Ғылыми мақала жазуға баулудың жолдары
Сарқыт Әлісжан
Назарбаев Университеті,
филология ғыл. докторы
Академиялық жазудың басты мақсатының бірі –
студентті ғылыми
мақала жазуға баулу. Ғылыми мақала жазу – оңай емес, ол өзіне жазуға
дейінгі ойлау элементтерін қосатын, тілден тыс жатқан логикалық
құбылыстармен де байланысы бар күрделі үдеріс.
Ғылыми мақала жазуды
санада белгілі бір тақырып жайында ойды қорытуға қабілеті бар жеке тұлға
ғана іске асыра алады. Студенттің болашақ маман екендігін ескерсек, осы
міндетті (ғылыми мақала жазу) университетте оқып жүріп игеру немесе
игерту үшін қадам жасау маман және оның болашақ саласы үшін де пайдалы
болмақ.
Бұл баяндамада ғылыми мақала жазуға баулудың кейбір жолдарына
тоқталамыз.
Ғылыми мақала жазу тек сауатты
жаза білумен шектелмейді, ең әуелі
ол ойлау дағдысын, сондай-ақ жазу барысындағы біліктілікті игеруден
көрінеді және жазудан кейінгі атқарылатын жұмыстарды да жетік меңгеру
қажет. Осылай еткенде ғана ғылыми мақала жазуды ұйымдастырудың басты
тетіктері
мейлінше кең көрініс таппақ, үйрету әдістемесі де неғұрлым
толыққанды болмақ. Сондықтан ғылыми мақала жазудың басты әдістерін үш
мәселе төңірегінде қарастырамыз. Біздің ойымызша, осы үш нәрсе бойынша
студенттер қажетті дағдыларды қалыптастыра алса, ғылыми мақала жазу
барысында ілгерілеушілікке ие болады. Олар: 1)
Жазуға дейінгі дағдылар;
2)
Жазу кезіндегі дағдылар; 3)
Жазудан кейінгі дағдылар.
Енді осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық.
1.
Жазуға дейінгі дағдылар
Жазуға
дейінгі дағдылар ойлау, есте сақтау, тақырыпты логикалық
бөліктерге ажырата алу және ауызша жеткізе білу тәрізді әрекеттермен
байланысты. Сондықтан практикалық бағытта орындалатын тапсырмалар
осы мәселелердің
айналасында іске асуы тиіс, солар бойынша дағдылар
қалыптастыруды көздейді.
Жазылымның сөйлеу әрекеттерінің басқа түрлеріне қарағанда
(сөйлесім, оқылым, тыңдалым) әлдеқайда күрделі және содан кейін, осы
әрекеттердің негізінде жүзеге асатынын ескерсек,
аталған дағдыны
студенттің бойында қалыптастыру аса маңызды болып табылады. Ол
студенттің белгілі бір тақырып бойынша оның логикалық сызбасын нақты
көз алдына елестетіп, түсіне алуға, өз ойында ойша жинақтап алуға
көмектеседі. Бұл дағды – нақты жазуға апарар жол болмақ,
осы жолда
шыңдалмаған үйренуші жазу барысында да кейбір қателіктерге ұрынуы
әбден мүмкін.
Жазуға дейінгі қалыптасатын дағдыларды мына сызба бойынша беруге
болады:
1-
кесте
Жазуға дейінгі дағдылар
ойлау
ішкі үн
логикалық бөліктерге ажырату
сыртқы тіл
Аталған дағдылардың негізінде студенттің тілдік санасында мәтіннің
логикалық сызбасы түзіледі, оны былайша беруге болады:
Негізгі тезис
Мәтіннің логикалық сызбасы
2-
кесте
Дәлел 1 дәлел 2
дәлел ...
Иллюстрация (мысалдар)
Қорытынды (резюме)
Сызбаға түсініктеме бере кететін болсақ, бұл жерде
негізгі тезис –
негіздеуді қажет ететін пайымдау болып табылады. Негізгі тезис өзіне сөйлеу
тақырыбын (мәтінде не туралы айтылатындығы)
және оның талданатын
белгілерін (тақырыптың белгілерін) қосады.
Дәлел (аргумент) – бұл тезистің
негіздемесі; дәлелдер.
Иллюстрация – теориялық жайттарды бекітетін
мысалдар.
Қорытынды (түйін) – тақырыпты аналитикалық талдаудың
түйіндемесі, зерттеудің болашақ бағдары.