Айман шолпан



Дата19.05.2022
өлшемі2,05 Mb.
#35097
Байланысты:
Презентация

Айман Шолпан

  • Орындаған:Мамытбек Серікболсын
  • Қабылдаған: Нурила Халикова
  •  «Айман – Шолпан» дастанының кейіпкерлері, апалы-сіңлілі ару қыздар. «Айман-Шолпан» – басқа лиро-эпостық жырларға қарағанда жаңа сюжетке құрылған жыр. Өйткені жырда халықтың тұрмысы базармен, қаламен, сауда-саттықпен байланыста жырланады. «Батыр» Маман байдың елін шауып, екі қызды жайдақ нарға мінгізіп алып кеткенде, Айманның сүйген жігіті Орынборға мал айдап кетеді. Жыр кейіпкерлері: Жырда Көтібар, Есет, Арыстан сияқты тарихи тұлғалардың есімдерінің аталуы – жырдың тарихилық сипатын арттыра түседі. «Көңілі кең, ақылы дана» айман сіңлісі Шолпан екеуінің басына іс түскенде, аспай-саспай барлық қиыншылықты ақылмен, сабырмен жеңеді. Өзі сүйген жары Әлібекке қосылады. Шолпан мен Арыстанның тіл табысуына өзі дәнекер болып, Көтібарды ақыл мен айланың торына шырмап тастайды. Жырдағы күні өтіп бара жатқан ескі мен жаңаның арасындағы тартыс жаңашыл топтардың жеңісімен аяқталады. Басқа лиро-эпостық жырларда әйелдің сұлулығы көбірек сипатталса, бұнда әйелдің ақылы мен даналығын мадақтау басым. Жырдағы бас кейіпкер Айман ақыл-парасаты, тапқырлығы, табандылығы арқылы қиын істің де шешуін шешеді. Екі рудың рубасылары Маман мен Көтібардың арасындағы дауды шешеді. Алайда Көтібар жанжалды тоқтатпай, Маманның екі қызын тұтқынға алады. Қазақ дәстүрі бойынша, қыз баланы түйенің қомына отырғызу қорлықты, кемсітушілікті білдіреді екен. Алайда екі қыз бұған жаси қоймайды. Ауылына барған соң, Айман Көтібарға сіңлісі Шолпанды елге қайтаруын өтінеді. Сіңлісінен сүйген жігіті Есетке өзін екі айдың ішінде келіп алып кетуін айтып сәлем жолдайды. Көтібар Айманға үйленбек болады. Айман Көтібардың ұлы Есетке сыйлық жасайды. Әлібек келгенде Көтібар екеуін айқастырмай, істі жөнге салуды ойлайды. Екеуі не қылса да бітпек болды, Ойлады бітісуге жақсы жолды. Екі жақтан малды Айман қайтарғызып, Маманға Арыстанды күйеу қылды. Айман қыз сөйтіп елді алды бата, Ісінде болмаған соң зәре қата. Өзіне Әлібекті күйеу қылып, Қылады Көтібарды өкіл ата. Шолпанды берді Маман Арыстанға, Әр жерде әлсіздерге болысқанға, Айман қыз ақылменен тату қылды, Бүйтіп ел болмас еді ұрысқанда.

«Айман-Шолпан» — лиро-эпостық жыр. Алғаш жазып алып, баспаға ұсынған – Жүсіпбек Шайхысыламұлы. 1896, 1898, 1901, 1906, 1910, 1913 жылдары Қазан баспасынан жеке кітап болып басылып шықты. Төңкерістен кейін де бірнеше қайтара басылды (1939, 1957).

Құрылысы, бейнелер жасау әдісі, тіл ерекшеліктері жырдың ескі поэтикалық дәстүрде туғанын көрсетеді. Ежелгі жыр, айтыс үлгілері кеңінен пайдаланылады. Эпикалық ұзақ дастандардағыдай, оқиғалар арасын қарасөзбен жалғап отыру үрдісі, жазба әдебиет дәстүріне тән белгілер де кездеседі. «Айман-Шолпан» — реалистік мәнерде шығарылған, аса көркем жырлардың бірі. Мұхтар Әуезовтың «Айман-Шолпан» жыры бойынша жазған музыка драмасы (1934) Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының репертуарынан көп жылдар бойы түспей келді. 1960 жылдан драмалық театрлар сахналарында қойыла бастады.

Жырдың оқиғасы, негізінен, 19 ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ елінің әлеуметтік-қоғамдық тіршілігін, тұрмыс-салтын қамтиды. Кейіпкерлердің ішінде тарихта болған адамдардың есімдері кездеседі (Көтібар, Арыстан, Есет, т.б.). Жырдың негізгі оқиғасы тама руының байы Маман мен шекті Көтібар батыр арасындағы өзара күресі. Жырда жеке бас бостандығы көтеріледі. Айман тек жеке басының азаттығын көксеген қыз емес, ел тыныштығын, қауым ынтымағын ойлаған ақылды да айлалы, өжет мінезді адам ретінде көрінеді. Жырда Көтібар бейнесі де шебер берілген. Бұрынғы батырлықтың азып, ел ішіндегі ұсақ-түйек тентектікке айналғаны осы бейне арқылы көрсетіледі.

Кейіпкерлері

  • Айман — байыпты, байсалды, ақылды.
  • Шолпан — ерке, тентек, тапқыр, өткір тілді.
  • Пьесада жаңа бояулармен толысқан, жан-жақты ашылған кейіпкерлердің бірі - Арыстан ақын-сері тұлғасында бой көрсетеді.
  • Жарас қулықпен, тапқырлықпен ширата түсетін коллизиялардың шешілуі жеткен кезде сахнаға ақылды, ойлы ақын Арыстан шығады. Сондықтан бұл екі образ бірін-бірі толықтырып тұр. Әлібектің Айманды, Арыстанның Шолпанды алуында кездейсоқтық емес, заңдылық жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет