

қатысушы еңбек ұжымы жəне ереуілді басқарушы орган ұйымның 

ic-қимыл  қабілетін,  оның  мүлкінің  сақталуын,  заңдылық  пен 

қоғамдық  тəртіптің  сақталуын  қамтамасыз  ету  үшін  қажетті 

шаралар қолдануға міндетті. 

  

16 бап. Ереуілдерге шек қою  

1. Ереуілдерге:  

—  олар  адамдардың  өмipi  мен  денсаулығына  нақты  қатер 

төндіретін жағдайларда;  

—  жұмысының  тоқтап  қалуы  ауыр  да  қayiптi  зардаптарға  əкеп 

cоғатын  теміp  жол  көлігі,  азаматтық  авиация,  байланыс 

ұйымдарында, үздіксіз жұмыс істейтін өндірістерде;  

—  Республиканың  қорғаныс  қабілетін,  құқық  тəртібі  мен 

қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  жөніндегі  міндеттерді  орындайтын 

ұйымдарда;  

— заң актілерінде кезделген өзге жағдайларда жол берілмейді.  

2. Халықтың өмip сүруі қабілетін қамтамасыз ететін ұйымдарда 

(қоғамдық көлік осы баптың 1 тармағында көрсетілгеннен басқасы, 

сумен,  электр  энергиясымен,  жылумен  жабдықтауды  қамтамасыз 



ететін  ұйымдарда) epeyілді  тиісті  қызметтердің  жергілікті 

атқарушы  органмен  алдын-ала  келісім  негізінде  анықталатын, 

халықтың  өмip  сүруін  қамтамасыз  ету  үшін  қажетті  деңгейі 

сақталатын жағдайда ғана өткізуге болады.  

  

17 бап. Ереуілге қатысудың салдарлары  

1.  Ереуілдерге  қатысу  (осы  Заңның 14 жəне 16 баптарында 

көзделген  жағдайларды  қоспағанда)  қызметкердің  еңбек  тəртібін 

бұзуы  ретінде  қаралмайды  жəне  бұған  қолданылып  жүрген 

заңдарда  көзделген  тəртіптік  ықпал  ету  шараларын  қолдануға 

болмайды.  

2.  Ереуіл  өткізілген  уақытта  қызметкердің  жұмыс  орны 

(лауазымы),  əлеуметтік  сақтандыру  жөніндегі  жəрдемақы  алу 

құқығы,  еңбек  стажы  сақталады,  сондай-ақ  еңбек  қатынастарынан 

туындайтын басқа да құқықтарына кепілдік беріледі.  

Ереуіл  өткізілген  уақытта  оған  қатысқан  қызметкерлердің 

жалақысы сақталмайды.  

3.  Еңбек  ұжымы  немесе  кəсіподақ  ерікті  жарналар  мен 

қайырмалдықтар  есебінен epeyіл  қорын  немесе  арнайы  сақтық 

қорын жасауға құқылы.  

4. Ереуілге қатыспаған, бірақ epeyiлгe байланысты өз жұмысын 

орындауға мүмкіндігі болмаған қызметкерлердің орташа жалақысы 

қызметкердің  кінəсіне  қатысты  емес  бос  қарап  тұру  ретінде, 

заңдарда белгіленгеннен төмен емес мөлшерде сақталады.  

 

18  бап.  Жұмыс  берушінің  ұжымдық  еңбек  даулары  туралы 



заңдарды бұзған үшін жауапкершілігі  

1.  Бітістіру  комиссиясына,  еңбек  төрелігіне  қатысудан 

жалтаратын 

немесе 


бітістіру 

органдарының 

шешімдері 

орындалуының  кешіктірілуіне  кінəлі  жұмыс  берушіге  сот 

тəртібімен айыппұл салынады.  

2.  Бітістіру рəсімінің  нəтижесінде  қол жеткен  келісім  бойынша 

міндеттемелердің  орындалмағаны  үшін  немесе  ұжымдық  еңбек 

даулары  жөніндегі  сот  шешімінің  орындалмағаны  үшін  кінəлі 

жұмыс берушіге айыппұл салынады.  

3.  Кəсіподақтың,  қызметкерлердің  басқа  да  өкілді  органының 

талап  етуі  бойынша  меншік  иесі  ұжымдық  еңбек  дауының 

туындауына кінəлі басшыларға қызметінен босатуға дейінгі ықпал 

ету шараларын қолдануға құқылы.  


4. Осы бапта көзделген айыппұл салу туралы шешім Қазақ KCP-

інің  əкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  кодексінде  белгіленген 

тəртіппен қабылданады.  

 

19 бап. Заңсыз ереуілдер үшін жауапкершілік  

1.  Сот  заңсыз  деп  таныған epeyiлді  ұйымдастыру  немесе  оған 

қатысу  еңбек  тəртібін  бұзушылық  деп  саналады  жəне  заңдарда 

көзделген  тəртіптік  жазалау  шараларының  қолданылуына  əкеп 

соғады.  

2.  Күштеу  немесе  күш  қолданамыз  деп  қоқан-лоқы  жасау 

apқылы ереуілге қатысуға мəжбүр ететін адамдарға заңдарға сəйкес 

қылмыстық жауапкершілік жүктеледі.  

3.  Жұмыс  берушіге,  басқа  ұйымдарға  немесе  азаматтарға  келтірілген 

зиянды,  сондай-ақ  ұйымның  өзі  шеккен  залалды  өтеу  сот 

тəртібімен жүргізіледі.  

4.  Заңсыз  ереуіл  кəсіподақтың  бастамасы  бойынша  өткізілген 

жағдайда  зиян  сот  белгілейтін  мөлшерде  оның  қаржысы  есебінен 

өтеледі.  

 

 



 

KƏCІПTIK ОДАҚТАР ТУРАЛЫ

 

Қазақстан Республикасының Заңы 1993 жылғы 9 cəyip 

1995 жылғы 5 қазандағы №2489 өзгертулер жəне 

толықтыруларымен 

 

 



1 Т А Р А У 

 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

 

1 бап. Қазақстан Республикасындағы кəсіптік одақтар  

Қазақстан  Республикасындағы  кəсіптік  одақтар  (кəсіподақтар) 

—  дербес,  тіркелген  жеке  мүшелігi  бар  қоғамдық  бірлестіктер, 

оларды  азаматтар  өздерінің  кəсіптік  мүдделерінің  ортақтығы 

негізінде өз мүшелерінің еңбек ету, сондай-ақ басқа да əлеуметтік-

экономикалық  құқықтары  мен  мүдделерін  білдіріп,  қорғау,  еңбек 

жағдайларын қорғау мен жақсарту үшін epiктi түрде құрады.  

 


2 бап. Кəсіптік одақтар туралы заңдар  

Kəciптік  одақтардың  қызметі  Қазақстан  Республикасының 

Конституциясымен, осы Заңмен жəне Қазақстан Республикасының 

өзге де заң актілерімен реттеледі. 

  

3  бап.  Осы  Заңның  жекелеген  салаларда  қолданылу 

ерекшеліктері  

Қарулы Күштерде, ішкі, шекара, темір жол əскерлерінде, басқа 

да əскери құрамаларда, ішкi icтep, ұлттық қауіпсіздік органдарында 

осы  Заңның  қолданылу  ерекшеліктері  осы  құрамалаp  туралы 

заңдармен белгіленеді.  

Осы  Заңның  ережелері  Қазақстан  Республикасында  тұрып, 

жұмыс  істейтін  шетел  азаматтары  мен  азаматтығы  жоқ  адамдарға 

қолданылады,  сондай-ақ  республикадан  тыс  жерде  іссапар 

тəртібімен 

жұмыс 


істейтін 

Қазақстан 

Республикасының 

азаматтарына да қолданылуы мүмкін. 

  

4 бап. Кəсіптік одақтар құру бостандығы  

Қазақстан  Республикасының  азаматтары  кəсіптік  одақтарға 

бірігуге құқылы.  

Кəсіптік  одақтар  өз  мүшелерінің  тең  құқылығы  негізінде 

құрылады.  Бip  кəсіп  (кəсіптер  тобы)  шеңберінде  құрылатын 

кəсіптік одақтардың санына шек қойылмайды.  

Барлық  кəсіптік  дақтарға  бірдей  құқылық  мүміндік  беріледі. 

Кəсіптік  одақтарды  құруға  кедергі  келтіру,  сондай-ақ  оның 

қызметіне қарсы əрекет жасау заң бойынша қудаланады.  

 

5  бап.  Кəсіптік  одақтардың  құрылу  принциптері  мен  өзара 



қатынастары  

Кəсіптік  одақтар  өндірістік-салалық  принцип  бойынша 

құрылады.  Кəсіптік  одақтың  ішкі  құрылымы  оның  жарғысымен 

белгіленеді.  

Кəсіптік  одақтар epікті  негізде  өндірістік  (салалық),  аумақтық 

жəне өзге принциптер бойынша одақтардың бірлестігін құра алады, 

сондай-ақ  оларға  кіре  алады,  бір-бірімен  уақытша  жəне  тұрақты 

шарттар,  келісімдер  жасасып,  бірлескен  акциялармен  шаралар 

өткізе алады. 

  


6  бап.  Қазақстан  Республикасының  кəсіптік  одақтарының 

халықаралық байланыстары 

Жарғылық  мақсаттары  мен  міндеттеріне  сəйкес  кəсіподақтар 

басқа 

елдердің 



кəсіподақ 

ұйымдарымен 

ынтымақтасуға, 

халықаралық  кəсіподақ  бірлестіктері  мен  ұйымдарына  кіруге, 

олармен,  сондай-ақ  шет  елдердің  кəсіптік  одақтарымен  шарттар 

жəне келісімдер жасасуға құқылы. 

 

7  бап.  Азаматтардың  кəсіптік  одақтарға  мүше  болу  белгісі 

бойынша кемсітушілікке тыйым салуы 

Кəсіподақтарға  мүше  болу  азаматтардың  заңдарда  кепілдік 

берілетін  еңбек  ету,  əлеуметтік-экономикалық,  саяси,  жеке 

құқықтары  мен  бостандықтарына  қандай  да  бір  шек  қойылуына 

əкеп  соқтырмайды.  Еңбекшілердің  жұмысқа  қабылдануын, 

жұмыста жоғарылауын, сондай-ақ жұмыстан босатылуын олардың 

белгілі бір кəсіподақта болу, оған кіру немесе одан шығу себебімен 

байланыстыруға тыйым салынады. 

 

2  Т А Р А У 



 

КƏСIПТIК ОДАҚТАРДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ, ОЛАРДЫҢ 

ҚЫ3METIHIҢ ТОҚТАТЫЛУЫ 

  

8 бап. Кəсіптік одақтың құрылуы  

Кəсіптік  одақ  кемінде  он  адамнан  тұратын  азаматтар  тобының 

бастамасымен  құрылады,  олар  құрылтай  съезін  (конференциясын, 

жиналысын)  шақырып,  онда  одақтың  жарғысы  бекітіледі  жəне 

басшы органдары құpылады.  

Мүшелікке  өту  жəне  одан  шығу  шарттары  мен  тəртібі  кəсіптік 

одақтың жарғысымен белгіленеді.  

Kəciптiк  одақтың  заңды  ұйым  ретінде  құқылы  қабілеті  ол 

тіркелген кезден пайда болады.  

Кəсіптік  одақтарды  тіркеу  «Қазақ KCP-індегі  қоғамдық 

бірлестіктер туралы» Қазақ КСР Заңына сəйкес жүргізіледі.  

Tipкеушi орган кəсіподақтардың қызметіне бақылау жасамайды. 

  

9 бап. Кəсіптік одақ қызметінің тоқтатылуы  



Кəсіптік  одақ  қызметінің  тоқтатылуы  «Қазақ KCP-індегі 

қоғамдық  бірлестіктер  туралы»  Қазақ KCP Заңында  белгіленген 

тəртіппен жүзеге асырылады. 

  

3  Т А Р А У 



 

КƏСIПТIК ОДАҚТАРДЫҢ 

ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН КЕПIЛДIКТЕРI

 

 

10 бап. Кəсіптік одақтардық құқықтары  

Кəсіптік одақтардың мынадай құқықтары бар:  

мемлекеттік  жəне  шаруашылық  органдармен,  қоғамдық 

ұйымдармен,  кəсіпкерлермен  жəне  олардың  бірлестіктерімен 

(одақтарымен,  ассоциацияларымен)  өзара  қатынастарда  өз 

мүшелерінің  құқықтары  мен  мүдделерін  білдіріп,  қорғау,  өз 

мүшелерінің  құқықтары  мен  мүдделерін  қорғау  мақсатымен  сотқа 

талап  қою,  сотта,  төрелік  сотта,  басқа  органдарда  олардың 

мүдделерін  қорғay,  оларға  өзге  де  құқылық  көмек  көрсету,  заң 

консультацияларын  жəне  құқылық  көмек  көрсететін  басқа  да 

қызметтер құру, жəне еңбек дауларын қарау жəне заңдарға сəйкес 

ұжымдық  еңбек  дауларын  (жанжалдарын)  шешуге  қатысу, 

келісімдер мен ұжымдық шарттар жасасу;  

ақша қорларын қалыптастыру;  

мемлекетті  басқару  органдарының  кəсіподақ  мүшелерінің 

құқықтары  мен  заңды  мүдделеріне  нұқсан  келтіретін  актілері 

жөнінде  сотқа  шағым  жасау;  мемлекеттік  өкімет  пен  басқару 

органдарына  олар  қабылдаған,  кəсіподақ  мүшелерінің  құқықтары 

мен  заңды  мүдделеріне  нұқсан  келтіретін  құқылық  актілердің 

толық немесе ішінapa күшін жою не оларды өзгерту туралы өтініш 

жасау;  


кəсіподақ  мүшелерінің  құқықтары  мен  заңды  мүдделеріне 

нұқсан  келтіретін,  прокурорлық  қадағалау  саласындағы  құқылық 

актілерге  наразылық  білдіру  туралы,  кəсіподақтар,  еңбек  қорғау 

жəне қауіпсіздік техникасы жөніндегі заңдарды бұзушы адамдарға 

қарсы ic қозғау туралы прокуратураға өтініш жасау;  

заңда  берілген  құқықтар  шегінде  өз  мүшелері  жөнінде  еңбек 

тұрғын  үй  жəне  зейнетақы  заңдарының,  еңбек  қорғау    жəне      кəсіподақтар 

туралы  заңдардың  орындалуына  қоғамдық  бақылауды  жүзеге 



асыру  жəне  анықталған  бұрмалаушылықтардың  жойылуын  талап 

ету;  


бағаның өсуіне байланысты ең төменгі тұтыну бюджетінің жəне 

оның  жекелеген  тұтыну  себептерінің  нақтылы-заттай  құрылымы 

мен  құрамын  қайта  қарауға,  еңбекке ақы  төлеуді,  зейнетақыларды 

жəне жəрдемақыларды қайта қарауға қатысу;  

өз  кəсіподағы  мүшелерінің  кəсіпорындары  мен  жұмыс 

орындарына өз өкілдерін жіберу;  

еңбек  ұжымдарының  тапсырмаларына  сəйкес  олардың 

əлеуметтік- экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру жəне 

қорғау, олардың атынан ұжымдық шарттар жасасу;  

заңмен  белгіленген  тəртіп  бойынша  жиналыстар,  митингілер, 

көше  шерулерін,  демонстрациялар,  ереуілдер  ұйымдастыру  жəне 

өткізу;  

баспа  қызметімен  айналысу,  баспасөзде  жəне  басқа  да 

бұқаралық  хабарлама  құралдарында,  кəсіпорындарда  өз  қызметін 

көрсету;  

меншікке ие болу;  

өндірістік жəне шаруашылық қызметті жүзеге асыру.  

Мемлекет  кəсіподақтардың  құқықтары  мен  мүдделерін 

қорғауды  жүзеге  асырады  жəне  олардың  қызметіне  кепілдіктер 

белгілейді.  

Қазақстан  Республикасының  заңдарында,  жұмыс  берушілермен 

жасалған келісімдерде жəне шарттарда кəсіптік одақтардың өзге де 

құқықтары белгіленуі мүмкін.  

Кəсіподақтардың  өкілеттігін  жүзеге  асыру  тəртібі  тиісті 

заңдармен жəне кəсіподақ жарғысымен белгіленеді. 

  

11  бап.  Кəсіподақ  мүшелерінің  еңбек  ету  жəне  əлеуметтік-



экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау  

Еңбекшілердің  еңбек  жағдайлары  мен  оған  нақты  ақы  төлеу, 

еңбек қорғау жəне өндірістегі қауіпсіздік жұмыспен қамту, тұрғын 

үй  жағдайлары,  əлеуметтік  сақтандыру  жəне  денсаулығын  сақтау, 

зейнетақымен  қамсыздандыру  саласындағы  кəсіподақтардың 

құқықтары  Қазақстан  Республикасының  тиісті  заңдарымен 

реттеледі  

Кəсіптік  одақ  өз  мүшелерінің  еңбек  ету  жəне  əлеуметтік-

экономикалық  құқықтары  мен  мүдделерін  мынадай  жолдармен 

қорғайды:  



кəсіподақ  мүшесі  жұмыс  берушімен  контракт  (шарт,  келісім) 

жасасқан  кезде  оған  құқықтық  жəне  консультациялық  көмек 

көрсету;  

өз  мүшелерінің  құқықтарын  жəне  заңмен  қорғалатын 

мүдделерін қорғап, coтқa жүгіну;  

ic қаралған кезде coтқa қатысу;  

өз  мүшелері  атынан  жұмыс  берушімен  кəсіподақ  мүшелерін, 

сондай-ақ еңбек ұжымының осы шартқа қатысуға қарсы емес басқа 

да мүшелерін қамтитын шарттар, келісімдер жасасу.  

өз  мүшелерінің  еңбек  ету  жəне  əлеуметтік-экономикалық 

құқықтары  мен  мүдделерін  қорғау  мақсатында  кəсіптік  одақтар 

қолданылып  жүрген  заңға  қайшы  келмейтін  басқа  да  əдістерді 

пайдалана алады.  

Кəсіподақ өз мүшелерінің отбасыларына да көмек көрсетеді. 

  

12  бап.  Еңбек  ұжымдарының  құқықтары  мен  мүдделерін 

қорғау 

Кəсіподақ  еңбек  ұжымының  тапсыруымен  өз  органы  арқылы 

жұмыс  берушімен  ұжымдық  шарт  жасасу  кезінде  оның  өкілі 

болып,  оның  орындалуына  бақылау  жасай  алады, coтқa  еңбек 

ұжымының  жəне  оның  жекелеген  мүшелерінің  құқықтары  мен 

мүдделерін  қорғауға  бағытталған  талаптар  қояды,  еңбек 

ұжымының  құқықтарын  жүзеге  асыруға  жəне  оларды  қорғауға 

байланысты басқа да ic- əрекетті жүзеге асырады.  

Кəсіпорынның,  оның  құрылымдық  бөлімшелерінің  таратылуы 

немесе  əкімшіліктің,  меншік  иесінің  бастамасымен  меншік  жəне 

пайдалану  түрлерінің  өзгертілуі,  өндірістің  толық  немесе  ішінара 

тоқтатылуы  жұмыс  орындарын  қысқартуға,  сондай-ақ  еңбек 

жағдайларын  нашарлатуға  əкеп  соқтыратын  болса,  олар  тиісті 

кəсіподақтарға кемінде eкi ай бұрын алдын-ала хабарлап, олармен 

еңбекшілердің құқықтары мен мүдделерін сақтау жөнінде келіссөз 

жүргізілген жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін. 

  

13  бап.  Кəсіподақ  мүшелері  құқықтарының  сақталуына 

қоғамдық бақылауды жүзеге асыру  

Кəсіптік  одақтар  өз  мүшелерінің,  сондай-ақ  егер  еңбек 

ұжымының жалпы жиналысының (конференциясының) шешімімен 

өз  мүшелерінің  мүдделерін  білдіруге  кəсіподаққа  өкілдік  берілген 



болса,  оның  басқа  мүшелерінің  де  құқықтары  мен  заңды 

мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.  

Тексерулерді  жүзеге  асыру  барысында  кəсіподақтардың 

өкілдері  өз  мүшелерінің  жұмыс  орындарына  кіруге  жəне 

əкімшіліктен тиісті хабарлама алуға құқылы.  

Жұмыс  беруші  мен  оның  əкімшілігі  тарапынан  осы  мақсатта 

жүргізілетін  тексерулерге  қарсы  əрекет  жəне  кедергі  жасалуы  заң 

бойынша қудаланады.  

 

14  бап.  Жиналыстар,  митингілер,  көше  шерулерін, 

демонстрациялар, ереуілдер ұйымдастыру жəне өткізу  

Кəсіптік одақ еңбек ұжымының тапсыруымен заңда белгіленген 

тəртіп  бойынша  жиналыстар,  митингілер,  көше  шерулерін, 

демонстрациялар,  ереуілдер  жəне  басқа  акциялар  ұйымдастырады 

жəне  өткізеді,  олардың  еңбек  жағдайларын  жақсарту,  жалақыны 

арттыру,  жұмыссыздықты  азайту  жолындағы  күрес  құралы, 

еңбекшілерді  өздерінің  еңбек  құқықтары  мен  əлеуметтік-

экономикалық  мүдделерін  қорғау  жолындағы  күресті  топтастыру, 

жұмыс  берушілердің  озбырлығынан  қорғау,  кəсіподақ  мүшелерінің 

қажеттеріне  сай  келетін  əлеуметтік-экономикалық  саясат  жүргізу 

мақсатымен  мемлекеттік  органдарға  ықпал  ету  құралы  ретінде 

пайдаланады.  

Кəсіподақтар  бірлескен  қарсылық  акцияларын  өткізу  үшін 

өздерінің  күш-жігерін  біріктіріп,  басқа  кəсіподақтармен  жəне 

еңбекшілер  топтарымен  ынтымақтастық  белгісі  ретінде  осындай 

акциялар өткізе алады. 

  


Каталог: upload -> iblock
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: «Француз тілі»
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: «Дүние жүзі тарихы»
iblock -> С. Торайгырова Ақпараттық-библиографиялық бөлім Информационно-библиографический отдел
iblock -> Вопросы к экзамену по дисциплине «Уголовное право» Понятие, предмет, метод, система, задачи уголовного права
iblock -> Званий… Чтобы убедиться в этом, чтобы изучить емкий и меткий наш
iblock -> ЖӨніндегі нұСҚаулық Мультимедиялық usb акустикалық жүйеci 0 sven 120 sven 150
iblock -> Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: «Математика»
iblock -> Баяу, әндете. Медленно и певуче
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: «Қазақ тілі»


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет