Өмірдің мәні. Өмірдің мәнін іздеу



Дата03.02.2023
өлшемі20,29 Kb.
#64982
Байланысты:
5 сабак (копия) (копия)


Өмірдің мәні. Өмірдің мәнін іздеу.
Адамның жан дүниесін терең зерттеген психолог ғалымдар мынадай анық ақиқатты байқаған. Жас адам саналы ғұмырын бастамай жатып ауыр трагедияға ұрынып, оның бағалы тағдыры қайғы мен қасіретке айналғанда түпкі себебі біреу деген. Жап-жас өрімдей жігіт немесе қыз баласы өзінің өмірге не үшін келіп, не үшін өмір сүру керек екенін ұмытып, ақылы шатасқанда оның тағдыры қайғы мен мұңға тола бастайды. Сондықтан кез келген қоғамдық дерттен жас ұрпақты аман алып қалу үшін оларға өмірдің мәні мен тіршіліктің ақиқат тірегі туралы шындықтарды анықтап беру ең маңызды шаруа. Күндердің күнінде белгілі бір өткелге жеткен кезде кез келген адам баласын «Адам не үшін өмір сүреді?» деген сұрақ мазалайды. Бұл сұрақ кез-келген екі аяқты ақылды пенденің отыз жастың орта шеніне келгенде сүрінетін сауалы. 
Психология ғылымының ғұламалар былай дейді. Кез-келген істі атқарып, оны соңына дейін жеткізіп жасағанда оның мәні мен мағынасы адамның жүрегіне айқын сезіліп тұрмаса пенде ол істен міндетті түрде жалығады. Адамның басқа мақұлықтардан айырмашылығы сонда мәні кеткен, мағынасы жоғалған жұмыстарды жасаудан жалығып, ақырында мезі болып, ол істен түбегейлі бас тартады. Мән мен мағынаны тауып, сезу жолында тазалық пен әділдік міндетті түрде болуы шарт. Адам жанының қалауы сол. Адамның өміріне лас заттар көп араласа беретін болса, адамның денесіндегі таза, пәк жан жаман күнәләрға белшеден бата беруден бас тартып қашады. Орыстың психолог ғалымы Леоньтев «ащы кәмпит феномені» деп аталатын тәжірбие жасаған. Мектеп жасына толмаған сәбиге екі түрлі міндет жүктейді. Бала бұл жұмыстарды бір орында қаққан қазықтай қозғалмай, шағын шеңбердің аясында орындауы шарт. Бірақ бұл мүлде мүмкін емес еді. Бала тапсырманы бір жерден екінші бір жерге қозғалғанда ғана орындай алады. Егер бала тапсырылған міндетті бір орында бұлжытпай орындаса, ақысына тәтті кәмпит алады. Бірақ бала әрі ойланып бері ойланып, тапсырма тек қозғалған жағдайда ғана толық бітетінін түсінеді. Енді тәжірибе жасаушы ғалым бөлмеге сәбиді жалғыз қалдырып, өзі сырттан бақыламақ болады да бір сылтау айтып бөлмеден шығып кетеді. Осы сәтті пайдаланған сәби шартты бұзып, жылжып барып айтқан тапсырманы орындайды. Артынша ғалым бөлмеге кіріп, ештеме байқамаған кісіше, тапсырманы тексереді де, риза болған кейіпте уәде бойынша балаға тәтті кәмпитті ұсынады. Ең қызығы жаңа ғана өте маңызды болып көрінген тәтті кәмпиттің табан астында сәби үшін мәні жоғалады. Ол арам жолмен табылып тұрған тәтті кәмпитті жеуден түбегейлі бас тартады. Мұндай сәтте кейбір жаны нәзік сәбилер жылап та жіберуі мүмкін. Әлі дүние кірімен былғанбаған баланың таза жаны әділетсіз жолмен келген тәтті кәмпитті ала алмай қатты қиналады.
Міне осылайша әр істелген іс тек адалдық пен тазалықтың негізінде мәнге ие болады. Адамның жануардан айырмашылығы да осы арада деп қорытады ғалымдар. Өкінішке орай бала өсіп, дүние кіріне былғанған сайын баяғы тазалығын жоғалта береді. Ақырында керісінше әділетсіз істерден ләззат алатын «қиянатшыл нәпсі» сезімі адам денесіне біржола қожалық етеді.
Біз әдетте кез-келген нәрсенің мәнін, мағынасын белгілі бір дәрежеде анықтап үйренгенбіз. Көп нәрсе көзге көрініп, сезіліп тұрғандықтан оның мәні де тезірек байқалады. Алайда адамның көзіне көрінбейтін, уақытпен бірге ағып бара жатқан өмір деген абстрактілі ұғымның мағынасын немен анықтап дәл айтуға болады. 
Өмірдің мәнін анықтау үшін сенің өмірің бітіп, аяқталып қалса да мәңгі жалғаса беретін түпсіз нәрсемен анықталуы тиіс дейді ғалымдар. Олай болса өзін ұлы тұлға сезінетін адамдар тәкәппарлықтан тыйылуға тура келеді. Әр адам «Мен жерді тіреп тұрған негізгі ұстын не болмаса күллі ғаламның кіндігі емеспін. Сондықтан менен де маңызды, менен де қадірлі нәрсе болуы тиіс. Менің найзағайдай жалт еткен шолақ ғұмырым ұшы қиыры жоқ мәңгіге созылып жатқан бітпес бір ғұмырдың титімдей бөлшегі деп ойлансын». Осы бір өте елеусіз көрінетін бір адамның ғұмыры әлемдегі өз орнын дұрыс анықтап, қоғамдағы «кетігін» тауып қаланғанда ғана мәні ашылады. Ал ол адам өмірде өз орнын табу үшін өзге адамдардың өз орындарын табуына кесірін тигізбеуі керек. (Өкінішке орай барлық жерде, ұжымда, жұмыста, қызметте адамдар керісінше әрекет еткісі келіп тұрады) Міне, осылайша гармония, сыйластық, барлық адамға деген игі тілек, жақсы ниет дүниеге келеді. Осы мақсаттарға жету жолында көп адамның айнымас темірқазығы ретінде жармасатын құнды заты — Құдай. 
Ерте замандарда адамдар сауаты саяз, ілім-білім болмаған кезде «өмірдің мәні не?» деген сұраққа онша терең бойлай алмаған. Ол кезде оларға мағына туралы емес, «өзіңнің Жаратушы алдындағы міндетің туралы ойлан», деп үйрететін. Яғни «Құдай сені о баста жаратып, маңдайыңа тағдырыңды қашап жазып берген. Сен сол соқпақпен жүре бер», дейтін. Келе-келе адамзаттың сана-сезімі өсіп, жерге жол көрсетуші киелі кітаптар түсіп, пайғамбарлар дүниеден озып, қоғамда сауатты, саналы адамдар көбейген кезде Құдай «мені не үшін жаратты?» «Тағдырымның мәні не?»-деген сұрақтармен басы қата бастады. Осылайша «өмірдің мәні» деген ұлы философия алдыңғы орынға шықты. Бұл сұраққа Ү-ІҮ ғасырларда қайсыбір ойшылдар «өмірдің мағынасы барынша рахат көру», деп жауап берді. Қолыңнан келсе, қонышыңнан бас. Амалын тапсаң азаптан қаш та, жеңіл жолмен бұл өмірдің ләззатын сорып жата бер. Бұл көзқарасты ғылымда «гедонизм» деп атайды. Гректің «хедоне» «рақат, ләззат» деген сөзінен шыққан. Ең қызығы бұл көзқарас өте өміршең болып шықты. Күні қазіргіге дейін өмірдің мәнін осылай кері түсіндіретін саяз адамдар қоғамда жетіп артылады. 
 Христиандар Жаратушы Құдайдың әмірлерін бұлжытпай орындау арқылы жандарын мәңгі азаптан құтқаруы тиіс деп есептеді. Діннің алғашқы заңы деп Мұса пайғамбарға түскен он өсиетті айтады. Бұл өсиеттер өте қарапайым әрі кез келген адамға түсінікті. Бұл моральдық он өсиетті мұсылмандар да сөзсіз мойындап, оларды бұлжытпай орындауға тырысады. Осы қатаң талаптар мен бұйрықтарды бұлжытпай орындап, жанды таза сақтап, мәңгі азаптан аман алып қалу өмірдің мәні болып саналады. 
Кейін келе дін әсері әлсіреп, утилитаризм деген этикадағы тың бағыт, жаңа «ауру» пайда болды. Бұл қолмен ұстап, көзге көретін заттарды бағалап, соларға табынаудан барып шыққан мәдениет. Бұл ағымның негізгі қозғаушы күші — коммунизм. Яғни көзге көрінетін нәрселерді ғана бағалап, сол үшін адам бар өмірін арнауы керек. Жалпы осы мақсатқа жету үшін барлығынан тайсалмауға болады. Тіпті коммунистер көздеген мақсатқа жету жолында бұқара халықты құрбандыққа шалса да түк етпейді деп санайды. Юлий Шрейдер атты философ «утилитаризм — барлық абсолютті нәрселерден уақытша ғана өмір сүретін жетістіктерді жоғары бағалайтын болғандықтан, этиканы түбінен шірітіп құртады» деп есепетейді. Бұл ілім қоғамға үстем болғанда, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін санаулы ғана адам сұрыптап беріп отырады. Ал, қалған бұқара халық солармен айтқанымен жүріп-тұруы керек. 
Шыны керек, бұл Ұлы Сұрақтың жауабын көп іздеп, еңбектенген, сол арқылы қоғамға жаңалық әкелген данышпан — Лев Толстой болды. Толстой атамыздың жанайқайы бүкіл Орыс елі тұрмақ, еуропа жұртын да дүр сілкіндірді. Орыс әулиесі «өмірдің мәні адам рухының үздіксіз дамып, бойындағы Құдай сипаттарын барынша ашу. Құдай рухын нәпсі қалауының қара балшығынан аршып алып, күллі жаратылысқа деген махаббатын ояту» деп түйді. Ақылман Толстой жас жеткіншектерге арнап жазған «Өздеріңе сеніңдер» деген өсиетінде, «Балалықпен қоштасқан соң саналарыңды «Мен кіммін? Мен бұл өмірде не істеп жүрмін?-деген сұрақтар мазалағанда, бұл сұрақтардың жауабын таба алатындарыңа сенімді болыңдар. Сұрақтарға жауап іздегенде данышпан, даналар ұсынған жауаптар саналарыңда, туыстарың айтқан пікірлермен сәйкес келмесе қорқып, шошымаңдар. Пікір қайшылығынан әсте де қорқуға болмайды. Керісінше, пікір қайшылығының ұлғайуы сенің Құдай сипаттас рухыңның ояна бастағанының айқын белгісі. Дәл осы екі жауаптың бір-біріне сәйкес келмеуінің астарында өмірдің шын мағынасы көміліп жатыр. Он бес жасымда осы сұрақтар алғаш рет мені де мазалап бастағанда өз бетімше жауап беруден қаймыққам. Айналамдағы адамдардың тынымсыз қайталай беретін қате пікірін мен де еріксіз қабылдағам. Осы қате қадамның азабын өте ұзақ тарттым. Ия, сонымен аса құрметті өскелең ұрпақ бөтен адамдардың өздері түсінбесе де таңып сөйлейтін пікірлеріне мән берместен, шынайы түрде өмірлеріңнің мәнін ашып, түсініп алуға тырысыңдар. Сендердің бұл талпыныстарың жас адамның бойындағы жәй ғана орындалмайтын арман, құлшыныс қой деп бейпіл сөйлейтін адамдардың сөзіне әсте құлақ аспаңдар. Жан дүниелеріңде алғаш рет Құдай сипаттас сезімдерің ояна бастағанда оның қаншалықты маңызды екенін барынша терең сезініп, бұл ең Ұлы сезімнің әлсіз жалынын сөндіруге жол бермеңдер. Керісінше жастық шақтың барлық күш қуатын пайдаланып бұл шоқтың өршеленіп жануына бар күш жігерлеріңді салыңдар. Дәл осы рух сәулесінің күш алып, алаулап жануына барлық адамның ең ұлы қуанышы мен бақыты байланған». 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет