Активті және пассивті тасымалдаудың ұқсастығы мен айырмашылығы



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата26.12.2022
өлшемі0,85 Mb.
#59793
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Активті және пассивті тасымалдаудың ұқсастығы мен айырмашылығы



Автор: Коптенова Нурсулу Мухтаровна
Пән: Биология
Сынып: 9-сынып
Бөлім: Қоректену
Тақырып: Активті және пассивті тасымалдаудың ұқсастығы мен айырмашылығы
Оқу мақсаттары (оқу
бағдарламасына
сілтемеу):
9.1.3.1 - пассивті және активті тасымалдауды салыстыру;
Сабақтың мақсаты:
Жасуша мембранасы арқылы өтетін заттарды білу;
Белсенді тасымал мен енжар тасымалды ажыратып, салыстыру. Белсенді тасымал мен енжар
тасымалдың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау.
Белсенді тасымал мысалы фагоцитозды талдау;
Тілдік мақсаттар:
Пәндік лексика мен терминология:
Диффузия, осмос, белсенді тасымал, енжар тасымал, фагоцитоз, пиноцитоз, эндоцитоз, экзоцитоз.
Талқылауға арналған тармақтар:
Мембрана арқылы заттар тасымалының әртүрлі типтерінің қызметін талдау.
Бағалау критерийлері:
• Жасуша мембранасының құрылысының тасымалдауғабайланысты ерекшеліктерін табады.
• Мембрана арқылы өтетін заттарға түсінік береді.
• Жасуша мембранасының электр зарядының қызметін зерделейді.
• Белсенді және енжар тасымалды ажыратады, салыстырады,сипаттайды.
• Белсенді және енжар тасымалдың ұқсастықтары менайырмашылықтарын кестеге қарап,
талдайды.
Құндылықтарды
дарыту:
«Мәңгілік Ел» – зайырлы қоғам және жоғары руханият.
Пәнаралық байланыс:
Физика – диффузия және осмос
Бастапқы білім:
9.1.2.4 - өттің әсерінен майлардың эмульгациялануын зерттеу
Сабақ барысы
Сабақ
кезеңдері
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
(5 мин)
Зымыран сұрақтарТоптарға бөлу. «Диффузия», «Осмос»,«Фагоцитоз»,
«Пиноцитоз».
• Бауыр қандай мүше?
• Өт деген не?
• Билирубин деген не?
• Өттің құрамында қандай заттар болады?
• Бауыр қандай қызмет атқарады?
• Өт пигменті құрамында не синтезделеді?
• Бауыр қандай қызмет атқарады?
• Өт қандай қызмет атқарады?
• Эмульгация деген не?
Смайликтер арқылы бағалау.
«Ой шақыру» әдісі
• Жасуша қабықшасы қандай құрамбөліктен тұрады?
Тыныс алу, қоректену және бөліп шығару барысында жасушаға қандай
заттар түседі және жасушадан қандай заттар шығарылады?
• Фагоцитоз деген не?
/Оқушылардың жауаптары тыңдалады/.
Бейнежазба: «Эндоцитоз амеба»
/Бейнежазбадан не көргендері туралы сұралады және талданады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады/.
Смайликтер
https://www.youtube.
com/watch?v=zHyp3auWTIk




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет