ДайындағАН: кеңесбаева гулбану



Дата09.12.2022
өлшемі2,17 Mb.
#56210
түріПрезентация

ДАЙЫНДАҒАН:КЕҢЕСБАЕВА ГУЛБАНУ

Презентация дайындау

ЖОСПАР:

1.Презентация жайлы түсінік.

2.Презентацияға қойылатын талаптар.

Презентация дайындау әдіс және құралдары.

Презентация- бір нәрсені (ұйым, жоба, өнім және т.б.) таныстыруға арналған құжат немесе құжаттар жиынтығы.


Презентацияның мақсаты - тыңдаушыларға презентация нысаны туралы толық ақпаратты ыңғайлы түрде жеткізу. Қазіргі уақытта презентация маркетингте қолданылады. Презентацияда бір мақсатта жұмылдырылған мәтіндер, гипермәтіндік сілтемелер, компьютерлік анимациялар, графика, видео, музыка және дыбыстық жазбалар болуы мүмкін (бірақ барлығы болуы міндетті емес).Сонымен қатар, презентация ақпаратты оңай қабылдау үшін ұйымдастырылған сюжет, сценарий және құрылымға ие.
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ЖАСАУ
  • Power Point ті іске қосу.Егер ол жүмыс істеп тұрса,Файл-Создать командасын таңдау.
  • Презентация қосымшасының бетінде оның тақырыбына сәйкес презентация шаблонын таңдау.
  • Слайдтар тәртібіне өтіп,слайд тақырыбында барды ерекшелеп,өз тақырыбыңды теру.
  • Әр слайдта үлгі мәтіннің орнына қажетті мәтінді теру.Келесі алдыңғы салайдқа өту үшін слайдтар бойынша жылжу батырмаларын пайдалану.
  • Жазбалар тәртібіне өтіп,ағымдағы слайдқа түсінік беру.

6.Құрылым тәртібіне өтіп,презентация жоспарын қарап шығу.
7.Слайдтарды сұрыптау тәртібіне өтіп,слайдтардың орналасу ретін өзгерту.
8.Презентация экранда қалай көрінетінін көру үшін PowerPoint терезесінің астындағы қарау батырмасын шерту.Слайдты қолмен алмастыру үшін үстінен шерту немесе Вид-Показ слайдов командасын орындау.
9.Дайын презентацияны көрсетуді аяқтау.
10.Прентацияны сақтау- Файль-Сохранить командсын орындап,презентацияға ат меншіктеу, содан кейін Сохранить батырмасын басу.
Рамка қосу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз.
1. Образец слайдов қаттамасынан Разметка образца тобынан Вставить заполнитель өрісінің қасындағы бағыттағышты шертіп рамканың қажеттісін таңдаңыз.
2. Макет өрісін шертіп рамканы созыңыз.
3. Microsoft Office батырмасын басып, содан кейін Сохранить как басыңыз.
4. Имя файла өрісінде файл атын енгізіңіз немесе үнсіз келісім бойынша бұрынғы атауын қалдырыңыз.
5. Тип файла тізімінен Шаблон PowerPoint таңдаңыз содан кейін Сохранить басыңыз.
Слайдқа мәтін, сурет, графикалық обьектілер енгізу. Шаблон көмегімен немесе бос презентацияны құру командалары орындалған соң, Слайд құру сұқбат терезесі ашылады. Осы сұқбат терезесінде слайдтарға мәтін, сурет, графикалық обьектілер, диаграммалардың орналасу схемасын таңдай аламыз. Қажетті схеманы таңдап ОК батырмасын басамыз. Экранда слайд пайда болады. Енгізу – Сурет командасын орындап: Картинкалар – Microsoft Clip Gallery обьектілерін; Файлдан – файл түрінде сақтаулы тұрған суреттерді; Автофигуралдар - әртүрлі автофигуралар; Бірнеше тармақтан тұратын диаграмма, WordArt обьектілерін, сканерден көшірме енгізу мүмкіндігі бар.
Слайд элементіне анимациялық эффектілер қосу. Слайд элементіне анимациялық эффектілер қосу үшін, Слайдты көрсету – Анимация қосу командасын орындаймыз. Осы кезде Анимация қосу сұқбат терезесі ашылады. Бұл сұқбат терезесінде слайдтың әрбір элементіне анимация қосу, дыбыстық эффект беру, осы элементтердің пайда болу уақыты мен ретін ауыстыру және анимациядан кейін түсін өзгерту немесе басқа эффект беру әрекетін орындай аламыз. Ішкі командалары: Колекциядағы кино, Файлға сақталған кино. Коллекциядағы дыбыс. Колекциядағы кино немесе Колекциядағы дыбыс командалары орындалса, Microsoft Clip Gallery сұқбат терезесінің, сәйкес Бейне немесе Дыбыс ішкі беттері ашылады. Қажетті бейнеклип немесе дыбыс шарт белгісін ерекшелеп Енгізу батырмасын шерту арқылы, оны слайдқа енгізе аламыз.
Презентацияға қойылатын талаптар:
- Презентация электронды және баспа түрінде болады (түрлі-түсті, файл папкіде).
- Презентация көлемі 10-15 слайдтан тұруы қажет.
-Презентацияның құрылымы мұқабасы, кіріспе (зерттелетін мәселенің түйіні, мәселенің мңыздылығы, мақсаты мен міндеттері жазылады), негізгі бөлімі (бұл бөлімнің әрбір бөлігі жеке мәселелерді ашады немесе бір-бірін жалғастырып отырады, бұл бөлімде кесте, сызба, график, суреттер болуы мүмкін), қорытынды (презентация бойынша қысқаша қорытынды беріледі, ұсыныстар беріледі), әдебиеттер тізімі болады.
- Презентация әдеби тілде жазылуы қажет.
- Материал жоғары техникалық деңгейде болуы қажет.
Иллюстрациялық материалға қойылатын талаптар:
- Иллюстрациялық материал қойылған мақсатқа және тақырыпқа сәйкес болуы қажет.
- Ақпарат қазіргі мәселелерді қозғауы қажет.
- Материал әдеби тілде жазылуы қажет.
Негізгі талаптардын бірі:
-Қызықты өткізуге аса мән беру;
-Презентация барысында (қолды шамадан тыс көп сермемеу;
-Аудиторияның назарын өзіне қарата алу, аудиториямен байланыс орната алу;
- Киім киісіне назар аудару;
-Өзін салмақты ұстау;
-Сұрақтарды қашан қою керектігін ескертіп кету;
-Үлестірме материалдардың болуы (қажет болса);
- Орыс тілін араластырмау;
- Презентацияға қойылатын ерекше талаптың бірі - сандық мәліметтерден басқа материалдарды баяндау барысында қағазға көп қарауға болмайды.
Презентацияға берілетін уақыт: бір студентке 5-7 минут.
Талаптар
Стилі • Безендірудің біркелкі стилін сақтау.
• Презентацияның өзінен алаңдататын стильден аулақ болу.
• Көмекші ақпараттар (басқарушы тетіктер) негізгі ақпараттардан (мәтін, суреттер) басым болмауы қажет.
Фоны
• Фоны үшін неғұрлым суық реңдерді таңдаңыздар (мысалы, көк немесе жасыл).
• Ала-құла фон болмауы қажет.
Түстерді қолдану
• Бір слайдта үш түстен артық емес түстерді қолдану ұсынылады: біреуі фоны үшін,
• біреуі тақырыбы үшін,
• біреу мәтін үшін
• Фоны мен мәтін үшін қарама-қарсы түстерді қолданыңыз.
• Сілтемелердің түстеріне ерекше көңіл аударыңыз (қолданғанға дейін және кейін).
Анимациялық тиімділігі
• Ақпаратты слайд арқылы ұсыну үшін компьютерлік анимация мүмкіндігін қолданыңыз..
• Әр түрлі анимациялық тиімділікті асыра қолданудан сақ болу, олар слайдтағы ақпарат мазмұнынан көңілді аудармауы қажет.
Әріптер
• Тақырып үшін – 28 кем емес.
• Ақпарат үшін – 24 кем емес.
• Кертіксіз әріптер алыстан оқуға оңай.
• Бір презентацияда әріптердің әр түрін араластырмау қажет.
• Ақпаратты ерекшелеу үшін қою түсті, курсив немесе асты сызылған әріпті қолданған дұрыс.
• Бас әріптерді сақтықпен қолдану (олар кіші әріптерден нашар оқылады).
• Мәтін анық көрініп тұруы қажет. Қарама-қарсы үйлесімділікті қолданыңыз.
Назарларыңыз үшін рақмет

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет