Айқауының қорытындысы шығарылды «Оқытудың инновациялық технологияларын енгізу»



Дата04.04.2023
өлшемі23,41 Kb.
#79141
түріҚұрамы
Байланысты:
Документ Microsoft Word (2)


айқауының қорытындысы шығарылды
«Оқытудың инновациялық технологияларын енгізу» байқауы жыл сайын ІІ кезеңде, I кезең – факультетте, II кезең – университетте өткізіледі. 2021-2022 оқу жылында байқаудың I кезеңіне 20 инновациялық жоба ұсынылды. Байқаудың I кезеңінің қорытындысы бойынша II кезеңге 12 жұмыс жолданды.
2022 жылдың 21 маусым күні М.Өтемісов атындағы БҚУ профессор-оқытушылар құрамы арасында инновациялық жобалар байқауының II кезеңі өткізілді. Комиссия мүшелері жобаларды келесі критерийлер бойынша бағалады:

  • жобаның мақсат-міндетінің нақтылығы;

  • жобаның ғылыми жаңашылдығы;

  • инновациялық өнімнің, жоба қорытындысының шынайлығы мен дәлдігін анықтау;

  • оқытудың инновациялық технологиясының әдістемелік қамтамасыз етілуінің сапасы;

  • оқу үрдісіне инновациялық технологияны енгізу деңгейі (инновациялық технологиямен қамтылған оқу сабақтарының түрлері);

  • инновациялық технологияны қолдану барысында студенттердің білім сапасының артуы;

  • жаңартылған білім мазмұны аясында инновациялық және қашықтықтан оқыту технологияларын оқу сабақтарында қолдана алуы.

Байқау қорытындысы және комиссия шешімі бойынша 12 жобаның ішінен үздік 6 жоба анықталды, олар I, II, III дәрежелі дипломдармен және қаржылай сыйақымен марапатталды:

  • I дәрежелі диплом – қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, магистр Турганалиева Ганмиркун Ганмирхановна «Көлемді прозалық шығармаларды тиімді оқыту жолдары»;

  • II дәрежелі диплом – бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының оқытушысы, магистр Пазлышанова Жансая Ниязбаевна «QR-как средство повышения мотивации и автоматизации процесса обучения»;

  • II дәрежелі диплом – педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, магистр Муканова Нуржанат Ергеновна «ЖОО білім беру үдерісінде Apper мобильді қосымшасын қолдану мүмкіндіктері»;

  • III дәрежелі диплом – дүниежүзі тарихы кафедрасының аға оқытушысы, философия докторы (PhD) Әмен Асхат Жангелдіұлы және ҚР тарихы кафедрасының аға оқытушысы Жалекенова Гулбарам Тлеккабыловна «Этнический атлас Западно-Казахстанской области»;

  • III дәрежелі диплом – химия кафедрасының оқытушысы, магистр Мукашева Маншук Муратовна «Студенттердің эксперименттік дағдыларын жетілдіруде компьютерлік бағдарламаларды қолдану»;

  • III дәрежелі диплом – математика кафедрасының оқытушысы, магистр Бердымуратова Нұргүл Нұрлыбекқызы «Студенттердің эксперименттік дағдыларын жетілдіруде компьютерлік бағдарламаларды қолдану».

Байқаудың қорытынды кезеңі бойынша 8 қатысушыға алғыс хат табыс етілді:

  1. Шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы Шунайбекова Кльжиан Миндагалиевна «Использование интеллект-карт (Intellekt-Karten) как один из инновационных приёмов обучения немецкому языку»;

  2. А/ш.ғ.к., биология және экология кафедрасының доценті Альжанова Багдагуль Сактагановна және аға оқытушы, магистр Бисенгазиева Айман Сериковна «Moodle платформасында тест бағдарламасын жасау және оқу үрдісінде қолдану»;

  3. Орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, магистр Абузярова Эльмира Разаковна «Использование соцсети instagram при проведении учебной практики первокурсников в дистанционном формате»;

  4. Хореография және мәдени-тынығу жұмысы кафедрасының оқытушысы, магистр Еслямғалиев Абылқайыр Мақсотұлы «Мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастыру жаңашылдығы»;

  5. Экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Буланова Надежда Константиновна «Внедрение активных форм обучения с применением видеохостинга You Tube по дисциплине «Цифровая экономика»»;

  6. Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының аға оқытушылары, магистр Арыстангалиева Венера Талгатовна және Мақсотова Толқын Тілекқабылқызы «Оқу-тәрбие үрдісінде Quizizz сандық құралын пайдаланудың тиімділігі».

Байқауға қатысушылардың барлығының жұмыстары «Озық педагогикалық тәжірибе мектебі» жинағында жарияланады.
Жаңартпашылық технологиялар және цифрландыру департаментінің
әдістемелік жұмыс және білім беру технологиялары бөлімі


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет