Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы



Дата16.10.2023
өлшемі45,46 Kb.
#115601
Байланысты:
305 Әлден Гүлназ ҚӘОӘ


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы











СОӨЖ 1


Коммуникативтік дағдыларды дамыту
Орындаған: Әлден Гүлназ (ҚБ.305-топ)
Тексерген: ф.ғ.к. Аскарова Г


Алматы, 2023

Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы күн сайын ойын түрінде түрлі балалар әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.


Мақсаты балалардың ауызекі сөйлеуін дамыта отырып, олардың қарым-қатынас жасауға деген қажеттіліктерін қанағаттантандыру.
Міндеттері:
коммуникативтік дағдыларды дамыту үшін тілдік қарым-қатынас ортасын құру;
сөйлеуді және фонематикалық естуді дамыту;
баланың түсінетін және белсенді сөздік қорын қалыптастыру;
ересектердің, құрдастарының сөзіне еліктеу қабілетін дамыту;
балаларды алғашқы қарым-қатынас құралдарын (вербальды және вербальды емес) қолдануға үйрету;
дыбыстарды қайталау, еліктеу арқылы дыбыстау мәдениетін қалыптастыру (үй жануарларының дыбыстарын және т.б.);
сөйлеудің бастапқы фонетикалық, грамматикалық (2-3 сөз) құрылымын сақтай отырып, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Сөйлеуді дамыту (1 жастан 1 жас 6 айға дейін).
Сөзді түсіну
Суреттерден ересектің айтқан сөзіне сәйкес келетін ойыншықтарды,заттарды, киімдерді, ыдыс-аяқтарды табу және көрсету. Өз дене мүшелерін және ойыншық жануарлардың дене мүшелерін (қол, аяқ, бас, ауыз, көз, құлақ), тұрмыстық және ойын әрекеттерін (жуыну, қыдыру); заттардың түстерін (қызыл, көк), қарама-қарсы өлшемдерді (үлкен, кіші), фигураларды (текше, кірпіш) білдіретін сөздерді түсіну. Күнделікті өміріне байланысты қарапайым сөз тіркестерін түсіну, өтініштерді орындау, ойыншықтармен күрделі емес бейнелі ойындар ойнау, тұрмыстық жағдаяттарды суреттейтін 1-3 әрекетті көрсету.

Белсенді сөйлеуді дамыту


Дыбыстық тіркестер мен сөздерге еліктей отырып, дыбыстау. Белсенді сөздікті жақын адамдардың атауларымен (ата, әже, әке, ана), күнделікті жиі қолданатын таныс заттар мен ойыншықтардың, тағам атауларымен (ботқа, су, сүт және т.б.), белгілі қимылдарды (ал, бер, аш, тұр, жібер, ұйықта, бар және т.б.) білдіретін сөздермен толықтыру.
Ересектердің сөздерін тыңдауға, «Бұл кім?», «Бұл не?», «Не істеді?» деген қарапайым сұрақтарға жауап беруге, ыммен, қимылдар арқылы көрсетуден біртіндеп сөзбен айтуға көшуге, екі сөзден тұратын сөйлемдерді айтуға баулу.

Күтілетін нәтижелер:


суреттерден айтылған сөзге сәйкес келетін ойыншықтарды, заттарды табады және көрсетеді;
дене мүшелерін көрсетеді;
дыбыстық тіркестер мен кейбір сөздерді еліктей отырып, айтады;
өзінің, жақын адамдарының есімдерін, атауларын (ата, әже, әке, ана) күнделікті жиі қолданатын таныс заттар мен ойыншықтардың атауларын, тағамдардың атауларын, белгілі қимылдарды біледі және оларды айтуға тырысады;
қарапайым сөз тіркестерін түсінеді, екі сөзден тұратын сөйлемді айтады;
эмоционалдық көңіл-күйді түсінеді және өзінің эмоциясын ым-ишарамен көрсетеді.

Сөйлеуді дамыту (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін).


Сөзді түсіну
Түсінетін сөздер қорын кеңейту. Заттардың түсін (қызыл, көк, сары, жасыл), өлшемін (үлкен, кіші), заттардың күйін (таза, кір), мерзімдік (қазір), сандық (біреу, көп) қатынастырады, қалауларын білдіруге қажетті сөздерді (тамақ ішу, ұйықтау, су ішу), дене мүшелерін білдіретін сөздерді түсіну.
Таныс заттарды ересектердің көмегімен түсі бойынша таңдау. Жануарлардың қимылын (лақ секіреді, құс ұшады), дыбыстауын (қозы маңырайды: мааа, бұзау мөңірейді: мөөө, мысық мияулайды), адамның қимылын (жүреді, жүгіреді, билейді) білдіретін сөздерді түсіну және дыбыстық тіркестерді атау.
Белсенді сөз
Дыбыстық тіркестерді жалпы қолданыстағы сөздермен ауыстыруға (бааа-бота, мааа-қозы, мөөө-бұзау, мәәә-лақ, мяу-мысық, абаб- ит), туыстық атауларды (аға, апа, тәте, көке және т.б.), төрт түліктің (ат, тай, бота және т.б.), жиі қолданылатын азық-түлікті (нан, шәй, май, сүт, көже және т.б.) білдіретін жеңіл сөздерді айтуға баулу.
Сөздік қорды ойыншықтар, киімдер, ыдыстар, көлік түрлерін білдіретін зат есімдермен, тұрмыстық (киіну, жуыну және т.б.), ойын (ойнау, салу, домалату, тебу және т.б.) әрекеттерін білдіретін, қарама-қарсы мағыналы (ашу-жабу, бару-келу, алу-салу және т.б.) етістіктермен, заттардың түсін, пішінін, білдіретін сын есімдермен толықтыру.
Ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынаста алғашқы әдеп нормаларына сәйкес сөздерді қолдануды үйрету (амандасу, қоштасу, рахмет айту, және т. б.)
Күнделікті өмірдегі, суреттегі заттардың атын атау, ересектер мен құрдастарынан көмек сұрау, өтініш білдіру, еліктеу бойынша жаңа сөздерді, екі-үш сөзден тұратын сөйлемдерді айту, қарапайым сұрақтарға жауап беру.
Айналасындағы адамдардың сөзін тыңдау, олардың ауызша айтқан талаптарын орындау.
Ересектердің сөзін қайталау арқылы дұрыс сөйлеу дағдыларын, ана тілінің грамматикалық нормаларын ескеріп, сөйлемдерді құруды қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:


Дыбыстық тіркестерді еліктеп, дұрыс қайталайды;
үлкендерді тыңдайды, түсінеді, тапсырманы орындайды;
заттардың атын, түсін, мөлшерін, көлемін, орнын біледі және атайды;
сөзбен немесе қысқа сөз тіркестерімен өз өтінішін білдіреді;
әдепті сөйлеуге талпынады;
қарапайым сұрақтарға жауап береді;
екі-үш сөзден тұратын сөйлемдерді айта алады.
Көркем әдебиет (1 жастан 1 жас 6 айға дейін)
Көркем әдебиетті қабылдауға қызығушылықты ояту.
Шағын, мазмұны түсінікті өлеңдерді, әңгімелерді, тақпақтарды, бесік жырларын тыңдату, шығарманы оқып беруді суреттер, ойыншықтар, әрекеттерді көрсетумен (әңгімелеу) сүйемелдеу. Оқылатын шығарма мазмұнының баланың жасына сәйкестігіне және мәнерлеп оқылуына мән беру.Жалпақ және көлемді иллюстрацияларымен кітаптарды қарауға баулу.
Күтілетін нәтижелер:
Шағын, мазмұны түсінікті әңгімелерді, өлеңдерді, тақпақтарды қызығушылықпен тыңдайды;
кітаптардың суреттерін, жалпақ және көлемді иллюстрацияларды қарайды.
Көркем әдебиет (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін):
Көрнекіліксіз таныс мазмұны қарапайым шығармаларды тыңдау, олардың мазмұнына эмоциямен жауап беру, шығарма мәтінінің кейбір сөздерін қайталау және мазмұнында айтылатын қарапайым әрекеттерді, дыбысқа еліктеу мен ойын әрекеттерін орындау.
Ересектің көмегімен тақпақтарды, қысқа өлеңдерді және әңгімелер мен ертегілердің мазмұнын қайталап айту, көркем шығарма мазмұны бойынша қойылымдарға қатысу.
Таныс шығармалар мазмұнына сәйкес ойын әрекеттерін орындау, драмалық ойындарға, қойылымдарға қатысуға баулу, ондағы игерген тәжірибелерін еркін ойындарда қолдануға мүмкіндік беру. Үстел үсті, саусақ театрларын өзбетінше ойнату.
Кітаптардағы суреттерді өзбетінше қарауға, ондағы таныс кейіпкерлерді көрсетуге мүмкіндік беру. Көркем сөзге, мәнерлеп сөйлеуге қызығушылықты ояту.
Күтілетін нәтижелер:
көрнекіліксіз таныс шығармаларды тыңдайды;
таныс шығармалардағы сөздерді қайталайды;
кітаптардағы суреттерді өзбетінше қарайды, ондағы таныс кейіпкерлерді көрсетеді;
оқылған таныс өлеңдердегі сөздер мен сөз тіркестерін айтады;
шағын өлеңдерді, ертегілер мен әңгімелерді эмоционалды қабылдайды және қимыл-әрекет арқылы көрсете алады;
шағын драмалық ойындарға, қойылымдарға қатысады, ондағы игерген тәжірибелерін еркін ойындарда қолданады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет