Академиялық жазу және ғылыми стиль Жоспар: І кіріспе Академиялық жазу туралы түсінік ІІ негізгі бөлім



Дата20.12.2023
өлшемі20,64 Kb.
#141347

Академиялық жазу және ғылыми стиль


Жоспар:
І кіріспе
Академиялық жазу туралы түсінік
ІІ негізгі бөлім
Академиялық жазудың құрылымы
Ғылыми стиль түсінігі
ІІІ Қорытынды

Әр пән бойынша студенттер, профессорлар және зерттеушілер идеяларын жеткізу үшін дәлелдемелер жасауға академиялық жазуды пайдаланады. Академиялық жазу сенімді дәлелдермен, белгілі бір сөзді таңдаумен, логикалық ұйымдастырумен және жеке оймен сипатталады. Кейде сіз қысқа мерзімде және қол жетімді емес, күшті академиялық мәтін жазуыңыз керек болады, бірақ сіз қалай жазу керек екендігін, қандай ақпарат арқылы жазу керектігін білмейсіз. Академиялық жазу ол ақпараттандырылған, талдауды қажет ететін, ғылыми стильде нақты, әрі қысқа мазмұнда жазылған, ғылыми жұмыстың бір түрі.


Академиялық жазу - бұл арнайы салаларға байланысты оқырмандардың таңдаған тақырыптары бойынша, берілген әдебиеттерді оқып өз пікірлерін жазбаша жеткізуі. Жеке ойлар мен идеяларды мәтіндер жазу, олардың жазу түрі мен стилін таңдап оны қолдануы. Ғылыми мәтіндерді жазылу машығы және оны суреттеу тілін, стилистикасын таңдап, форматтай білу де, академиялық жазуға жатады. Ол көп жағдайда зерттеуге, нақты дәлелденген бойынша, білімді ғалым мен жазушы,ағартушылар пікірлеріне тәуелді болып келеді. Ғылыми эсселер, реферат, ғылыми мақала, жоба, зерттеу жұмыстары, дипломдық жоба және т.б. академиялық мәтіннің бірнеше мысалдары болып саналады. Осы жұмыстардың барлығында дерлік кіріспе, негізгі бөлім, тақырып, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер, яғни, академиялық жазылымға қойылатын талаптардың барлығы сақталуы тиіс. Академиялық жазылымның басты мақсаты – студенттердің реферат, эссе, ғылыми мақала, дипломдық жұмыс, диссертация және басқада ғылыми жұмыстарды академиялық мәтін түрінде жазуға үйретеді.


Академиялық жазудың ерекшеліктеріне тоқталсақ:

  1. Мәліметті жеткізу кезінде лексикалық бірліктердің дұрыс қойылуы;

  2. Жүйелілігі,біркелкілігі;

  3. Тақырып қысқа, әрі тұтас болуы;

  4. Ғылыми стилді пайдалану;

  5. Етістік шақтарын қолдану;

Біз академиялық аудиторияға арналған мәтін, академиялық жазу екенін түсіндік, ал академиялық емес жазу – бұл көпшілікке бағытталған жеке көзқарас жазу стилін қарастырады. Академиялық жазу аудиторияға бағытталған, ал академиялық емес жазу көпшілікке бағытталған. Дәлелдер мен дереккөздер академиялық жазу мен академиялық емес жазу арасындағы үлкен айырмашылық болып табылады. Академиялық жазу дәлелденген деректер мен сілтемелерден тұрады, ал академиялық емес жазу әдетте сілтемелерді қамтымайды.


Сонымен, академиялық жазудың ерекшелігі:

  • Обьективті түрде;

  • Ғылыми стильде;

  • Жүйелі құрылыммен жазылады;

  • Сілтемелерді жиі қолданады;

Тіл білім әлемінде бес түрлі стиль бар: ауыз екі, публицистикалық стиль, көркем әдеби, ресми іс-қағаздар және ғылыми стиль. Осы стильдердің ішіндегі ғылыми стиль – академиялық мәтін талабына сай келеді. Негізінен ғылыми стильге қойылатын басты талаптардың бірі ой тікелей мағынада жеткізілуі тиіс, бұл ғылыми стильдің ерекшелігі.

Қорытындылай келе, академиялық жазу пәнінің негізгі мақсаттарының жалпы академиялық жазу талаптарына сәйкес студенттердің ғылыми стиль бағытындағы жазылым деңгейін көтеру. Осы мақсат барыында студенттер үшін академиялық жазу төмендегідей дағдыларды қалыптастырады:



  • Кез-келген мәтіннен конспект жасау;

  • Өзін-өзі басқару, бағалау;

  • Зерттеу жұмыстары;

  • Ғылыми жұмыстарды тексере білу және түсіну;

Ғылыми қоғамдастықта танылғысы келетін кез-келген бастаушы немесе беделді ғалым академиялық жазудың не екенін білуі керек. Бұл ғылыми мақалаларда қолданылатын және құрылымға, мазмұнға және басқа талаптарға қатысты белгілі бір ережелерді сақтаумен сипатталатын ғылыми стиль. Академиялық стильді үйрену өз жұмыстарын халықаралық журналдарға ұсынатын студенттерге, оқытушыларға және ғылым ғалымдарына өте маңызды және үйренген дағды ғылымда ғана емес, жұмыста да, күнделікті өмірде де пайдалы болады.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Оспанов Е.Т. Академиялық жазылым., Алматы 2008, 13б.

  2. Есенгалиев Д.А. Академиялық жазба негіздері., Ақтөбе 2023, 26б.

  3. Динаева Б.Б., Сапина С.М. Академиялық оқылым және жазылым, Алматы 2017, 33б.



МДОжТ-301 тобының студенті Утегуова Сұлу

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет