Айг‰л Аязбайқызы Жумадуллаева


 Жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге



жүктеу 0.91 Mb.
Pdf просмотр
бет7/9
Дата22.12.2016
өлшемі0.91 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2.3. Жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге 

тиімді дайындаудың жолдары 

 

Біз  қазір  жаңа  қоғамдық-саяси  жағдайда,  жаңа  адамгершілік 



қалыпта  өмір  с‰рудеміз  және  қоғамның  білім  беру  ж‰йесінде 

талаптардың  қаншалықты  өскенін  айту  қиын.  Ол  әлеуметтік, 

ғылыми-техникалық  прогрестің  дамуына  ілесе  білуімен  қатар, 

барынша жылдамдатуды қажет етеді. 

Қазіргі  кезеңде  біздің  қоғамымызда  өз  балаларын  тәрбие-

леуге  толық  қабілеті  жетпейтін  немесе  тіпті  тәрбиелей  ал-

майтын  отбасылар  да  кездеседі.  Сондықтан,  білім  беру 

ж‰йесінің  болашақ  отбасы  м‰шесін  және  оны  отбасының 

әлеуметтік  қызметін  орындауға  даярлаудағы  рөлі  осы  к‰нге 

дейін маңызды болып қала береді. 

Отбасы  адамның  негізін  қалайды,  ал  мектепте  оны 

қалыптастыру  ‰шін  айтарлықтай  жұмыс  атқарылады,  сонымен 

қатар кейде мектепте осы негізді нығайтуға, ал кейде тіпті к‰рт 

өзгертуге  тура  келеді,  себебі  жоғарыда  айтылғандай,  тәрбие 

саласында  отбасы  кез  келген  адамның  психикасының  даму 

заңына  және  қоғамның  талабына  сәйкес,  өзіне  тиісті  нәрсені 

дұрыс орындай бермейді. 


 

109 


Жоғары  сынып  оқушылары  қазір  пісіп  жетілу  жасында  тұр, 

сондықтан  бәрінен  бұрын  осы  жаста  олар  жалпы  психикалық 

өмірдің дамуына көп көңіл бөледі және, сонымен бірге олардың 

өздерімен  қарама-қарсы  жыныспен  қатынаста  болуы — 

адамның  әлеуметтік  дамуына,  оның  осы  жастағы  белгілі  бір 

ұйымдарға, топтарға жатуына қатысты мәселелер қызықтырады. 

Есею  сатысына  жету — ұзақ  және  к‰рделі  процесс.  Ол — 

тәуелді  балалықтан  дербес  және  жауапкершілікті  есеюге  өту. 

Бұл  біріншіден — дене  өсуінің  және  жыныстық  жетілудің 

аяқталуы, екіншіден әлеуметтік ержетуін көрсетеді. 

Жастарды  қызықтыратын  отбасы  қызметтерінің  ішінде 

бірінші орынға жоғары сынып оқушылары жыныстық қызметті 

қойды. 

Жоғары сынып оқушыларының қалауларына с‰йене отырып, 



отбасылық өмірге даярлаудың бағдарламасын жоғарыда айтыл-

ған  тақырыптардан  құрастырдық,  себебі  болашақ  отбасы  иесін 

даярлауды  іске  асырудағы  мұғалім  мен  оқушының  қарым-

қатынасы ынтымақты болу керек. 

Осы жағдайда жасөспірімнің қалауын, тілегін ескермеу б‰кіл 

педагогикалық процеске — білімнің сапасының бір деңгейінен, 

шеберліктен,  адамгершілік  және  өмірге  деген  көзқарастан 

екіншіге өту процесіне кері әсерін тигізеді. 

Жоғары сынып оқушыларының бұл тілектерін тек жыныстық 

тәрбие  беру  сабақтарында,  отбасылық  өмірге  даярлауда  емес, 

сонымен  қатар  тәрбие  сағаттарында  және  тәрбиелік  іс-

шараларда  да  қарастыру  керек  және  онда  мынадай  мәселелер 

қарастырылған дұрыс: 

— жастарға даму, жетілу (физиологиялық, адамгершілік-пси-

хологиялық және әлеуметтік жетілу) процесін т‰сіндіру;  

—  құрбыларымен  араласудың  маңыздылығын  т‰сіндіру 

(махаббат,  жолдастық,  достық  туралы  т‰сініктердің  қалыпта-

суы); 


—  отбасылық  өмірдегі  жауапкершілік  сезімі  және  өзінің 

адамгершілік  сезімін  қалыптастыру,  алғашқы  жыныстық  қаты-

насты т‰сіну; 

—  жауапкершілікті  жұбайлыққа  даярлау  және  даулы  жағ-

дайларды шешу шеберлігін, жұбайлық рөлдерді қалыптастыру; 

 

110



—  жауапкершілікті  ата-ана  болуға  даярлау,  балаларға  қа-

тысты әке мен шешенің мінез-құлқын қалыптастыру, ‰йлесімді 

репродуктивтік қондырғыларды дағдыландыру; 

—  қажетті  әдебиетті  және  басқа  да  мәліметтерді  қолдана 

білу. 

Соңғы  бөлімге  қатысты  айтылатын  жайт,  мектептің  кітапха-



насында  оқушыларды  отбасылық  өмірге  даярлауға  арналған 

тақырыптағы  әдебиет  қоры  өте  аз.  Ол  жерде  отбасы  сала-

сындағы мамандардың кітаптарын кездестіру қиын. Сондықтан, 

жасөспірімдерді  отбасы  және  жыныстық  тәрбие  тақыры-

бындағы  әдебиетті  таңдай  білуге  ‰йрету  керек.  Себебі,  б‰гінгі 

кітап  базары  осы  тақырыпқа  байланысты  сапасы  төмен  әде-

биеттермен толған. 

Мектептегі  отбасылық  өмірге  даярлау  тек  жоғары  сынып-

тардағы  сабақтармен  шектелмеу  қажет.  Бұл  жағдайда  мұндай 

сауаттандыру жұмысын бастауыш сыныптардан бастау қажет. 

Бұл  ‰шін  оқушылар  мектепте  оқу  кезінде  мына  білімнің 

тізімін меңгеруі қажет: 

— 1—4-сынып. Отбасы. Әке мен шешенің бала тәрбиесіндегі 

рөлі. Басқа адамдарға деген махаббат пен құштарлық. Адамның 

дене  м‰шелерімен  таныстыру.  Хайуанаттар  әлеміндегі  көбею 

процесі.  Отбасында  өзара  көмек,  бір-біріне  деген  қамқорлық, 

балалардың  ата-аналарға  көмегі.  Іштей  көбею  процесі.  Босану 

процесі. Отбасындағы бірлік пен махаббат; 

— 5-сынып.  Жыныс  гигиенасы.  Ұлдар  мен  қыздардың 

жыныстық  ерекшеліктері  туралы  т‰сінік.  Ұлдар  мен  қыздар 

ағзаларының  даму  қарқынындағы  өзгешеліктер.  Отбасындағы 

еңбек; 


— 6-сынып.  Менструалдық  циклдың  физиологиялық  мәні. 

Ұлдар  мен  қыздардың  жыныстық  дамуы.  Жынысы  әрт‰рлі 

адамдардың арасындағы ұнатудың пайда болуы; 

— 7—8-сынып. Поллюциялар. Есею туралы т‰сініктер. Басқа 

адамдармен қарым-қатынасты, жеке сезімдерді талдау. Адамдар 

арасындағы  даулы  жағдайлар  және  оларды  шешу  мәселесі. 

Отбасы,  неке  және  ажырасу  туралы  заңды  т‰сініктер.  Есею 

мәселелері. Жаман әдеттер; 

— 9-сынып. Ерлер мен әйелдердің жыныстық өзгешеліктері. 

Әкелік  пен  аналықтың  әлеуметтік-құқықтық  т‰сініктері.  Отба-

сындағы міндеттерді бөлу. Отбасылық демалыс; 


 

111 


— 10-сынып. Жоспарланбаған ж‰ктілік. Контрацепция. Т‰сік 

тастау.  Отбасын  жоспарлау.  Отбасылық  бюджет.  Отбасының 

қызметтері; 

— 11-сынып.  Жыныстық  аз  топтар.  Жыныстық  қатынастан 

жұғатын  соз  аурулар.  Жыныстық  қылмыстардың  жауапкер-

шілігі. Қазіргі отбасының т‰рлері. Қоғам мен мемлекет дамуын-

дағы  отбасының  рөлі.  Отбасындағы  адамгершілік,  құқықтық, 

жауапкершілік. Отбасының құқықтық аспектілері.  

Біз  балаларымыздың  ішкі  жан  д‰ниесін  қоғамның  тапсы-

руымен  қалыптастырамыз,  бірақ  қоғамға  олардың  алған  білімі-

нен  гөрі,  олардың  іс-әрекеттері,  қылықтары, “өмірлік  сызығы” 

маңыздылау. Ал, бұл дегеніміз, білімді көзқарасқа аударуды сол 

мектептің  өзінде  ұйымдастыру  қажет.  Оқушының  дәл  осы 

болашақ  отбасылық  өмірімен  байланысты  көзқарастарын 

қалыптастыру  ‰шін  жұмыстың  дәст‰рлі  т‰рлері  мен  әдістерін 

жақсарту қажет. 

Оқу процесін ұйымдастыруда екі ж‰йені ескерген жөн:  

—  өзін-өзі  ұйымдастыру  мен  өзін-өзі  басқаруға  негізделген 

педагогикалық процесті ұйымдастыру; 

— ‰стемдік және бағынушылыққа негізделген авторитарлық 

ж‰йені ұйымдастыру процесі. 

Отбасы-некелік  өмірге  даярлау  сабақтарында  оқытудың 

бірінші процесі дұрыс келеді. Бізді қызықтырып отырған пәннің 

ж‰ргізілу  әдістеріне  келетін  болсақ,  бұл  жерде  негізгі  деп  екі 

әдісті  алуға  болады — репродуктивтік  және  проблемалық-

іздену.  Репродуктивтік  әдіс — мұғалімнің  берген  мәліметін 

белсене  қабылдау  және  есте  сақтау.  Бұл  әдістерді  оқытудың 

ауызша,  көрнекті  және  практикалық  әдістері  мен  тәсілдерін 

қолдану м‰мкін емес. Мұғалім мәліметті әңгіме, лекция немесе 

баяндама  ретінде  беретін  болса,  онда  ол  өзінің  сөздерінің 

т‰сінікті  болғандығы  туралы  мәлімет  ала  алмайды.  Репро-

дуктивтік әдіс пікір алысуға м‰мкіндік бермейді. 

Проблемалық-іздену  әдісін  қолдануда  мұғалім  екі  тәсілді 

пайдаланады:  проблемалық  жағдай  тудырады,  проблемалық 

жағдайларды  шешудің  жолдарын  ұжымдық  т‰рде  қарастыруды 

ұйымдастырады,  қорытындылардың  дұрыстығын  растайды, 

дайын проблемалық тапсырмаларды береді. 

Бұл сынып ұжымының талабы мен қажеттілігіне байланысты 

оқудың мазмұнын кеңейтуге м‰мкіндік береді. 

 

112



Сонымен  қатар,  осы  тақырыпқа  байланысты  сабақтардың 

табысты  өтуі  ‰шін  тағы  да  басқа  әдістердің  т‰рлерін  айта  кету 

керек:  

— Ауызша айту әдісі (лекция, әңгіме, пікірталас, диспут, іс-

керлік ойын және т.б.); 

— Көзбен көру (фильмдер көрсету, көрнекі құралдар);  

—  Лабораториялық  әдіс  (лабораториялық,  практикалық  са-

бақтар, социологиялық тәжірибелер). 

Жоғарыдағы  мәліметтер  бойынша  отбасы-некелік  өмірге 

даярлау  сабақтарында  қолданылатын  әдістер  мен  тәсілдер  т‰р-

лері  жайлы  жоғары  сынып  оқушыларының  пікірлері  берілген. 

Енді  осы  сабақтың  берілу  әдістері  мен  тәсілдерінің  т‰рлері 

туралы  жасөспірімдерден  алған  мәліметтерді  келтіру  орынды 

болар еді. 

Жастарды  отбасы-некелік  өмірге  даярлауға  әдістерді  таң-

дауда  мұғалімнің  жеке  басы,  оның  ақылы  мен  психологикалық 

белсенділігі,  оқушы  мен  мұғалімнің  қарым-қатынасына  әсерін 

тигізетін  жеке  қасиеттері,  өзін-өзі  шығармашылық  дамытуға 

қабілеттілігі өте маңызды. 

Әдістерді таңдауда сыныптың ұжымы да рөл атқарады: оның 

ерекшеліктері мен қасиеттері, ынтасы мен талаптары.  

Отбасы-некелік  өмірге  даярлаудың  жоғары  сынып  оқушы-

лары  арасындағы  қалаулы  әдістерінің  бірі — іскерлік  ойын 

әдісі, ол мәселені шешу ‰шін өте қолайлы. 

Іскерлік ойын — кәсіптік қызметтің әлеуметтік мазмұны мен 

пәндік  жаңарудың  т‰рі,  қарым-қатынас  ж‰йелерінің  ‰лгісін 

жасайды. Іскерлік ойынға қатысулары дәлелдеу, талаптану және 

эмоционалдық  статустары,  олардың  іскер  ойынның  проб-

лемалық мазмұнына с‰йене отырып, бір-бірімен қарым-қатынас 

жасау, мақсат қойып, оны шешу м‰мкіндіктеріне байланысты. 

Ойындар  мұғалімнің  оқыту  процесін  тездету  және  жан-

дандыру әдісі ретінде пайдаланылды. 

Іскерлік ойындардың төмендегідей артықшылықтары бар: 

— жұмысқа барлық сыныпты тартады; 

—  жасөспірімдерге  белгілі  бір  рөлдерге  енуге  м‰мкіндік 

береді; 


— көптеген іс-әрекет т‰рлерін ж‰зеге асыруы м‰мкін. 

Осы  жерде  іскерлік  ойынның  бірнеше  т‰рін  мысалға  келті-

руге боларды. 


 

113 


“Таныстық қызметі” — бұл ойында болашақ жұбайдың жеке 

қасиеттеріне  байланысты  мәселелер  қозғалады.  Ойынға 

қатысушылар  газеттің  “Таныстық  қызмет”  бөліміне  ауызша 

немесе  жазбаша  жарнама  даярлайды,  онда  ол  өзінің  болашақ 

жарына қойылатын талаптарды көрсетеді. Сонымен қатар, олар 

өздеріне де қысқаша мінездеме береді. 

“Отбасының  шаруашылығы” — бұл  ойында  ‰й-іші  жұ-

мысының міндеттерін бөлуге байланысты әрт‰рлі жағдайларды 

көрсетуге  және  ойнауға  болады.  Бірінші  жағдайда  ‰й-іші 

жұмысын  бір  адам  істейді,  ал  қалғандары  өз  жұмыстарымен 

айналысады;  ал  екіншіде, ‰й-іші  жұмысын  отбасының  барлық 

м‰шелері атқарады. Ойынның соңында осы жағдайларға талдау 

жасалады. 

“Отбасылық бюджет” — қаржы істерін ж‰ргізудің дағдысын 

‰йренуге  есептелінген  іскерлік  ойын.  Отбасының  барлық 

м‰шелері  белгілі  бір  ақша  мөлшеріне  қарай  өздерінің  шығыс-

тарын  жорамалдауға  және  алатын  заттарын  жоспарлауға  тыры-

сады.  Ойынға  өздерінің  қаржылық  істерін  дұрыс  ж‰ргізетінін 

жарыс т‰рінде көрсету ‰шін бірнеше отбасы қатысуы м‰мкін. 

“Жанжал” — бұл ойынның мағынасы мынадай: оқушыларға 

жұбайлардың  өмірінде  болатын  ұрыс-керісті  көрсететін 

суреттер  көрсетіледі.  Мақсат — осы  ұрыс-керіске,  жанжалға 

талдау  жасау,  олардың  пайда  болу  себептерін  жорамалдау, 

жанжалдың  басталу  себебін  анықтау  және  осы  жағдайды 

шешудің жолын табу. 

“Театр” — бұл  ойында  оқушылардың  актерлік  қабілеті 

қажет,  себебі  онда  отбасы  мәселесін  қозғайтын  классикалық 

және  қазіргі  әдеби  шығармаларды,  мысалы  “К‰йеу  мен  қалың-

дық”  немесе  “Ақ  босағаң — арың”,  т.б.  көріністердің  ‰зіндісін 

сахналау керек. Одан соң, көргендері бойынша пікірталас ұйым-

дастырылады.  

Ұсынған  әдістер  тек  оқу  материалдарын  қамтымайды,  со-

нымен қатар сезімдік-көркемдік т‰рге ие болады. Ол оқушының 

осы пәнге деген қызығушылығын арттырады. Дәст‰рлі әдістерді 

жастарды  отбасы-некелік  өмірге  даярлауда  пайдалану  өте 

тиімді,  бірақ  оларды  жиі  алмастырып  тұру  қажет.  Себебі, 

әрдайым  әдістің  бір  т‰рін  қолдану  педагогикалық  процестің 

нәтижесін төмендетуге әкеліп соғады. 

 

114


Сонымен  қатар,  отбасы-некелік  өмірге  даярлау  сабақтарын 

ж‰ргізу  т‰рлеріне  тоқталу  қажет.  Мұндай  сабақтардың  өзіндік 

ерекшелігі оған айрықша қарауды талап етеді. 

Егер  жоғары  сынып  оқушыларының  көпшілігі  бөлек  топта 

оқығысы  келсе,  онда  оған  белгілі  бір  себептер  бар  болғаны. 

Сабақта  ерлі-зайыптылардың  жыныстық  қарым-қатынасы 

туралы  тақырыптар  қаралғанда,  оқушылардың  көпшілігі  өзінің 

жынысына  қатысты  айтылатын  келеке,  к‰лкіден  қорқады, 

сондықтан бұл жағдайда бөлек оқыту нәтижелірек болады. 

Ал,  отбасының  шаруашылығына  байланысты  сұрақтарда 

топтарды біріктіріп сабақ өту тиімді. 

Жастарды  отбасы-некелік  өмірге  даярлауда  ең  маңызды 

фактор — отбасының  өзі,  оның  тұрмысы  және  отбасылық 

тәрбие  жағдайлары.  Сондықтан,  мұғалімдердің  ата-анамен 

жұмысы, мектеп пен отбасы бірлесуі қажет. 

Ата-ананың  басым  көпшілігі  адамгершілік,  психологиялық 

білім алуға тырысады, мектеппен тығыз байланыста болу оның 

баласына  және  өзінің  көп  нәрсені  ‰йренуіне  қажет  деп 

есептейді, олар отбасында тәрбиешілер міндетін атқарады. 

Ата-ана  арасындағы  шынайы  махаббатқа,  өзара  сыйласуға 

негізделген  мызғымас  достық — жыныстық  тәрбиенің  негізгі 

шартының  бірі.  Баланың  ата-анаға,  аға-інілеріне,  апа-қарын-

дастарына,  достарына  деген  с‰йіспеншілік  сезімі — адам-

гершілік  тәрбиесінің  жыныстық  тәрбиеге  әсер  ететін  ең 

маңызды  жақтары.  Егер  балада  мұндай  с‰йіспеншілік  сезімі 

тәрбиеленбесе,  онда  оның  келешектегі  таңдаған  жарын  с‰юге 

қабілеті болмайды. Сондықтан, балаларды өздерімен құрдас ұл-

қыздарға  көңіл  бөліп,  ықыласпен  қамқорлық  жасауға  ‰йрету 

қажет. Әсіресе, баланы жас кезінен бастап шынайы махаббаттық 

өмірге  даярлауда  әрбір  ата-ана  отбасында  ‰лгі-өнеге  көрсетуі 

керек. 

Болашақ отбасы иесін тәрбиелеуде көбіне ата-ананың ж‰ріс-



тұрысы,  мінез-құлқы  және  тұрмыс  қалпы  басты  рөл  атқарады. 

Отбасы  м‰шелерінің  бір-бірімен  қарым-қатынасы  да  өте 

маңызды. 

Тәрбиенің  сәтті  болуы  көбіне  отбасы  мен  мектептің  тәрбие 

жұмысын  бірігіп  ж‰ргізуіне  байланысты.  Осы  бірлескен  жұ-

мыстың  маңыздылығын  ескере  отырып,  оны  ‰йлестіру  және 

бағыттау қажет. 


 

115 


Мұғалім алдында өзінің отбасылық ішкі д‰ниесін ашуға бәрі 

дайын  емес,  әсіресе  отбасылық  қарым-қатынастың  шиеленісу 

кезінде.  Бұл  негізінен  ата-аналардың  құпияның  сақталуына 

сенімсіздігінен  туындайды.  Сондықтан,  мұғалім  ата-ананың 

сеніміне кіруге барлық к‰шін жұмсауы қажет. 

Мектеп  пен  отбасының  оқушыларды  отбасы-некелік  өмірге 

даярлаудағы  ынтымақтастығы,  бұл  көптеген  ата-ананың  осы 

курстың қажеттілігіне сенімсіздігіне қарамастан, оларды жаппай 

оқытуға  бет  бұру  қажет.  Курс  мектепте  белгілі  бір  мерзімде 

өтілуі тиіс. 

Ата-аналармен  өтілетін  сабақтардың  тақырыптары  төменде-

гідей болуы керек: 

1.  Отбасындағы  қарым-қатынас.  Отбасының  тәрбиелік 

м‰мкіндіктері және тәрбиелік тәсілдерді пайдалануы. Отбасын-

дағы  өзара  қарым-қатынастың  стилі,  адамгершілік-психоло-

гиялық климат; 

2.  Отбасылық  жанжалдар.  Неке  туралы  идеалды  көзқа-

растарды  ж‰зеге  асыру.  Жанжалдарды  талдау  және  шешу.  Ке-

лісімге келу; 

3.  Отбасы  және  еңбек.  Отбасындағы  міндеттерді  бөлу.  Ба-

лаларды отбасының тұрмыстық-шаруашылық жұмысына тарту; 

4. Отбасы және бос уақыт. Отбасылық демалыс; 

5.  Отбасындағы  жыныстық  тәрбие.  Ата-аналарға  жыныстық 

тәрбие  туралы  және  балаларды  отбасы-некелік  өмірге  даярлау 

мәселесі бойынша білім беру. 

Б‰гінгі  жағдайда  білім  беру  ж‰йесінің  ата-аналар  арасында 

педагогикалық  насихаттау  орталығы  болу  керек  және  жеке 

адамның толық дамуына ықпал жасау қажет. 

Жастарды  отбасы-некелік  өмірге  даярлауды  қадағалайтын 

қоғамдық  принципте  комиссия  құру  өте  орынды  болар  еді.  Ол 

білім  беру  ж‰йесінің,  ата-аналар  қоғамының,  денсаулық  сақтау 

және діни басқармалар өкілдерінен тұрады. 

Осы бөлімнің қорытындысы ретіндемынаны, айта кету керек, 

білім  беру  ж‰йесінде  жоғары  сынып  оқушыларын  отбасы-

некелік  өмірге  даярлауды  жақсартудың  негізгі  жолдары: 

отбасылық  өмірге  даярлау  курсы  бағдарламасының  мазмұнын 

өзгерту, оған тарихи жағдайларға байланысты өзгерістер енгізу, 

себебі  сабақтың  мазмұны  әлеуметтік  жаңалықтарға  жауап  бере 

 

116


алмайтындай  жағдайда  болмауы  керек;  оқытудың  әдістері  мен 

т‰рлерін  өзгертуде;  аталған  пәнді  оқыту  ‰шін  педагогикалық 

кадрларды  даярлауды  жақсарту  және  отбасы,  мектеп  пен 

жұртшылықтың нәтижелі ынтымақтастығы. 

Жоғары 

сынып 


оқушыларын 

отбасы-некелік 

өмірге 

дайындау  технологиясын  айқындау  мақсатындағы  тәжірибелік-



экспериментальдық  іздестіру  жұмыстары  негізгі  ‰ш  кезеңді 

қамтыды.  Бірінші  кезең,  жоғары  сынып  оқушыларын  отбасы-

некелік  өмірге  дайындаудың  қазіргі  жағдайын  айқындау — 

диагностика  жасау  жұмыстарымен  айқындалады.  Екінші  кезең, 

жоғары  сынып  оқушыларын  отбасы-некелік  өмірге  дайын-

даудың  қазіргі  жағдайы  бойынша  айқындалған  деректерді 

талдап, сараптау негізінде мәселені шешу жолдарын теориялық 

тұжырымдау,  жоғары  сынып  оқушыларын  отбасы-некелік 

өмірге  дайындаудың  бағдарламасын  жасау.  Осы  дайындалған 

бағдарлама  негізінде  жоғары  сынып  оқушыларын  отбасы-

некелік  өмірге  дайындау  мақсатын  көздейтін  “Отбасы-некелік 

өмірге  дайындық”  атты  факультативтік  курстың  жоспары  мен 

оны  оқытудың  технологиясы  дайындалды. ‡шінші  кезеңде, 

жоғары  сынып  оқушыларына  “Отбасы-некелік  өмірге  дайын-

дық”  курсы  эксперименттік  сыныптарда  ж‰ргізілді.  Экспе-

римент  сыныптардағы  сабақтардың  негізгі  мақсаты — оқушы-

лардың  отбасы  туралы  көзқарасын  қалыптастыру,  отбасы-

некелік  өмір  туралы  білім  негіздерін  меңгерту  және  оларды 

отбасы-некелік өмірдегі мәселелерге дұрыс талдау жасай білуге 

‰йрету. 


Жоғары  сынып  оқушыларын  отбасы-некелік  өмірге  дайын-

дау  мәселесін  зерттеудің  алғашқы  кезеңінде  проблеманың 

ғылыми-педагогикалық  әдебиеттердегі  теориялық  жағдайын 

сараптау,  жоғары  сынып  оқушыларын  отбасы-некелік  өмірге 

дайындаудың  теориялық  негізі — оқушыларға  отбасы-некелік 

өмір  туралы  теориялық  білім  негіздерін  меңгерту,  оларды 

отбасы-некелік  мәселелерге  талдау  жасауға  ‰йрету,  отбасы-

некелік  өмір  туралы  білім  берудің  педагогикалық  жағдайларын 

айқындау қажеттігі туындады.  

Оқушыларды  отбасылық  өмірге  даярлаудың  ең  нәтижелі 

шарттарының  бірі — оқушының  отбасылық-некелік  қарым-

қатынасы  туралы  т‰сінігі  мен  ‰лгілі  іс-әрекеттерін  білумен 



 

117 


бірге,  қазіргі  кұндылықтардың  тез  өзгеретін  жағдайында  жал-

пыға  білім  беретін  мектептердегі  болашақ  отбасы  иесін 

даярлаудың жолдары мен әдістерін білу. 

Жоғары  сынып  оқушыларын,  ең  алдымен,  қарапайым  отба-

сылық  қадір-қасиеттерге  ‰йретуден  бастап,  отбасы  өз  Отаны-

ның  бір  бөлігі  екендігіне,  с‰йіспеншілікке,  мейірімділікке, 

қарапайымдылыққа,  адалдыққа,  әділдікке,  шындықты  с‰юге, 

міндетті  орындауға, ‰лкендерге  құрмет  көрсетуге,  туыстық 

қарым-қатынасты  бағалауға  баули  отырып,  жамандық  пен 

зұлымдыққа  қарсы  тұра  білуге,  немқұрайлықты  жоюға  тәрбие-

леу  жолдарын  қарастырдық.  Ой  мен  дене  еңбегін  ажырата 

білуге,  отбасылық  еңбектің  мәнін  т‰сінуге,  мектепте  алған 

білімін өмірде қолдануға, отбасындағы әрбір іс-әрекетке жауап-

кершілікпен  қарай  отырып,  отбасында  ынтымақты  болуға 

тәрбиелеуге назар аударылды. 

Осы  міндеттерді  ж‰зеге  асыру  мақсатында  ғылыми-педа-

гогикалық  әдебиеттерді  сараптау  нәтижесінде  “Отбасы-некелік 

өмірге  дайындық”  атты  факультативтік  курстың  бағдарламасы 

жасалып,  оны  жоғары  сынып  оқушылары  арасында  ж‰ргізіп, 

жеке тұлғаны жан-жақты дамыту мен қалыптастырудың педаго-

гикалық ықпалы эксперименттік жолмен тексерілді. 

Отбасы-некелік  қарым-қатынастың  мәдениетіне  тәрбиелеу 

көп  факторлардың  әсерімен  болады.  Қазіргі  ғылымның  міндеті 

олардың  әсерінің  сырын  ашып  қана  қоймай,  оларды  ғылыми 

басқарудың  жолдары  мен  әдістерін  көрсету  болып  табылады. 

Сондықтан,  жоғары  сынып  оқушыларына  арналған  факульта-

тивтік сабақтың тақырыптық жоспары құрастырылды. 

Аталған  курс  бойынша  мұғалімдерге  арналған  “Отбасы-не-

келік  өмірге  дайындық”  факультативтік  курсының  бағдарла-

масы  бойынша  курсты  өткізудің  әдістемелік  нұсқаулары 

құрастырылып  таратылды,  мұғалімдерге  арналған  семинар-ке-

ңестер ұйымдастырылды. 

“Отбасы-некелік  өмірге  дайындық”  курсының  тақырыптық 

жоспары ‰ш бөлімнен және он сегіз тақырыптан тұрады. Әрбір 

бөлімде  қарастырылған  тақырып  мазмұны  оқушылардың 

отбасы мен  неке туралы көзқарастарын дұрыс қалыптастыруға, 

білімдерін  шыңдауға, ‰лгілі  іс-әрекет  дағдыларын  бойына  сіңі-

руге бағытталғаны 2-кестедегі ‰лгі бойынша берілді. 

 

118


Бағдарлама  мазмұны  кіріспеден, ‰ш  бөлімнен  тұрады: 

бірінші  бөлім — “Отбасы  мен  неке  дамуының  әлеуметтік-

теориялық  негіздері”,  екінші  бөлім — “Отбасының  әлеуметтік-

педагогикалық  қызметі”, ‰шінші  бөлім — “Отбасы-некелік 

өмірге дайындық бағыттары”. 

“Отбасы  мен  неке  дамуының  әлеуметтік-теориялық  негіз-

дері”  атты  бірінші  бөлімде  мынадай  мәселелер  қамтылды: 

қоғамның  даму  тарихында  отбасы  мен  некенің  өрістеуі;  қазақ 

халқындағы  отбасы  мен  неке  құрудың  ерекшеліктері;  отбасы 

т‰рлерінің  жіктелуі. “Отбасының  әлеуметтік-педагогикалық 

қызметі”  атты  екінші  бөлімде:  отбасының  репродуктивті  және 

жыныстық  қызметтері;  отбасының  тәрбиелік  және  экономи-

калық  қызметтері;  отбасының  реттеушілік  және  бос  уақыт 

қызметтері;  отбасының  фелицитологиялық  қызметі. “Отбасы-

некелік  өмірге  дайындық  бағыттары”  атты  ‰шінші  бөлімде; 

отбасы-некелік  өмірге  даярлаудың  негізгі  бағыт-бағдарын 

талдау; отбасылық бюджетті дұрыс шешу жолдарын қарастыру; 

отбасы  м‰шелерінің  қызметін  ‰лестіру;  отбасында  әке  мен 

ананың  рөлін  айқындау;  отбасындағы  құқықтық  қатынастарды 

меңгерудің  қажеттілігі;  отбасылық  қатынастардың  орнықты 

болуы  және  ондағы  кездесетін  қиыншылықтарды  шешу  жол-

дары;  отбасындағы  қыз  бала  тәрбиесінің  ерекшелігі;  отба-

сындағы  ұл  бала  тәрбиесінің  ерекшелігі;  отбасы-некелік  өмір 

құрудың  негізгі  шарттарын  анықтау;  отбасы-некелік  өмірдегі 

жұбайлардың  құқықтарын  айқындау;  отбасының  психоло-

гиялық  жағдайы  және  оның  бұзылу  себептерін  көрсету;  махаб-

бат — отбасы-некелік  өмір  беріктігің  негізі  деген  мәселелер 

қарастырылды. 

Эксперименттік-тәжірибелік  отбасы-некелік  өмірге  дайын-

дық  курсын  оқыту  барысында  мынадай  оқыту  мен  тәрбие 

әдістері  қолданылды:  талдау,  жинақтау,  қорытындылау,  бақы-

лау және эксперимент ж‰ргізу, сұрақ-жауап, әңгіме, модельдеу, 

т.б.  және  ұлттық  педагогика  әдістері:  мақал-мәтелдер,  салт-

дәст‰рлер,  нақыл  сөздер, ‰лгі-өнеге  көрсету, ‰йрету,  т‰сіндіру, 

ырым  ету,  тілектестік  білдіру,  бата  беру,  қолдау,  ақыл-кеңес 

және  т.б.  Сонымен  қатар,  сабақтарда  психологиялық  тесттер, 

тренинг  және  рөлдік  ойындар,  театр  элементтері,  анкеталық 

сұрақтар пайдаланылды. 



 

119 


Жоғары  сынып  оқушыларын  отбасы-некелік  өмірге  дайын-

дау  бағытындағы  отбасы-некелік  өмір  туралы  білім  беретін 

сабақтардың  тәрбиелік  м‰мкіндіктері  мен  ұтымдылықтарының 

көп  екенін  эксперимент  нәтижелері  көрсетті.  Сондықтан, 

жоғары  сынып  оқушыларын  отбасы-некелік  өмірге  дайындау-

дағы  арнайы  өткізілген  факультативтік  сабақтардың  ықпалын 

ескере отырып, біз  жоғары сынып оқушыларын  отбасы-некелік 

өмірге  дайындаудың  шешуші  факторының  бірі — “Отбасы-

некелік  өмірге  дайындық”  бағытындағы  сабақтар  деген  қоры-

тындыға келдік. 

Жоғары  сынып  оқушыларын  отбасы-некелік  өмірге  дайын-

даудың  типтік  бағдарламасына  қосымшалар  мен  өзгертулер 

енгізу қажет. Жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмір-

ге  дайындауда  балаларды  өткен  ұрпақ  өкілдерінің  педагоги-

калық  мұраларымен,  қазіргі  көпұлтты  республикамыздың 

халықтарының бай дәст‰рлерімен нарықтық заман талаптарына 

сай таныстыру — педагогикалық қажеттілік.  

Сондықтан,  отбасы-некелік  өмір  дәст‰рінің  озық  ‰лгілерін 

жас  ұрпақ  тәрбиесіне  жаңа  мазмұнмен  беру;  олардың  тозығын 

алып  тастау;  көпұлтты  республикамыздың  отбасы-некелік  өмір 

дәст‰рлерінің озығын топтап алу — мәселенің шешу жолдарын 

көрсетті.  Бұл  жағдай  бізге  “Отбасы-некелік  өмірге  дайындық” 

атты  оқу  бағдарламасын  жасауға  м‰мкіндік  туғызды.  Бағдар-

ламада  қарастырылған  әрбір  тарау  мен  жеке  сабақтар  әлем 

халықтарының  озық  ‰лгілерін  саралау  нәтижесінде  қарас-

тырылып,  халықтың  б‰гінгі  к‰нгі  қажеттілігі  ескеріліп,  қазіргі 

жастарға  қажетті  отбасы-неке  туралы  білім,  тәрбие  және  ‰лгілі 

іс-әрекетке бағытталған ықпалы ескерілді. 

Отбасы-некелік өмірге дайындық бағдарламасында әрбір та-

қырыптың  мазмұнын  қамтитын  оқу-шығармашылық,  пробле-

малық,  психологиялық  тест,  тренингтер,  рөлдік  ойындар,  театр 

элементтері,  анкеталық  сұрақтар  т‰ріндегі  практикалық  сабақ-

тар  қарастырылды.  Сонымен  қатар,  халық  ауыз  әдебиетінен 

(мақал-мәтелдер,  ертегілер,  аңыз  әңгімелер,  өлеңдер,  әндер, 

эпостық жырлардан ‰зінді, айтыс, т.б.) материалдар алынды. 

Бағдарламаға қосымша ретінде отбасы т‰рлері, типтері, неке 

т‰рлері  мен  типтері,  отбасы  қызметі  т.б.  таблицалар,  схемалар 

берілді.  Мұның  мәні  әрбір  тапсырманың  педагогикалық  мәнін 

ашу болып табылады. 

 

120



Бағдарламадағы әрбір сабаққа берілген сағат мөлшері бағыт-

бағдар  мөлшері  бойынша  анықтамалық  деңгейде  ұсынылған. 

Бұл  мұғалімге  әрбір  тақырып  пен  материал  бойынша  шығар-

машылық ізденіспен жұмыс ж‰ргізуге м‰мкіндік береді. 

“Отбасы-некелік  өмірге  дайындық”  курсының  бағдарламасы 

негізгі  дидактикалық-тәрбиелік  принциптерге  нұқсан  келтір-

мейді,  керісінше,  теориялық  мәселелерді  айқын  да  лайықты 

факторлармен  және  мысалдармен  ашып  көрсетеді.  Жоғары 

сынып оқушыларының отбасы туралы көзқарастарын қалыптас-

тырып,  отбасы  туралы  білімдерін  толықтырып,  оқушыларды 

отбасындағы ‰лгілі іс-әрекеттерге бейімдейді. 

Сонымен,  жоғары  сынып  оқушыларына  арналған  “Отбасы-

некелік өмірге дайындық” атты бағдарлама өзінің лайықтылығы 

мен  практикалық  бағыттылығын,  жас  ұрпақты  қазіргі  заман 

талабына  сай  отбасы-некелік  өмірге  дайындау  мазмұнының, 

формасының  және  әдіс-тәсілдерінің  дұрыс  таңдалғандығын 

дәлелдеді. 

Зерттеудің  келесі  кезеңдерінде,  тірек  мектептерінде  арнайы 

бағдарламалық  жоспар  негізінде  ж‰ргізілген  тәрбие  жұмыс-

тарының  мәліметтерін  өзара  салыстырмалы  талдау  қорытын-

дысы,  қалыптастыру  эксперименті  нәтижелерінің  қажетті 

деңгейге  көтерілгенін,  ғылыми  зерттеуіміздің  мақсатына,  ғы-

лыми  болжамына  сәйкес  белгіленген  міндеттердің  толық 

шешілгенін көрсетті. 

Жоғары  сынып  оқушыларын  отбасы-некелік  өмірге  дайын-

дау  проблемасына  қатысты  ғылыми-педагогикалық  еңбектерді 

саралау  және  тәжірибелік-эксперимент  жұмыстарының  нәти-

жесі  мынандай  қорытынды  жасауға  м‰мкіндік  туғызды. 

Жастарды  отбасы-некелік  өмірге  дайындаудың  технологиясы, 

қазіргі  жағдайы  заманның  өскелең  талаптарына  сай,  жаңаша 

оқыту  мен  тәрбие  технологиясы  негізінде,  жаңа  педагогикалық 

құрылымда ж‰йелі жасау қажеттігін көрсетеді. 

Жоғары  сынып  оқушыларын  отбасы-некелік  өмірге  дайын-

даудың  қазіргі  практикасын  зерттеу,  әлеуметтік,  жалпы  педа-

гогикалық,  әдістемелік  тұрғыда  талдау  жасау  оқушылардың 

отбасы-некелік  өмір  туралы  білімдерінің  аздығын  көрсетті. 

Отбасы-некелік  өмір  туралы  оқушы  білімінің  шешуші  фактор 

ретінде қарастырылмағаны, оқушылардың отбасы туралы мұра-

тын қалыптастыру міндеті қойылмағаны айқындалды. 


 

121 


Жоғары  сынып  оқушыларын  отбасы-некелік  өмірге  дайын-

дау  негіздері  отбасы  мен  некенің  әлеуметтік  мәні  туралы  білім 

ж‰йесін  меңгеруге,  отбасы-некелік  өмірдегі  мәселелерді  тал-

дауға  құрылу  қажеттігі  тұжырымдалды.  Жоғары  сынып 

оқушыларын отбасы-некелік өмірге дайындаудың ‰лгісін жасап, 

оның технологиясын айқындау міндетін көрсетті. 

Отбасы-неке  туралы  жоғары  сынып  оқушыларына  берілетін 

білім — жеке тұлғаның өмір бойы қолданысында болатын білімі 

ретінде  ерекшеленеді.  Білім  ж‰йесі  жас  ұрпаққа  өз  өмірін 

құруда бағыт-бағдар беріп, таңдау жасау м‰мкіндігін туғызады. 

Отбасы  білімдерінің  ж‰йесінің  отбасы  мен  қоғамның 

байланысы;  отбасының  т‰рлері;  отбасының  саны,  құрамы, 

құрылымы  (типологиясы);  отбасының  негізгі  қызметтері; 

отбасының  жұмыс  қалпы;  отбасындағы  туыстық;  отбасылық 

қарым-қатынас;  отбасы-некелік  қарым-қатынас;  отбасы  және 

жеке  адам;  отбасының  ыдырауы  және  т.б.  к‰рделі  мәселелерді 

қамтитындығы тұжырымдалды. 

Неке  туралы  білімдер  некеге  қатысты  халықтық  салт-

дәст‰рлер;  қоғам  мен  неке;  некенің  т‰рлері;  неке  және  құқық; 

неке  және  балалар  тәрбиесі;  неке  және  махаббат;  некенің  реп-

родуктивтік,  жыныстық,  фелицитологиялық  қызметтері  және 

т.б. мәселелерді біріктіреді. 

Жеке  тұлғаны  қалыптастырудағы  іс-әрекет  теориясы  негі-

зінде жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге дайын-

дауда  жаттығудың,  талдаудың  қажеттігі  көрсетіледі.  Осыған 

сәйкес,  жастарды  отбасы-некелік  өмірге  дайындау  процесінде 

жоғары  сынып  оқушыларын  отбасы-некелік  өмірмен  байла-

нысты  жағдайларды  талдауға  ‰йрету  ерекше  педагогикалық 

әрекет ретінде танылады. 

Жеке  тұлғаны  дамытудағы  оқу  процесінде  ұйымдастыру 

теориясы  негіздеріне  с‰йене  отырып,  жоғары  сынып  оқушы-

ларын  отбасы-некелік  өмірге  дайындаудың  педагогикалық 

шарты — жоғары  сынып  оқушыларына  отбасы-некелік  өмір 

білімдерін  беріп,  оларды  талдауға  ‰йрету  мақсатында  арнайы 

факультативтік курс өткізу. 

Тәжірибелік-эксперименттік зерттеу жұмыстарының нәтиже-

сі жоғары сынып оқушыларына арналған отбасы-некелік өмірге 

дайындық  курсының  мазмұны  лекциялық  және  практикалық 

 

122


сабақтардан  құрастырылғандығын,  оқыту  ‰рдісінде  лекция-

шолу,  лекция-әңгіме,  әңгіме-диспут,  отбасындағы  белгілі  бір 

жағдайларды  талдау,  пікірталас,  тренинг,  психологиялық  тест, 

салыстыру,  сараптау  әдістері  мен  формаларын  кешенді  т‰рде 

қолданудың ұтымдылығын көрсетті. 

 

“Отбасы-некелік өмірге дайындық” атты факультативтік 

сабақтың тақырыптық жоспары 

 

Тақырыптар 



Теория-

лық 


Практи-

калық 


 

Кіріспе. Оқу пәні мен оның міндеттері 1 



І-бөлім. Отбасы мен неке дамуының әлеуметтік-теориялық негіздері 

1. 


Қоғамның даму тарихында отбасы мен некенің 

өрістеуі 

1 1 

2. 


Қазақ халқындағы отбасы мен неке құрудың 

ерекшеліктері 

1 1 

3. 


Отбасы т‰рлерінің жіктелуі 2 



ІІ-бөлім. Отбасының әлеуметтік-педагогикалық қызметі 

4. 

Отбасының репродуктивті және жыныстық 



қызметтері 

2 1 


5. 

Отбасының тәрбиелік және экономикалық 

қызметтері 

2 1 


6. 

Отбасының реттеушілік және бос уақыт 

қызметтері 

1 1 


7. 

Отбасының фелицитологиялық қызметі 1 



ІІІ-бөлім. Отбасы-некелік өмірге дайындық бағыттары 

8. 


Отбасы-некелік өмірге даярлаудың негізгі 

бағыт-бағдарын талдау 

1 - 

9. 


Отбасылық бюджетті дұрыс шешу жолдарын 

қарастыру 

1 - 

10. 


Отбасы м‰шелерінің қызметін ‰лестіру 1 

11. 



Отбасында әке мен ананың рөлін айқындау 2 

12. 



Отбасындағы құқықтық қатынастарды 

меңгерудің қажеттілігі 

2 - 

13. 


Отбасылық қатынастардың орнықты болуы 

және ондағы кездесетін қиыншылықтарды 

шешу жолдары 

1 - 


14. 

Отбасындағы қыз бала және ұл бала тәрбиесінің 

ерекшеліктері 

2 - 


15. 

Отбасы-некелік өмір құрудың негізгі шарттарын 

анықтау 

1 - 

1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет